Барлығына сәлем, достар!



бет5/5
Дата23.06.2023
өлшемі20,9 Kb.
#103266
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
9 дәріске семинар сабағының тақырыбы ш

Біріншіден- бұл ертегімен танысу. Бұл кезең педагог үшін аса маңызды, сондай-ақ, баланың әдеби мәтінге эмоционалды лебізін білдіру деңгейін, оның көркемдік тебіреніс қабілетін, көрекемдік шығарманың эстетикалық құндылығын түсіну дәрежесін анықтауға көмектеседі. Ертегілермен таныстыру үдерісінде балалар тек оның желісіне қарамай, оны талдайды:
кейіпкерлердің ерекшеліктері, олардың жағымды немесе жағымсыз болуы неліктен екенін;
олар қалай көріну керек, олардың жүрісін, қалай сөйлейтінін;
оның мінезіндегі ерекшеліктер неден көрінетінін;
ертегінің өнеге-өсиет беруін.
Екіншіден- рөлдерді бөлу және игеру. Мұнда да әр қатысушымен кейіпкерлер әлеміне енуге жеке жұмыс өткізу өте маңызды.
Бұл кезеңде әр балаға ертегі мәтіні негізінде мүмкіншілігінше өзінің нұсқасын ойластыруға, яғни, өз бетімен шығармашылық ізденіске ынталандыратын жағдайын құру керек. Балалар жұмысқа белссенді араласып, осылай актерлік шеберлік дағдыларын игеруге, мәнерлі сөйлеуге және ым, пластикалық, қозғалыс арқылы көрсете білуге үйренеді.
Үшіншіден- бұл театр әрекеті үшін бірігіп дайындаған ойындық кеңістік.
Балалар апта бойы атрибуттар, декорация жасау үшіе еңбектенеді, сол себепті де, «Қарлығаш» бағдарламасында балалар спектакліне мағыналы реңк беретін көптеген ұжымдық жұмыстар қарастырылған. Ата-аналардың көмегімен қалдық материалдарды қолданып бірнеше костюмді, жетіспейтін бетперделерді дайындауға болады. Сондай-ақ, «Қарлығаш» бағдарламасында кейіптендірі үшін негізгі бетпердені қолдану ұсынылады және бұл педагогтардың жұмыстарын жеңілдете түседі. Осындай театрландыруға ұжымдық дайындық аса маңызды, сонымен, балаларды жалпы жұмысқа біріктіріп, жалпы істің атынан өзінің міндетін мұқият орындауға үйретіп, олардың шығармашылық өзара әрекеттестікке жағдай туғызады.
Театр балалар үшін- бұл әрқашанда ойын, таңғажайып ертегі, желілігі тартымды және әдемі кейіпкерлердің әрекетінің сиқырлығы. Бұл кейіпкерлерді көруі ғана емес, алайда, солар сияқты болу. Кейіптендіруде балалардың:
сенсорлық дағдысы,
эмоционалды және ойлау мүмкіндіктерінің аймағы кеңейіп;
бөгеліп қалушылығы;
ұялшақтығы жойылып, шығармашылық қиялы мен фантазиясы дамиды.
Театрландыру әрекеті балаға ертегіні түсіну арқылы қоршаған әлемді тануы мен түсінуге ғана мүмкіндік бермей, сонымен бірге, олармен үйлесімді өмір сүруге, сабақтардан қанағат-ләззат алуына, әрекеттердің әр түрлілігіне, көркем-шығармашылық белсенді үдерісінде оларға қатысуға, яғни, жалпы дамуы мен шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
балалар әрекетінің трлерін барынша қолдану;
әрекеттің әр бағыттарына өз уақытында үйлесімді ықпал жасау;
әр баланың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес, қызығушылығын дамытуға мүмкіндік беретін білім беру материалын вариативті қолдану;
балалар шығармашылығының нәтижесінде құрметпен қарауды ескере отырып жүзеге асыру қарастырылған.
Арнайы мектепке дейінгі әрекеттерге табысты қатысу- баланың жүріс-тұрыс тәртібінің еркіндігін, логикалық ойлау қабілетін, қойылған мақсатқа жетуге күш-жігерін және зейінін бағындыра білу сияқты қасиеттерін, яғни, өзін-өзі бақылауды іске асыру, шығармашылық қиялын көрсетуді қалыптастырып және дамытуды көздейді.
Осы барлық қасиеттер және баланың мектепке дейінгі балалар әрекетенің түрлерін меңгеруі, базалық даму деңгейінің, мектепке оқуға жалпы психологиялық дайындығының негізі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет