Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Тіке тәсілдер (ұрықты тексеру)



Pdf көрінісі
бет842/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   838   839   840   841   842   843   844   845   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Тіке тәсілдер (ұрықты тексеру).
Инвазивті емес. Ультрадыбысты сканрлеу .
Ең жиі тарағаны. 18-20-апталық
кезеңіндегі мәліметтері аса мәнді; 80 %-ға жуық аномалияларды анықтауға қол жеткізеді.
Бұдан өзге, УДЗ қортындыларына қарай білікті бақылауды қажет ететін әйелдер тобы
қалыптастырылады.
Инвазивті
. Инвазивті пренатальдык диагностикаға жолдау көрсеткіштері (ДДҰ):
1. Ана жасы – 35-39 -да.
2. Жүктіліктің ерте мерзімінде өзінен өзі болған 2 түсік.
3. Алдындағы жүктіліктен Даун ауруымен туған бала немесе өзге хромосомалық дерт
(-тер), көптеген іштен болатын ақаулар болуы.
4. Отбасында немесе жақын туыстарда бұрын анықталған моногендік аурулар,
отбасында хромосомалық езгерістер тасымалы болуы.
5. Жүктілік алдында немесе оның ерте кезеңдерінде түрлі дәрілер қабылдау
(цитостатик, ісікке қарсы т.б.);
6. Өткерген вирустық инфекциялар (гепатит, қызамық, токсоплазмоз т.б.);
7. Бала біткенге дейін жұптардың бірінін радиациялық 
сәулелер 
алуы.
Инвазивті диагностика тәсілдері:
хорионбиопсия (жүктіліктін 8-10 - аптасы);
трансвагинальды, трансабдоминальды;
Плацентоцентез (жүктіліктің ІІ триместрі).
Амниоцентез
Кордоцентез
Фетоскопия.
Ұрық тіндерінің биопсиясы (бауыр, көк бауыр, тері, бұлшықет). Соңғы кезде тұқым
қуалайтын ауруларды анықтау мақсатында кеңірек гендік инженерия тәсілдері қолданыс
табуда (ДНК құрылымының нақты бұзылысын анықтау). Бұл үшін (блоттинг) өзіндік
ферменттер-рестрикциондық эндонуклеазалар көмегімен тексеретін ДНК көптеген
фрагменттерге ажыратады, олардын әрқайсысында іздеген ауытқулары бар ген болуы
786


мүмкін. Екінші этапында бұл генді ДНК арнайы «зондттап» анықтайды. Зондттау түрлі
жолмен жүргізілуі мүмкін.
Денсаулық қорғау тәжірибесінде қазір жаппай скрининг – (елеу, сорттау, бөлектеу)
диагноз қою тәсілдері қолданылады. Негізінен генетикалық бұзылыстардың 2 класын
анықтау және алдын алу үшін: заттек алмасу бұзылыстары және хромосомдық ауытқулар.
Нәрестелер үшін – аминоацидопатиялар, галактоземия, гипотиреоз, муковисцидоз, α,-
антитрипсин кемістігі; кейбір нәсіл мен халық топтары арасында – Тей-Сакс, орақ кейіпті
жасушалы анемия, талассемия генінің гетерозиготты тасымадцаушыларын анықтау үшін;
Бұдан өзге, отбасылық гиперлипопротеинемия, аденозиндезаминаза кемістігі, адреналдық
гипоплазия және басқа тұқым қуалайтын ауруларды атауға болады.
Соңғы кезде тұқым қуалайтын кеселдерді емдеудің тұрлі жолдары (гендік ем)
қарастырылуда: моноклональды антиденелер, цитокиндер, антисенсолигонуклеотидтер,
ген-бағытты векторлар және гені қайта құрастырылған жасушалар. Бірақ клиникалық
сынақтар әзірше күткен нәтижеге жеткен жоқ: адам жаратылысы биохимия және
физиологиялық ең жақсы экспериментальдық модельдерден өзгеше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   838   839   840   841   842   843   844   845   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет