Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Иін ұзындығын қысқарту арқылы -



бет20/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Иін ұзындығын қысқарту арқылы - әдісті орындау жылдамдығын тездетуге болады. Себебі дененің қозғалыс жолы қысқарады, бұшық еттерге түсетін күш азаяды, сондықтан бүгілген аяқпен қолды көтеру жеңіл болып келеді, себебі бұлшық еттің сүйекке бекітілген қашықтығы қысқарады.
Қарсылас балуанның қорғану және шабуылдау мүмкіндігін азайту Қарсылас балуанның мүмкіндігін азайтуға төмендегі жағдайлар көмектеседі:
а) қарсыластың күшіне күшпен жауап беру;
ә) қарсыластың дене мүшелерінің қозғалу жолын көбейту;
б) қарсыластың денесі иін ұзындығын ұзарту т.б.
Балуанның жылдамдық қабілетін арттыру жолының тағы бір түрі, ол күрес үстінде әдісті «оза орындау» түрін қолдану. Жаттығу белесулері кезінде осындай тапсырманы көбірек орындату жақсы нәтиже береді.
Әдісті жылдам орындауға баулудың тағы бір түрі, ол өзінен салмағы жеңіл балуанмен күрестіру. Бұл әдістемені қолдану кезінде салмағы жеңіл балуанның салмағы ауыр балуанға қарағанда жылдам қозғалатын қабілетін пайдалану керек. Өзінен жылдам қозғалатын балуанның шапшаңдығына ілесуге тырысу қажет.
Балуанның ептілік қабілеті
Ептілік қабілет дегеніміз – адамның орындауға қажетті қозғалысты, қимыл түрлерін дәл, жылдам орындай алуы.
Ептілікті арнайы және жалпы ептілік қабілет деп бөлеміз.
Ептіліктің өлшемі балуанның белдесу кезіндегі орындауға қажетті қимыл түріне жіберген уақыт мөлшерімен анықталады. Белдесу үстінде әдісті орындауға пайдалы, қолайлы жағдайды уақытында пайдалана алмауы оның ептілік қабілетінің төмендігін көрсетеді.
Орындалатын жаттығудың күрделі не қарапайым болуы оның орындалу дәлдігіне әсер етеді. Балуанның ептілік қабілетін арттыру үшін төменгі жұмыстарды іске асыру қажет:
а) Орындалатын жаттығу туралы толық және дәл мағлұмат беру.
ә) Алынған мағлұматты қорытып, оны орындауды жоспарлау.
б) Жоспарды уақытында дәл орындау.
Алынған мағлұматты бұлжытпай орындап шығу, адамның сезім мүшелерінің жұмыс қабілетінің дәрежесіне және оларды іске қосатын ойлау жүйке жүйесі жұмысының жылдамдығына байланысты. Сезім мүшелерінің қабылданған хабарды тез арада қорыта білуі және алға қойған мақсатты шешуге жылдам жұмылдыра білу, балуанның спорттық шеберлігі дәрежесіне байланысты болып келеді.Күрес үстінде пайда болған жағдайды тез шешу қажет болған кезде балуан өзі үйренген «дайын қозғалыс түрлерін» пайдаланып, туған жағдайды шешуге болатындығын немесе болмайтындығын ой елегінен өткізеді. Егер бұрынғы үйренген қозғалыс түрі оны шешуге сейкес келмесе, онда ол «жаңа қозғалыс түрін» іздеп табуға мәжбүр болады.
Балуанның спорттық шеберлігі, қалыптасқан жағдайды дәл шеше білуі, оның ептілігінің көрінісі болып табылады. Үйренген қалыптасқан қозғалыс түрі мен «жаңа қозғалыс түрін» тауып әрекет ете білу арасындағы уақыт неғұрлым қысқа болған сайын жақсы нәтижеге жету мүмкіндігі арта түседі.
Ептілік қабілетті арттыру үшін төмендегі жағдайларды ескерту қажет:

  1. Сезім мүшелерінің жұмысын арттыру, олардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге дәл жауап беру қабілетін арттыру.

  2. Күрделі қозғалыстарды орындау шеберлігін арттыру.

Адамның сезім мүшелері жұмысын жақсарту жалпы және арнайы жаттығу жұмыстарын орындату арқылы іске асырылады. Гимнастикалық, акробатикалық, тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығуларды орындау жақсы нәтиже береді. Күрделі координациялық жаттығуларды біртіндеп және дәл орындату ептілік қабілетті арттыруға көмектеседі.
Балуан жаңа қозғалыстарды неғұрлым көп үйренетін болса, оның күрес үстінде әр сәт өзгеріп отыратын жағдайларға байланысты әрекет ету мүмкіндігі көбейеді. Жаңа қозғалыс түріне үйрету үшін бұрынғы үйренген қозғалыс түріне жақын жаңа қозғалыс түрі таңдап алынады. Қозғалыстың кеңістік және уақыт аралығындағы мөлшері, дене мүшелерінің қозғалу ерекшеліктері үйретіледі, сөйтіп жаңа қозғалыс жоспары жасалынады. Жаңа қозғалыс жоспарын жасау кезінде қателіктер жіберілетін болса, онда жаңа қозғалысты дәл орындау мүмкіндігі азаяды.
Ептілік қабілетті арттыруға күрес әдістерінің көп түрін үйретумен қатар күресті жүргізу тәсілін үйретуде жақсы нәтиже береді. Балуан белдесуді жүргізудің неғұрлым көп тәсілін білетін болса, онда жеңіске жету мүмкіндігі артады. Үйретілген әдісті немесе қозғалыс түрін күрес үстінде пайда болатын әртүрлі құбылмалы жағдайда орындатып үйрету жақсы нәтиже береді.
Қозғалыс түрін өзгертіп үйретудің бірнеше әдістемелері бар, оларға:
1. Әдісті орындауға қажетті бастапқы тұрысқа өзгерту енгізу,
2. Әдісті «айна» тәсілімен керісінше орындау,
3. Орындау жылдамдығы мен ырғақты өзгерту,
4. Қозғалысты кеңістікте орындау жағдайын өзгерту,
5. Денеден немесе киімнен ұстау түрін өзгерту,
6. Әдісті әртүрлі қозғалыс бағытында орындау,
7. Әдісті әртүрлі кедергі жағдайларды ескеріп орындату(қарсыласты өзгерту, температура, төрешілік, көрермен, құрал-жабдықтың әртүрлі болуы т.б.).
8. Әдісті әртүрлі шаршау кезеңінде орындау,
9. Әдістердің орындарын ауыстырып жасату,
10. Әдісті орындау мүмкіндігін шектеу тежеу,(қосымша салмақ қосу, киімді ауырлату, құмды жерде күрестіру т.б.), жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет