Емі
белгілеріне сәйкес және синдромальды түрде 3-4 апта бойына жүргізіледі.
Аурудың қалыптасу кезеңіне ауысу критериялары болып интоксикацияның, түбіршектік
ауырсыну белгілерінің жойылуы, ликвордың қалыптасуы келеді.
Полимиелитке күмән туған барлық науқастар ауруханаға жатқызылып, бокстік
режимде емделулері керек.
Диспансерлік бақылау.
Қалыптасу кезеңінде тұрақты жүргізіледі (6-12 ай бойына).
Бала неврологпен, ортопедпен, арнайы санотория жағдайында ЕДШ дәрігерлерімен
бақыланады. Оталау-ортопедиялық қалыптастыру полимиелитпен аурып шыққаннан кейін
3 жылдан соң жүргізіледі.
Эпидемияға қарсы шаралар.
Науқасты ауыр басталғаннан бастап 40 күнге
оңашалайды. Алдын ала егілмеген қатынаста болған балаларға бір рет тірі әлсідендірілген
поливалентті Сэбин вакцинациясымен иммунизация жасайды. Егер вакцинация жасауға
қарсы көрсеткіш-тері болса донорлық иммуноглобуллин енгізеді. Вакцинация жасалмаған
баларды 21 күн оқшаулап, термометрия жүргізіп, клиникалық бақылау жасайды.
Құрамында хлор бар заттармен қортынды және күнделікті дезинфекция жасайды.
Ыдыстар, күту заттары, ойыншықтар, төсек-орын, жеке киімдер қайнатып өңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: