Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет106/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Перес бейнелісі 
– етпетінен жатқан баланың сегіз көздігінен бастап мойнына қарай
омыртқаның жоталы өсіндісінің бойымен саусақпен жүргізгенде денесі иіліп, аяқ-қолдары
бүгіліп, басы жоғары көтеріледі. Зәрі мен нәжісі жүріп, дауысы шығады
(16 сурет).
Бұл
бейнелісті анықтағанда, сәби ауырсынады, сондықтан оны анықтауды ең соңына қалдыру
керек.
Моро бейнелісі 
– әр түрлі әдістермен анықталады: аяғы мен денесінің төменгі жағын
тез жоғары көтеру, бала жатқан жерді басынан 15-20 см қашықтықта ұру, баланы қолға
алып жылдам төмен түсіріп қайтадан бұрынғы орнына әкелу. Бұндай әсерлерге жауап
ретінде бала әуелі екі қолын екі жаққа жайып (І-сатысы) жібереді 
(17 сурет). 
Содан соң,
тез қайтадан орнына әкеліп, құшақтау тәрізді қимыл жасайды (ІІ-сатысы) 
(18 сурет). 
Бұл
бейнеліс 4 айға дейін сақталады.
Керниг бейнелісі
– шалқасынан жатқан баланың бір аяғын ұршық және тізе
буындарында бүгеді. Содан соң тізе буынынан қозғалтпай ұстап тұрып, екінші қолымен
өкшесінен ұстап, жәйлап балтырын тікейтіп, жазуға бағышталған қимыл жасағанда, толық
жазылмайды 
(19 сурет). 
Бұл бейнеліс 4 айға дейін сақталады.
Бабинский бейнелісі 
– баланың табанының сыртқы жиегімен өкшеден бармақтарға
қарап сызып тітіркендіргенде үлкен башпайы жазылады да, басқа саусақтары желпуіш
тәрізденіп бүгіледі. 1 жасқа дейің сақталады.
Тіреу бейнелісі 
– баланы 2 қолтығының астынан және сұқ саусақтармен басын арқа
жағынан ұстап көтеріп, табанын жерге тигізгенде аяқтарын бүгіп, жинап алады (1-
сатысы). Екінші сатысында табанымен жер басып, денесін түзеп, аяғын тікеп, жерге
тірейді 
(20 сурет). 
1–1,5 айға дейін физиологиялық болып есептелінеді.
Автоматты жүру бейнелісі
– баланы тіреу бейнелісі пайда болатындай етіп ұстап,
жәйлап алдына қарай еңкейткенде аяқтарын кезек көтеріп, жүріс қимылдарын жасайды
(21 сурет). 
Жаңа туылған дені сау балаларда 1–1,5 бойы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет