Бизнестуралы білім - экономика мен субъект өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыратын экономиканың саласы туралы жалпы білім, сонымен бірге субъектінің қалай жұмыс істейтіндігі туралы нақтырақ білім.
Болашақ қаржылық ақпарат — келешекте болып қалуы мүмкін оқиғаларға және де, субъектінің болуы мүмкін іс-әрекеттеріне қатысты жорамалдарға негізделген қаржылық ақпарат.
Бұрмалаушылық - қате жіберу немесе алаяқтықтың салдарынан қаржылық ақпараттарда пайда болуы мүмкін дәлсіздіктер.
Елеулі кемшіліктер — қаржылық қорытынды есепке елеулі әсер ету мүмкіндігі бар ішкі бақылаудағы кемшіліктер.
Ерікті (бастамашылық) аудиторлық тексеру -- бастамашылық (ерікті) аудит кез-келген уақыттажәне заңды тұлға болып табылатын экономикалық субъектінің басқару органының өз бетінше қабылдаған шешімін немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның аудит өткізуге ынталы тұлғалардың) шешімімен белгіленетін көлемде өткізіле алады.
Есептегі және қорытынды есеп берудегі алаяқтық — ұйым басшылары мен қызметкерлерінің құрамынан бір немесе бірнеше тұлғаның есеп пен қорытынды есеп беру мәліметтерін әдейі, дұрыс емес етіп көрсетуі және тапсыруы.
Жеткіліктілік— аудиторлық дәлелдеулердің сандық өлшемі.
Жиынтық - қорытындыға жету үшін аудитор іріктеу жүргізетін мәліметтердің толық жиынтығы.
Жоспарлау –күтілетін өзгерістерге, аудиттің мерзімдері және көлеміне қарай жалпы стратегия мен егжей-тегжейлі тәсілдерді жасау.
Жұмыс құжаттары - аудитордың жұмысты жоспарлау, орындалған аудиторлық процедуралардың сипаты және көлемі, ондай процедуралардың нәтижелері және алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытындылары бойынша құжаттары. Жұмыс құжаттары мәліметтер нысанында қағаз түріндегі ақпарат тасымалдаушыда, фотопленкада, электрондық форматта немесе құжаттарды жүргізу мен сақтаудың басқа да тәсілдерін пайдалана отырып сақталуы мүмкін.