10.1.4. СОЗЫЛМАЛЫ ГАСТРИТ Созылмалы гастрит – асқазанның кілегей қабатының созылмалы, рецедивті, үдеуге бейім қабынулы-дистрофиялық зақымдалуы. Созылмалы гастрит (СГ) – полиэтиологиялық ауру. Созылмалы гастриттің жиі себебі
болып балалар арасында мыналар саналады:
• алиментарлы фактор (91%). Оларға: ретсіз тамақтану, құрғақ тағамдар жеу, ащы,
майлы тағамдар қолдану, рационда ақуыз, витаминдердің жеткіліксіздігі, синтетикалық
тағам қоспаларын, кофе, алкоголь пайдалану;
• психо-эмоциональды факторлар;
• созылмалы инфекция ошақтары (лор патология, кариес т.б.);
• қолайсыз экологиялық жағдай (ауыз суы, атмосфера, топырақтағы нитрат құрамы
жағдайлары)
• медикаменттер пайдалану (стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, кортикосте-
роид, антибиотиктер);
• зиянды дағдылар (темекі, наркотик);
• тағамдық аллергия;
• дуодено-гастральды рефлюкс, паразитоздар, басқа асқорыту мүшелерінің аурулары.
• Созылмалы гастрит және жара түзілуінде маңызды рольді Helicobacter pilori алады. Бұл
асқазанның антральды бөлігінің беткейлі эпителийінде тропты спираль тәрізді грам
теріс таяқша.
Патогенезі. Тұқымқуалаушылыққа бейімділік және жоғарыда көрсетілген ұзақ әсер
ететін зақымдаушы факторлар фонында СГ қалыптасуының, соған сәйкес үш түрге
бөлінетін, үш механизмі болуы мүмкін:
1. эндогенді-аутоиммунды механизм асқазан қошау жасушаларына антидене пайда
болуына байланысты дамиды (
гастрит А ). Бұл гастрит СГ құрамында 1-3% ғана
құрайды.
2.
экзогенді-инфекциялық , оған Helicobacter pilori-мен ассоцияланған гастрит (
гастрит В ) сәйкес келеді. Ол СГ құрамында 85% құрайды.
3.
экзоэндогенді асқазанның дәрілермен немесе айқын дуоденогастральды рефлюкспен
қозуына байланысты гастрит (
гастрит С ), СГ-ның 10-12% құрайды.