Барлығына сәлем, достар!


Бірінші тіл— бұл сөздер,сөйлемдер,фразалар,түсініктер, қорытындылау тілі. Екінші



бет4/5
Дата23.06.2023
өлшемі20,9 Kb.
#103266
түріСеминар
1   2   3   4   5
Бірінші тілбұл сөздер,сөйлемдер,фразалар,түсініктер, қорытындылау тілі.
Екінші— бұл эмоция, тебіреніс, ым,жымыңдау, күлкі, бет-аузын тыжырайтушылықтың тілі.
Тіл баланы шығарма мазмұнын түсінуге үйретуде, оны вербальды түрде беріп қана қоймай, сонымен қатар «өмір сүруге» және мазмұнын эмоционалды-тікелей түрде беруде екінші тілді қолдануды дамыту үшін педагогтарға көмектесу.
үрлі шығармашылық миниатюрларды қолдануды ұсынады:
музыкалық картиналар, би суреттері;
дене шынықтыру кідірісі, жаттығу және сергіту сәттері.
Жоғарыда айтылғандай, «шығармашылық миниатюра» немесе «шығармашылық ойындар» білім үдерісін психологизациялауда, оқытудың ойындық сипатын қамтамасыз етуде үлкен уәж болып табылады.
Олардың шығарма мазмұнын беруде осы шығармашылығын көрсете білу дағдыларын меңгеруі артистік қабілеттерінің дамуына жағдай туғызады.
Балалардың ойындық тапсырманы жануарлар немесе ертегі кейіпкерлер образында орындауы оларға өз денесінің пластикалық қозғалыстарын жақсы игеруге көмектеседі.
Тіл дамыту, дауыс және тыныс алу жаттығулары баланың сөйлеу аппаратын жетілдіріп, дұрыс және нақты дыбыстарды айтуға дағдыландырады. Балалар көпшіл болады, нақты өз ойын тұжырымдауға және оларды ашық баяндауға, қоршаған әлемді тануға және сезінуге үйренеді.
Құрбыластардың және басқа да көрермендердің алдында өз өнерін көрсету баланың рухани қажеттілігі мен шығармашылық күшін іске асыруына жағдай туғызып, өз-өзін бағалауын көтереді. Бала үнемі өзіне алатын көрермен мен орындаушы қызметін алмастыруы, оған өзінің позициясын,іскерлігін, білімін көрсетіп, еңбексүйгіштігінің, жүйелі түрде жұмыс істеуінің, шешім қабылдағыштығын позициясын,іскерлігін, білімін көрсетіп, еңбексүйгіштігінің, жүйелі түрде жұмыс істеуінің, шешім қабылдағыштығының қалыптасуына жағдай туады.
Ертегі мазмұны бойынша театрландыру әрекетін ұйымдастыру және балалар спектаклін дайындау балалар әрекеттерінің басқа түрлерімен: ойындық,қозғалыс, көркемдік-сөйлеу, өнімді, музыкалық тығыз байланыста өтеді.
Бұл театрландыру әрекетін ұйымдастырудың бірнеше ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет