Арнайы иілгіштік қабілетті арттыру
Арнайы иілгіштік деп, берілген қозғалыс түрін неғұрлым үлкен аяда нәтижелітүрде орындауды айтады. Буындардың үлкен аяда жұмыс істей алу қабілеті көптеген қозғалыс түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Балуандар күресінде иілгіштік қабілеттің жақсы болуы көптеген күрделі күрес әдістерін дәл және нәтижелі орындауға септігін тигізеді. Мысалы, аяпен ілу, аяпен көтеріп «өңгеріп» лақтыру, іштен шалу,т.б. әдістердің орындау кезінде дене буындарының, әсіресе, жамбас, аяқ буындарының қозғалмалалық аясының жақсы болуы әдісті нәтижелі орындауға мүмкіндік береді. Егер де балуанның иілгіштігі төмен болса, қарсылас балуан өзінің қозғалыс аясының яғни иілгіштік қабілетінің жақсылығын пайдаланып, әдісті орындатпай қояд, кей жағдайларда қарсы әдіс қолданып кетеді.
Балуан шабуылдау немесе қорғану кезінде қарсыласының қозғалыс аясын неғұрлым азайтып, нәтижелі жетістікке жетуге тырысады., осындай жағдайда шабуылдаушы балуанда әлі қолданылмаған, резервтегі қозғалыс мүмкіндігі қалады. Иілгіштік аясының мүмкіндінің үнемдеп, әдіс- айла жасау үшін төмендегі жағдайларды іске асырған жөн:
бастапқы тұрыс қалпын өзгерту арқылы
ұстау түрін өзгерту арқылы
қарсылас балуанның тұрысын өзгертуіне мәжбүрлік жасау
қарсыластың қозғалу мүмкіндігін шектеу арқылы
тіркеу нүктесін күшпен өзгерту арқылы
әдістіңорындалу жолын өзгерту арқылы қол жеткізуге болады.
Бастапқы тұрыс қалпын өзгеру арқылы өзіне шабуылдау үшін қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, ілу әдісін орындау кезінде балуанның өз тіреу аяғының ұшын ішке қарай бұруы, қарсылас балуанның аяғын іліп алып, артқа қарай көбірек тартуға мүмкіндік береді. Егер осы қозғалысты аяқ ұшын сырқа қарай бұру арқылы орындаса, онда қозғалыс аясы азайып, әдіс толық орындалмауы мүмкін. Сол сияқты арқадан асыра лақтыру әдісін орындау кезінде аяқты бір- бірінен өте алшақ қою, арқамен және жамбаспен қарсыласқа жұрылудықиындатады. Бір аяқты алға қою арқылы аяқпен көтеріп , өңгеріп тастау сияқты әдістерді жақсы орындауға ыңғай туғызады.
Киімнен, денеден ұстаудың түрлерін өзгерту арқылы қозғалыс аясын өзгертуге болады. Мысалы, арқадан асыра лақтыру әдісін орындау кезінде омыртқа буындары мен иық буынының қозғалыс аясының қолданып, сәтті әдістер жасауға болады. Мысалы, қарсыластың аттас аяғын алдына қоюға мәжбүр ету арқылы арттан шалу әдісін орындауға мүмкіндік алуға болады.
Егер қарсылас фронталды тұрыста болса немесе еңкейіп төменгі тұрыста болса, онда арттан шалу әдісін жасау мүмкіндігі азаяды, яғни әдісті орындауға қажетті қозғалыс аясы үлкейеді. Әдісті орындау жүйесін өзгерту арқылы иілгіштік қабілеттің мүмкіндігін толық пайдалануға болады. Арқадан асыру лақтыру әдісін орындау кезінде балуандар көбіне иық буынының ауырғанын сезінед,оған себеп әдіс иық буынының бұрылуы мүмкіндігі шегінде орындалғанының әсерінен болады. Осы жағдайды түзету үшін киімнен ұстау ұстау нүктелерін неғұрлым жоғары көрсету, қолды көтеру немесе төмен отырыңқырап әдісті орындау жағдайлары қарастырады.
Осылай орындау кезінде қозғалыс ампитудасы үлкеюіне байланысты әдісті орындау жеңілдейді.
Арнайы иілгіштік қабілетті анықтау формуласы.
Ә
И= ----- ; И-арнайы иілгіштік
Т Ә- орындалған (бағаланған) әдіс саны
Т- барлық әдіс жасауға талпыныс саны.
Осы көрсеткіштерді % мөлшерімен де анықтауға болады.
Иілгіштік қабілетті өлшеудің бірнеше түрлері бар, олар:
Оптикалық әдіс
Механикалық әдіс
Электро- механикалық әдіс
Ренгендік әдістер жатады
Ғылыми жұмыстарда осы әдістемелердің барлық түрлері қолданылса,жаттықтырушылық жұмыстарда төмендегі сынақ жиі қолданылады.
Иық буынының қозғалмалылық мөлшерін өлшеу формуласы.
А-б а - қол арасы алшақтығы
Қ= -------- ; б – иық жалпақтығы
2в 2в – екі еселенген қол
ұзындығы
Жаттығудың алғашқы айларында жаттықтырушы саптың алдында жүріп қозғалыс жылдамдығын, оның бағытын, орындалатын жаттығу түрін өзі реттепотырады. Жаттықтырушының сап алдында жүруінің кемшіліктері де бар, оларға жататындар:
1) Жаттықтырушының үнемі қозғалысүстінде болуы
2) Өзінен кейінгі келе жатқандардың көре алмауы
3) Қате жасалғанжаттығу түрін дер кезінде түзете алмауы
Жаттығу алдымен жай жүрістен басталып, бірте-бірте жүгіріске ұласады. Жүгіру кезінде, секіру, айналу, жылдамдықты азайту- көбейту т.б.қозғалыстүрлері жатады.
Жүгіру жаттығуларын тыныс алу мен жүрек соғысының жоғары деңгейге жақындағанына дейін жүргізеді. Шаршау деңгейіне жеткізбеу қажет. Жүгіру қарқынын біртіндеп азайтып жай жүріске түсіреді. Жүріп келе жатқан жасалатын жаттығуды адамнын барлық бұлшық еттерімен буындарымен жұмысқа қосылуын қамтаммассыз ететін етіп таңдап алынады. Жаттығуларды орындаудың өздік бір тәртібі, жүйесі болады. Мысалы, қолға жасалатын жаттығулар саусақтарға арналған жаттығу түрлерінен бастап, одан шынтақ буынына ауысады. Мойынға, денеге жасалатын жаттығуларға еңкею, шалқаю, бұрылу, айналдыру түрлері қолданылады. Аяққа жасалатын жаттығуларға: аяқ ұшымен, өкшемен, табан қырымен отырып тұру, аяқты сілтеу, көтеру т.с.с.орындалады. Сабақтың кіріспе бөлімінде денені қыздырыну жаттығулармен бірге балуанға қажетті арнайы және дене- күш қабілеттерін арттыруға арналған жаттығулар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |