дер тіндегі оттегіні жеткізу қызметін атқарады, ал, оның азаюы тіндердің оттегімен жеткі-
ліксіз мөлшерде қамтамасыз етілуіне әкеледі де, гипоксияның дамуына себепкер болады.
Анемия жіктелісі.
Анемияның әртүрлі жіктелістері бар. Оның ішінде
патогенетикалық негізде жасалған жіктеліс кең тараған.
I.
Геморрагиялық анемиялар.
- жедел қан кетудің салдарынан дамитын анемия;
- созылмалы қан жоғалтудан дамитын анемия;
II.
Эритропоздің жетіспеушілігінің нәтижесінде пайда болатын анемиялар.
1.
Тұқым қуалайтын апластикалық анемиялар
:
а) панцитопения (туа біткен даму ақауларының қосарлануымен – Фанкони типі; туа
біткен ақауларсыз – Эстрен- Дамешек типі);
б) эритроидты бөліктің парциальды зақымдалуымен (Блекфен - Даймонд анемиясы).
2.
Жүре пайда болған апластикалық анемиялар
:
а) панцитопениямен (жедел, жеделдеу, созылмалы түрлері);
б) эритропоздің парциальды зақымдалуымен.
3.
Дизэритропатиялық анемиялар
(тұқым қуалайтын және пайда болатын).
4.
Сидеробласты анемиялар
(тұқым қуалайтын және пайда болатын).
5
. Жетіспеушілік анемиялар
(арнайы факторлардың жетіспеуінен пайда болатын
анемиялар):
а) мегалобластикалық анемиялар:
- фольтапшылық (тағамда жетіспегенде немесе мальабсорбцияда);
- В
12
дәрумені жетіспеуі (мальабсобция немесе тасымалдануының бұзылуы);
- оратты ацидоурия;
б) микроцитарлы анемиялар:
- темір жетіспеушілік;
- мыс жетіспеушілік;
- қорғасынмен улану;
- талассемия-синдром (талассемия генін белгісіз тасымалдау)
- витаминдер жетіспеушілік;
- белок жетіспеушілік;
Достарыңызбен бөлісу: