Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Еркін иілгіштік қабілетін арттыру



бет23/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Еркін иілгіштік қабілетін арттыру
Жалпы иілгіштік қаблет,-деп балуанның дене мүшелерінің үлкен амплитуда шеңберіеде жұмыс жасай білу қабілетін оның дене мүшелерінің қалыпты жағдайдағы тұрысынан ауытқу бұрышының үлкен-кішілігімен өлшейді. Иілгіштік қабілет адамның буындарының қозғалмалылық мүмкіндігіне байланысты, ал буынның қозмалылық мүмкіндігіне байланысты, ал буынның қозмалылық мөлшері буынның құрылысы ерекшелігіне, бұлшық ет пен сіңірлердің созылмалық ерекшелігіне байланысты.
Адамдардың буын құрылыстарының ерекшелігі бір- біріне өте ұқсас болып келеді. Баланың буын қозғалысы мүмкіндігі үлкен кісілерге қарағанда жақсы дамыған. Бала кезден бастап жаттығу арқылы буындардың қозғалу амплитудасын үлкейтіп отырса, онда иілгіштік қабілет үлкен жасқа кенлгенде де жақсы сақталады, себебі сүйек басындағы сіңір аумағы көлемді болып өседі. Иілгіштік қабілетті арттыруүшін бұлшық еттерді үнеиі созу арқылы буынның қозғалмалалық мүмкіндігін арттырады. Бұлшық етке созу жаттығуларын бермес бұрын оны қозғалыс жаттығулары арқылы жақсы қыздыру керек, олай болмаған жағдайда,бұлшық еттердің үзіліп немесе жыртылып кету қауіпі туады. Қыздырыну жаттығуын адамнан тер шыққанға дейінжүргізген абзал. Бұлшық еттің созылмалылығын ыстық температура, монша, массаж т.б.арттырады. Бұлшық еттерді созу жаттығуларын жүктемені біртіндеп арттыру арқылы орындатады. Иілгіштің өзіндік және мәжбүрлік екі түрі болады.
Өзіндік иілгіштік, - деп адамның өзінің бұлшық еттер көмегімен буындарының қозғалыс жасау қабілетін айтады.
Мәжбүр иілгіштікке – сыртқы күшті қолдану арқылы қозғалыс аясын ұлғайту жатады.
Өзіндік иілгіштік қабілетті арттыру үшін төменгі әдістемелер қолданылады:
өз бұлшық етінің күшін пайдалану арқылы буындар қозғалысын арттыру үшін жаттығу жасау; буындар қозғаласын арттыру үшін бұлшық ет күімен қатар, қозғалыс инециясын, қозғалыс жылдамдығынқолдану әдістемесі.
Мәжбүр иілгішті арттыру үшін сырттқы күштер қолданылады. Оларға салмақ, қарсылас күші, созылмалы заттарт.б. жатады. Бұл сыртқы күштер әсерін қысқа уақыт аралығында жиі-жиі немесе сирек қолдану арқылы буынның қозғалыс аясын шегіне жеткізезі. Сыртқы күшті сирек, бірақ ұзақ уақыт қолдану адамның бұлшық еттерін созып ауыртатын әсер бергенімен, осы әдістемеиілгіштік қабілетті арттыруға жақсы көмектеседі. Иілгіштік арттыруға арналған жаттығулар неғұрлым жиі-жиі қайталануы тиіс және жаттығуларды сабақтың кіріспе және қорытынды бөлімінде қолданған тиімді болвп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет