соғырлым қажеттілік жоғарылайды.
ДОКСА ерітіндісін 2,5-7,5мг/тәулігіне баланың жасына байланысты енгізеді.
Глюкокортикоидтарды енгізумен қатар коллапспен және дегидратациямен күресу
үшін инфузиялы ем тағайындалады. Инфузиялы ем үшін 5-10% глюкоза ертіндісі және
натрий хлоридінің физиологиялық ертіндісі 1:1 қатынаста енгізеді.
Инфузияны келесідей мөлшерде есептеуге болады: 1 жасқа дейін – 100-150 мл/кг, 1-8
жас 100-110 мл/кг, жасөспірімдерде сұйықтыққа физиологиялық қажеттілік 40-70 мл/кг
құрайды. Егер дене қызуы 8 сағаттан астам уақытта 37° С-дан жоғары болса, онда әрбір
градусқа қосымша 10 мл/кг сұйықтық есептелінеді, әрбір 10 тыныс қозғаласына 10 мл/кг
қосымша беріледі. Құсу және іш өтумен сұйықты жоғалтқанда қосымша әрбір кг
салмаққа 20 мл сұйықтық тағайындалады.
Негізгі ертінділерге 10% NaCl ертіндісі 3-5 мл/кг салмағына қосылады. Ацидозды
реттеу үшін 4 % бикарбонат натрий, гипогликемияда 10-20% глюкоза ертіндісі беріледі.
АҚҚ төмендеуі сақталған уақытта, жүргізілген емге қарамай көктамырға
тамшылатып тамыртарылтқыш дәрілер беріледі: 0,2% норадреналин гидратартрат және
1% мезаттон ертіндісі (0,5-1мл-ді 20 мл 1% глюкоза ерітіндісінде), алғашқы жылдамдығы
минутына 40-60 тамшылатып тағайындалады. Ерітіндінің мөлшері әрбір науқасқа жеке
шешіледі. Ем 1 сағат бойы АҚҚ 60 мм сын.бағ төмен болғанда, өкпесін жасанды
желдендіруге көшу қажет.
Инфекциялық процесс кезінде антибиотиктер, протеаз ингибиторларын (трасилол,
контрикал, гордокс) тағайындалады.
Геморрагиялық синдромның емі ТШҰС синдромының сатыларына байланысты
жүргізіледі.
Көп мөлшерде аскорбин қышқылы (500 мг дейін), В тобы витаминдері,
кокарбоксилаза қолданылады. 2-ші тәулікте сұйықтың көлемі 1-ші тәуліктегі көлемінің ½
азайтылады. Оның ішінде 50% көктамырға және 50% per os беріледі. 3-ші тәулікте
сұйықтың мөлшері алдыңғыдан 1/3 азайтылады (1/3 көктамырға тамшылатып, 2/3 per os).
Қорыта айтқанда адамның тірісінде жедел бүйрекүсті безі жеткіліксіздігін анықтау
қиын, ал ағымы қолайсыз өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: