пептидтердің босап шығуы сезімтал адамдарда анафилаксия медиаторларының көбеюуі
мен сарысулық лактаттың, креатинфосфокиназа артуына әкеледі деген пікір бар.
Диагнозы.
АШ диагнозын қоюда анамнез бен клиникалық белгілеріне арқа сүйейді.
Ажырату диагнозын басқа шоктармен жүргізеді:
жарақаттық, постгеморрагиялық,
кардиогендік, септикалық; вазовагальді коллапспен;
жайылған есекжеммен; бөгде дене
аспирациямен жүргізеді. Вазовагальді коллапсқа брадикардия, лоқсу,
аллергиялық
респираторлық және терілік көріністердің болмауы, тұрақты артериальдық қысым тән.
Бұл белгілер науқасты горизонтальді қалыпта жатқызғанда жойылады.
Емі.
Құсық аспирациясынан асфиксия болмауы, тілмен қақалмауы үшін баланы бір
қырына жатқызады. Құсық болмаса арқасына жатқызып, бас жағын көтеріп қояды.
Науқасты
жылы жауып, тыныс жолдарын босатып, таза ауаға жол беріп,
оттегі емін
бастайды.
Бір уақытта және тез қарқынмен келесі шараларды жүргізеді:
теріастына 0,1% адреналин ерітіндісін, 1% мезатон ерітіндісін, немесе 0,01мг/кг дозада
норадреналин (адреналинді бұлшықетке егуге болмайды, ол қаңқа бұлшықеттерінің
тамырларын кеңейтіп, қан айналымының децентризациясын күшейтеді.)
0,1- ден 1,0 мл-ге дейін кофеин ерітіндісі немесе кордиамин 0,1- 1,0 мл жіберіледі.
Бұл препараттарды енгізуді 15-20 мин қайталауға болады.
Егер артериялық қан қысымы көтерілмесе, жалпы әлсіздік сақталса
–
келесідей ем
жүргізеді:
0,01% адреналин ерітіндісі (1мл ампуладағы 0,1% адреналин ерітіндісін 9мл
изотоникалық натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді); алынған ерітіндінің 0,1 мл/кг 10-
20мл 5% глюкоза
ерітірдісіне қосып, көктамырға жібереді (минутына 0,2мкг/кг-нан
бастап, оны 1,5-2,0 мкг/кг минутына дейін көтереді);
көктамырға тез арада каллоидты қаналмастырғыштар мен натрий хлоридінің
изотоникалық ерітіндісін құяды.
олигурия, жүрек әлсіздігі байқалса, оттегі емі фонында допамин құяды (200мг 250мл
натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісіне, 1 мл алынған ерітіндіге 800 мкг сәйкес),
5мкг/кг минутына, кейін 10-14-20 мкг/кг минутына көтереді.
бұлшықетке 3% преднизолон ерітіндісі (0,1-0,2мл/кг) немесе гидрокортизон (4-8мг/кг)
бронхоспаз, басқа да тыныс жолдарының бұзылыстарында көктамырға 2,4% эуфиллин
ерітіндісі (5-4мг/кг 20 мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісіне) енгізіледі.
жүрек әлсіздігінде глюкогон және жүрек гликозидтер (строфантин) тағайындалады.
Тыныс жолдарының өткізгіштігін үнемі тексеріп, қажет болғанда, ауаөткізгіш енгізе-
ді. Интубациялық түтіктің ішкі диаметрін келесі формуламен есептеп шығаруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: