Иілгіштік қабілетті арттыруға арналған жаттығулар Аяқты екі жаққа керіп созу, осыны аяқты алға- артқа созып орындау
Жамбасты жерге тигізу мақсатында отырып- тұру
Тізерлеп отырған бойда артқа шалқайып арқаны, басты кілемге тигізу
Малдас құрып отырған бойда денені алға еңкейіп, кеудені, кілемге тигізуге тырысу
Гимнастикалық сатыға арқаны беріп тұрған бойда қолмен сатылардан ұстап, артқа қарай иілу
Гимнастикалық сатыға дененіңқырымен тұрған бойда бір аяқты сатыға іліп, алға еңкею
Кілемде көпірге тұрып, қолмен жүру
Жұптасып жасалатын жаттығулар Спорттық күресте жұптасып жаттығулар жасау кеңінен қолданылады. Оны арнай және жалпы жаттығу кезінде қолдануға болады. Жұптасып жаттығу жасау адам салмағы мен күшін пайдалануға негізделген. Жұптасып жасалатын жатығулар түрегеліп, отырып, жатып орындауға және элементтерін кіргізіп жасауға қолайлы.
Серіктесін жоғары көтеру түрлері:- қарама- қарсы тұрған бойда аяғынан қапсыра құшақтап жоғары көтеру «диіриен әдісімен көтеру», денесінен, белінен ұстап көтеру, арт жағынан келіп көтеру т.с.с.
Етпеттен жатқан серіктесі көтеру:- аяғынан ұстап көтеру, денесінен ұстап өтеру, қолдарынан ұстап көтеру, мойынан ұстап көтеру.
«Диірмен» әдісімен көтерген серіктесін алға еңкейтіп, қайтадан бойын жазу.
Иыққа отырған серіктесімен отырып- тұру
Арқаларын бір- біріне беріп тұрған жағдайда (қолдарын шынтақ буындарында айқастырған) отырып- тұру жанға иілу, бір- бірін арқасымнен көтеру
Бір- бірінің белінен айқастыра құшақтаған бойда бірін-бірі жоғары көтеру
Серіктесін иығына мінгізіп жүру, жүгіру, айналу.
Серіктесін арқасына жатқызған бойда қолды бүгіп- жазу