Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет522/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   518   519   520   521   522   523   524   525   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі.
АШ ауырлығы, әдетте, аллергенмен қатынас уақытына кері
пропорциональды, яғни аллергенмен қатынастан кейінгі клиникалық көрінісі байқалу
мерзімі неғұрлым аз болса, соғұрлым АШ ағымы ауыр болады. 
Аллерген парентеральды түскеннен соң, бірнеше секунд немесе минут қысқа
мерзімді алғашқы белгілерден кейін (әлсіздік, қорқу сезімі, мазасыздық және т.б.) тері
гиперемиясы, қышынуы, іште ауырсыну пайда болады. Уртикарлы бөртпе мен
ангионевротикалық ісік дамуы тән. Тыныс алу жүйесінің симптомдары көмей ісінуінен
басталып, бронх обструкциясы мен асфиксияға дейін жетуі мүмкін. Ауру «босап», есінен
танады, аққан тер шығып, терісі бозарып, аузынан көбік көрініп, зәрі мен үлкен дәрет
ұстай алмай, құрысу, кома дамиды. Науқасты тек қарқынды, белсенді ем ғана құтқара
алады. Бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. 
Аллергенді жұтқаннан соң шоктың клиникалық белгілері біршама уақыттан соң
дамиды, ол тамақтың қорытылып, аллергеннің асқазан ішек жолына сіңуіне байланысты.
Кей науқастарда АШ басқаннан кейін кешіккен әсер түрінде анафилаксияның қайталануы
мүмкін. 
Физикалық жүктемеден болған анафилаксиялық реакция шамадан тыс бұлшықет
қажуынан кейін теріде уртикарлы бөртпелер мен ангоневротикалық ісік түрінде көрініп,
лоқсу, құсу, іште толғақ тәрізді ауырсыну, диарея, ауыр ағымында – көмей ісігі,
бронхоспазм, коллапспен өтеді. Реакция физикалық жүктемеден соң бірден дамуы мүмкін.
Толық механизмі анықталмаған. Жоғары физикалық жүктемеде эндогенді опиодты
503


пептидтердің босап шығуы сезімтал адамдарда анафилаксия медиаторларының көбеюуі
мен сарысулық лактаттың, креатинфосфокиназа артуына әкеледі деген пікір бар. 
Диагнозы.
 
АШ диагнозын қоюда анамнез бен клиникалық белгілеріне арқа сүйейді.
Ажырату диагнозын басқа шоктармен жүргізеді: жарақаттық, постгеморрагиялық,
кардиогендік, септикалық; вазовагальді коллапспен; жайылған есекжеммен; бөгде дене
аспирациямен жүргізеді. Вазовагальді коллапсқа брадикардия, лоқсу, аллергиялық
респираторлық және терілік көріністердің болмауы, тұрақты артериальдық қысым тән.
Бұл белгілер науқасты горизонтальді қалыпта жатқызғанда жойылады. 
Емі.
Құсық аспирациясынан асфиксия болмауы, тілмен қақалмауы үшін баланы бір
қырына жатқызады. Құсық болмаса арқасына жатқызып, бас жағын көтеріп қояды.
Науқасты жылы жауып, тыныс жолдарын босатып, таза ауаға жол беріп, оттегі емін
бастайды. 
Бір уақытта және тез қарқынмен келесі шараларды жүргізеді:

теріастына 0,1% адреналин ерітіндісін, 1% мезатон ерітіндісін, немесе 0,01мг/кг дозада
норадреналин (адреналинді бұлшықетке егуге болмайды, ол қаңқа бұлшықеттерінің
тамырларын кеңейтіп, қан айналымының децентризациясын күшейтеді.)

0,1- ден 1,0 мл-ге дейін кофеин ерітіндісі немесе кордиамин 0,1- 1,0 мл жіберіледі.
Бұл препараттарды енгізуді 15-20 мин қайталауға болады. 
Егер артериялық қан қысымы көтерілмесе, жалпы әлсіздік сақталса

келесідей ем
жүргізеді:

0,01% адреналин ерітіндісі (1мл ампуладағы 0,1% адреналин ерітіндісін 9мл
изотоникалық натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді); алынған ерітіндінің 0,1 мл/кг 10-
20мл 5% глюкоза ерітірдісіне қосып, көктамырға жібереді (минутына 0,2мкг/кг-нан
бастап, оны 1,5-2,0 мкг/кг минутына дейін көтереді);

көктамырға тез арада каллоидты қаналмастырғыштар мен натрий хлоридінің
изотоникалық ерітіндісін құяды. 

олигурия, жүрек әлсіздігі байқалса, оттегі емі фонында допамин құяды (200мг 250мл
натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісіне, 1 мл алынған ерітіндіге 800 мкг сәйкес),
5мкг/кг минутына, кейін 10-14-20 мкг/кг минутына көтереді.

бұлшықетке 3% преднизолон ерітіндісі (0,1-0,2мл/кг) немесе гидрокортизон (4-8мг/кг)

бронхоспаз, басқа да тыныс жолдарының бұзылыстарында көктамырға 2,4% эуфиллин
ерітіндісі (5-4мг/кг 20 мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісіне) енгізіледі.

жүрек әлсіздігінде глюкогон және жүрек гликозидтер (строфантин) тағайындалады.
Тыныс жолдарының өткізгіштігін үнемі тексеріп, қажет болғанда, ауаөткізгіш енгізе-
ді. Интубациялық түтіктің ішкі диаметрін келесі формуламен есептеп шығаруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   518   519   520   521   522   523   524   525   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет