Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ИТС-НЫҢ ТҮРЛІ ДЕРТТЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ



Pdf көрінісі
бет845/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   841   842   843   844   845   846   847   848   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ИТС-НЫҢ ТҮРЛІ ДЕРТТЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Ескерту: ИТС — иммундытапшылық синдромы; ЦИК-циркуляциядағы иммундык кешендер; ГТРА —
аралас реакцияға ұшырасатын антигендер; АИА — аутоиммундык аурулар немесе реакциялар.
789


Нәрестелердегі ерекшелігі:
иммундық жүйенін онтогенезі филогенетикалық
дамудың этапын көрсетеді: клеткалықтан гуморальдыққа: нәресте әсіресе
сезімталдылықтын баяу типі реакциясына әзір, бірақ антиденелер түзілісіне емес; онда да
алдымен эволюциялық ерте класс – ІgМ түзілісі. Осындай кезек иммундық жауап
қалыптасуының динамикасында да сақталады: антигенмен алғашқы қатынас (біріншілік
иммундық жауап): клеткалықтан гуморалдыққа және де ІgМ-нен ІgJ мен ІgА-ға.
Біріншілік иммунды0 статус гендік иммундытапшылық, аутоиммундық, атопиялық
болуы мүмкін. Біріншілік атопиялық және біріншілік аутоиммундық статус үшін ІgА және
Т-супрессорлардың төмен деңгейі тән.
Біріншілік иммундық жауап қорытындысы – спецификалық цитотоксикалық Т-
лимфоциттер спектрі мен антиденелер спектрінің жинақталуы, яғни қанда өзіндігі
бойынша әртүрлі жасушалар мен антиденелер жиналады. Осымен қабат, NК-клеткалар,
цитокиндер, комплемент жүйесінің белсенді компоненттері жоғарылайды, фагоциттер
белсенділігі артады, қан белоктары мен оның клеткалық құрамы өзгереді (жедел фаза
белоктары), прокоагулянттық белсенділік жоғарылайды. Дегенмен, иммунитет түрінде
антигенмен қайта кездесуге даярлық ылғи қалыптаса бермейді. Сенсибилизация дамуы
мүмкін, кезекті антигенмен кездесуде түрлі аллергия типі, толеранттылық іске асуы
мүмкін. Біріншілік иммундық жауап қортындысы неге қатысты? Ен алдымен тұкым
қуалайтын факторлардан, оның ішінде НLА-ның аллелдері мен гаплотиптеріне
байланысты. АГ химиялық құрамы, оның молекулярлық массасы, мөлшері, түсу жолы
(табиғи тосқауылдар немесе тікелей қанға), адъюванттар қатысуы маңызды. Иммундық
жауаптың мәні мен күшіне әсер беретіндер эндокриндік статус, тамақтану, қосалқы
инфекциялар, стресс, дәрі-дәрмектер және де басқа факторлар. Фагоцитарлық жүйенің
болымсыздығы АГ толық шығарылуына кедергі жасап, ЦИК жиналуына көмектеседі.
Екіншілік иммундық жауап жад клеткалары, пролиферациясы тездетілуі және Іg
класс антиденелері түзілуінің бірден болуымен ерекшеленеді. Нәрестенің антигенмен
біріншілік қатынасының ерекшелігіне жататыны жад клеткаларының жоқтығы және
олардың кейінгі қатынастан соң пайда болады (ревакцинация кажет!).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   841   842   843   844   845   846   847   848   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет