Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а


Ерлікке  тəрбиелеу  дəстүрінің  тəлімдік



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#7072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ерлікке  тəрбиелеу  дəстүрінің  тəлімдік 
мəні.  Тұрмыс-салтқа,  тарихи-əлеуметтiк  жағ-
дай ға  байланысты  қазақ  халқының  ерлік ке  
тəрбиелеу  дəстүрі  қалыптасқан.  Атқа  отыр-
ғы зу,  күрес,  ат  жарыс,  жаяу  жарыс,  көк пар, 
аударыспақ,  найзаласу,  жамбы  ату  сияқ ты 
шынықтыру  дəстүрлерiмен  қатар,  ха лық  өз 
ұрпағын батырлық жəне ғашықтық жыр лар 
арқылы ерлiкке баулиды, адалдыққа тəр бие-
лей дi.
Атқа  мiнгiзу  рəсiмi 3-5 жастағы  баланың 
сүн дет  (гигиеналық  қиым)  тойымен  ұш тас-
тырылып,  зор  парасатпен  салтанатты  түр де 
өткiзiлген. үш жасар балаға арнайы ат үйретiлiп 
(көбiнесе тай), оған баланы  отыр ғызу үшiн ар-
найы ер-тұрмандары даяр лан ған  (лайықты ер-
тұрман кестелi қоржын-теп кiшек, т.б.).
Қазiргi  кезде,  əсiресе  мал  шаруа шы-
лығының қызметкерлерi бұл дəстүрдi жал ғас-
тырып  жүр.  Əуелi  балдырған  əкесiнiң  кө ме-
гiмен ат аялдатады, желдiредi, шабады, сөй т iп 
ол бес жасқа дейiн атқа мiнуге толық үй ре недi 
де, бес жастан əрi қарай балдырған «тiз гiндi 
өз  қолына  алады».  Кейiн  ол  ат  шаптыруға, 
аламан бəйгеге қатысуға бейiм бо лып өседi.
Ұлттық  ойындардың  тəрбиелік  мəні. 
Қазақша күрестiң өз ерекшелiгi бар. Бала кү-
рес,   балуан күрес, айқасып күресу, белдесiп 
кү ресу,  жата  берiс  тастау,  аяқпен  шалу,  т.б. 
кү рес  тəсiлдiк  ережелерiмен  қалыптасқан. 
Бұл - баланы, балуанды шынықтырудың ең 
қа жеттi құралы.
Ат жарыстың бiрнеше түрi бар: тай жа-
рыс,  құнан  жарыс,  дөнен  жарыс,  ат  жарыс, 
ала ман жарыс. Ат жарыста ат айдаушы мен 
ат бегінің  атқаратын  ісі  жауапты. «Ат  шап-
пайды,  бап  шабады»  деп  халық  бапкердің 
ең бегін  жоғары  бағалайды.  Атты  сынаушы 
саят кердің  атжарыста  алатын  орны  үлкен. 
Кей бір  саяткер  аттың  қанша  шақырым 
талмай  шабатынын  дəл  тауып  айтады.  Ат 
жарыс та ат айдаушының да тəжірибесі мол 
болуға  тиіс.  Аттың  өкпесін  тепкілеп,  оны 
қамшылай беру – əбестік, əрі үлкен айып.
Қазақтың  халық  педагогикасында  ойын  
да  көп орын алады. Халық болашақ ұр па ғын 
шыыныққан,  ойлы,  сергек  етіп  тəр бие леу 
үшін ойынның алуан түрін ойлап шы ғар ған. 
Олардың спорттық ойындар, миды шы нық-
ты ратын, яғни ой жүйесiн дамытатын ойын-
дар, еңбекке, өнерге баулитын ойындар деп 
бiр неше топқа бөлуге болады.
Спорттық ойындардың түрлерi өте көп,  
солардың iшiнен көкпар, аударыспақ, алты-
ба қан,  тоғыз  құмалақ,  ақсерек-көксерек, 
қаш па  доп,  қақпа  доп  сияқты  ойындарды 
атап  көрсетуге болады.
Көкпар - шынықтыру тəрбиесiнiң ұлттық 
мəйегiнiң бiрi. Көкпардың мара көкпар, дода 
көкпар, т.б. түрлерi бар. Мəреден сөреге дей-
iн алдырмай барып, мəреге көкпарды қай тып 
əкелген  жiгiт  жеңiске  жетедi.  Ал  дода  көк-
пар да кiмнiң аты күштi, өзi балуан əрi батыр 
бол са, көкпарды додадан үзiп алып шығып, 
бел гiлеген мəресiне қарай алып қашады да, 
дiт теген жерiне жеткiзедi.
Аударыспақ - ер азаматтың атқа шауып, 
күш сынасудағы артықшылығын (күштiлiгiн, 
еп тiлiгiн) көрсететiн халықтық ойын.
Найзаласу, жамбы ату - ер жiгiттiң күш-
қуа тын  арттырып,  ептiлiгi  мен  мергендiгiн 
қа лып тас тырады.  Əсiресе,  ат  үстiнде  най-

15
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
заласу  жарысы  асқан  шеберлiк  пен  ба лу ан-
дықты қажет етедi. Əділ қазылар ал қа сы мен 
төрешілер ұлттық шынықтыру жа рыс та рының 
ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
Қыз  қуу – жігіттің  жігерлігін,  батыл-
ды ғын,  атбегілік  еңбегі  мен  өнерін  сынай-
тын  дəс түрлік  ойын.  Бағзы  заманда  қызға 
үленбек  бол ған  жігіттің  батылдығы  мен 
кү ші,  ептілігі  сы налып,  сыннан  мүдірмей 
өт кен жігітке «ен ді қызды қуып жетсең, қа-
лың дығың  бо лады»  деген  талап  қойылған. 
Сол талапты да мүлтіксіз орындау үшін жігіт 
атын  сайлап,  атпен  шабу  өнерін  жетілдіре 
түс кен. Осы кезде қыз қуу жарыстың бір тү-
рі не  айналды.  Жарыс  ұзындығы 500-800 м, 
енi   30-40  м, тегiс жерде өткiзiледi. Мəре мен 
сө ре  бiр  жерде  болады.  Айналып  қайтатын 
жер ге  жалау  қадалады.  Қыз  жiгiттен 10 м  
жер де  озып  тұрады.  Төрешiнiң  белгiсi  бой-
ын ша жарыс басталып, жiгiт айналып қайта-
тын  жерге дейiн қызды қуып жетсе, оны ат  
үстiнде құшақтап сүйедi, бұл - жiгiттiң жең-
генi. Ал жiгiт қызды қуып жете алмаса, қай-
ы ра қайтқанда қыз сөреге дейiн жiгiттi жəне 
оның  атын  қамшының  астына  алады,  бұл - 
қыз дың жеңгенi.
Тоғыз құмалақ - ойлау жүйесiн дамыта-
тын ұлттық ойын. Ойын үшiн арнайы тақта 
жа салынады.  Тақтада 18 ұя  (кiшi  отау), 2 
қа зан  (үлкен  отау). 162 құмалақ  дайында-
лып,  əр бiр  ойыншыға 81-ден  бөлiнедi,  əр 
ұяға 9-дан  ке ледi.  Алғашқы  жүрiстi  кiм 
бастайтындығы  жер ебi  бойынша  шешiледi. 
Жүрiс  кезегi  тиген  ойыншы  өзiнiң  кез  кел-
ген  отауына  бiр  құ малақ  қана  қалдырып, 
қалғанын қолына алып, солдан оңға қарай 
жүредi.  Екi  жақтың  отау ына  құмалақтар 
бiрдей  түседi.  Ең  соңғы  құ малақ  түскен 
қарсы  жақтың  ұясындағы  құ малақ  жұп 
болса (10, 12, 14, 20) сол  ұя  бо сатылады 
да, құмалақ жүргiзушi жақты қа занына са-
лынады.  Ал  жүргiзушiнi  соңғы  құ малағы 
өз  ұясына  түссе,  ол  алынбайды.  Ке ле сi 
жүрiске  мүмкiндiк  алған  қарсы  жақ  уақ 
сан ды құмалағы бар ұясына, өзiнiң соңғы 
та сын салып, ұпайды өз қазанына түсiруге 
əре кет жасайды.
Алтыбақан - қазақ  халқының  дене  шы-
нық тырып,  көңiл  көтеруi  үшiн  шығарған 
ұлт тық ойыны. Алты бақанды сырықтың екi 
ба сына үш-үштен мосыша қосақтап байлап, 
ба қан ның  аша  тармағын  сырыққа  кигiзедi. 
Ал ты бақанды құрастырып болғаннан кейiн, 
оның екi басынан үш қатар арқан байлайды. 
Ар қанның екеуi бiр деңгейде, үшiншiсi олар-
дан 40-50 см төмен тұрады. Бiр деңгейде бай-
ланған екi арқанға қыз бен жiгiт қарама-қар-
сы отырады да, төменiрек байланған ар қан ға 
аяқтарын тiрейдi. Бұларды бiр адам тер бетедi. 
Алтыбақанды  тербелiп  отырған  екi  адам 
қосылып  əн  салуға  тиiс.  Алтыбақан  ер те-
дегi ауыл өмiрiнде жастардың кеш кi лiкте бас 
қосып, халық аспаптарының сүй емел деуiмен 
əн  салатын,  айтысатын,  əзiл-ос пақ  айтысып 
көңiл көтеретiн ойын-сауығы бол ған.
Алтыбақан ойынын жаңаша өнер жарысы 
ретiнде  жақсы  безендiрiп,  мазмұнды,  мəндi 
де сəндi өткiзуге болады.
Ақсүйек бағдарлық сезiмдi дамыту үшiн, 
дененi  шынықтыру  үшiн  шығарған  ұлттық 
ойын. Айлы түнде ойналады. Ойын бастау-
шы ойнаушыларды екi топқа бөлiп, кезегiне 
қарай ақ сүйектi (көбiнесе жылқының бақай 
сүйегiн)  алысқа  лақтырады.  Екi  топтан  ең 
бағдаршыл,  қырағы  ойыншы  ақ  сүйектi  та-
уып  алып  қашып,  қарсыласы  тартып  алма-
са,  сөреге  жеткiзедi.  Қайсы  топ  сөреге  ақ 
сүйектi  көбiрек  əкелсе,  сол  жеңедi.  Егер  ақ 
сүйектi тапқан ойыншы өзiнiң жүйрiктiгi мен 
күшiне сенбесе, одақтасына берiп жiбередi. 
Жү гiрiп  ойнайтын  ойын  болғандықтан  ақ 
сүй ек дененi шынықтырады, шапшаңдыққа, 
ба тылдыққа тəрбиелейдi.
Ерлiк - кiсiнiң  қайрат-жiгерiнiң,  ақыл-
ойының,  ар-намысының,  ынта-əрекетiнiң 
ең бектегi жəне ел қорғаудағы жеңiстi де, же-
мiстi көрiнiсi. Жеке адам ерлiк əрекетке дей-
iн батылдыққа, батырлыққа баулынады, тəр-
бие  көрiп, тəлiм алады.
Қазақ  (қас  сақ) – «қарашығын»  қарша-
да йынан қаһармандыққа тəрбиелеген, ежел-
ден  ерлiгi  ерен,  қаһарман  халық.  Ат  үс тi-
нде  ойнаған,  найзаласуға  сайланған,  ба лу-
ан дыққа  бапталған,  мергендiгi  мақталған 

16
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ел   ерлерiнiң  тəрбиесi  бесiктен  басталған: 
шынықтыру,  үйрету,  əсер  ету,  баулу,  өнеге-
үл гi көрсету тəсiлдерiмен ұштасып жатады.
Халық  тəрбиесiнiң  негiзгi  мақсат-мүд -
де  лерi:  баланы  еңбек  етуге,  ел  қор ғау  ға, 
саналылық  пен  салауаттылыққа,  бiр  лiк  пен 
достыққа,  мейiрiмдiлiк  пен   қайырым ды-
лыққа, көпшiлдiк пен кi шi пей iл дi лiкке баулу.
Баланы ерлiкке тəрбиелеуде халық ел игi-
лiгi  болатын  еңбектi,  ел  қорғайтын  ба тыр-
лық ты  мадақтап,  жоғары  бағалады.  Халық 
ел дi қорғау адамгершiлiктiң асқар шыңы деп 
тұжырымдады. Халық педагогикасында ел дi 
қорғаушы  ерлердiң  ерлiктерiмен  қатар,  сол 
ел үшiн жан аямай еңбек еткен саналы жан-
дардың  еңбектерi  де  ер  атандыратын  тəр-
биелiк үлгi-өнеге ретiнде сипатталады.
Ерлiктiң  жалыны  ұлттық  сезiм  мен  ұлт-
тық  мақтаныштан,  адамгершiлiк,  ар-на-
мыс тан ұшқындайды. «Ер ел үшiн туады, ел 
үшiн өледi», «отызыңда орда қорғай алмаса», 
қырқыңда қырдан аса алмайсың» дейдi ха лық. 
Сөйтiп  ерлiк  қасиеттердi,  əсiресе  батырлық 
жырларда қастердей насихаттайды.
Отбасынан  басталып,  балалар  бақша-
сын да  жалғасатын,  мектепте  дамытылатын 
ба тырлық  ойындар,  əсерлi  қойылымдар, 
ха лықтық  көркем  шығармалар  баланы   ба-
тырлыққа  баулып,  оның  бойына  ер лiк 
қасиеттердi сiңiредi: шынықтыру, жiгер лен-
дiру, бейiмдеу, үйрету, дағдыландыру тəсiл-
де рi – ерлiк  тəрбиесiнiң  тиiмдi  жолдары 
екен дiгiн тəжiрибе көрсетiп жүр.
Баланы  ерлiкке  тəрбиелеудiң  сан  алуан  
тə сiлдерiнiң  бiрi - балалар  сахнасында  ер-
лiк  өнегесiн  насихаттап,  көрсету.  Əсiресе,  та-
қырыптық  кештердiң  жас  ұрпақ  сезiмiне  əсер 
ету ықпалы мол. Бұл салада батырлық жыр лар 
мен  ғашықтық  жырлардың  ерлiкке,  адал дыққа 
тəрбиелеу қуатын тəрбиеге пайдалана бiлу қажет.
Шаруашылық дəстүрлерінің тəрбиелік 
мəні. Қазақ халқы ғасырлар бойы мал күтудiң 
рəсiмдерiн қастерлеп қалыптастырған. Өйт-
ке нi  жартылай  көшпелi  халықтың  тiршiлiгi 
мал өсi румен тiкелей байланысты болды.
Əрбiр  адамның  мiнез-құлқындағы  əдеп-
тi лiк қасиеттерi оның iс-əрекеттерi, тұрмыс-
тiр шiлiгi  мал  шаруашылығымен  жəне  егiн 
ша руа шылығымен  байланысты  болған.  Əр-
бiр   кəсiптiң  мiнез-құлыққа  тигiзетiн  əсерi 
мол.
Мал  күту  əрекетiмен  малды  сүю,  оны 
қа дiр леу, бағу арқылы кəсiптiк əдептiлiк қа-
лыптасып, дəстүрге айналған. Түйенiң пi рi   - 
Ойсылқара, сиырдың пiрi - Зеңгi баба, жыл-
қы ның  пiрi - Сексек  ата  деп,  сол  пiрлерге 
сый
  
ынып, халық мал күтудi ең зор қасиеттi 
iс-əрекет деп таныған.
Түйе малы – көшпелi халқымыздың керу-
ен кемесi. Іңген, бота, тайлақ, буыршын, бу-
ра, атан түйе, нар, қоспақ, үлек деп атала тын  
түйенiң  əрбiр  тегiне  лайықты  күтiм  ке
 
рек. 
Мысалы, жас бота - кəдiмгi нəресте сияқ ты. 
Оны туған кезден бастап ауыздандырып,   ая-
лап өсiру қажет. Сондықтан ботаны нəрес-
те дей  сүйiп, қамқорлыққа алу - оны иелен-
ген  от басы  мүшелерiнiң  бəрiнiң  қасиеттi 
борышы. Iңгендi уақтысында сауып, шұбат 
ашыту - парыз. Шұбат - əрi тағам, əрi сусын, 
əрi  дə рi.  Ал  түйенiң  шудасы - ең  қымбат 
киiм  жа сауға,  терiсi  ең  төзiмдi  ұлтандық 
жəне  то қым дық,  т.б.  қайыс  жасауға  пайда-
ланылады.
Қазақ  халқы  жылқы  малын  аса  қа дiр -
леп, оны күте бiлудi əрбiр адамға мiн дет тей-
дi.  Бие,  құлын,  тай,  құнан,  дөнен,  бестi,  ат, 
ай ғыр,  сəурiк,  байтал  деп  аталатын  жылқы 
те гiнiң де əрқайсысына лайықты күтiм керек. 
Мы салы, желi байлаған кезде құлынның сыз-
да немесе күнесiнде жатып қалмауын, ноқта 
қи ып, буынып қалмауын сол маңайдағы əр-
бiр  адам  қадағалап  тұруға  мiндеттi.  Буаз 
бие ге  жүк  артпау,  жараған  айғырды  қиын 
жұ мысқа  салмау,  т.б.  дəстүрге  айналған  мiн-
деттi жұмыстар бар. Жылқының сүтi - қы мыз. 
«Үйiрiлген  қышқыл,  тəттi,  сары  қымыз,  ау-
руға - ем, сауға - қуат, дəрi қымыз» деп, Жам-
был атамыз қымыздың емдiк қасиетiн жо ғары 
бағалаған. Жылқының етi де, майы да ем.
Сиыр  малы  да  киелi,  қасиеттi  мал. 
Шығыс  елдерiнiң  көпшiлiгi  сиырды  «анна» 
деп қастерлейдi. Сиыр, бұзау, тана, құнажын, 
дө не жiн, бұқа, өгiз деп аталатын сиыр тегiнiң 
де əрқайсысына лайықты күтiм керек. «Си-

17
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ыр дың  сүтi – тiлiнде» - дейдi  халқымыз. 
Бұл  малдың  жем-суы  жеткiлiктi  болмаса,  
ол   күтушiнiң  жауапсыздығын,  кесiрлi  ке ре-
нау лығын көрсетедi. Айран, қатық, iрiмшiк, 
құрт,  май  сияқты  сиыр  сүтiнен  неше  түрлi 
та ғам жасай бiлу дəстүрге айналған.
«Қойдың сүтi – қорғасын» дейдi халық. 
Қой дың саулық қой, қозы, бағлан, тоқты, 
iсек,   тұсақ, құнан қой, қошқар сияқты жасы-
на, жынысына қарай ажыратылатын түрлерiн 
жақ сы бiлiп, қой бағудың тəсiлдерiн игеру - 
əр кiмнiң мiндетi. Қойдың жүнi, терiсi, сүтi, 
етi туралы жеке əңгiме етуге болады.
«Сауса  сүтi  бұлақтай», «Есiң  кетсе, 
еш кi  жи»  деп,  халық  ешкi  сүтiнiң  емдiк 
қасиетiн жоғары бағалаған.
Мал шақыру (ешкiнi – шөре-шөре, қойды 
-  пiшəйт-пiшəйт,  сиырды - аухау-аухау, 
жылқыны – құру-құру, түйенi – көс-көс деп), 
мал айдау (ешкiнi – «шеек», қойды – «қош», 
сиырды – «өк»,  жылқыны – «шу»  деп)  үшiн 
айтылатын сөздердi əрбiр бала бiлу керек.
Мал киелi жануар: оған зекуге, оны ұрып-
соғуға болмайды. «Малды теппе, ки е сi ұрады», 
«Малды  кендiрмен  байлама»  деп,   ырым  жа-
сайды халық. Малды өргiзу, өрiс те ту,   жусату, 
жайғау өз уақтысында орындалу қажет.
Мал төлдету, жемшөп дайындау, қырқым, 
күзек сияқты науқандар, күйек алу кезеңiнiң 
өз  уақтысы  болады.  Мал  шаруашылығына 
байланысты: қымызмұрындық, уыз тойы, т.б. 
тойлар өткiзiледi. Төрт түлiк туралы мақал-
мəтелдер,  ертегiлер,  жырлар  малдың  адам 
тiршiлiгiндегi орны зор екендiгiн көрсетедi.
Егін шаруашылығымен қазақ халқы ерте-
ден шұғылданған. Тарихы белгілі тоғандар, 
егін  алқаптары – соның  айғағы  болып  та-
былады.
Кəсіптік-мұрагерлік  дəстүрлердің  тəр-
бие лік мəні. Əрбiр əдептi ұрпақ ата дəстүрiн, 
ата кə сiбiн, ата мұрасын жоғары бағалайды. 
Ата  дəс түрi  имандылық,  қайырымдылық, 
мей iрiм дi лiк болса, ата кəсiп - атадан балаға 
ауы сып келе жатқан тiршiлiк мұрасы, мұ ра-
гер  жалғастыратын дарынды əрекет.
Өмiрде «Атадан бала туса игi, ата жолын 
қу са игi» деп, халық ата дəстүрiн жалғастыру 
ұр пақ парызы екенiн ескертедi. Егер атаның 
ұр пағы оның қайырымдылық, мейiрiмдiлiк, 
туыс тық,  кəсiптiк  игi  дəстүрлерiн  жал ғас-
тыра алмаса, ол ата-бабаның аруағын сый ла-
маған нақұрыс ретiнде жек көрiнiштi бо лып, 
қарғысқа  ұшырайды.  Яғни  əдеп  заң ды лық-
та рын  бұзғандықтан,  өмiрден  соққы  көрiп, 
сор лы болады: туыстарының алдында қадiр-
қа сие тiн жояды.
Жасөспiрiм  жалындаған  жiгерiмен  кəсiп 
таң дай  бастағанда-ақ,  халық  ең  əуелi  оның 
ата   кəсiпке  бейiмдiлiгiн  жақсы  нышан  деп 
ба ға лайды. Əрине, ата кəсiпке күнкөрiс əре-
ке тiнiң барлығын жатқызуға болмайды. Ха-
лық  қоғамға ерекше пайдасы бар, елдiң тəн 
азы ғы  мен  жан  азығына  үлесiн  қосатын, 
үмiт  үздiрмейтiн  кəсiптi «ата  кəсiп»  дейдi. 
ұс талық, зергерлiк, сəулеткерлiк, саяткерлiк, 
тi гiн шiлiк - қыр-сыры  мол,  тiршiлiкте  қы-
зық ты,  ел  елтитiн,  халық  қастерлейтiн  ата 
кə сiптер. Ал əншiлiк, күйшiлiк, жыршылық, 
ақын дық-  атагендiк  дарын  нышандарының 
кə сiп тiк дағды арқылы өнерпаздық дəстүрге 
айналған қасиеттi мұра.
Халық, əсiресе, мамандыққа байланысты 
ата кəсiптi ұрпақтың одан əрi жалғастыруын 
адамгершiлiк парыз деп есептейдi. Сон дық-
тан да ұста ұрпағын қаршадайынан ұс та лық-
қа   баурайды,  зергер  зергерлiкке  үйретедi, 
сəу леткер  өзiнен  асқан  сəулетшi  ұрпағым 
бол са екен дейдi.
Егер  ата  кəсiптi  қадiрлемеген  болса, 
ондай   ұрпақты  халық  «ата  жолын  бұзған», 
«жақ сыдан жаман туған көргенсiз» деп, на-
ғылеттейдi. «Көрген  көргенiн  iстейдi,  кө-
сеу   түрткенiн  iстейдi»,  ал  атадан  көргенiн 
iс темеген баланы «топас, миқұла, есалаң» - 
дей дi халық.
Əрине,  ата  кəсiптi  жалғастыру  үшiн,  ұр-
пақ қа жағдай, тiрлiк, икемдiлiк, саулық, са-
лау аттылық, қызығушылық пен ықыластану 
қа сиеттерi керек. Жағдайы болмай, ата кə сi-
бiн  жалғастыра алмаған ұрпақ зор өкiнiшке 
ұш ырайды. «Атадан  асып  туған  бала»  ата 
кə сi бiн жаңартып, жандандырып, өркениеттi 
өмiр ге лайықтап, дарынымен дамыта бередi. 
Ондай ұрпақ халыққа қадiрлi болып, ата-ба-

18
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
басынан алғыс алады. Оны аруақ қолдайды, 
құ дай оңдайды.
«Жылқы жетi тегiне тартып туады», - дей-
дi халқымыз. Адам да сондай. «Атасына тар-
тып,  ақын  бопты», «Нағашысына  тартып,  
на ғыз домбырашы болыпты», «Əкесiне тар-
тып, əншi болыпты» деп, халық əрбiр бала-
ның  дарынына  сүйiнiп,  құлшынуын  қуа-
ныш пен құптайды.
Əулеттiк  дəстүрдi  жоғары  бағалап,  оны 
ха лық игiлiгiне айналдыру үшiн, ел арасын-
да «отбасы ансамблiн» ұйымдастырып, хал-
қы мыздың өнер дəстүрiн жалғастыра беретiн 
да рын иелерi көп. Əрбiр адамда бiрнеше да-
рын нышандары болады, соны талғап тауып, 
да мы ту қажет.
Тіл  дамыту  дəстүрінің  тəрбиелік  мə ні. 
Баланың  ойы  дамып,  дүниетанымы  қа лып-
тасып, нағыз адам болуы үшiн, ол ана тiлiн-
де  сөйлеу  шеберлiгiн  үйренуге  тиiс.  Қазақ 
тi лi - бай тiл жəне тез дами беретiн тiл. Ана 
тi лiмiздiң аса зор, керемет қасиетiн Абай ата-
мыз: «өткiрдiң жүзi, кестенiң бiзi өрнегiн сен-
дей сала алмас» деп, жоғары бағалаған. Тiлi 
шы ға бастаған бөбектiң, тiл үйренуге құштар 
бал дырғанның тiлiн одан əрi дамытып, ойы 
мен  қиялын шарықтату үшiн, халқымыз тiла-
шар  дəстүрiн  қалыптастырып,  оны  салт қа 
айналдырған.  Тiлашар  дəстүрлерi:  жаңылт-
паш айтқызу, санамақ, жұмбақ, мақал-мə тел,  
тақпақ,  өлең-жыр,  мазақтама  арқылы  ба ла-
ның ойын дамытып, намысын ояту. Ата-ана-
лар тiлашар дəстүрi арқылы жас баланы мек-
тепке даярлап, тiлашар тойын жасайды.
«Былдыр, былдыр бүлдiршiн, Бұл бiр бiл-
гiр бүлдiршiн. Бiлгiр бұл бiр бүлдiршiн Бiл-
гiр лiгiн бiлдiрсiн», - деген сияқты «р» дыбы-
сын айтуға құрылған жаңылтпаштарды əуе-
лi   жаттап, жай айтып, кейiн тез қайталап үй-
рен се, сонда тiл ширап, «р» дыбысын айтуда 
бал дырғанның  тiлi  мүкiстенбейтiн  болады. 
Сол  сияқты  «Өссе,  өсiмтал,  өсе,  өссiн  тал» 
сияқ ты жаңылтпаштар «с» дыбысын айтуға 
тiл дi  ширатады.  Осы  тектес  жаңылтпаштар 
тiл  ширатып қана қоймайды, дүние таныта-
ды, ойды дамытады, қиялды шарықтатады.
«Маған əкеп үш алма, Ақан əкеп үш алма, 
Нұр, Бек, Сəтке тең бөлдi, Əркiм алды неше 
ал ма?» - деген санамақ арқылы əрi санды қо-
су ды, əрi қосындыны тез бөлiп, жауабын тез 
шы ға руды  көздеп,  санамаққа  жауап  берушi 
ой лау жүйесiнiң қисындығын, тез ойлау қа-
бi ле тiн  дамытады.  Санамақты  тез  жаттап 
алу   үшiн,  оны  ықыласпен  тыңдау  қажет. 
Сон да  жатталған  санамақтың  жауабын  да 
тез  шығаруға мүмкiндiк туады.
Халық өмiрге, тұрмысқа, табиғатқа байла-
ныс ты  көптеген  жұмбақ  шығарған. «Айда-
лада  ақ  отау,  аузы-мұрны  жоқ  отау»  деген 
жұм бақтағы жұмыртқа кескiнi ақ отауға ұқ-
са тылып  тұр. «Жалы - темiр,  жолы - темiр, 
шы мыр  атты  зымыраттым»  сияқты  қазiргi 
тех никаға сəйкес шығарылған жұмбақтар əрi 
тiл  ширатады, əрi дүние танытады. Жұмбақ 
дү ние танытумен қатар, ой дамытады.
«Жақсы  бала – малсақ,  жаман  бала – 
ойын сақ», «Көрген  көргенiн  iстейдi,  көсеу 
түрт кенiн  iстейдi»  деген  сияқты  мақал-мə-
тел дер еңбекке, өнер-бiлiмдi үйренуге, адам-
гершiлiкке  тəрбиелейдi.  Ата-бабаларымыз  
мə нi зор мақал-мəтелдердi балаларына жас-
тайынан  үйретiп,  оларды  шешендiкке  бау-
лып  отырған.  Мақал-мəтелдi  көп  бiлу  ше-
шендiкке  баурайды,  əрi  əдептiлiктi  қа лып-
тас тырады.
Халық арасында табиғатқа, жануарларға, 
төрт  түлiк  малға,  құстарға  байланысты 
тақ пақ тар,  тақпақтап  айтатын  шешендiк 
сөздер,  сұ рақ-жауапқа  құрылған  жырлар 
өте  көп. «Күн  шықты,  күн  шықты,  жер 
үстiне  нұр  шық ты»  деп,  қуана  жүгiрген 
балалар  егер  жаң быр  жауса, «Жау,  жау, 
жаңбыр,  жау  жаң быр.  Жауған  жаңбыр  –
жауған  нұр»  деп,  ра қат танады.  Халық: 
«Түйе – байлық,  қой – мыр залық,  ешкi – 
жеңiлдiк,  жылқы – сəндiк,  си ыр – ақтық» 
деп,  мақалдайды.  Ертеден  тiлi  шық қан 
балаға  ең  əуелi  төрт  түлiк  мал  туралы 
тақпақ үйрету дəстүр болған.
«Бесiк  жыры», «Жұбату», «Тұсау 
кесу»  жыр ларын  жаттап  айту  арқылы 
балалардың  бө бекке  деген  сүйiспен-
шiлiгi артады, адам гершiлiгi мен кiсiлiк 
ны шандары қа лып та са ды. 

19
«Ой, жылауық. Құрама, ойбай салып жы-
лама!» - деген сияқты мазақтамалар намыс-
ты  оятып,  кесiрлiк  пен  кемiстiктi  түзеуге 
се бепшi  болады.  Мазақтаманы  екi  қарама-
қар сы жақ жарыса айтып, айтыста бiрi жеңiп 
шы ғады. Жеңiлген жақ үндемей қалады да, 
же ңiл гендiгiн бiлдiредi.
Мектепке  даярланған  балдырған  мектеп-
ке  барғанға дейiн тiлашар дəстүрi бойын ша  
жаңылтпаштарды,  санамақтарды,  жұм бақ-
тар   мен  мақал-мəтелдердi  үйренуге  тиiс. 
Тiла шар  дəстүрiн  ата-аналар,  тəрбиешiлер, 
бал дырғандардың өздерi iске асырады.   Тi ла-
шар   тойында  мектепке  баратын  балдырған 
жа ңылт паш,  санамақ,  мақал-мəтел,  тақпақ 
ай тып, өз өнерiн көрсетiп, жанашыр жа қын-
да рынан сыйлық алады. Той үстiнде жұмбақ 
шешу, жаңылтпаш айту, санамақ айтысу ойы -
ны ұйымдастырылып, жеңiмпаз, өнерпаз бал-
дырғандарға сый-сыяпат көрсетiлуi керек.
Тiлашар дəстүрi - ана тiлiн үйретудiң не-
гi зi.  Ананың  ақ  сүтiмен  бiрге  дарыған  ана 
тi лiн  терең  бiлу - бақыт. «Ана  тiлiң - арың 
бұл,   ұятың  боп  тұр  бетте,  басқа  тiлдiң  бə-
рiн бiл, өз тiлiңдi құрметте» деп, Қадiр ақын 
айтқандай, басқа тiлдi де бiлу үшiн, ең  əуелi 
ана  тiлiн  жақсы  бiлу  қажет.  Сөздiң  қи сы-
нын  тауып, мəндi сөйлеу - шешендiктiң ал ғы 
шарты.  Ана  тiлiн  жақсы  бiлiп,  шешен  сөй-
леу - ақылдылықтың белгiсi. «Ана тiлiн бiл-
ме ген - ақылы жоқ желiкбас» - деп, ақын ана 
тi лiн де жақсы сөйлей бiлмеу үлкен кiнə деп 
көр сетедi. Ананы сыйлаған бала оның тiлiн 
де құрметтеуге тиiс.
Тiлашар  дəстүрi  бойынша  мектептерде 
той  өткiзу  жаңаша  дəстүрлiк  салтқа  ай  нал-
ды.  Тiлашар  тойы  бiрiншi  сынып  шə кiрт-
терiнiң  ең  қызықты  сəтi.  Сондықтан  оны  
жан-жақты  əсерлi  ұйымдастыра  бiлу  ұс-
таз дың   бiлiмдарлығы  мен  өнерпаздығына 
байла нысты.
Тiлашар - балдырғанның  тiлiн  ширатып, 
ойын  дамыту  үшiн  қолданылатын  тəлiмдiк 
iс-əрекет. Бала алғаш мектеп есiгiн ашқанда 
отбасында  өткiзiлетiн  қуаныш  рəсiмi  де 
тiлашар  деп  аталады.  Бұл  рəсiм  бойынша 
отбасы шағын той жасап, жақын адамдарды 
(көбiнесе  балаларды)  тойға  шақырады.  Той 
үстiнде баланың мектепке баруын дос та ры, 
жақындары  құттықтап,  тiлек  айтады,  үл гi-
өнегелiк əңгiме, тақпақ, əн, өлең айтылады, 
күй тартылады. Той иесi тақпақ, жа ңылт паш, 
жұмбақ,  мақал-мəтел  айтып,  басқа  ба ла лар 
да өз өнерлерiн көрсетiп ана тiлiн ар дақ тап, 
жақсы сөйлей алатынын бiлдiредi. Той сал-
танаты  салауатты,  мəдениеттi,  тартымды, 
мəн-мағыналы болу үшiн той бастау шы мен 
баланың  ата-анасы  жақсылыққа  жау ап кер-
шiлiкпен қарау керек. Қазақ дəстүрiнде мұн-
дай  тойда  үлкен  адамдардың  iшкiлiкке  бой 
ұсын уы үлкен кiнə, əрi күнə болып табылады.
Балалар бақшасында, мектепте алғаш са-
уат  ашу кезеңдерiнде тілашар сабақтары (əң-
гі ме, тақпақ, жаңылтпаш, мақал-мəтел айту, 
əң гімелесу,  т.б.)  жүргізіледі.  Балдырғанның 
ал ғаш кітапханадан кітап алып оқуы тілашар 
дəс түрінің – негізгі бір сəті.
Қазақтың  халық  педагогикасында  балаға 
жа ңылтпаш, санамақ, жұмбақ, мақал-мəтел, 
тақ пақ  үйрету – тілашар  сабақтары  ретінде 
қол данылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет