Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет795/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   791   792   793   794   795   796   797   798   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

15.5.4. ГИПЕРКОРТИЦИЗМ
Гиперкортицизм

бүйрекүсті безінің қыртысынан глюкокортикоидтар,
минерало-кортикоидтар, андрогендер мен экстрогендер секрециясының көп бөлінуімен
жүретін ауру топтары.
Гиперкортицизмнің жіктемесі
(Марова Е.И., 1999 ж):
I.
Эндогенді гиперкортицизм:
1. АКТГ-ға тәуелді түрі:
1.1. Иценко-Кушинг ауруы (гипофиздің ісігі немесе аденогипофиздің 
кортикотрофтарының гиперплазиясы);
1.2. АКТГ–эктопияланған синдром (кортикотропин-ризлинг-гормон және/немесе АКТГ
бөлетін эндокриндік және эндокриндік емес ісіктер);
2.
АКТГ-ға тәуелсіз түрлері:
2.1. Бүйрекүсті безінің қыртысының (қатерсіз ісігі кортикостерома немесе қатерлі
кортикобластома) ісіктерімен тудырылатын Иценко-Кушинг синдромы;
Жасөспрімдік жастағы бүйрекүсті қыртысының микротүйінді дисплазиясының
туындайтын Иценко-Кушинг синдромы;
Ересектердегі бүйрекүсті қыртысының микротүйінді дисплазиясының туындайтын
Иценко-Кушинг синдромы;
Бүйрекүстінің «белсенді емес» ісіктерінде байқалатын субклиникалық Кушинг
синдромы.
752


II.
Экзогендік гиперкортицизм:
Ятрогендік Иценко-Кушинг синдромы.
III.
Функциональды гиперкортицизм (сезімдікте, гипоталамикалық синдромда, пубер-
татты-боз балалық диспитуитаризмде, қант диабетінде, алкоголизмде, бауыр
ауруларында, жүктілікте, депрессияда).
Клиникасы
ісік өндіретін гормондардың көп бөлінуіне байланысты. Балалар практи-
касында глюкокортикоидтардың көп бөлуінуіне байланысты болатын гиперкортицизм жиі
кездеседі мұндай жағдайда клиникалық көріністерге тән: әлсіздік, бас ауру. Терінің
трофикалық өзгерістері: құрғақтық, жұқаруы, сандағы, іштегі, кеудедегі қызғылт және
қанық қызыл стриялар байқалады. Қарағанда бет-әлпеті «ай тәрізді», екі иекті, беті қанық
қызыл, VII мойын омыртқа үстінде майдың жиналуы, сонымен қатар аяқ-қолдарының
салыстырмалы түрде жіңішке болғанда кеуде де, іште майдың жиналуы байқалады.
Миопатия, артериальды гипертензия, жүйелік остеопороз, стероидты диабет тән. Инфек-
цияға жоғарғы бейімділікке әкелетін екіншілік иммунді жетіспеушілік дамиды. Жыңыс-
тың дамудың кідірісі болады. Қыз балаларда етеккір циклінің бұзылысы пайда болады.
Диагностикасы.
-
қанда кортизол деңгейінің жоғарлауы. Кортизолдың тәуліктік өндірілу ырғағы
бұзылады (ертеңгілік және кешкілік уақытта кортизол деңгейі бірдей болуы ықтимал,
қалыпты жағдайда 3 жастан кейінгі балаларда ертеңгілік гормон концентрациясы,
кешкілік уақытқа қарағанда жоғары);
-
қанда гемоглобин деңгейі жоғарлайды, эритроцит көбейеді, лимфопения,
эозинопения байқалады;
-
диабетикалық тип бойынша глюкозаға төзімділік бұзылады;
-
гипокалиемия;
-
рентгенограммада – омыртқа денесінің остеопорозы;
-
КТ, УДЗ, МРТ гипофиз аденомасын, бүйрекүсті ісігін және басқа органдар ісіктерін
анықтайды.
Емі.
Гиперкортицизм себебіне және аурудың ауырлығына, зақымдалған жердің
көлеміне байланысты хирургиялық, сәулелік, медикаментозды ем қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   791   792   793   794   795   796   797   798   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет