Аудитстандарттары — аудитке қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуші және аудит өткізу принциптері мен тәртібін айқындаушы нормативтік құжаттар.
Аудитордың пайымдауы (пікірі) - өзінің әрекет ету тәртібін бір мағынада әрі қатаң анықтауға мүмкіндігі болмаған жағдайларда аудиторға субъективтік шешімдер қабылдауға негіз болатын, оның біліміне, біліктілігіне және тәжірибесіне негізделген көзқарасы.
Аудиторлық тексерудің көлемі — толық қанды аудиторлық тексеру жүргізу жөне аудитордың негізді қорытындысын дайындау үшін талап етілетін мамандардың саны мен құрамын, жұмсалатың уақытты, аудиторлық процедуралардың өткізілу саны мен тереңдігін аудитордың (аудиторлық ұйымның) бағалауы болып табылады. Аудиторлық тексерудің көлемін экономикалық субъектінің қызметі туралы білетіндігін, алдағы уақытта болатын жұмыстардың және субъектімен қосымша жасалынған келісім-шартта қарастырылған аудитке жалғас қызметтер масштабының болжануын ескере отырып, аудитор (аудиторлық ұйым) өз бетінше анықтайды.
Аудиторлық фирма — партнер-лары немесе жекелеген тәжірибе жинақтаушы аудиторларымен бірге аудиторлық қызмет көрсе-туші субъект немесе фирма.
Аудитті лицензиялау - атестациядан өткен аудиторларға, сонымен бірге, заң талаптарына жауап беретін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша кәсіпке қызмет субъектісі ретінде тіркелген ұйымдарға аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқық беруші арнайы рұқсатты (лицензияны) беру процедурасы.
Әдеттегіден өзгеше (ерекше) операциялар — бір реттік келісімдер және ерекше шаруашылық операциялары бойынша сомалар мен төлемдердің аса жоғарылап кетуі.
Әділдік — аудиторларға аудиторлық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, жұмыстың сапасына қатысты мәселеде маңызды ауытқушылықтарға жол бермеуге мүмкіндік беретін, күні бұрын кесіп-пішілмеген қарым-қатынас. Әділдік аудиторлардан өздерінің аудит мәселелері бойынша кәсіби ой-пікірлерін басқалардың пікірлерімен жанастырмауын (үйлестірмеуін) талап етеді.