Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Диабеттік кетоацидоздың емі



Pdf көрінісі
бет776/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   772   773   774   775   776   777   778   779   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диабеттік кетоацидоздың емі:
1. Инфузиялық емге дейінгі 1 және 2 сатысында және жағдайының жақсаруынан кейінгі
3 сатысында тазарту клизмасын жасайды және асқазанды жуады.
2. Регидратациялық емді диабеттік кетоацидоздың сатысына қарамастан 0,9% NaCl
ертіндісін тамыр ішіне енгізуден бастайды. Гликемия 14 ммоль/л-ден төмен болған
кезінде 5% глюкозаны инсулинмен қосып енгізеді (1 бірлік 5 г құрғақ глюкозаға).
3. Емнің екінші сағатынан бастап қандағы калийдің мөлшерін түзетуді жүргізеді.
Бастапқы мөлшері 1,5% КCl 0,3 мл/кг/сағ, кейіннен калийдің деңгейін 4-5 ммоль/л
мөлшерде ұстау керек.
4. Инфузиялық ертінділер көлемі: 1 сағ – 20 мл/кг дене салмағына, 2 сағатта – 10 мл/кг, 3
сағ – 5 мл/кг. Бастапқы 24 сағат ішінде денесіне енгізілетін сұйықтықтың максималды
мөлшері 4 л/м
2
аспауы керек.
5. Қысқа әсерлі инсулиннің енгізілуі 0,1 бірлік/кг/сағат. Инсулинді енгізілетін басқа
сұйықтықтармен араластырмай бөлек енгізу керек. Глюкозаның төмендеуі 4-5 ммоль/л
сағатынан аспау керек, глюкозаның тез төмендеуі бас миының ісігіне әкеледі.
6. Метаболикалық қышқылдануды 4% натрий гидрокарбонаты ертіндісімен, емнің
бастапқы 4 сағатында, қанның РН-ы – 7,1-ден төмен болғанда түзетеді.
7. Белгілеріне сәйкес ем.
2 типті қант диабеті

Осы уақытқа дейін 2 типті қант диабеті ересектердің ауруы
болып есептелді. Қазіргі уақытта аурудың жиілігі бірнеше есе өсті. Бұны келесі фактор-
лармен – семіздік, гиподинамия, тұқым қуалаушылықпен байланыстырады. Бұл кезде
ашқарында 7 ммоль/л жоғары гипергликемия немесе постпрандиалды гипергликемия
болады. Созылмалы гипергликемияның барлығы гликолизденген гемоглобиннің жоғары
деңгейімен дәлелденеді. 1-ші типті қант диабетінен ажырату диагностикасында мұнда
базальды гипергликемия инсулинсіз қалпына келеді, β-жасушалық антигенге қарсы
антиденелер болмайды.
Қант диабетінің асқынуы

Ұзаққа созылған декомпенсацияланған қант диабетінде
қан тамыр жүйесінің жайылмалы зақымдалуы – қылтамырлардың базалды мембранасы-
ның қалыңдауынан туындайтын диабеттік микро-ангиопатия, одан әрі қан тамырлары
қабырғасы-ның гиалинозынан, ағзалардың қызметінің, әсіресе бүйректің, көздің, аяқтың
дисталды бөлігінің, АІЖ қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары дамиды. Бұл
асқынулар тобы, «кеш асқынулар» – деп аталды. Олар, әдетте ауру басталғаннан 5 және
одан да көп жылдан кейін көрінеді. Балалық шақта қант диабетінің ұзақ уақыт
компенсациясының болмауы, бой өсудің және жыныстық дамудың тежелуіне әкеледі,
диспропорционалды семіздікке (бетінде, кеуденің жоғарғы бөлігінде майдың жиналуы),
гепатомегалияға, ерте тамырлық асқыну – Мориак синдромының дамуына алып келеді.
Инсулин мөлшерінің созылмалы артуы тәбеттің жоғарлауына, бой өсудің күшеюіне
Кушингоид типті семіздікке, гепатомегалияға әкеледі, кетоацидозға, түнде гипогликемия-
733


лық жағдайға және таңертеңгілік гипергликемияға, тамырлық асқынуларға (Самодж
синдромына) бейімдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   772   773   774   775   776   777   778   779   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет