21. Елімізгеимпортталатындәрі-дәрмектердіңкөлемінзаңдытүрдеазайтуқажет (қалайқолжеткізугеболады?) Импортталынатын фармацевтикалық дәрі дәрмектердің біздің елімізге қарай шығаруын азайту үшін мемлекеттік басқару органдарының белсенді араласуын қажет етеді.
Қол жеткізу үшін:
- Біріншіден, импортталынатын заттарды алмастыру бұл елдің экономикасын құрлымдық жағынан өзгертілуін қажет етеді. Яғни, осы импортталынатын заттарды алмастыру үшін мемлекеттік басқару органдарының белсенді осы бағыттағы жүргізіліетін жұмыстарын қажет етеді.
- Екіншіден, импортталынатын фармацевтикалық заттарды отандық дәрі-дәрмектермен алмастыру жұмысы бірінші кезекте тауарларды өндірушілердің ішкі нарығындағы бәсекелестік қуатын арттыруды қажет етеді. Және болашағы жоқ дәрі дәрмек өндірістерін жауып тастау және болашағы жақсы, үлкен, бәсекелестікке ыңғайы бар өндіріс орындарын барынша қолдау керек.
- Үшіншіден, отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту және отандық дәрі-дәрмектерге сұранысты арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал осы отандық дәрі-дәрмектерге сұранысты арттыру үшін иновациялық жолды таңдау және дәрілік заттарды диверсификациялау қажет. Диверсификация дегенміміз – науқастарға ұсынатын дәрі-дәрмектердің клиникалық көрсеткіштерін жақсарту, оның тиімділігі төмен жақтарын арттыру. Сол арқылы отандық фармацевтикалық заттардың науқастардың сұранысына сай болуын қамтамасыз етеді.
- Төртіншіден , отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру.
Сонымен, импортталынатын заттарды алмастыру ҚРның экономикалық қауіпсіздігін арттырады. Осы арқылы отандық фарм-лық өндірістерден шығарылатын тауарлардың бәсекелестікке қабілеті арттырылып, өндіріске болашағы үлкен иновациялық жаңалықтарды енгізуге жол ашады.