Алға, ішке құлау жаттығулары Іште жатып екі аяғын тобық тұсынан екі қолымен ұстап жоғары көтеріп, алға- артқа денесінің қырына, аударылуы қажет
Басын тіреп, аяғын жоғары көтеріп тұрған қалыпиан кеудесі арқылы ішіне құлау
Тізерлеп тұрған қалыптан алға ішке құлау. (қолды артқа ұстап құлау кезінде денені артқа шалқайту керек)
Арқада жатып артқа аунап түскен соң, денені артқа шалқайтып, алға қолдың көмегімен құлау. (Осы жаттығуды отырып орындау)
«Көпірде» тұрған қалыптан кеуде арқылы алға аударылып түсу
Серіктесі артынан қапсыра құшақтап тұрған қалыптан екеуі бірге алға құлау Алдымен қолдың көмегімен жұмсақ құлау, соңынан қолдың көмегінсіз құлау
Серіктесі арттан екі аяқтан қапсыра ұстаған күйде жоғары көтеріп, алға жығуға тырысады, мақсат жұмсақ құлау керек..
Еркін күрес әдісін орындауға арналған жаттығулар Тепе-теңдік қалыптан шығаруға арналған жаттығулар Бір-біріне қарама-қарсы тұрған қалыпта саусақтарын айқастырып алақандарын бір-біріне тірейді. Қолдарының күшін пайдалану арқылы бір-бірін игеру. Қолды кезекпе-кезек бүгіп – жазу. Бір-бірін тарту.
Бір-біріне қарама-қарсы тұрып, қолымен иықтан игеру арқылы тепе-теңдік қалыптан шығару. Осы тұрыста қолынан, денесінен, мойнынан,күртешенің жағасынан ұстап қолымен тарту арқылы қарсыласын төрттағанға түсіру.
Төрттағандап тұрған серіктесінің жанына келіп тұрып, денесін қапсыра құшақтаған күйде кілемге жығуға тырысу.
Аяқтан ұстап жығуға арналған жаттығулар Бір-біріне қарама қарсы тұрған бойда алға аттап екі аяғынан ұстап жоғары көтеру (осы жаттығуды бір аяқты көтеру арқылы орындау).
Бір және екі аяқтан ұстап жоғары көтеру әдісін алға артқа, жанға жүргізіп орындау.