2.Экологиялық аудитті жүргізудің кезеңдерін атаңыз.
3.Ішкі аудит қандай қызметтер атқарады?
4.Операциялық аудиттің қандай түрлері бар?
5.Опреациялық аудитті кім жүргізеді?
6.Экологиялық аудиттің мақсаттары, міндеттері және объектілері қандай?
Глоссарий
Аға аудитор – тапсырыс берілген және аудиторлық тексеруге қатысушыларға басты жетекші болатын аудиторлық фирманың қызметкері.
Адалдық аудит қағидасы ретініде кәсіби міндетті сақтаудан, сонымен қатар ой-сананың жалпы қағидаларын қолданудан тұрады.
Арнайы тағайындалған аудиторлық есеп беру – қаржылық есептеме бойынша аудиторлық есеп беруден өзгешеленетін, қаржылық ақпараттың тәуелсіз аудитімен байланысты жасалған есеп беру.
Аудит – қаржылық есептеменің аудитінің мақсаты қаржылық есептеменің оны ұсынудың бекітілген концептуалды негізіне сәйкес барлық маңызды аспектілері бойынша құрылғаны туралы аудиторға өзінің пікірін білдіру мүмкіндігін беру болып табылады.
Аудитор – біліктілік комиссияся аттестацияланған және «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілікті куәлігін алған жеке адам.
Аудит бағдарламасы – аудиттің жалпы жоспарын жүзеге асыру үшін қажетті алдын-ала жоспарланған процедуралрдың сипатын, мерзімін және көлемін белгілейтін кесте.
Аудитордың ақпаратпен байланысы – егер де берілген ақпаратқа аудитордың есеп беруі енгізілсе немесе аудитордың атын кәсіби қатынастарда қолдануға рұқсат берілсе, аудитор қаржылық ақпаратпен байланыста болады.
Аудиторлық дәлелдеме – аудиторлық есеп беруге негізделетін қорытындыны құрастыру үрдісінде аудитордың алатын ақпараты.
Аудиторлық есеп – қаржылық есептеменің сенімділігі туралы аудитордың пікірі көзделетін, аудиторлық фирманың өз клиенттеріне беретін ресми құжаттары.