ашылды. Бұндай типтес мекеменің Орта Азия мен Қазақстанда алғашқы ашылуы еді. Бұл
институт ашылғаннан кейін, балалар организмінің физиологиясы
мен патологиясын
зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Институттың қызметкерлерінің күшімен
экспедиция-лар ұйымдастырылып, кадрлар мәселелерімен айналысты. Балалар
полимиелиттерін
зерттеуге араласып, оны жою шараларына ат салысты. Институт
ғалымдары жаңа туылған кезеңнің физиологиясы және патологиясы, тыныс мүшелерінің
жедел және созылмалы бейспецификалық аурулары, жүрек-тамыр
аурулары бойынша
зерттеулер жүргізді. Жүрек ауруларын зерттеуде, әсіресе ревматизмнің профилактикасына
және диагностикасына арналған бөлімдерде, әжептәуір жемісті еңбек істелді (Т. Н.
Никонова, Н. А. Барлыбаева, Б. X. Хабижанов және т. б.). Ғылымға алғашқы қадамдарын
осы институтта бастаған ғалымдар, тәуелсіздік жолына түскен Республиканың, педиатрия
ғылымының одан әрі дамытуға барлық күш жігерін жұмсауда. Осылардың ішінде
Республикаға
еңбегі сіңген дәрігер, ҚазҰМУ балалар кафедрасының меңгерушісі,
профессор Б. X. Хабижановты ерекше атап өткен дұрыс деп есептеймін. Болат
Хабижанұлы елімізде қазақ тілінде алғашқы жарық көрген «Балалар аурулары»
оқулығының авторы.
Бұл институттың үлкен ғылыми зерттеу орнына, кадрлар мектебіне айналуына өшпес
еңбек еткен, осы институттың көп жылдар бойына директоры болып қызмет істеген,
қазақтың дарынды қыздарының бірі, профессор Ақлима Бисенқызы Бисенова, қазақтың
дарынды ұлдарының бірі Республикалық Мемлекеттік сыйлықтың иегері, академик Қамал
Саруарұлы Ормантаев (1980-1985 ж.ж. және 1992-2001 ж.ж.)
және тағы басқалар
басшылық етті.
1931 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік медицина институты ұйымдастырылып, 3
жылдан кейін акушерлік және гинекология кафедрасы ашылды. Бұл институттың бірінші
ректоры, үлкен ғалым, ұстаз, профессор С. Ж. Асфендияров осы институттың аяғына
тұрып, дамып жетілуіне көп еңбек сіңірді. Қазір бұл мамандар дайындау орталығы осы
кісінің атымен аталауы және оған ұлттық университет атауы берілуі бұл қарашаңырақтың
мамандар дайындаудағы сіңірген еңбегін мойындау деп білу керек.
1938 жылы Қазақ Медицина институтында педиатрия факультеті ашылып,
Қазақстанның өзі педиатр-дәрігер дайындау мүмкіндігіне ие болды.
Содан Қарағанды,
Семей, Ақтөбе, Ақмола медицина институтында педиатрия факультеттері ашылып,
Республикада педиатр-дәрігерлерді, педиатрия ғылымының өкілдерін дайындау бүкіл
Қазақстанда жүргізілетін болды.
Қазақстан Республикасының педиатрия ғылымының
даму жолдары туралы сөз
болғанда профессорлар Анна Ивановна Авенирова, Нина Ахметовна Барлыбаева, Татьяна
Николаевна Никонова, Болат Хабижанұлы Хабижанов, Зита Хамитқызы Мажитова, Асия
Бакешевна Қанатбаева, Әукен Қиясұлы Машкеевтің және тағы басқа көптеген ғалымдар-
дың аты аталады. Қазіргі Қазақстан педиатриясы осы алыптардың және құлпырып өсіп
келе жатқан ізбасарлардың иығында тұрғанын үлкен құанышпен айтқан жөн.
Достарыңызбен бөлісу: