Клиникалық көрінісі: Әр түрлі болады.
Ішіндегі ауырсыну, әлсіздік, жүрек айну, дене
қызуының жоғарлауы белгілері тән болады. Әдетте олигурия гипо-, изостенуриямен,
лейкоцитурия, гематурия, орташа протеинурия (1 г/л -ге дейін) дамиды; протеиурия ß-
глобулиндер, төменгі молекулалы белоктар әсерінен түтікшелік селективті болып келеді.
Гипонатриемия, гипохлоремия және гипокалиемия, ацидоз болуы мүмкін. ИН-де
лейкоцитурия лимфоцитарлы сипатты. Гипероксалурия немесе гиперуратурия тән.
СИН аз белгілі болып келеді. Арнайы көрінісі жоқ. Зәрдегі өзгерістер мақсатсыз
зерттеу кезінде табылады. Гематурия, полиурия, солеурия, түтікшелік ацидоз дамиды.
Диагноз: қойылады:
- Анамнез және ауруды қарағанда (әлсіздік, дене салмағын жоғалту, орташа ісіктер,
аллергиялық бөртулер) мәліметтері;
- Лабораториялық мәліметтер: олигурия, гипо-изостенурия, лимфоцитарлы лейкоциту-
рия, гематурия, протеинурия, гипокалемия, метаболикалық ацидоз, гипергаммаглобу-
линемия, трансаминазаның белсінділігі, Тэмм-Хосфолл ақуызына антидененің пайда
болуы, гиперсолеурия;
- УДЗ бойынша бүйрек паренхимасының эхогенділігінің жоғарлауы.
Ажырату диагнозы : пиелонефритпен (ИН-де абактериурия, лимоцитарлы
лейкоцитурия), гломерулонефритпен (түтікшелік сипатты протеинурия, түтікшелік
реабсорбция бұзылуы), бүйрек туберкулезімен (туберкулиндік сынаманың әдеттегі
динамикасы, зәр реакциясының және зәрді ВК-ға себудің теріс болуы), бүйрек ісіктері
(УЗД), зәр-тас ауруларымен (УЗД, солеурия деңгейі) жүргізіледі.
Емі. Клиникалық белгілері айқын кезде қатаң төсектік тәртіп сақталады. Тамақ құра-
мынан облигатты аллргендерді, тағамдық қоспаларды, бояғыштарды, косерванттарды,
жасанды сусындарды алып тастайды.
ИН емі Д гипервитаминозындағыдай. ЖНИ-дің инфекциямен байланысы болса
этиотропты ем жүргізіледі. Нефротоксикалық дәрілерді тағайындаудан сақ болып,
фитотерапия (ит бүлдірген, қалақай қайнатпалары және т.б) қолданылады.
681
Процесстің айқын белсенділігінде преднизолон тәулігіне 1 мг/кг есебінен 1 апта
бойы тағайындалады. Ауыр жағдайда көктамырға метипред 2 мг/кг 2 күнге, сосын 1 мг/кг,
одан кейін преднизолонға аударады, 4-5 күннен кейін тоқтатады. СИН-дің өршу кезінде
глюкокартикоидтарды цитостатиктермен бірге береді.