Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Диагноз бүйрек биопсиясы арқылы нақтыланады.   Емі



Pdf көрінісі
бет713/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   709   710   711   712   713   714   715   716   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диагноз
бүйрек биопсиясы арқылы
нақтыланады.
 
Емі:
симптоматикалық.
Болжамы
:
қолайсыз, бүйрек трансплантациясын жасауға
болады. 
Бүйректің екі еселенуі

 
бүйректің ұзынынан екіге бөлінуі
. Қыз балаларда жие
кездеседі. Балаларда кездесу жиілігі 1:145. Екі еселенудің бір жақты, екі жақты және
толық, толық емес түрі болады. Толық екі еселенуде 2 оқшауланған несепағар болады.
Толық емес түрінде несепағар әр түрлі деңгейде бірігеді. Біріккен жерінде
уретероуретеральды рефлюкс байқалады. Зәр ағуға функциялық кедергі болған соң
бүйректің инфекцияланып, пиелонефрит дамуы мүмкін. 
Нефроптоз 

 
бүйректің патологиялық қозғалысы
. Нефроптозда бүйректің
вертикалды қалыптағы бір жақты немесе екі жақты төмен түсуі болады; төмен түскен
бүйрек қозғалмалы, несепағар ұзарған, иілген болады. Пальпациялағанда бүйректің тиісті
орнынан ығысуы байқалады. 
Дистопия 

 
бүйректің туа пайда болған орналасу қалпының ақауы
. Бір жақты және
екі жақты түрлері болады. Бүйректің орналасуына байланысты: кеуделік, белдік,
мықындық, жамбастық, қиылысқан түрлері болады.
Бүйректердің бітісіп (тұтасып) кетуі
барлық
 
бүйрек аномалияларының 15-
20% құрайды.
Бүйректердің бітісіп кетуі симметриялық
(таға тәріздес, галет тәріздес)
және 
асимметриялық
(S-L- тәрізді) 
болып
бөлінеді

Қосалқы бүйрек, таға тәрізді бүйрек, бүйрек эктопиясы
клиникалық
көріністерсіз болу мүмкін, бірақ обструктивті бұзылыстарға әкеледі, рефлюкс байқалып,
зәр жүйесі инфекцияланып, пиелонефрит дамуы мүмкін.
Негізгі дәрігерлік тактика,
уролог кеңесімен бүйрек инфекциясын емдеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   709   710   711   712   713   714   715   716   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет