Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет892/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   888   889   890   891   892   893   894   895   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Эпидемияға қарсы шаралар
. Науқастар оқшауланады. Қатынаста болған адамдар 7
күн карантинде болады. Қатынаста болғандарды бақылау ЛОР-дың қарауын,
термометрияны, күнделікті кілегей қабатарын және аранын қарауды және арыны мен
мұрнынан дифтерия таяқшаларына жұғынды алуды қамтиды. Алдын-ала егілмегендерге
бір рет бұлшық етке 0,5 мл анатоксин салады. Бациллотасымалдаушыларға жергілікті ем
жүргізіледі: эритромицин немесе пенициллин бұлшық етке 10-14 күн бойына жүргізіледі.
Қортынды дезинфекция хлораминнің 1% ертіндісімен жүргізіледі.
Иммунизация.
АДС, АКДС-М, АДС, АДС-М вакциндермен 3 айдан бастап
жүргізіледі.
19.4. Қ Ы З А М Ы Қ (R U B E O L A)
Қызамық
– 
жедел респираторлы вирусты инфекция, барлық елдерде тараған
.
Қоздырғышы
құрамында РНК бар, ұшқыш, тұрақсыз, қоршаған ортада тез өлетін
вирус. 
Эпидемиялогиясы.
Инфекция көзі
– бөртпелену басталғаннан соң 5 күн бойына
ауру адам. 
Инфекцияның берілу жолы 
– ауа-тамшы және трансплацентарлы жол. Қатынас
индексі өте жоғары. Барлық балалар және ересек адамдар ауырады.
Иммунитет тұрақты, өмір бойына созылады.
Қызамық
 
вирусының дамып келе
жатқан ұрыққа тератогенді әсері бар.
Патогенез
. Енер жері жоғары тыныс жолдарының клегей қабаттары. Виремия
негізінен лимфатикалық жүйені зақымдайды.
Жіктелісі.
Жұқтыру уақыты бойынша: туа біткен және пайда болған болып бөлінеді.
Түрі бойынша:
пайда болған қызамық типті
(манифестілі) және
типті емес
қызамық 
(көмескі, белгісіз) болып бөлінеді. Ауырлық дәрежесі бойынша 
жеңіл, орташа
ауыр, ауыр түрі
болып бөлінеді. Ағымы бойынша
тегіс
және
асқынулы
(арнайы
асқынулар: артрит, энцефалит, нефрит; бейарнамалы: бактериялық инфекцияның
қосарлануы, созылмалы аурулардың қозуы) болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   888   889   890   891   892   893   894   895   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет