Бұлшық ет күші мен дененің салмағы арасындағы байланысты пайдалану әдістемесі
Бұл әдістеменің ерекшелігі жаттығу кезінде көтеретін салмақты қажетті салмақтан аз алады да, жаттығуды өте жылдам орындау мақсаты қойылады. Осындай орындауды көп рет қайталай отырып, көтеретін салмақ мөлшерін біртіндеп көбейте береді, бірақ жаттығуды орындау жылдамдығы төмендемейді.
Жаттығуды күрделендіре отырып орындау әдістемесі
Бұл әдістеменің ерекшелігі – көтеретін жүк мөлшері қалыптыдан көп алынады. Берілген жаттығуды үлкен салмақпен және жылдам орындау тапсырмасын орындаған соң, қайтадан бастапқы қалыпты салмаққа көшеді. Осылай болған кезде орындаушыға жаттығуды орындау өте жеңіл сезіледі, ол бұрынғыдан да жылдам орындау қабілетіне ие болады.
Қозғалыс түрін жылдам ауыстырып орындату әдістемесі
Бұл әдістеме бұлшық еттердің жұмыс қабілетінің тез ауысуы мен дәл және жылдам орындалуына бағытталады және бұлшық еттердің тез жиырылуы мен екіншісінің тез босауының арасындағы байланысты дамытады. Тәжірибе түрінде шеберлігі жоғары машықтанған балуанның бұлшық еттері, машықтанбаған адамға қарағанда жиырылуы мен бомауы жылдам болатындығы дәлелденген.
Еркін күресшінің жалпы жылдамдық қабілетін арттыру жолдары
Уақытты қысқарту әдістемесі
Бұл әдістеме мақсаты белдесу уақытын қысқартып алады және қарсылас балуанға бірнеше ұпайды артық беру арқылы күрестіреді. Мақсат-арттық берілген ұпайды теңестіру және 1-2 минут ішінде жеңіске жету.
Бөлімдерге бөліп күрестіру әдістемесі
Бұл әдістемені іске асыру үшін балуанға 3-5 белдесу өткізу тапсырмасы беріледі. Әр белдесу ұзақтығы 1-2 минут, бірақ белдесуде өте жоғары қарқында өткізуі тиіс. Әр белдесу бөліктерінің арасында 3-5 минуттық үзіліс беріледі, осы үзіліс уақыты біртіндеп қысқартыла береді, белдесуді жүргізу қарқынын төмендетпеу тапсырылады.
Ырғақты әдістеме.
Бұл әдістеменің ерекшелігі балуан белдесуге берілген уақыт кезінде күресуді бірде жылдам, бірде сылбыр, баяу қарқынмен күресіп отырады. Біртіндеп баяу күресу уақыты азайтыла береді.
Достарыңызбен бөлісу: |