Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


- Креатинин (0,1ммоль/л көп), азот концентрациясының жоғарлауы (7,0ммоль/л-ден жоғары).  -



Pdf көрінісі
бет721/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   717   718   719   720   721   722   723   724   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

-
Креатинин (0,1ммоль/л көп), азот концентрациясының жоғарлауы (7,0ммоль/л-ден
жоғары). 
-
Диссолемия: гиперкалиемия (6 ммоль/л жоғары), гипокалиемия (2 ммоль/ь төмен),
гипер-фосфатемия (1,8 ммоль/л жоғары), гипермагниемия (2 ммоль/л жоғары),
гипохлоремия (95 ммоль/л төмен), гиперсульфатемия; 
-
Декомпенсацияланған метоболикалық ацидоз (10 ммоль/ь жоғары).
Бұл анализдерді басында күніне 2 рет, сосын күніне және одан кейін көрсеткіш
бойынша жасайды.
Емі:
 
Емі ЖБЖ-нің кезеңдеріне байланысты. Бастапқы сатысында негізгі емі
этиопатогенетикалық факторларға әсер ету: 
-
Шок және гиповолемия кезінде: 
1) Қан айналым көлемін толтыру. 
2) Диурезді қалыптастыру – көк тамырға тамшылы натрий хлорид изотониялық
ертіндісін (20 мл/кг) құю және жүктемеге айтарлықтай жауап болмаған жағдайда көк
тамырға тамшылы 20% маннитол ертіндісін құяды.
-
Артериальды гипертензияда бүйректегі қан ағысты жақсарту үшін допамин (0,5-4,5
мкг/кг минутына) тағайындайды
-
Іркілістік жүрек жетіспеушілігінде фуросемид (жүрек гликозидтерімен қосып)
қолданады
-
Айқын гипопротеинемияда көк тамырға тамшылатып альбумин құйылады 
-
Улануда-плазмофарез немесе гемосорбция жасау керек
-
Постгеморрагиялық шокта – қан компоненттерін алмастырып құю
689


-
Ауыр инфекцияда антибиотиктер тағайындалады. 
-
Гемолитико-уремиялық синдром және Мошковиц ауруында плазмофарез, жаңа
қатырыл-ған плазма құю, преднизолон, дезагреганттар (ацетилсалицил қышқылы,
ипиридомол) беріледі. 
Олигуриялық сатыда емнің альтернативті әдісі болып гемодиализ табылады.
Гемодиализ өткізуге көрсеткіштер: 
- қан сарысуындағы: азот, мочевина 24 ммоль/л-ден көп, тәулігіне 5 ммоль/л-ден көп өсуі.
- Калийдің 7 ммоль/л-ден көп болуы (өкпе, ми шеменінде тәулігіне 6,5 ммоль/л-ден көп
болуы)
- фосфор 2,6 ммоль/л-ден көп болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   717   718   719   720   721   722   723   724   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет