Патогенез . Организмге енген вирус жоғары тыныс жолдарының эпителияларында
өсіп, көбееді, қанмен организмге тарайды. Организмде оған ең сезімтал болып слекей
және басқа бездер және ОНЖ есептеледі.
Жіктелісі. Түрі бойынша
типті және
типті емес (көмескі, белгісіз) болып бөлінеді.
Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері болады.
Ағымы бойынша
тегіс, асқынулы (орхит, оофарит, панкреатит, менингоэнцефалит)
түрлері болды.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 15-19 күн, бірақ 11 күннен 25 күнге
дейінде болуы мүмкін, алғашқы (продормальды) кезең – 0-1 күн, айқын даму кезеңі 10
күндей, сауығу кезеңі 1 айға дейін болады. Айқын даму және сауығу кезеңі аурудың түріне
байланысты ұзаруы мүмкін. Әдетте ауру дене қызуы 38-39
о
дейін көтеріліп, жедел
басталады. Кейбір жағдайларда жалпы интоксикациялық белгілер әлсіз болуы мүмкін.
Жиірек құлақ маңындағы сілекей бездері зақымдалады. Тексергенде сілекей безі ісініп,
ауырсынп, балада осы ауруға тән түр (бет әлпеті) пайда болады. Бұл осы ауруға ғана тән
бет әлпетіне байланысты орыс халқында «свинка» (шошқа ауруы) ауруы деп аталады.
Ұрттың кілегей қабығында сілекей безінің өзегінің сыртқы тесігінің маңында қызарған
күлтәж (Мурсон белгісі) анықталады. Науқастар шайнағанда және жұтынғанда ауырсыну
байқалатынына шағымданады. Аурулардың 1/3-інде сілекей безінің үлкейгені байқалмай-
ды. Қабыну процессімен жақасты сілекей безі (субмаксилит), жыныс мүшелері (орхит,
оофарит), ұйқы безі (панкреатит) буындар (артриттер), қалқанша безі (тиреоидит)
зақымдалады. Бірінші, екінші апта бойына қабыну процессіне мидың қабығы араласса,
менингиттің клиникасы (қайталап байқалатын қызба, бастың ауруы, құсу, менингит
белгілері – желке бұлшық еттерінің тартылуы (ригидтігі), Керниг белгісі, Брудзинский
белгісі және т.б.) байқалуы мүмкін.