Шалу әдісіне арналған жаттығулар Түрегеліп тұрған қалыпты оңға және солға жылдам аттау. Осы жаттығуды жүріп келе жатып орындау.
Арттан және алдынан шалу әдісін серіксіз орындау. Осы жаттығуды тізерлеп отырп орындау.
Бір аяққа отырып – тұруды оң немесе сол аяқты жанға созып орындау.
Бір аяқпен шұғыл артқа бұрылу.
Серіктеспен алдынан және арттан шалуды еркін орындау.
Шұғыл артқа бұрылып бір тізеге отыру. Осы жаттығуды секіріп орындау.
Тобықтан қағу әдістеріне арналған жаттығулар Оң аяқпен тобықтан қағуды бір өзі орындау. (қолды аяқ қозғалысына қарсы жаққа бұру керек). Осы жаттығуды келесі жаққа орындау.
Табанның қырымен қозғалып жүру.
Қабырғаға дененің бір қырымен жақын тұрып, қабырғадан алыс аяқтың табан қырымен қабырғаны соғу.
Жерде жатқан, қозғалып келе жатқан, жоғарыдан төмен түскен допқа «қағу» әдісін орындау. Осы жаттығуды серіктеспен бірігіп орындауға болады.
«Кілемді аяқпен сыпыру» қозғалыс жасау.
Балуан маникеніне «қағу» әдістерін орындау.
Орындық аяғына «қағу» әдісін орындау.
Аяқпен «іліп» жығу әдістеріне арналған жаттығулар Табанның ішкі және сыртқы қырымен басып – жүру.
Кір тасының тұтқасын аяқпен іліп жүру.
Жіңішке ағашқа, діңгекке, орындық немесе стол аяғына «ілу» және «орау» әдістерін орындау.
Балуан маникеніне «ілу», «орау» әдістерін орындау.
Серіктеспен және серіктессіз «ілу» әдістерін орындау.