Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а


Бірлік салты – тəрбие негізі



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#7059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бірлік салты – тəрбие негізі. «Күш – бiр-

лiк те» деп, халқымыз бiрлiк дəстүрiн ұлттық 

салтқа айналдырып қалыптастырған. Бiрлiк 

салты ұйымдасу (ұжым), қауымдасу (қауым), 

бiрлесу (бiрлестiк), одақтасу (одақ), достасу 

(достық), отандасу (отан) дəстүрлерiмен қа-

лып тас қан.

Ертеден-ақ  ұйымдасу  рəсiмдерiмен  хал-

қы  мыз жеке адамдарға, топтарға көмек көр-

се ту,  ұйымдасып  жаудан  қорғану,  ұйым дас-

қан   түрде  маусымдық,  науқандық  еңбекпен 

ай на лысып, тiршiлiк еткен.Ұйымға көнбеген 

адам  шеттеп қалған.

Қауымдасу дəстүрiнде халық атаға, руға, 

ұлт  қа  бөлiнбеген.Ұйымдасқан  қауым  егiн 

ора  ғын, шөп шабу науқанын, белгiлi бiр құ-

р ы  лыс   жұмыстарын  абыроймен  атқарып 

отыр  ған.

Бiрлесу əуелi екi адамның бiр тiрлiкке, бiр 

мақ сатқа  бiрiгуiнен  басталады.  Бiрлестiк – 

дос тасу, ниет қосу, күш бiрiктiру арқылы же-

ке адамдарды алға қойған мақсаттарына жет-

кi зе дi.   Əрбiр тiрлiк бiрлiкпен бiтедi. «Бiрлiк 

бол май, тiрлiк болмайды» деген мақал содан 

қал ған.  Бiрлiктен  қашқан  адамға  халықтың 

қар ғысы тиедi. Яғни бiрлесiп тiрлiк етпеген 

адам  бақытсыздыққа ұшырайды.

Одақ тасу – халқымыздың ежелден қалып-

тасқан,  салтқа  айналған  дəстүрi.  Ойын ға 

одақтасудан бастап халықаралық, мем ле кет-

тiк  одақтастыққа  дейiн  одақтасудың  рə сiм -

дерi мен шарттары көп. Жеке адамдар, топ тар, 

халықтар одақтасу арқылы жауынан қор ға нып, 

күрестiң жеңiсiн, еңбектiң жемiсiн кө ре дi.

Екi  адамның,  екi  рудың,  екi  халықтың 

дос тасуы – үлкен  бақыт.  Достасудың  сер-

тi достық дəстүрлерiн iске асыру болып та-

былады. Халқымыз халықаралық достыққа, 

туыстыққа ерекше мəн берген. «Қырғыз-қа-

зақ – бiр туған», «Өзбек – өз ағам», «Түбi бiрге 

түрiкмен»,  т.б.  халық  мақалдары – достасу 

мен туыстардың мақсаттарын айқындайтын 

дуалы  сөздер.  Достасудың  ерекше  серттерi 

мен шарттары бар.

Отан – бiрiккен  елдердiң  бiртұтас,  бi ре-

гей,   мерейлi мекенi. Өз отанын сүймеген сi-

лiм тiктi  халық  «отансыз»  деп,  жек  көредi. 

«Опа сызда отан жоқ, отанда оған орын жоқ» 

деп,   оны ел шеттетедi. «Отан үшiн отқа түс 

- күй мейсiң» дейдi батыр атамыз Бауыржан. 

На ғыз азамат Отанын қорғайды, ол үшiн жа-

нын аямай еңбек етедi. Отан – əркiмнiң ары, 

ож даны.  Отанға  қызмет  етпеген,  Отанын 

сат қан сатқынға өлiм жазасы берiледi. «Отан 

от ба сы нан  басталады», «Отбасы – шағын 

Отан»  дейдi  халық.  Отанды  сүю.  Отанға 

қыз мет  ету  отбасынан  басталып,  дамиды. 

Отан – қасиеттi ұғым, киелi сөз! Кең-байтақ 

Отаны бар, кемелдi елi бар қазақ бақытты!!!

Халқымыздың  берiк  бiрлiгi,  ұйым шыл-

ды ғы,  басқа  халықтармен  одақтасып,  дос-

таса  бiлуi  жеңiстен  жеңiске  жеткiзiп,  жерi-

мiз дiң  кеңдiгiн,  елiмiздiң  елдiгiн  сақтап 

қалу ға  үлкен  тiрек  болды.  Елiмiздiң  бiрлiк 

сал тын  сақтауға  басшылық  жасаған  ұлы 

даныш пандар,  əдiлеттi  билер,  көреген  хан-

дар  болды.  Олар: «Қарға  тамырлы  қазақ-

пыз»,   «Адамның  күнi  адаммен», «Түбi  бiр-

ге  түтпейдi», – деп,  елдi  бiрлiкке  бас тап,  

ұйымдастырып,  қауымдастырып,  одақ тас-



23

ҰЛТТЫҚ ДƏСТҮР

тырып,  ұлы  елдiң  ордасын  құрып,  Отанын 

ны ғайтты. Көршi елдермен достасу амал да-

рын   тауып, абыройға ие болды.

Данышпан,  əдiлеттi  Төле  би  бабамыз: 

«Жүз  ге бөлiнгендердiң жүзi қара, Руға бөлiн-

ген  дердiң құруға асыққандары, Атаға бөлiн-

ген дер адыра қалады, Көптi қорлаған көмусiз 

қалады,  Хан  азса,  халқын  сатады,  Халық 

азса, хандыққа таласады», - деп, жүйелi, кие-

лi   сөзбен халықтың бiрлiгiн сақтаудың мəнiн 

өте  жоғары бағалады. Бiрлiк – халық салты. 

Салт ты бұзған қара ниеттер қансырап, қай-

ғы-қасiретке  ұшырайды,  құриды,  адыра  қа-

ла ды,  көмусiз  қалады.  Бұл – өмiр  заңы.  Ел 

бо лу ерлiкке, еңбекке, бiрлiкке байланысты. 

Ата ға,  руға,  жүзге  бөлiп,  халықты  iрiтiп, 

қан  дас тарды  бiр-бiрiне  қарсы  қоюдан  зор 

қыл  мыс  жоқ.  Ондай  опасыздар  халықтың 

қар  ғы сына ұшырайды. Халқымыздың бiрлiк 

сал  ты отбасынан басталып, бүкiл елдiң, бар-

лық   адам  баласының  бiрлiгiмен  ұласады. 

Өйт кенi «бiрлiксiз тiрлiк жоқ, тiрлiксiз бақыт 

жоқ».   Бiрлiк салтын, яғни ел бақытын сақтау 

үшiн,   жан  аямай  күресу,  еңбек  ету – əрбiр 

əдеп  тi адамның борышы.



Жекжат-жұратты сыйлау дəстүрлерінің 

тəр биелік мəні. Қазақ халқының қонақ жай-

лы  лы ғы мен  қатар,  аталас,  ауылдас,  құда, 

на ға  шы,  күйеу,  жезде,  жиен,  дос,  жолдас, 

та  ныс, ұжымдас адамдармен сыйласым дəс-

түр  ле  рi бар.

Ата лас  ағайындар  əрқашан  да  бiр-бiрiне 

қам  қор лық жасап, қарайласып отыруға мiн-

дет  тi. Соғым басыға шақыру, сыбаға беру, бас 

қосу ды  сірне  ретiнде  өткiзу,  той-томалақты 

бiр ге  өткiзу,  қуанышты  құттықтау,  қайғыға 

ор тақ болу, т.б. ағайындық дəстүрлер салтқа 

ай нал ған.  Бұл – атаға  бөлiну  емес,  бiрлесу. 

Ха лық бiрлесудi бiрлiкке ұштастырған, ұлт-

тық жəне адамзаттық дəрежеге көтерудi көз-

дей дi.

Қазақта 


«Аталастың 

аты 


озғанша, 

ауылдастың  тайы  озсын»  деген  мəтел  бар. 

Қазақ «көршi қияметтiк» деп, «көршi ақысы» 

деп, көршiнi ағайыннан да артық сыйлайды. 

«Ауылы  аралас,  қойы  қоралас»  көршiмен 

тiлектес,  ниеттес  болу,  оған  көмектесiп, 

қай ғы сына  да,  қуанышына  да  ортақ  болу – 

дəс түр. «Жақсы  көршi – ата  менен  енедей, 

жа ман  көршi – басқа  қонған  пəледей»  деп, 

ха лық көршi сыйлаудың көп мəнi бар екенiн 

уа ғыз дай ды.

«Құданы құдайдай сыйла», «Күйеу – жүз  

жыл дық,  құда – мың  жылдық», «Құ да   дес-

кен, құйрық-бауыр жескен» деп, халық құда, 

құдағи,  құдашаларды  ерекше  құрметтеуге 

ұрпақтарын  баулып  отырған.  Құда  сыйлау 

рəсiмдерi:  құда  түсу,  жастарды  үйлендiру, 

бесiк тойы, мүшелтой, мерейтой, т.б. той лар-

да  өз жүйесiмен, тəртiбiмен, кəде-жорасымен 

iске асырылады.

Ұрпаққа ата-анадан кейiнгi ең жақын жа-

нашыр адам – нағашы. Халықта «Өз жұр

 

тың 


– күншiл, қайын жұртың – мiншiл, на ғыз  жұр-

тың – нағашың» деген мақал бар. Əрбiр ұрпақ 

анасының шыққан тегi – нағашы атасын, əже-

сiн,  апасын,  ағасын,  əпкесiн, iнiсiн,  қарын-

да сын өзiнiң туған жақындарынан да ар тық 

көрiп,  айрықша  сыйлауға  мiндеттi.  Өйт ке нi 

нағашының  жақындық  жан  сезiмiнiң  кө ңiл  

ашар  көрiнiстерi,  елжiрегiштiгi  мен  қайы-

ры мы жиеннiң жанына күн сəулесiндей əсер 

етiп,  жақсылыққа  баурайды.  Əрбiр  жи ен,  

жиен шар  нағашының  бұл  қасиеттерiн  те бi-

ре не  сезiнiп,  тектiлiкпен  қайырым  жасауға 

бо рыш ты. «Желке  ас  болады  жалы  болса, 

жи ен  ел  болады  малы  болса»  деп,  халық 

жиен нiң жиендiк мiндетiн ерекше ескертедi.

«Жақсы жезде – əкеңдей» деп, халық жез-

де нi əке мен қа тар қояды. Өйткенi жезде ана-

дан кейiнгi екiншi ана - əпкенiң жұбайы. Сон-

дық тан  ол  балдыздарына  барынша  қам қор-

лық жасауға мiндеттi. Балдыздары жез де сiн 

əкесiндей  сыйлап,  құрметтейдi.  Балдыз  бен 

жезде  арасында  ешқандай  кикiлжiң,  ре нiш  

болмау керек. Əзiл-қалжың, көңiлдi сөз,   қуа-

нышты құптау, ақ жарқын ақылдасу сияқ ты 

арақатынастық  рəсiмдерiн  жезде  де,  о ның 

балдыздары  да  орнымен,  қисынды  жүйе сi-

мен  орындауы тиiс. Сол сияқты күйеу бала 

қай ын  атасын,  енесiн,  қайын  ағасын  өзiнiң 

туыс та рынан да артық сыйлай бiлу керек.

Қазақ  халқында  серттесiп  достасу  салты 

ертеден қалыптасқан. «Қанды көйлек киiсiп, 


24

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

жү ректерi түйiсiп» дос болған адамдар бiрi-

нен-бiрi жанын да аямайды. Олар – бiр-бiрi

 -

не  қамқор,  көмекшi,  тiлектес,  мақсаты  ор-



тақ,   жаны  бiр  адамдар. «Досыңа  достық – 

қа рыз iс» деп, Абай атамыз дос болған соң, 

дос тық  жасаудың  жолдарын  жақсы  бiлудi 

уа ғыз дайды. Шын дос болу – бақыт; жалған 

дос тық – жауыздық. Досқа атылатын оққа өз  

кеу десiн тосып, досы үшiн жанын құрбан ет-

кен нағыз достар тарихта көп болған. Досқа 

сый лық тарту, достың қалағанын беру, дос-

қа сауға (араша) болу, достың көңiлiн сұ рау,  

оған көңiл айту, т.б. халықтық жөн-жо рал ғы-

лар  салты болып қалыптасқан.

Халықта  «Жiгiттi  жолдасына  қарап  та-

ны»   деген мақал бар, ол əркiмнiң жақсы бо-

луы көбiнесе жолдасына байланысты еке нiн  

аңғартады. Жолдастың көршi жолдас, ұжым-

дық  жолдас,  сыныптық  жолдас,  жолсерiк 

жол дас,  т.б.  түрлерi  көп. «Жақсы  жолдас 

жет кi зе дi мұратқа, жаман жолдас қалдырады 

ұят қа» деп, халық жақсы жолдастықты адам-

ның  адамгершiлiк  қасиеттерiне  бай ла ныс-

тыр ған. Нағыз жолдас кiшiпейiл, қамқор, тi-

лек тес, ниеттес болуға тиiс.

Халық «Бiр көрген – бiлiс, екi көрген – та-

ныс,   үшiншi көргенде жабыс» деп, танысты 

сый лау  рəсiмдерiн  де  ерекше  бағалайды. 

«Жүз дiң жүзiн көргенше, бiрдiң атын бiл»   деп, 

атын  бiлген  танысқа  сыйласым  рəсiм дерiн 

көрсете бiлудi халық талап ете дi. Тiптi таныс 

болмаса  да,  жат  жұртты  адам гер шiлiкпен 

сыйлай бiлу халықтық салтқа ай нал ған.



Ел  белгілері  мен  рəміздерін  қастерлеу 

дəстүрінің  мəні.  Əрбiр  отбасының,  əулетi-

нiң,  ру дың,  ұлттың  дəстүрлiк,  салт-са на лық  

белгiлерi – əдептi  сыйласым  мен  ар-на мыс-

тық,  парыздық,  борыштық  iс-əрекеттiң  құ-

жат тары  iспеттес  қастерлi,  қасиеттi  нəрсе. 

Хал қымыздың сол қасиеттi белгiлерi: ен, таң-

ба, Елтаңба, Əнұран, Ту, жалау жəне əс кер лiк, 

сарбаздық ұрандар мен айырым бел гi лер.

Ертеден  қалыптасқан  белгi  дəстүрлерi – 

мал ға ен салу, таңба басу. Əрбiр отбасының 

же ке  иелiгiндегi  малына  салынатын  өз  енi  

болады. Таңба белгiсi көбiнесе рулық бел гiнi 

көрсетедi.  Ертеде  əрбiр  рудың  өз  таң ба сы  

болған.  Ен-таңба  отбасының,  əулеттiң,  ру-

дың   меншiгiндегi  мал-мүлiктердi  қадiрлеп, 

қор ғай бiлу үшiн жасалынған салттық кө рi-

нiс тер едi.

Егемендi елiмiз жер əлемдегi басқа мем-

ле кет термен  терезесi  тең,  өркениеттi  ел  ре-

тiн де өзiнiң Елтаңбасы мен Əнұранын, Туы 

мен  жалауын белгiлеп, осы бiр қасиеттi бел-

гi лер дiң мəнiн əрбiр ұрпақтың терең түсiнiп, 

оны   қастерлей  бiлуiн  талап  етедi,  əдептiлiк 

рə сiм дерiн орындауын көздейдi.

Қазақстанның  Елтаңбасында  жарқын 

күн  сəулесi, ел белгiсiнде көк аспан, ша ңы-

рақ,  жарық  жұлдыз,  қанатты  тұлпар,  би дай 

сабақтары бейнеленген. Аспан көк – кең шi лiк,  

тыныштық, биiктiк белгiсi. Кең пейiлдi елi-

мiз дiң аспаны ашық, тыныштық сəулетi биiк. 

Ашық аспанға тараған күн сəулелерi сəулеттi 

өмiр   санатын  көрсетiп  тұрғандай,  биiктегi 

жа рық  жұлдыз  Отанымыздың  жұлдызы 

биiк теп,  бақыт  жұлдызынан  нұр  шашылып 

тұр ғанын  бейнелейдi.  Елтаңбасындағы  ал-

тын  шаңырақ, қазақ халқының қасиеттi ша-

ңы рағы  биiктеп,  отбасына  күн-ананың  жа-

ры ғын  шашып,  бақыт  жұлдызының  нұрын 

төгiп тұр. Қазақта «қара шаңырақ» деген қа-

сиет тi  сөз  бар.  Ұрпақтары  өсiп,  өркендеген 

үл кен  үйдiң  шаңырағын  халық  «қара  ша-

ңы рақ»  дейдi.  Сол  «қара  шаңырақтың»  Ел-

таң ба сындағы  көрiнiсi  шаңырақ  астындағы 

ха лық тар  бiрлiгiн  талап  етiп  тұр.  Ондағы 

қа нат ты  тұлпардың  баламалық  мəнi  ха лық-

тың аңыз-ертегiсiнен алынған. Аңыз бойын-

ша,  қанатты  тұлпарға  мiнген  алып  ба тыр 

алты қат аспанға ұшып, жетi қат жер ас ты-

на түсiп, халықты қасiреттерден азат ет кен. 

Сол азаттық тұлпарының бейнесi – елi мiз дiң 

азаттығының,  ерлерiмiздiң  жеңiм паз ды ғы-

ның   белгiсi.  Елтаңбадағы  бидай  сабақ та  ры 

–  мол шылықтың  нышаны.  Аспаны  ашық, 

жұл дызы  жарқыраған,  шаңырағы  би iк, 

жеңiм паз, молшылық елiнiң перзентi бо лу   – 

бақыт!


Көк байрақ – Туымыз – халқымыздың қа-

сиет тi,   киелi  белгiсi.  Ертеден-ақ  халқымыз 

көк  байрағы  көтерiлгенде, «уа,  аруақ,  қол-

да!»   деп, туды елдiң, аруақтың киелi белгiсi 



25

ҰЛТ ДƏСТҮР

деп  таныған. Сол көк байрақ астында ба тыр-

лар   сан  рет  жеңiстерге  жетiп,  кең  даласын, 

ке мел дi  елiн  басқыншылардан  қорғап  қал-

ды.   Көк байрақтың жетiлдiрiлген соңғы бей-

не сiнiң мəнi зор: Туымыздың көк теңбiл-ас-

пан көк болуы шексiз кеңдiктi көрсетедi. Ту  

ортасындағы алтын күнi - халқымыздың азат-

тық күнi. Ол бүкiл əлемге нұрын шашып тұр. 

Алтын күндi қанатымен жебеп, өрге көтерiп, 

ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерлiк 

бел гiсi. Кең пейiлдi, кеңiстігі таза, жерi кең 

елi мiздiң азат күнi жарқырап тұр! Азат күндi, 

кең  дүниенi ерлiкпен қорғайтын ақ иық қы-

ран дай түлегi болу - зор бақыт! Көк байрақ-

туы мыз  көкке  көтерiлгенде,  əрбiр  əдептi 

адам ның  Туға  қарап,  жеңiмпаздық  сезiмi 

үдеп,   ұлттық  мақтанышы  құлшындырып, 

қар қын ды қажырының толқынды толғанысы 

пай да болады. Арайлы Ту көтерiлгенде, ата-

ба ба лары мыздың  аруағы  аялап,  шалқыған 

шат тығымыз ет жүрегiмiздi елжiретедi. «Ме-

нiң мынау қасиеттi Отаным – жанымнан да 

қым бат!» деп, орайлы ой биiгiне көтерiлемiз. 

Төбе мiз көкке жеткендей болады. Туымызды 

ұлы   жиындарда,  шеру-салтанаттарда  алып 

шы ғып, көкке көтеремiз! Көк байрақ – Туы-

мыз   елiмiздiң  ең  биiк  тұғырларында  көкке 

көте рi лiп, желбiреп тұр. Бiз Ту қасынан бас 

иiп   өтемiз,  серт  айтып,  қаһармандық  iске 

кiрi сер де, халқымызға ант берiп, Туымызды 

сүй iп, оған табынамыз. Туымызды қорғау, Ту  

астында құрметтелiп, суретке түсу, Ту кө те-

ру шi   болу – қандай бақыт! Өйткенi, Туымыз – 

бiз дiң  елiмiздiң бейнесi, халқымыздың қаси-

е тi, адамдарымыздың ар-ожданы! Туымызды 

қас тер леу – халқымызды қастерлеу: оның ер-

лерiнiң  азаттығын,  ерлiгiн  құрметтеу!  Ұлт-

тық  əдептiлiк  қасиеттердiң  бiр  үрдiсi – ел 

Туын елжiрей сүйiп, құдiрет тұтып, құр мет-

тей  бiлу  болып  табылады.  Əрқашан  да  əс-

пет теп, төбемiзге көтерiп, тəлiм алып, тəжiм 

ете мiз саған, қасиеттi көк байрақ – Туымыз!

Жыл қайыру, күн айыру рəсімдері жə-

не тəрбие. Ата бабамыз жыл қайыруды, күн  

айыруды  ұрпақтарына  үйретiп,  əрбiр  жыл-

дың,  айдың,  күннiң  ерекшелiктерiн  айқын 

бi лiп, айтып отырған. Жыл қайыруда мүшел 

жы лын  ерекше  атап,  мүмкiндiгiнше  мүшел 

тойы əрбiр он үшiншi жылы (13-25-37...) ата-

лып өтiледi, мүшел жасы қасиеттi жас ре тiн-

де тойланып, ол жасқа дейiн ерекше, елеулi 

өз ге рiс тер болғаны айтылады.

Жыл  қайырудағы  жыл  реттерi:  тышқан, 

си ыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой,  

мешiн, тауық, ит, доңыз. Халық хайуа нат тар-

ды «еті адал», «еті арам» деп, екі топқа бө-

ле ді. Жыл реттеріндегі 12 жыл атауында бірі  

арам, бірі адал – 6 жұп атаулары бар. Он екі  

жыл өткен соң, он үшінші мүшел жылы бо-

лып, алғашқы атау қайталанып отырады. Əр-

бір адамның «Мүшел жылы» – өзінің туған 

жы лы (егер барыс жылында тусаңыз, барыс 

жы лы  қайталанған  сайын)  мүшел  тойы 

ата ла ды.  Ғасырлар  бойы  табиғат  сырын, 

хайуанат тардың таңғажайып ерекшеліктерін 

зер леп,   зерттей білген ата-бабаларымыз, бү-

кіл  өркениетті  адамзат  қауымы  əрбір  жыл-

дың  өз  айырымдарына  байланысты  атау 

қой ған. Тышқан жылы ел тірлігі мол болады, 

бір лі гі жақсы ел берекелі, мерекелі өмір сү-

ре ді.  Сиыр  жылында  еңбек  еткен  адамның 

ба қы ты  мол  болады.  Барыс  жылы – сəтті 

жыл,   əркім  алдына  қойған  мақсаттарына 

жете  ді, іс-əрекет құтты болады. Қоян жылы 

да  құт ты  жыл,  бірақ  кейде  бұл  жылда  жұт  

болуы  мүмкін.Ұлу  жылында  əрекет  бере-

кет ке  жетеді.  Жылан  жылында  табиғат 

құбылысы 

құрғақшылыққа 

ұшырауы 

мүмкін.  Жылқы  жылы – мархабатты  жыл. 

Бұл  жылда  отау  тігуді  (үйленуді)  арман  ет-

кен  жастар мақсатын орындайды. Қой жы лы  

төлдiң басы көп болады, молшылық ха лық-

ты мерейлендiредi. Мешiн жылында тыныш-

тық,  жарасым,  келiсiм,  татулық  халықты 

қуа нышқа бөлейдi. Тауық жылы – арманды 

жыл.  Əркiм  iс  ретiн  тауып,  шаруаны  бiлсе, 

ар манына жетедi. Ит жылында қиыншылық 

көп  болады,  қиындыққа  қымсынбай,  оны 

же ңе бiлу керек. Доңыз жылында тыныштық 

пен достық үстем болып, жақсы мiнездi жай-

саң  адамдар  өмiр  қызығын  көбiрек  көредi. 

Та рих та халықтың осы тұжырымдары негiзi-

нен   нақты  келiп,  өмiр  тəжiрибесiнiң  айқын 

кө рiнiс терiн байқатты.


26

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

Əрбiр  жылда 12 ай  бар:  Наурыз,  Сəуiр, 

Ма мыр, Маусым, Шiлде, Тамыз, Қыркүйек, 

Қазан,  Қараша,  Желтоқсан,  Қаңтар,  Ақпан. 

Он екi ай төрт маусымға (мезгiлге) бөлiнедi. 

Көктем айлары: Наурыз, Сəуiр, Мамыр; жаз 

айлары: Маусым, Шiлде, Тамыз; күз айлары: 

Қыркүйек,  Қазан,  Қараша;  қыс  айлары: 

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Əрбiр айдың өз 

ерек шелiгi бар, соған байланысты ауа райы 

бол жанады.

Наурыз айы – көктем басы, жыл құстары 

ке ле дi, күн мен түн теңеледi, мал төлдейдi, 

егiн   салынады,  наурыз  тойы  болады.  Сəуiр 

айын да  жер  гүлдене  түседi.  Көкек  келедi. 

Сон дық тан  да,  бұл  айды  көкек  айы  деп  те 

атай ды.  Қазақта «Сəуiр болмай, тəуiр болмас» 

де ген  мақал бар. Бұл айда көктем толысып, 

тiр шi лiк  түгел  жанданады.  Мамыр  айында 

қыз ғал дақтар  бүр  жарып,  жемiс  ағаштары 

то лық гүлдеп, бұлбұл сайрап, өзен-көлде құс 

тойы  болады.  Маусым  айында  арпа  пiсiп, 

шал ғын  шабылып,  даладағы  еңбек  ерекше 

қы за түседi. Шiлде айында «қырық күн шiл-

де»  басталып,  егiн  орағы  қызады.  Тамыз 

айын да егiн орағы аяқталып, сабантой өтедi. 

Қыр күйек  айында  құстар  қайта  бастайды, 

мек теп те  алғашқы  қоңырау  соғылып,  оқу 

бас тала ды. Қазан айында толық жиын-терiн 

бола ды. Алғашқы суық түсiп, «қазан ұрып», 

көкө нiс тердi жию аяқталады. Қарашада жер-

ге алғашқы қар түсiп, мал қыстату iсi бас та-

ла ды. Желтоқсанда күннiң қысқаруы ше гi не 

жетiп,  қызыл  аяз  тұрып,  үскiрiк  боран  со-

ғады.  Қаңтар  айында  күн  өзгере  бастайды, 

дү ние жүзi бойынша көптеген елдерде Жаңа 

жыл  мерекесi өтедi. Ақпан айында ақ боран 

со ғып,  соңында  «түске  дейiн  мүйiз,  түстен 

кей iн киiз» құбылмалы күн райын көремiз.

Əр айда 4 апта, əрбiр аптада 7 күн бар. Күн 

атаулары: жексенбi, дүйсенбi, сейсенбi, сəрсенбi, 

бейсенбi, жұма, сенбi. Күн атауы ның жексенбiден 

басталатыны:  бұл  күнi  аңыз  бойын ша  алла 

тағала жер жүзiн жаратқан. Дүйсенбi – дүниенiң 

алғашқы күнi, сейсенбi – iстi   күн, сəрсенбi – сəттi 

күн, бейсенбi – бере келi күн, жұма – аллаға сиыну 

күнi, сен бi – сенiмдi күн. Денi сау, жаны жарқын 

адамға əрбiр күн – сəттi. Сəттi бола берсiн!



Өнерпаздық  дəстүрлерінің  тəрбиелік 

мə ні. Қазақ халқы - өнерпаз халық. Ойын 

-сауық,  той-томалақта  қалыптасқан  дəс түр 

бойынша  жиылған  қауымнан  өнер  көр сет-

пе ген  адам  қалмайды.  Əншi,  бишi,  күйшi, 

жыр шы,  ақын  адамдармен  қатар,  олардың 

өнер  ле рiн үйренiп, топ алдында өз қызығын 

көр сету шiлер көп болады. Кəде жасап, алты 

ауыз  өлең айта алмаған адамды халық «аузын 

бу ған  өгiз»  деп,  масқаралайды.  Сондықтан 

əрi   өнерпаздық  нышанын  дамытып,  əрi  на-

мы сын   оятып,  өлең  жаттауға,  əн  айтуға  əр-

кiм -ақ ынталы, ықыласты болады.



Айтыс  өнерi  халықта  ертеден  дамыған. 

Əсi ресе, қайым айтысқа əркiм дайын тұрады. 

Ақындар  айтысы,  қыз  бен  жiгiт  ай тысы, 

жұмбақ  айтыс,  хайуанаттар  айтысы  сияқ ты  

əрбiр  айтыстың  өзгешелiктерi  бар.  Ал  қай-

ым  айтыста ақындығы болмаса да, кез кел-

ген  айтысушы бұрыннан жаттап алған өлең-

де рiне  мүмкiндiгiнше  өз  тарапынан  өлең  

өрнектерiн қосып, бiр ауыз, екi ауыз қай ым-

дап,   жарыса айтыса бередi.



Қонақ кəде рəсiмiн жасап, əуелi үй иесi 

«ауыл дың  алты  ауызын»  айтады  да,  содан 

кей iн  қонақ  кəденi  қонақтан  талап  етедi. 

Яғ ни  үйге  келген  қонақ  шама-шарқынша 

ө нер  көрсетуге  мiндеттi.  Ешбiр  өнерi  жоқ,  

дарыннан  мақұрым  қалған  кiсiден  «құм-

ған ға  теке  бол», «мал  болып  маңыра»  деп,  

əзiлкеш  қауым  əрбiр  адамды  өнерпаз  болу-

ға  бейiмдеп, ойын-оспақ үстiнде оның өнер-

паз дық сезiмiн оятады.

Қыз ұзату, үйлену тойларында айтылатын 

сың су, қоштасу, жар-жар, т.б. өлеңдердi жас-

тар жатқа бiлiп, жанынан қосып айтып, дағ-

ды ланған. Қыз абыройы, жiгiт намысы дəс-

түрiн де  кəмелетке  жеткен  қыз  əр  түрлi  қол-

өнер мен қатар, айтыс өнерiн де бiлiп, өзiнiң 

əн шiлiк, бишiлiк, күйшiлiк қабiлетi болса, сол  

өнерпаздығымен елдi қуанышқа бөлеуге тиiс.

Өнерпаздық дəстүр көбiнесе əулеттiк дəс-

түр   болып  қалыптасады.  Бiр  отбасындағы 

бар лық  адамдар  өнерпаз  болып,  ол  дəстүр 

ұр пақ тан  ұр паққа  жалғасып  отырады.  Əу-

лет тiк  дəс түр де əркiм əуелi өнерiнiң бiр қы-

ры нан  кө рi нуге  ынталанады.  Мысалы,  күй-



27

ҰЛТТЫҚ ДƏСТҮР

шi лер əулетi тек күй тартушы ғана емес, ол  

əу леттен  күй  тартумен  қатар,  бишi,  əн шi, 

көркем сөз оқушы, т.б. өнерпаздар да шы ға-

ды.   Ал негiзiнен оларда күйшiлiк дарын ба-

сым  болады.

«Қыз  сыны», «Жiгiт  сұлтаны»  сияқты 

сым бат  пен  өнер  жарысында  өнерпаздық 

дəс түр дiң  ұлттық  мəйектерi  сараланып,  мəн-

дi   өрнектер,  өнер  үшiн  баға  берiледi.  Қазақ 

қы зы  əрi  сымбатты,  əрi  нұрлы,  əрi  еңбекқор, 

əрi   өнерпаз  болу  керек.  Қазақ  жiгiтi,  жiгiттiң 

сұл та ны ретiнде өнерден де, ептiлiк пен күш-

тiлiк тен де, сымбаты мен сəнi жағынан да  ел  дi  

елең еткiзетiн ерекше жан болуы қа жет. Халық 

ұлдары  мен  қыздарын  өнер паз дық қа  баулу 

үшiн, түрлi ойындарды ойлап шы ғар ған.

«Алтыбақан»  ойыны  кезiнде  жастар  жи-

на лып,  өнер  көрсету  жарысын  өткiзедi, 

өнер паз дық  жарыстан  озық  шыққандарды 

қас тер леп,  сый-жоралғы  берiп,  əткеншекте 

тер бе тiп,  құрметтейдi.  Мұндайда  жұмбақ 

ай тып, оны шеше бiлу, жаңылтпаштарды жа-

ңыл май айту, қызықты ойындарда сергек бо-

лып, əрiптестерiн əдеппен жеңе бiлу де ес ке-

рi ле дi. Ойынның төрешiсi, биi, əдiл қазысы 

өнер паз дарға  əдiл  баға  берiп,  сый-сыяпат 

көр се тiп, ынталандырады.

Халқымыз өнерпаздық дəстүрiн қыз бала-

лар ға  iс  үйрету,  өнер  үйрету,  ер  балаларды 

ер лiк  пен  еңбекке,  өнерге  баулу  əрекетiмен 

жал ғастырып,  дара  дарындарды  дамытып 

отыр ды. Отбасындағы көңiлдi кештерде тақ-

пақ айту, жыр жырлау, əн салу, күй тарту – 

үл кен  қуаныш. Өнерпаздық нышандарын ай-

қын дап, дарынын дамыту – əрбiр перзенттiң 

мiндетi. Баланың өнерпаздығы – ата-ананың 

ба қыты, елiнiң мақтанышы.

Қазақ халқының айтыс өнері дүние жүзі-

не   белгілі.  Қазақ – ақын  халық.  Ақындық 

да ры ны  бар  халықтың  айтыс  өнері  арқылы 

жас тар ды шыншылдыққа, əділеттілікке тəр-

бие леу мақсаттары орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет