Бар елде ғана қалана



бет43/46
Дата22.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#58900
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Бақылау тәуекелі – шоттардың қалдығы немесе операциялардың класындағы бұрмалаушылықтарды бухгалтерлік есеп жүйелері мен ішкі бақылау уақытында таба және түзете алмай тәуекелі.

  • Бақылау тесттері – аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін өткізіледі.

  • Басқарушылық аудит – қызметтің оңтайлы нәтижелігін әр түрлі стандарттарға сәйкес басқарушылық қызметті тәуелсіз тексеру және бағалау.

  • Бастамалық аудит – аудиттелетін ұйымның бастамасы бойынша жүргізіледі.

  • Бақылау (тексеру) - менеджменттің, Директорлар кеңесінің және басқа тараптардың тәуекелдіктерді басқару мен қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттің орындалу ықтималдығын көтеруге бағытталған кез-келген іс-әрекеті. Менеджмент ұйымның мақсаты мен міндеттерінің орындалатындығына жеткілікті түрде сенімділікті қамтамасыз етуші іс-әрекеттерді жоспарлауды, ұйымдастыруды және оларды басқаруды жүзеге асырады.

  • Бақылау ортасы - ішкі бақылау жүйесіне және оның субъект үшін маңыздылығына қатысты директорлар мен субъект басшылығының жалпы позициясын, хабардарлығын және іс-әрекетін қамтиды.

  • Бақылау процедуралары — субъектінің нақтылы міндеттерін орындау үшін оның басшылығы бақылау ортасына қосымша белгілеген процедуралар мен саясат.

  • Бақылау тәуекелдігі — шоттардың сальдоларында (қалдықтарында) немесе операциялардың топтарында (класстарында) орын алуы мүмкін бұрмалаушылықтың (ол жеке немесе басқа шоттардың сальдоларындағы не болмаса операциялардың класстарындағы бұрмалаушылықтар жиынтығымен бірге елеулі болуы мүмкін), өз уақытында болдырылмауы немесе анықталмауы және бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің ол бұрмалаушылықты түзетулерінің тәуекелдігі.

  • Бастапқы аудит - осы клиент үшін аудиторлық тексерудің тұңғыш жүргізілуі. Қаржылық қорытынды есепке алғаш тексеру жүргізу кезінде аудиторларда клиент бизнесінің ерекшеліктері, оның ішкі бақылау жүйесі және т.б. туралы мағлұмат болмайды.

  • Бастапқы сальдо - шоттар бойынша есепті кезеңнің басында болатын қалдықтар. Бастапқы сальдо өткен кезеңдегі ақырғы сальдоға негізделеді және өткен кезеңде қолданылған есеп саясаты мен өткен кезеңдердегі операциялардың әсерін көрсетеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет