Барлық заманауи дәрілік заттар қандай қағидаттар бойынша топтастырылады? Дәрілік заттар


Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер (Шаншуға арналған ерітінділер технологиясы)



бет15/15
Дата29.05.2022
өлшемі53,42 Kb.
#35889
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
25. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер (Шаншуға арналған ерітінділер технологиясы).
Дәрілер технологиясындағы асептика - бұл дәрілерді микрофлораның түсуінен барынша қорғайтын іс-шаралар мен жағдайлар кешені.
Асептикалық жағдайда дайындау, бірін бірі толықтыратын, міндетті шаралардың берік тізбегі. Бір этапта жіберілген қате, барлық істелген жұмысты жоққа шығаруы мүмкін.
Стерильдеу ( лат. ұрықсыздандыру) – дамудың барлық сатысында болатын микроорганизмдердің барлық түрлерін объектіде жою, өлтіру процесі болып табылады. Бұл кезде стерильденетін заттың қасиеттері өзгермеу керек. Шаншуға арналған дәрілік түрлерді дайындауда стерильдеу өте маңызды.
Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер үшін ластану көздері:
• ауа, су, медициналық қызметкерлер, бөлме, дәрілік заттар, медициналық құрал жабдықтар, аппаратуралар;
• дәрілік заттар, медициналық қызметкерлер;
• медициналық ыдыстар, автоклав;
қосымша материалдар, шаншуға арналған су;
Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарына енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. құю) деп аталады.
Инъекциялық ерітінді – бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту жолымен алынған, парентеральды қолдануға арналған сұйық дәрілік түр.
Дәріні енгізу бойынша: тері іші, тері асты, бұлшықет іші, тамыр іші, бас сүйек іші, плевра іші, буын іші және т.б. болып бөлінеді.
Инъекцияға арналған дәрілерге келесі негізгі талаптар қойылады:
1.механикалық қоспалардың болмауы
2.стерильділік
3.апирогендік
4.Тұрақтылық
Дәріханалардағы шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады:
- бөлмені-асептикалық блокты дайындау;
- фармацевт технологты дайындау;
- ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау;
- дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындау;дәрілік заттарды еріту;
- тұрақтандыру;
- фильтрлеу;
- ерітінді құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау;
- флаконды тығындап, механикалық қоспалардың болмауын бақылау;
- тығынды бекітіп, маркалау;
- ерітіндіні стерильдеу;
- ерітіндінің мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспаларын болмауын анықтап, химиялық талдау жасау;
- безендіру және босату.
Шаншуға арналған дәрілік түрлер басқа дәрілік түрлерге қарағанда асептикалық таза болу керек. Бұл дәрілік құралдарды МФ талаптарына сай тексеріп болған соң ғана қолданысқа шығарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет