Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет831/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   827   828   829   830   831   832   833   834   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі.
 
Анық байқалуы емшектегі балаға жеміс шырынын немесе
фруктоза бар тағамдар бере бастағаннан (тәтті шай, қант қосылған сүт қоспалары, жеміс
және көкөніс пюресі) кейін құсу пайда болып, тәбеті төмендейді, кейде іші өтеді. Егер
қорек жағдайы езгермесе, гипотрофия өрбиді. Балалар, әдетте, ұйқышыл, бас айналу
жағдайларына бейім болып, тырысу, терлеу белгілерімен (гипогликемия сипаты) көрініс
береді. Ауырлау жағдайларында бауыр үлкейіп, сарғаю өрбиді, бүйрек қабілеті өзгеріп,
сиректеу зиянды әсері ОНЖ-не де тиеді.
Диагнозы.
 
Зәрде фруктоза барлығын Селивановтың сапалы сьнағы немесе хромато-
графиялық әдіспен анықтайды. Бірақ фруктоза зәрде қатерсіз фруктозурия сияқты ауруда
да анықталатыны есте болғаны жөн, тек бұл кесел клиникалық көрініссіз жүреді. Көп
балаларда протеинурия, гипераминацидурия, лейкоцитурия анықталатынын ескеріп,
бүйрек пен заттек алмасу ауруларынан ажырату диагнозын жүргізу керек болады.
Фруктоза жүктемесі сынағына үлкен сақтыкпен қараған жөн, себебі ауыр дәрежедегі
гипогликемия әсерін әкелуі ықтимал. Тек диагноз қою аса қиынға соққанда ғана бұл
сынақты жүргізуге болады: фруктоза мөлшері 10г/м
2
-тан аспауы тиіс (0,3-0,5г/кг
есебінен). Сынақ оң кезінде фруктоза концентрациясы қанда 1,3г/ л-ден аса көтеріледі
(қалыпты жағдайда 0,25г/л-ден аспайды) де глюкоза күрт төмендейді (0,5ммоль/л-ден
кемуі сирек емес). Сынақ фруктоземия генінің гетерозиготты тасушыларында да оң түсуі
мүмкін. Таңертенгі тамақтың алды-артынан фруктоза мен глюкоза мөлшерінің қандағы
деңгейін (фруктозасы көп тағамдардан кейін) анықтаудың да өзіндік мәні бар.
Емі.
 
Балаға алғашқы жылдары фруктозасы жоқ тағамдардан тұратын емдәм
тағайындалады. Кейінірек, баланың фруктозаға төзімділігі артқанда, рацион кеңейтіледі.
Фруктозасы көп тағамдарға қамыс қанты, қант қызылшасы, бал, алма, алмұрт, қара өрік,
қарбыз, апельсин, таңқұрай, шие, жеміс джемдері, сәбіз, какао жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   827   828   829   830   831   832   833   834   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет