22. Медикаменттердің нарықтағы орны (маркетингтік себептер) Медикамент деп отырғанымыз бұл аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын дәрілік түр түріндегі синтетикалық немесе табиғи тектес заттар. Олар әртүрлі формаларда таблеткалар, капсулалар, ерітінділер, жақпа және т.б. түрде болады.
Медикаменттердің нарықтағы орны көптеген маркетингтік себептерге тікелей байланысты болып келеді. Оның ішінде фарм-лық фирманың имиджі немесе нарықтағы таңбасы ерекше рөл атқарады. Өнеркәсіпттің абыройы жоғары болған сайын өнеркәсіптің нарықтағы дәрілік заттың өтімділігі және бағасыда жоғарылай түседі. Және өнеркәсіпттің медикаментінің өтімділігін арттыруға бағытталған жарнамасын айтсақ болады. Осы бағытта зауыттың жұмсайтын қаржысы артқан да, медикаменттердің өтімділігі жоғарылай түседі. Науқастардың дәріні қабылдағаннан кейінгі оның тиімділігі туралы қалыптасатын пікірі де басымдыққа ие. Дәріханаларға барған науқастардың көпшілігі фармацевтердің кеңесіне жүгінеді. Сондықтан олардың сатылымдағы орны дз-тың тиімділігі туралы ойын социологиялық зерттеу арқылы тексерудің де маңызы бар.
23. Фармацевтикалық технологиясы (шығу тегі, ұғымдары мен түсініктері ,байланысы) Дәрі-дәрмектің шығу тарихы біздің эрамызға дейінгі 3500 жылы Шумерде құрастырылған дүние жүзіндегі ең бірінші фармакопея. Осы құжатқа сәйкес, шумер емшісі дз-ды құрастыру кезінде өсімдік, жануар және минералды заттарға жүгінген. Сол кездегі ең танымал минералды заттар натрий хлориді (қарапайым тұз) және калий нитраты болды. Дәрілердің көпшілігі өсімдік текті болды (мысалы, мирт, зире, тамырлар, бұтақтар, қабық).
- Ежелгі Грецияның атақты дәрігері Гиппократ (б.з.д. 460-377 жж.) алғашқылардың бірі болып табиғи препараттарды (өсімдіктер, бал, минералды бұлақтар) емдеуге негіз ретінде пайдаланса, римдік дәрігер және фармацевт Гален (131-201) шарапқа, сірке суына, майларға, сироптарға тұнбалар алу әдістерін, сонымен қатар ұнтақ, ерітінділер технологиясын әзірлеуде бірінші болды.
- 1701 жылы Петр I “Фармация артықшылығы” деген жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес сол жылы дәріхана ашылды. Дәрілік заттарды дайындаудың шарттары мен әдістері туралы ғылымды құруға орыс ғалымдары өз үлестерін қосты: М.В. Ломоносов, Д.И. Менделеев, М.В. Севергин, А.П. Нелюбин және т.б. Дәрілік препараттарды дайындау технологиясының бұл болашағын жаңа фармацевтикалық ғылым – биофармация ашты, бұл заманауи фармакологияның дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді.
• Фармацевтикалық технология – дз-ды белгілі бір дәрілік формаға келтіріп, дәрілік препараттарға дейін өңдеудің өндірістік процесі және теориялық негіздері жайлы ғылымды айтамыз. Оның мақсаты – дәрілік заттарды алудың тиімді және қауіпсіз процестерін әзірлеу және енгізу.
• Фармацевтика өнеркәсібі химия өнеркәсібімен өте тығыз байланысты – дәрілік заттардың химиялық табиғаты мен өзара әрекеттесуін, әртүрлі компоненттердің сипаттамаларын зерттемей, зертханалық зерттеулерсіз және талдауларсыз дәрілік заттарды өндіріп шығару мүмкін емес.
• Фармацевтикалық терминология – бұл фармацевтикалық, химиялық, физикалық, медициналық және техникалық терминдер кешені.
• Дәрілік форма технологиясының негізгі терминдері: дәрілік зат, дәрілік субстанция, дәрілік форма және дәрілік өнім. Қазіргі уақытта 500-ден астам фармацевтикалық және 200-ге жуық технологиялық терминдер бар.
• Фармацевтикалық агент – бұл клиникалық зерттеулер объектісі болып табылатын фармакологиялық белсенділігі белгіленген зат немесе заттардың қоспасы;
• Дәрілік зат – деп адамдар немесе жануарлар ауруын емдеу, алдын алу немесе диагностикалау үшін қолданылатын табиғи,синтетикалық текті хим-лық қосылыстар түріндегі дәрілік түр.
• Дәрілік субстанция – деп фармакологиялық белсенділігі бар және дәрілік препараттарды өндіру мен дайындауға арналған өсімдік,жануар текті немесе синтетикалық текті заттарды айтамыз.
• Қосымша заттар – дайын дәрілік түрдегі дәрілік затты өндіруге қажетті қосымша заттар;
• Дәрілік форма - қажетті емдік әсерге қол жеткізілетін дәрілік затқа немесе дәрілік өсімдік материалына берілген қолдануға ыңғайлы күй;