Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


СЕГМЕНТАРЛЫ АВТОМАТИЗМДЕР



Pdf көрінісі
бет105/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

СЕГМЕНТАРЛЫ АВТОМАТИЗМДЕР
Алақан - ауыз бейнелісі (Бабкин бейнелісі). 
Үлкен саусақпен жаңа туған баланың
алақанын басқанда, бала ауызын ашып, басын иеді 
(9 сурет). 
Бұл бейнеліс 2 айдан кейін
әлсіреп, 3 айға таман жоқ болып кетеді.
Қабу бейнелісі. 
Ерінге саусақпен жайлап ұрғанда еріндері шошайып, ашылу (хобот)
пайда болады.
Іздеу бейнелісі (Куссмауль бейнелісі).
Еріннің жан-жағын сипағанда ерін бұрышы
төмен түсіп, басын сипаған жаққа бұрып, ернімен емшек іздегендей қимыл жасайды
(10
сурет). 
Жасқа дейін сақталады.


Сору бейнелісі.
Баланың ерніне мақта, емізік немесе саусақты тигізгенде сору
қимылдары пайда болады
 
(11 сурет).
 
1 жасқа дейін сақталады.
ЖҰЛЫН АВТОМАТИКАЛЫҚ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛІСТЕРІ
Қорғану бейнелісі 
– баланы етпетінен жатқызғанда басын жанына бұрып алады, 2 –
3 айға дейін сақталады 
(12 сурет).
Еңбектеу бейнелісі (еңбектеу феномені, Бауэр бейнелісі)
Баланы етпетінен
жатқызады (басы мен іші бір сызықтың бойында болуы керек)
(13 сурет).
Табанына
алақан тигізіп басқанда, бала алға ұмтылып, қолдарымен қимылдай бастайды, 4 айға дейін
сақталады.
Ұстау бейнелісі
– саусақтарды баланың алақанына салып басқанда, ұстау қимылы
пайда болады 
(14 сурет). 
Кейде осылай баланы жерден көтеріп алуға болады. 
Бұл бейнелісті табанда да анықтауға (I-III башпайлардың түбінен басса башпайлары
табанына қарай иіледі) болады. 2-4 айларда жойылып кетеді.
Галант бейнелісі
қырынан жатқан баланың, омыртқа маңы сызығы бойымен,
мойнынан құйрығына қарай үлкен және сұқ саусақтармен сызып жүргізгенде, тітіркендіру
қапталына қарай доға тәрізденіп майысады 
(15 сурет). 
4 айлығында жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет