32 сурет
. Желшешектегі әртүрлі элементтер.
Үйде емдеу.
Қызба кезінде төсектік режим тағайындалады. Емдәм жанашырлық,
тәулігіне 1 литрге дейін көп мөлшерде сусын ішкізу керек. Гигиенаны сақтауға ерекше
көңіл аударылады. Төсек орын, іш киім жиі ауыстырылады. Бөртпе элементтері күніне 2
рет анилин бояуының 1% ертінділерімен (метиленді көк, бриллиантты көк) өңделеді.
Кілегей қабығындағы элементтер анилин бояуының сулы ертінділерімен өңделеді.
Дене қызуы 38,5
о
жоғары көтерілгенде қызу түсіретін дәрілер (парацетамол)
қолданылады. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға Ацетилсалицил қышқылын
беру. Рей синдромының пайда болу қаупі туады. Желшешек ауыр дамығанда немесе
қауіпті топтарға кіретін балаларға венаға ацикловир (30 мг/кг 3 енгізуге) немесе 80 мг/кг
есебінен 3-4 рет ішкізеді) тағайындалады. Шет елдерде арнайы иммуноглобуллин
қолданылады. Теріде қатты қышу байқалса, антигистминдік дәрілер (супрастин, тавегил)
беріледі. Антибиотиктер бактериальды асқынулар байқалғанда тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: