Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#7059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өнерпаздық дəстүрi бойынша əркiм бiр  ғана 

өнермен шектелiп қалмауға тиiс, «Жi гiт ке жетпiс 

өнер де аз», «Жiгiт сегiз қырлы, бiр  сырлы болу 

керек» дейдi халқымыз. Өн ер  нышаны əркiмде 

бар, оны дамыта бiлу – əу лет тiк, ұлттық парыз.

Студенттердің  ұжымдық  дəстүрлері 

жəне тəрбие. Студенттер ұжымы – мақсаты 

бiр,   бiрiмен-бiрi  тең  құқықты,  сыйлы,  сый-

ла сым ды  қатынас  жасаушы,  болашақ  ма-

ман дар  мен  ғылым  иелерінің  бiрлестiгi. 

Яғ ни  мүдделес,  əрекеттес  адамдардың  тiр-

шi лiк те гi  бiрлiгi – ұжым.  Ұжым  мен  жеке 

тұл ға ның  мақсат-мүддесi  үйлесiп  отырады. 

Же ке  студенттің  адамгершiлiк  қасиеттерi 

ай на ласындағы  студенттермен  игi  қатынас 

жа сай  бiлуi  арқылы  қалыптасады.  Жоғары 

мек теп те жеке адамды ұжым арқылы тəр-

бие леу дəстүрлерi қалыптасқан. Ондағы қо-

ғам дық дəстүрлер, салтанатты жиындар мен  

кештердi  өткiзу  дəстүрлерi, iс-əрекет  дəс-

түр лерi, қоғамдық мүдде дəстүрлерi – жеке 

орын дау шыларды  жан-жақты  тəрбиелеудiң 

қуат ты құралы.



Қоғамдық  дəстүрлер  ұжым  бойынша, 

сту дент тердің  жалпыуниверситеттік,  мем-

ле кет тік,  бүкіл  дүниежүзілік  мерекелерді, 

түр  лі кештер мен жарыстарды, байқауларды 

ұйым дас тырып,  өткізу  əрекеті  кезінде  қа-

лып тасады.  Қоғамдық  дəстүр  негізінде 

ұжым   дық   іске  ұжым  мүшелерінің  бəрі  аса 

зор   жауапкершілікпен  қатысуға  міндетті. 

Мұн  дай да ұжымдық намыс пен абырой үшін  

күре се білмеген жеке тұлға өзінің жігер сіз ді-

гін, олақтығын көрсетеді. Мысалы, «Наурыз» 

тойына  дайындық  ісіне,  оны  өткізуге  курс 

сту денттері  түгел  қатысып,  əркім  өз  үлесін 

қосу ға міндетті. «Жұмыла көтерген жүк же-

ңіл», «Жеке жүріп жол тапқанша, көппен жү-

ріп адас», «Көп түкірсе, көл», т.б. мақалдар 

ар қылы халық қоғамдық іс-əрекеттің жемісті 

бо луы бірлікке байланысты екенін дəлелдеп, 

қоғам дасу дəстүрін ертеден қалыптастырған. 

«Жы лу», «асар», «қауымдастық»  рəсімдері 

со дан шыққан.

Салтанатты жиындар мен кештерді өт кі-

зу  дəстүрі,  əрбір  жоғары  оқу  орнында  сол  

оқу  орнының  ішкі  жағдайына  жəне  ұс таз-

дар  мен  студенттердің  ұйымдастыру  қа  бі  -

леті не  байланысты  қалыптасады.  Мы са -

лы,   «Ана  тілің – арың  бұл», «Өш ке ні міз   

жанды,  өлгеніміз  тірілді»  сияқты  та қы-

рып тар  төңірегінде  кеш  өткізу  үшін,  ең 


28

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

əуелі  ұжым  мүшелері  мəжілісте  ақыл да-

сып,   істі  жоспарлайды,  содан  кейін  əр кім  

өз   ықыласын  білдіріп,  дайындық  жұмыс та-

рына  жауапкершілікпен қатысады. Ана ті лін  

ардақтау, өткен ұлы адамдардың ең бек те рін 

қастерлеу  рəсімдерін  дəстүрге  ай нал дыр-

ған   студенттер  ұжымы  мұндай  іс-əрекет-

ті  ұйымдастырып,  өткізу  кезінде  ұлт тық, 

ұлағатты  тəлім-тəрбие  алады.  Iс-əре кет 



дəстүрлерi  студенттердің  дəлдiк  дағ ды лар-

ын, инабаттылығын, iлтипаттығын, əдеп тi лi-

гiн, iзеттiлiгiн қалыптастырады. Келiсу, уағ-

да ла су,  ықылас  көрсету  əрекетiмен  белгiлi 

iстi бiр мезгiлде орындауға дағдылану ұжым 

мүшелерiнiң  iске  ұқыптылығы  мен  дəлдiк 

дағдыларын дамытады да, ол дағды дəстүрге 

айналады.

Қазақ халқы «Үлкенге – iзет, кiшiге – iл-

ти  пат»  деп,  жастарды  iс-əрекет  кезiнде  үл-

кен  ге  iзет  көрсетiп,  оның  ақылын  тыңдап, 

айт  қа нын орындауға, кiшiге қамқорлық жа -

сап,  көмек  көрсетуге  тəрбиелеп  келедi. Iс 

-əре кет  дəстүрi  жеке  адамның  адалдығы 

мен    кiсiлiгiн  де  дамытып,  адамгершiлiк  қа-

сиет  терiн  қалыптастырады.  Бiр  ұжымдағы 

iс -əрекет ке қатысушы əрбiр адам сол ұжым-

ның  абыройын, намысын қорғауға мiн дет тi.  

Ұ жым  болып, жеке мүшелерiне қан дай мiн-

дет тер  жүктесе,  оны  бұлжытпай  орын дау ға 

ұжым мүшесi мiндеттi. Егер олай ет пе се, ол  

ұжымның  iс-əрекет  дəстүрлерiн  бұз ған  бо-

лып  кi нə ланады.



Қоғамдық  мүдде  дəстүрi  ұжым  мүше-

ле   рi  нiң  өз  ықыластарымен  ұжымның  абы-

ройын арттыру үшiн жасалатын iс-əрекеттерi 

арқылы  қалыптасады.  Мысалы,  жақсы  сурет 

сала  бiлетiн,  мақала  жаза  бiлетiн  сту дент тің 

ұжым  атынан  шығатын  газетке  редак тор лық-

ты қалауы қоғамдық мүдде дəстүрiнiң қа лып -

та суына негiз болатын iс-əрекет болып та бы -

ла ды. Қоғам (ұжым) мүддесi үшiн өз қа бi   ле   тiн 

орнымен жұмсай бiлу – əрбiр ұ жым мү  шесi нiң 

мiндетi. Қоғамдық мүдде дəс түрi «бi  реуi бəрi 

үшiн, бəрi бiреуi үшiн» мүд д есiн iс  ке асырады.

Студенттердің  ұжымдық  дəстүрлерi  ұлт-

тық   дəстүрлермен  ұштасып  отырады. 

Мысалы,  əулеттiк  өнерпаздық  дəстүрi 

бойынша  отбасында  өнерiн  өркендеткен 

студент  қоғамдық  мүдде  дəстүрi  бойынша 

өнерпаздар  үйiрмесiне  қатысып,  не  сол 

үйiрменi ұйымдастыра бiлуге тиiс. Əдеттен 

əдепке,  əдептен  рəсiмге,  дəстүрге,  салтқа 

ұштасып  отыратын  iс-əрекеттердi  дамыта, 

игiлiкке асырып отыру – баршаның мiндетi.

Алтын ұяң — отаның қымбат,

Құт береке — атаң қымбат,

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың, — əкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат

 

Қазыбек би.



29

ҰЛТ ТІЛІ

ОƏЖ 8.80.808



М.А. Нуриев

т.ғ.к., профессор,

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры,

ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Б.Ж. Сағиева

«Ұлттық тəрбие» журналының жауапты хатшысы

СӨЗ ҚҰДІРЕТІ – СӨЗГЕ ТОҚТАУ

Мақалада тіліміздің күші мен құдіреті, қадірі мен қасиеті, сөз өнері жайлы жазылған. 

«Ел  болам  десең,  сөзіңді  түзе!»  деген  дана  халқымыз.  Бұл  дегеніңіз,  сөзіңіз  түзу  болса 

келер ұрпақ тəрбиесіне алаңдау болмағаны, жастарымыздың тəрбиелі болғаны еліміздің 

мəртебесінің асқаны деп білеміз. Сонымен қатар, қазақтың «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай 

түйіні бар» деген нақыл сөзінің тақырыбы кеңінен ашылып жазылған. Сөздің қадірін білу, 

сөзге  тоқтау,  жақсы  сөз  арнау,  жақсы  тілек  тілеу – қазақтың  табиғи  болмысы  екеніндігі 

айтылған. 



Түйін сөздер: Сөз, тіл, тəрбие, халық, қадір, қасиет, тарих.

В данной статье рассматривается роль Языка не только как средство для общения, но 

и как историческая память каждого народа Язык — зеркало культуры, в нем отражается 

не только реальный мир, окружающий человека, не только реальные условия его жизни, 

но и общественное самосознание народа, его менталитет, национальный характер, образ 

жизни, традиции, обычаи, мораль, система ценностей, мироощущение, видение мира.. В 

каждом языке находит свое отображение духовная культура, многовековая история каждой 

нации.


Ключевые слова: Слово, язык, воспитание, народ, ценность, дар, история.

In the article written about the strength and power, respect and sanctity of our language - about 

verbal skills. Our wise people said «To correct the word, if you want to become a nation». This 

means, there will be concern about the bringing up of the next generation if the word will be true

if it is brought up young people will raise the status of the country. And as broadly described 

saying «Ninety-words can be short essence». In addition, it is written that the word respect, obey, 

destine good words to wish good wishes - nature of the Kazakh people.

Keywordsword, language, bringing up, nation, respect, reverence, history.

Ұлан-ғайыр даламызда қазақ халқы пайда 

болғаннан бері төл тіліміз – қазақ тілі болып, 

та рихи  кезеңге  аяқ  басты.  Тіліміз  бай  тіл. 

Шындығына  терең  үңілсек  бір  халықтың 

тағ  ды ры жа тыр. Халқымыз небір қиын-қыс-

тау ғасырларды басынан өткерді. Тіліміз де 

осы  қауіпті кезең дерден сүрінбей аман өтті. 

Ті лі,   ді ні мықты ұлттың өзі де – мықты. 

Тарихымызға көз жүгіртсек аталарымыз, 

шешен,  билеріміз  келеңсіз  мəселелерді  екі-

ақ  ау ыз  сөзбен  шешкен.  Бұл  дегеніміз  тіліміздің 

көр кемдігі  мен  мағыналылығының  бірден  бір 

көрнісі.  Біз  сөзге  тоқтаған  халықпыз.  Тілі міздің 

күші мен құдіретін, қадірі мен қа сиетін, сөз өнерін 

бабаларымыз  əуелден-ақ   бағалы  деп  санаған. 

Қазақта «Тоқсан ау ыз  сөздің, тобықтай түйіні бар», 

«Тіл тас жа ра ды, тас жармаса бас жарады» деген на-

қыл  сөз де рі міз бар. Сөзіміз құрғақ болмас үшін ұлы 

ақы ны мыз Абайдың «Құн төлету» ке зін де гі  берген 

билігінен мысал келтіре кетсек.


30

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

«1902 жылы күзде Мамайдың бiр баласы 

Сарыбас  руынан 20 шақты,  Мамайдың  ең 

жу ан ауылы 150 үйдей шаңырақ, Жиен Шора 

де ген  руының  Тоқсанбай  баласы  дегендер 

жер   бөлiгiне  таласып  Нұрлыбай  дегендi 

ұ рып өлтiрген.

Мырза Мамай бiр болыс Қызыл адыр бо-

лып екi ортасына түсiп құн кесiп, билiк айтып, 

бi тiс тiр мек болған екен, Нұрлыбайдың ағасы 

Жақып көнбейдi. 

Ол:


- «Маған  теңдiк  беретiн  болса,  мен  Абай 

ал  ды  на  ба рып  жү гiнемiн» - деп отырып ала -

ды. Сөйтіп олар Жидебайдағы Абайдың ау лы-

на келiп, сəлем берiп, үйге кiрiп оты ры са ды. 

Амандық сұрасқаннан кейiн сол жiгiт сөз 

бастады:


-  Абай  аға  естiп  жатырсыз  ғой  мына  екi 

ағайын  болымсыз  жер  бөлiгiне  таласып, 

Тоқсанбай балалары Нұрлыбайды ұрып өл-

тiрiп тастады. Оған бiр болыс мырза Мамай 

жиналып,  құн  кесiп,  билiк  айтып  бiтiрмек 

едiк, оған мына отырған Жақып ақсақал көн-

бедi. «Сендердiң  айтқан  билiктерiңдi,  əпер-

ген  құндарыңызды  өздерi  ашуланған  күнi 

Жиен  Шора  баласы  тартып  алып  қояды. 

Ал сам да, қалсам да Абайдың əдiлетiне ба-

ра мын.  Мен  Абайдың  қарсы,  жауы  жағында 

жү руiм  де рас, бiрақ Абайдың əдiлет адам шы -

лығына не айтса да көнемiн» деп келдi. Ендi гi-

сiн өзi ңiз айта берiңiз - деп сөзiн аяқтады. 

Сонда Абай:

-Ей, 


Жампейiс! 

Осы 


Нұрлыбайды 

Тоқсанбай балалары далада төбелесiп өлтiрдi 

ме? Жоқ, қашқан жерiнде қуып өлтiрдi ме? 

Соның анығын айтшы - дейдi.

Жампейiс: ...Бұлар артынан қуып, тап есi-

гi нiң  алдындағы  күлге  барған  жерде  жетiп, 

екi сойыл қатар тиiп, Нұрлыбайдың қарақұсы 

ойы лып, өлiп кеткен. Бар расы осы, - дедi. 

Сонда Абай:

-  Ер құны елу түйе болады... Сенi өлтiрмей 

қой маймын  деп  қасарысып,  қашқанды  қуып, 

əдейi леп өлтiрген адамның құны жүз түйе бола-

ды. Мына Нұрлыбайды өлтiру, əдейi өлтiр гендiк. 

Сондықтан бұның құнын мен жүз түйеге кестiм... 

Соны сендер алып берiп бiтiрiңдер, - дедi.

Сонда Жақып орнынан ұшып тұрды:

-  Абай  əдiлетiңе,  атаңның  аруағына  құл-

дық.  Барлық  Мырза  Мамайға  жалғыз  өзiм 

көн бей алдыңа келiп едiм. Əдiлетке, теңдiкке 

қо лым жеттi, бүгiн өлсем де ризамын, - деп 

жы лап  жiбердi.  Жиен  Шора  жағы  бiр  ауыз 

сөз  айтпады. Сонда Жампейiс тұрып: 

-  Ой,  Жиен  Шора  атам  баласы  мына 

Жақып  Абайдың  билiгiне  риза  болып,  құл-

дық   ай тып  жатыр.  Сендер  үндемей  отыр-

сыңдар. Ертең елге барған соң пəлен демей 

ри за,  наразылықтарыңызды  Абайдың  өзi-

нiң   алдында  айтып  кетiңiздер  дегенде,... 

Мұсабай деген кiсi:

- Бiз Абайдың билiгiнен асып қайда ба ра-

мыз. Бiрақ малдан бiр айырылып, бастан бiр 

айы рылып жүрмелiк, артына Абайдың өзi ие 

бол са, - дедi»[1]. Міне осы жерде Абайдың 

кө ре гендігі,  білімі,  шешендігі  көрініп  тұр. 

Ме нің ойымша қазірде де сөзге тоқтау бар, 

егер білімді, сауатты болсаң ел саған сенеді. 

Ал  өзің, екі ауыз сөздің басын құрай алмай 

тұр саң, кімді сөзге тоқтатпақсың? 

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» 

де ген дей бабаларымыз жүйелі сөзге бас иіп,  

сөзге тоқтаған. Қазақ билері негізінен ақ ыл  

мен  парасаттың  кемеңгері  болып  қана  қой-

май,  қара  сөзбен  қазан  қайнатар  қасиет  ие-

лен ген данагөйлер еді. Е, айтты екен деп  жү-

ре  бермеген, ойланған, сөздің түп - төркініне 

мəн   бер ген.  Оған  мысал  Қазыбек  бидің  екі 

ел ді бітістірген сөзінен көреміз:

Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өт-

кел де тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қай-

да бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қыз-

ға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын 

айтыпты. Қыз оған:

-  Елші  болсаң,  қазақтың  Қазыбегі  бо лар-

сың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - деп ті. 

Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп: 

- О хан, сен ел шабуды қоймадың, мен ел-

ші лік ке келуден танбадым, - дейді. Қоңтажы 

бұған:


-  Қазыбек  би,  дұрыс  айтасың,  сенің  қар-

ша дай 14 жасар  күніңде  айтқан  сөздеріңді 

есі тіп: «Шіркін-ай,  мынадан  бір  тұқым 

алар   ма   еді», - деп  ойладым.  Содан  барып 



31

ҰЛТ ТІЛІ

Қазымбеттей  ұлыңды  алдырдым.  Бірақ  сен 

ке ліп  «ерімнің  өзі  қайтпай  тұрып,  бітім  ет-

пей мін» дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап 

кет педің. Содан кейін менен іргеңді аулақ са-

лып əрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін 

мен   арт та  қалған  еліңді  шаптырып  алдым. 

Ен дігі  сөздің  турасы  сенімен  достасуға  құ-

мар мын. «Даудың артын қыз бітейді, судың 

ар тын  шым  бітейді», - деуші  еді.  Сонда 

Казыбек:

 - Саған  беретін  қызым  жоқ,  қыз  берсең 

алай ын, - дейді. Хан Қазыбектен «ұлың не-

шеу  еді» деп сұрайды.

Қазыбек: Бір жарым ұлым бар, - деп 



жауап береді. Хан бұған таңданып:

Бір жарымы қалай? Сенде дығырдай 



бес ұл бар деп еститін едім, - дейді.

Қазыбек би оған: 



Менің  елге  ие  болатын  ұлым  біреу-

ақ,  аты  Бекболат,  соны  бүтінге  есептедім. 

Ал мал мен қатынға ғана ие болатын үшеуін 

есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға 

қарапты.


Қоңтажа  өз  қызын  беріп,  оны 

Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ 

пен   қалмақтың  шапқыншылығы  тоқталған 

екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ор-

да сына бара жатқанда жолыққан жас қыз ды 

ала келіп: «Осыны тəрбиеле», - деп оны  да 

Бекболаттың  қолына  тапсырыпты [2]. Бұ-

дан  Қоңтажы  ханның  Қазыбек  бидің  ше-

шен ді гі  мен  ақылдылығын  көріп  өз  қызын 

Бекболатқа қосып берген. 

Осы сөзге тоқтауды, бір сөзбен сөз түйінін 

шешуді  түркі  ой  əлеміндегі  белгілі  ойшыл 

Ж.Баласағұн өзінің «Құтты білік» еңбегінде 

«Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда-зия-

ны» бөлімінде жақсы айтып берген. Мысалы:

«Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім, 

Жəне сөйлеп жəне ештеңе өнбеді!

Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін, 

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін» [3]. 

Көп сөйлеп сөздің қадірін, қасиетін ке тір-

ген ше аз алтын сөздің қадірін бағалай білуі-

міз  керек. 

«Сөзіне қарап кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма», - 

дейді. Кісіге емес, сөзіне қара – сөзінің əуеліне 

қа ра. Айтары  ақиқат болса оған қарсы қа ру-

лас па деген сөз тағы бар. «Распенен таласпа, 

мү мин  болсаң», - дейді.  Яғни  сөзге  тоқта 

дей ді. Рас сөзге. Өздері білмей, сөзге де тоқ-

та май, распенен таласатындарға:

«Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен  орақ  орған  өңкей  қыртың»,  яғ-

ни, «Өздеріңнің қырт сөздеріңнен бас қа  еш 

сөзге  тоқтамайсыңдар!  Өздерің  біл мей сің-

дер,  хаққа  тоқтаған  білгеннің  тілін  алмай-

сың дар», – деп кеийді. Осы орайда бір ұлы 

ғұламаның  «талай  білімділермен  сөз   та лас-

тырып жеңіп едім, бірақ бір де бір надан ды 

жеңе алмадым» дегені еріксіз еске  түсе ді».  

Аталарымыздан «сөз емес сөзді сөз қыл май,  

тыныш  отыр!»  дегенді  естуші  едік.  Сон да, 

сөз емес сөз де болады екен ғой деп ой лай-

тын мын. Ол қандай сөз сонда? Онысы адам-

ды  адастыратын  өтірік,  жалған  сөз – сөз 

емес  дегені. Бұл індеттің елге тарап кетпеуін 

қат ты  қадағалап  отырған  аталарымыз»  деп 

«Намыс kz» сайтының тілшісі Мұсылманбек 

Жұманбай ғаламтор бетінде жазыпты [4].

Бос, көп сөздің артында не жатқанын, оның 

сал дары  не  болатынын  баққан  үлкендерді 

ен ді ғана түсініп отырған жайымыз бар. 

Иə,  сөз  емес  сөзді  тыйып,  сөзге  тоқтай 

біл  ген  аманатшыл бабаларымыздан кейін гі-

лер  ге  осын шама бай мұра қалды. 

«Жақсы сөз – жарым ырыс» – бұл əн шейін 

сөз үшін айтыла салған сөз емес. Ата ла ры-

мыз   жесір-жетімдерді  жылатудан,  көрші 

қа қы сын  бермеуден,  ағайыннан  безуден,  кі-

сі нің  ала  жібін  аттаудан,  шектен  шыққан 

ар сыз дыққа  барудан,  елді  бүлдіруден  аулақ 

бол ған.  Бүгініміз  ше?  Құдай  алдында 

қорық пайды.  Оның  сөзіне  тоқтамай  ойына 

кел генін  айтады.  Сөйтіп  жарым  ырысқа 

балан ған  жақсы  сөзден  безіп  азғындамақ. 

Бүгінгідей…

Сөз қадірін білгенің – өз қадіріңді білгенің. 

Ен деше, бір-бірімізбен сыпайы қарым-қа ты-

нас   жасап,  сөйлесе  білгенге  не  жетсін!  Ал 

біз ге  керегі  бір  ауыз  жылы  сөз  ғана.  Оны 

ақын Жеңіс Төлеубайұлының мына өлеңінен 

кө ру ге болады.



32

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

«Адамдарға керек əр кез жылылық,

Жылылықта жатыр көркем сұлулық.

Жылы-жылы сөйлеу керек адамға,

Соның өзі қарапайым ұлылық.

Жылы-жылы сөйлеген жөн адамға,

Жылы тəлім жарасады адамға.

Жылы лебіз білдіре алсаң біреуге,

Жылы жауап қайтарады сағанда» [5].

Ел  арасында  жақсы  сөз  көп  айтылған 

сайын, əлемде тыныштық орнайды деген сөз 

бар.  Жалпы  өмірде  көңілге  медет,  жаныңа 

ши па  болар,  бір  ауыз  жылы  сөзді  сағынып 

жа тамыз.  Осыны  ақын  өз  өлеңінде  жазып, 

біз дер ге ұсынып отыр. 

«Жылы-жылы сөйлеу керек адамға,

Соның  өзі  қарапайым  ұлылық», - дейді 

ақын  Жеңіс  Төлеубайұлы. «Ұлылық»  деген 

сөз дің өзінде канша мағына бар. Келешекті 

жақ сартуды,  жақындатуды  ұлы  адамдардан 

үйрену керек. Ұлы адамдар жүрегі сəби жү-

ре гін дей  таза.  Осы  ұлы  адамдардың  ісінің 

өзі ұлы лық. Бірде оқу орнынан ұстазды іздеп 

есік тер ді ашып, сұраған едім. «Жап-жас қыз-

дар  жабыңыз  есікті,  білмейміз  ешкімді», - 

деп  дау ыс көтеріп жатқанда, екінші есіктен 

«Бе рі ке ле ғой, кімді іздеп жүр едің?» - деген 

дауыс  естілді.  Кіріп  едім  «Отыра  ғой,  айта 

ғой», - деп  сұрап  жатты.  Есіктің  сыр тын-

да  профессор,  академик  деген  жазуға  кө-

зім   түсті.  Айтып  отырғаным  профессор 

Тұрсынбек Кəкішов болатын. Бұл жерде айт-

пағым адам қаншалықты ұлы болса, сон ша-

лықты кіші болады екен. Жылы сөз есті ген-

де өзіңде ашылып жылы сөйлейсің. Өлеңде 

ақын ның да айтпағы осы еді.

Ал сөздің қадірін білу, сөзге тоқтау, жақсы 

сөз арнау, жақсы тілек тілеу – қазақтың та-

би ғи  болмысы.  Бұл  өзгеге  ұқсамайтын  етіп 

Алланың біздің ұлтқа берген сыйы деп бі ле-

міз.  Бір-біріне  сыйлық  жасап,  үйіне  келген 

құ дайы  қонаққа  астындағы  атын  мінгізіп, 

жақ сы бата-тілек айтып жіберген халықпыз. 

Мысалы:


«Əуелі, құдай оңдай көр,

Оң жолына бастай көр,

Адасса жолға сала көр,

Сүрінсе қолдан ала көр!

Кездессе шайтан қаға көр!

Жұлдыздармен жалғастыр,

Жақсылармен жанастыр,

Жамандардан адастыр!» 

ал, жаңа туған балаға: 

«Берік болсын баулары балаңыздың

Баспай өтсін біреудің ала жібін» - деп бата 

берген.  Бір-бірімізге  жақсы  сөздер  айтсақ 

көңі ліміз көтеріліп, жанымыз жадырап, жү-

ре гі міз жібіп салары хақ.

Сөзге тоқтау – атадан қалған аманат екенін 

бі рі  білсе бірі білмей жатады. Аманатқа қия-

нат  жүрмейді.  Ал  біз  аманатқа  қиянат  жа-

са май жүрміз бе? Соны ойландық па? Жоқ! 

Сөз ге тоқтау былай тұрсын, қазір қайран қа-

зақ тілін былғауға келгенде алдымызға жан  

салмайтын болдық, қазақ тіліндегі жар на ма-

лар да кетіп жатқан қателер, келсін-келмесін 

ау да рылып жатқан терминдер, оңды – солды 

қол данып жүрген сөздер. Сөз сөйлеу туралы 

айт қанда тіл тазалығын еске ала кетпесе та-

ғы  болмас. «Өткірдің  жүзі,  кестенің  бі зі, 

өрнегін  сендей  сала  алмас»,  деп  Абай  ата-

мыз  айтқандай,  кез  келген  əңгіменің  мəй-

егі  тілдің  дұрыстығында,  сөздің  жүйе лі-

лігінде. Шіркін, туған тіліміз əлі де əр жер-

де  шұбарланып  жүр-ау.  Бұл  жайында  тіл 

білгірлері  мен  жанашырлары  айтып  та,  жа-

зып  та  жатыр.  Мысалы: «велосипед»  сөзін 

«шай тан арба» - деп  аударған, – «У  него  не 

все до ма» - «Оның үйінде бəрі түгел емес». 

тə жіри бесіз  жас  аудармашылардың  жазып 

жүр ген дері. Қарапайым ғана «Ты куда?» де-

ген сөз «Сен қайда?» болып кетіпті. Өзге тіл-

дердің ауыз-екі сөйлеу тіліндегі кейбір сөз-

дер ді қазақшаға аударғанда сөйлемді толық 

аяқ тау  міндетті  болып  саналады.  Əйтпесе 

ма ғынасы түсініксіз болып қалады. Тағы бір 

мысал: «Я сейчас» - «Мен қазір» -деп ау дар-

ған. Дұрысы «Қазір келемін» деп толық аяқ-

та лу керек.

«Ты о чем?» - «Сен не жөнінде?»,  «Только 

ни  это» - «Тек бұл емес». «(Бір адамға жар тас-

тан дəу тас құлап келе жатыр екен. Сол кез де 

ол  «только  ни  это»  деп  айқайлайды.  Қазақ-

ша сында - «Тек  бұл  емес».  Яғни  «бұл  тас 

емес,  басқа  біреуі  құласыншы»  деп   тұр ған  



33

ҰЛТ ТІЛІ

сияқ ты» [6]. Міне мұндай қателіктерді ай та-

тын болсақ толып жатыр. Алматыдағы жер-

лер ді алсақ «жетім бұрыш», «шайтан базар» 

та ғы да  сол  сияқты  атаулар  бар.  Атының 

жа маны най!  Қалай  қойған  десеңізші!?  Бұл 

нағыз  сөз  парқын  білмейтін,  əйтеуір  ес тіп 

қалған  сөзді  пайдалануға  асыққан  на ғыз  

біліксіздердің сөзі. Өкінішке орай, «Жақ сы-

ның сөзі – шақпақ, жаманның сөзі – тоқ пақ»  

дегендей,  арамызда  сөз  қадірін  жете  түсін-

бей тін, аңдамай сөйлеп, адам жанына сызат 

тү сі ре тін  бейпіл  ауыз,  берекесіз  сөз  иелері 

кез де се  береді.  Бұл  сөзге  тоқтау  жоқ  деген 

сөз.

«Ел  болам  десең,  сөзіңді  түзе!»  деген 



дана  хал қымыз.  Бұл  дегеніңіз,  сөзіңіз  түзу 

болса  ке лер  ұрпақ  тəрбиесіне  алаңдау 

болмағаны, 

жас тарымыздың 

тəрбиелі 

болғаны  еліміздің  мəр те бе сінің  асқаны  деп 

білеміз.

Сонымен қатар, халқымызда «Сөз сүйек-

тен,   таяқ еттен өтеді», «Жақсы сөз – жанның 

ыры сы» деген мəтелдері бар. «Жақсы адам-

ның өзі де жақсы, сөзі де жақсы» деген на-

қыл   сөз  терең  ойға  жетелейді.  Адамдармен 

қа рым-қатынаста  парасаттылық  пайымы  ел 

билеген  ағалармен  қатар  өзіңмен  тізе  қо-

са  жұмыс  істеп,  тіршілік  етіп  жүрген  қа ра-

пайым жандардан да көрінеді.

Қорыта келе айтарымыз, отыз тістен шық-

қан  сөз  отыз  рулы  елді  бүлдіреді.  Бүлдіріп 

те  жатқанын көзіміз көріп жүр. Сондықтан, 

ес ті аталарымыз айтқан екі ауыз сөздің мə-

ні не үңіліп, түйгенімізді ортаға салдық. Сол  

себеп ті де, сөзге тоқтау – атадан қалған ама-

нат   екендігі  əрдайым  есте  болып,  бір  ауыз 

сөз дің қадір-қасиетіне жете білейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет