Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Диагноз эпиданамнез және бактериологиялық зерттеулер нәтижесі негізінде қойылады.  Лабораториялық анықтаулар



Pdf көрінісі
бет891/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   887   888   889   890   891   892   893   894   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диагноз
эпиданамнез және бактериологиялық зерттеулер нәтижесі негізінде қойылады. 
Лабораториялық анықтаулар.
Бактериялогиялық зерттеулер (араны мен мұрнынан
BL-ға жұғынды алынады) жүргізіледі. Дұрыс жүргізілсе, дифтерияның токсигендік штамы
анықталады.
Серологиялық зерттеу әдістері: антимикробтық антиденелер (РПГА) және анатоксин
титрін аурудың басталуынан 7 күн өткесін динамикада анықталады.
Емдеу.
Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Ем тиімділігі дифтерия
қарсы сарысудың немесе анатоксиннің енгізі мерзімімен анықталады.
Күлге қарсы егілетін сарысу мөлшері: ҚҚС мөлшері (АЕ)
142 КЕСТЕ
Күл түрі
Бірреттік
курстық
1. Мұрын күлі
2. Жергіліктенген ауыз-жұтқыншақ күлі
3. Жайылмалы ауыз-жұтқыншақ және көмей күлі
4. Ауыз- жұтқыншақ күлінің субтоксикалық түрі
5. І дәрежелі токсикалық күл
6. ІІ дәрежелі токсикалық күл
7. ІІІ дәрежелі токсикалық күл
15-25 мың
20-30 мың
30-50 мың
50-60 мың
60-80 мың
80-90 мың
90-100 мың
-
50-60 мың
60-70 мың
90-100 мың
100-120 мың
100-120 мың
Анафилактикалық шоктың алдын-алу үшін Безредко бойынша әуелі тері астына 0,1
мл сарысу жіберіледі, 30 минуттан кейін 0,2 мл, содан соң 1,5 сағат өткесін бұлшық етке
қалған бөлігін жібереді. Сырқаттың жеңіл түрлерінде орта есеппен 40000 бірлік, ауырлау
түрлерінде – 80000 бірлік қолданылады. Антибактериальдық ем 2 апта бойына
пенициллинмен (100000-150000 бірлік\кг\тәулік) немесе макролидтармен (эритромицин 50
мг\кг\тәулік, кларитомицин 15 мг\кг\тәулік) жүргізіледі. Токсигенді емес штамның
тасымалдаушылар бір апта бойына осы антибиотиктермен ем алады. 
Сауығу шектері.
Жазылу 14 күннен бұрын байқалмайды. Ол үшін барлық
клиникалық белгілері жойылып, мұрыннан және аранынан үш рет алынған жұғындыны
829


себу дифтериялық таяқшаларға теріс нәтиже беру керек. Реконвалесцент 3-6 ай бойына
педиатрдың, ЛОР дәрігерінің, кардиологтың, неврологтың бақылауында болуы керек.
Дифтерия мен ауырып тұру бір рет қайта алдын-ала егумен теңестіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   887   888   889   890   891   892   893   894   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет