Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата05.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#3474
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  (12  жылдық  оқытудың  құрылымы  мен 

мазмұнын жетілдіру бойынша экспериментке қатысушылар үшін әдістемелік ұсынымдар). 

– Астана, 2006. – 29б. 

2 Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 

жылдарға  арналған  ұлттық  іс  –  қимыл  жоспары  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2012жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген).

3  Білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыз-

дағы №1080 қаулысы.

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде 

құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға 

(қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ 

серттесуге болады



Мағжан Жұмабаев.

72

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 376


С.Б. Құлжахметова

№83 мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ 

ҚАБІЛЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

Бұл  мақалада  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың  ойлау  қабілетінің 

қалыптасуы  мен  дамуындағы  кедергілер  жайында  сөз  қозғалады.  Ғылыми  және 

практикалық зерттеулердің барысында психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың білім 

алуы  мен  танымдық  қабілеттерінің  ерекшеліктеріне  ерекше  көңіл  бөлінген.  Сонымен 

қатар, психикалық дамуларындағы ауытқушылықтарына қарай жіктеліп көрсетіледі.



Түйін сөздер: ойлау, даму, психика, қабілет, ауытқушылық, дамуы кешеуілдеген бала.

В  данной  статье  пишется  о  препятствиях  в  формировании  и  развитии  способности 

мышления  у  детей  с  психической  отсталостью.  В  ходе  научных  и  практических 

исследований  уделяется  особое  внимание  особенностям  образования  и  познавательных 

способностей детей с психической отсталостью. А также, классифируется по отклонениям 

в психическом развитии.



Ключевые слова: думать, развиваться, психика, способность, отклонение, ребенок с 

отсталым развитием.

This  article  is  written  about  the  obstacles  in  the  formation  and  development  of  thinking 

skills in children with mental retardation. In the course of scientific and practical research pays 

special attention to the peculiarities of education and cognitive abilities of children with mental 

retardation. And also, is classified in the deviations in mental development.

Keywords: think, evolve, psyche, ability, deflection, a child with retarded development.

Қазіргі  өркениетті  заманымызда  қоғам да-

ғы  алға  қойылып  отырған  ең  өзекті  мін дет-

тер дің  бірі-арнайы  білім  беру  жүйесіндегі 

жетістіктерді  дамыта  отырып,  оны  жаңаша 

бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақ ты 

жетілген тұлғаны қалыптастыру бо лып  отыр.

Өкінішке орай елімізде психикалық да-

муы  кешеуілдеген  балалар  тобын,  соңғы 

көр сет кіш  бойынша  35-40  процентке 

жуығын  нерв тік-  психикалық  сферасы 

зақымданған  мек теп ке  дейінгі  балалар 

құрайды. Демек, келе шек ұрпақтың 35-40 

пайызы ойлау қабі ле ті белгілі бір дәрежеде 

шектелген  жан дар  болып  табылмақ. 

Олардың  қоғамға  ара ла сып,  білім  алуына 

қатысты,  Қазақстан  Республикасының 

«Білім  беру  заңының»  20–шы  бабында 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  ар найы 

білім  беру  мәселелеріне  арнай  тоқ тап  

өткен[1]. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  2002 

жыл дың 11 – шілдеде «мүмкіндігі шектеулі 

бала  лар  дың  құқықтары  мен  оларды  әлеу-

мет   тік қамсыздандыру туралы» [2] заңы қа-

былданды.  Бұл  заңда:  «Барлық  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларды  тәрбиелеу мен оқытудың 

ерекше түрін ескере отырып. Оларды арнайы 

ме

 

ке мелерге  орналастыру,  оларға  жағдай 



жа сау. Психологиялық – медициналық – пе-

да го гикалық  консултациялар  арқылы  бала-

лар ды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу. 

Әрбір  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалар  Қазақ-

стан Республикасының заңы бойынша білім 

алу ға құқығы бар» делінген. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі бел гі-

лей тін  тәртіппен  және  мөлшерде,  мүге дек тер  

қата рындағы  кемтар  балаларын  жеке  оқы ту 

жос парына  сәйкес  үйде  тәрбиелеу  мен  оқы-

ту ға  жұмсаған  шығындарының  өтемін  алуға 

құқығы бар.



73

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар 

тобын зерттеу ХХ ғасырдың  50 жылдарынан 

бастап  қолға  алына  бастады.  Проблеманы 

зерттеумен 

айналысқан 

ғалымдар: 

М.С.Певанер, Т.А.Власова, К.С.Лебеденская, 

В.В.Коволев, П.Е. Сухарева, В.И.Лубовский 

т.б.  бала  дамуының  ерекшеліктеріне  қарай 

өз  пікірлерін  ортаға  салып,  ғылыми  көз 

қарастарын білдірді. 

Психикалық      дамуы    кешеуілдеген 

бала   лар дың  ойлау  қабілеті  төмен  болады. 

Олардың  көңіл-күйі  төмендеп,  енжар, 

ашуланшақ,  жы лауық  келеді.  Мұндай 

жағдайлар әртүрлі пси хикалық, соматикалық 

аурулардан кейін пай да болады.

Минималдық  мидың  дисфункциясының 

астениялық түрінде – балалардың танымдық 

қабілеттерінен  бөлек  ступор  ретінде  бай-

қа ла ды.  Бұл  түрдегі  балалар  бір  сөйлемді 

қайталайды.  Балалардың  сөздерінің  мағы-

на ла ры болмайды. Мұны вербигерация деп 

атаймыз.  Айналасындағылардың  айт қан да-

рын қайталауды эхоалия деп атаймыз. Олар-

дың  әрекетін  қайталауды.  эхопрактия  деп 

атайды.  Жалпа  алған  балалардың  барлық 

әре кет терін  негативизм  деп  атайды.  Сол 

себеп тен,  педагогтар  мен  ата  –  аналардың 

атқа ратын  жұмыстары  өте  зор.  Олар  зор 

шыдам дылықпен,  оқу  процесі  кезінде  өз 

балаларының  іс-әрекеттеріне,  ерек ше лік те-

рі не назар аударғаны жөн.

2.  Минимальдық  ми  дисфункциясының 

реак тивті,  гиперактивті  түрі.  Гиперактивті 

бала лар-оқыту процесі кезінде өздеріне баға 

бе ре алмайды. Олар ауытқушылықтарын ак-

ти ви зациялауды  қажет  етеді.  Мұндай  бала-

лар шыдамсыз келеді.

Психикалық    дамудың  кешеуілдеуі  –  ол 

пси   хикалық    патологияның  ішіндегі  кең 

тарал ған  түрі.  В.В.Ковалев  [3]  психикалық 

даму дың  ин теллектуальдық жетіспеулішіктің 

үш негізгі түрін атап көрсетті.

-  Дизонтогенетикалық  түрдегі  жетіспеу-

ші лік – психикалық дамудың кешеуілдеуінің 

меха ни змімен байланысты.

-  Энцефалопатиялық түрдегі жетіспеу ші  лік – бас 

миының органикалық жетіс пеу ші лі гі мен байланысты.

- Интеллектуальдық түрдегі жетіспеушілік 

–  есту  анализаторы  мен  көру  мүшелерінің 

ауыт қу шы лықтарымен байланысты.

Психикалық  дамудың  кешеуілдеуінің 

келе сі  этиопатогенетикалық  принципіне 

сүйе не  отырып,  Т.Е.Сухарева  психикалық 

даму дың интеллектальдың темптерін көр се-

те  біл ді.

  -  кемшілікті  қоршаған  орта  мен  жә не 

патологиялық  жағдайлармен  бай ла ныс ты-

ры луы;

Интеллектуалдық  кемшіліктің  ас те ния-



лық,  соматикалық жағдайларымен байланыс 

ты  рылуы;  Инфатилизмнің  әр  деңгейіндегі 

бұзы  лыс тары мен байланыстырылуы;

Екінші  интеллектуальдық  кемшіліктің 

есту,  көру,  жазу,  оқу  әрекеттерімен  байла 

ныстырылуы;

Интеллектуальдық кемшіліктің функцио-

нал дық – динамикалық және резидуальдық, 

орта лық  нерв  жүйесінің  зақымдануымен 

бай ла ныстыруға болады.

Психикалық 

дамудың 


кешеуілдеуін 

Ю.Г.Демьянованың  топтастыруының  келе-

сі дей түрлері көрсетілген:

Церебрастениялық синдромдары;

Психофизикалық  инфантилизм  синдром-

да ры;


Невропатологиялық синдромдары;

Балалар салдануының синдромдары;

Жалпы сөйлеу тілінің дамуының синдром-

да ры;


Есту  қабілетінің  бұзылысының  негізгі 

син дром дары;

Көру  қабілетінің  ауыр  жағдайларындағы 

синдром дары;

Соматикалық аурулар жағдайындағы син-

дром  дары.

Осы  аталған  психикалық  дамудың 

кешеуіл деуінің әрбір топтамаларына клини-

ка лық тұрғысынан сипаттама беріп кетсек:

Церебрастениялық синдром жағдайын да-

ғы психикалық дамудың кешеуілдеуі.

Бұл  топтың  негізгі  этиологиясы  –  жүк-

ті лік тің  немесе  туу  кезіндегі,  баланың 

алғаш қы  айларындағы  соматикалық  ауру-

лар ға  тап  болуы  және  ми  бөліктерінің 


74

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

соққыға  ұшырауымен  сипатталады.  Нев-

ро ло гия лық  зерттеулер  бойынша,  олар дың 

симтомдарында нерв жүйелерінің бұзы лыс-

та рының  болуының  өзі  анықталып  отыр. 

Бұл  синдром  көп  жағдайда  пайда  бо луы на 

байланысты,  көп  көңіл  аударғанды  қа

 

жет 



етеді. Оның бір бағытта болмауы, пси хи ка-

лық ауытқушылықты одан әрі ұлғайтады.

Электроэнцефалографикалық  зерттеулер 

нәтижесінде,  бас  миының  құрылымдарын 

тексере отырып, ми жүйелеріндегі локальды 

өзгерістерінің болғандығын дәлелдеп отыр. 

Осы  типке  жататын  балаларда,  әдетте 

кеңістікті  бағдарлауы,  естіп,  қабылдау,  ес-

те  сақтау  процестері  әлсіз  болады.  Ес те 

сақтауының  бұзылысынан,  балалар  қимыл-

дық  әрекеттерді,  сюжеттік  суреттердің 

топта ма ла рын,  сондай  –  ақ  ритмикалық 

сурет тер ді  естерінде  ұзақ  сақтай  алмайды. 

Жыл  мезгілдерінің аттарын, апталарды, ай-

лар  ды  тіпті  де  қысқа  өлең  шумақтарын  да 

ес те сақ тай алмайды.

Танымдық  қабілеттерінің  бұзылысы 

барысында – қабылдау мен ойлау процес те-

рі не  ерекше  мән  беріледі.  Мектепке  дейін-

гі  жастағы  балаларда  сөйлеу  тілінің  арт та 

қалушылығы басым келеді. Оқу проце сін де 

балалардың  цереброастениялық  син дром-

да ры  анық  байқалады.  Осының  негізінде, 

бала лар  пассивті,  ашуланғыш,  шыдамсыз 

күйін де болатыны белгілі.

Психофизикалық инфатилизм жағдайын-

да ғы  синдромдар.  Психикалық  даму  ке ше-

уіл  деуі нің бұл түрі үш түрлі деңгейде анық-

та  ла  ды. 

Жалпы  сөйлеудің  бұзылысы  кезіндегі 

пси хи ка лық дамудың кешеуілдеуі.

Сөйлеудің  бұзылуы  көбінесе  ойлау 

әрекет теріне  кері  әсер  береді.  Осы  уақытта 

вербаль дық  –  логикалық  ойлауда  дамудың 

кем шіліктері анық байқалуда.

Ойлаудың бұзылуы – ауыр жағдай кезінде 

де, мектептің жағдайына да кері әсер етеді.

Есту қабілетінің бұзылуының ауыр жағдайын-

дағы психикалық дамудың ке ше уіл  деуі.

Есту  қабілетінің  бұзылысы  –  көбінесе 

сөйлеу тілі қабілетінің бұзылысымен тығыз 

бай ланысты. Осы қатынастардың негізінде, 

саңы рау балаларда вербальдық – логикалық 

ой лау қабілеттері төмен болады.

Сөйлеу  тілі  қабілеттерінің  бұзылу  сал-

да рынан,  бұл  балалардың  түсініктері  де 

аз  болады.  Олардың  абстракциялау,  қа-

рым – қатынас жасау дағдылары ең төмен гі 

жағдайда  болатыны  анық.  Есту  қабі ле тінің 

бұзылысы  кезінде,  бұл  топтағы  бала лар-

дың  жалпы  жағдайлары  өзгеріске  ұшы-

райды.  Осы  уақытта  бұл  балалар  инфан-

ти лимзнің  қылықтарын  қайталай  оты рып, 

өзін  —  өзі  бақылаулары  шектеледі.  Осы-

ның нәтижесінде, саңыраулық -тың әсері ми 

қызметінің,  органикалық  жағынан  төмен-

де уі не  әкеліп  соғады.  Бұл  дегенеміз,  яғни 

цере броастениялық  синдромының  негізгі 

көрініс тері байқалады.

Көру  қабілетінің  ауыр  жағдайындағы 

пси хи ка лық дамудың кешеуілдеуі.

Көру  қабілетінің  артта  қалушылығы  – 

бала ның моторикалық сферасының бұзы лы-

сы на негіз болады. Сондай-ақ, кеңістікті бағ-

дар лауы  бұзылады.  Соқырлықтың  бұзылуы 

алуан түрлі әрекеттер негізінде анықталады: 

пән дік – маникулятивті; ойындық.

Көру қабілетінің ауыр жағдайында, яғни 

эмоциональдық  –  ерік  сферасы  бұзылады. 

Бұл топтағы балалардың барлығы тұйық тау, 

өзімшіл, өзідерінің әрекеттерін қоры тын ды-

лай алуы мүмкін.

Соматикалық аурулар жағдайындағы пси-

хи ка лық дамудың кешеуілдеуі.

Соматикалық  ауруларда  –  астениялық 

син дром дар  пайда  болады.  Осы  синдром-

дар физикалық және психикалық жағ дай лар 

кезінде  анықталады.  Көптеген  бала лар да 

эмоциялық  ерік  сфераларының  тұрақ сыз-

ды ғы мен  қатар,  ашуланғыш    жағдайдағы 

қылық тары  болады.  Осы  топтағы  балалар 

невроз дық   көңіл  –  күйде  болатыны 

анықталды. [4.37].

Пихикалық    дамудың  кешеуілдеуінің 

негіз гі себебі: эмоциональдық және сен сор-

лық  депривациялық  болып  табылады.  Пси-

хи ка лық  депривация  –  баланың  танымдық 

қабі ле ті нің белсенді болуының орнына, оның 



75

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

бұзылуына әкеледі, сондай – ақ психикалық 

ауытқушылықтың белгілері қалыптасады.

Психикалық 

дамуы 

кешеуілдеген 



балалар  бірініші  сынып  кезінде,  мектептің 

әлеуметтік  жағдайына  бейімделе  алмайды. 

Баланың  танымдық  қабілеттері  және 

эмоциональдық  –  ерік  сфералары,  көп 

жағдайда  қиындықпен,  мектептің  дағды ла-

рымен  байланыса  алады.  Осының  нәти же-

сінде  Ю.Г.Демьянованың  негізгі  топтас ты-

руы бойынша, психикалық дамуы кешеуіл-

де ген балалардың дизонтогенездік түрлерін 

анық тауға мүмкіндік береді.

Психикалық  дамудың  кешеуілдеуінің 

алуан түрлі симптомдары кездеседі, сондай – 

ақ психикалық функциялардың темптерінің 

тез пайда болуына мүмкіндік бере отырып, 

үшін ші  кемшіліктің  пайда  болуына  негіз 

бола ды. Психикалық кемшіліктердің ал дын 

алу  үшін  ерте  жастан  клиникалық,  пси хо-

ло гия лық  –  педагогикалық  диогностикалау 

жұмыс тарын  жүргізудің  маңызы  артып 

отыр. [5.10-11].

В.В.Лебединская мен Ю.Г.Демьянованың 

психикалық дамудың кешеуілдеуін әр түрлі 

көз  қарастар  бойынша,  топтастыруларында 

өзіндік  ерекшеліктері  мен  қасиеттері  бар. 

В.В.Лебединскаяның  психикалық  дамудың 

кешеуілдеуінде,  басқа  дизонтогенездік 

жағынан  айырмашылығы  барын  көреміз. 

«Дизонтогенез» ұғымының негізгі синонимі 

–  «Анамалияның  дамуы».  Дизонтогенез-

онто генез дамуының қандай да бір кезіндегі 

орга низм дамуының бұзылысы болып табы-

лады. Психикалық  дизонтогенез-психикалық 

функцияның жетілуі және реттілігі кезіндегі 

психикалық  дамудың  негізгі  патологиясы 

болып  табылады.  Психикалық  дамудың 

теже луі тұлға мен интеллект әрекетінің жү-

ре  пайда  болған  кемшіліктерін  ажыратып 

қарас тыруда қажет етеді.

ХХ ғасырда отандық ғылымда онто генез-

дің негізгі мазмұны, баланың пәндік әрекеті 

мен  қорытындылануы  деген  ұғыммен  ен-

гі зіл ді.  Онтогенезді  зерттеуде  балалардың 

пси хо логиясының  басты  негізгі  белгілері 

алын ды.  Осы  ретпен  онтогенез  үғымы 

педагогика  мен  психологияға  еніп,  жалпы 

психи каның  жеке  дамуының  үрдістерін 

берд і. Психикалық дамудың кешеуілдеуінің 

негіз гі  заңдары  деп  –  адамның  бір  жастан 

екін ші жасқа өтуіндегі психологиясымен қы-

лы ғындағы  болатын  өзгерістерді,  яғни  осы 

өзгерістердің  себептерін,  белгілерін  сипат-

тай тын өзгерістердің жиынтығын айтамыз.

Психика дегеніміз – адамның рухани күй 

және ішкі сезіміне, миға тән қасиет. Пси хи-

ка  биологиялық  эволюцияның  жемісі  жә-

не  жалғасы.  Ол  сыртқы  құбылыстар  мен 

заттардың  көрінісін  бейнелейді.  Ал  пси-

хи калық  дамудың  рефлекторлық  дамудың 

сипаты  –  оның  объективтік  жағдайға 

тәуелділігін, қабылдау жүйесі мен оның қыз-

ме тінің  атқару  заңдылықтарын  көрсетеді. 

Адамның психикасы, оның қимыл әрекетін 

реттейтін, қоғамдық қатынасқа бейімдейтін, 

жаңаша  бір  құрылымның  негізін  құрады. 

Осыдан адам психикасының дамуының жеке 

бір  тұлғалық,  әлеуметтілік  заңдылықтары 

қалыптасады.

Девианттық қылықтар қоғамда бекітілген 

нормаларға қарсы қылықтар жүйесі немесе 

жеке  қылықтар  болып  табылады.  Осындай 

қылықтар,  әлеуметте  қолдау  табатын  және 

осы  әлеуметте  қолдау  таппайтын  болып 

екіге бөлінеді. Әлеуметте қолдау таппайтын 

қылықтарға,  қылмыстық  іс-әрекеттер  және 

жөнсіз  әрекеттер  жатады.  Осы  тұрғыдан 

қарастырар  болсақ,  ауытқушы  қылықтар 

деп  –  адамның  орныққан  құқығы  немесе 

өн гелілік  нормалардан  ауытқитын,  осы 

нор ма ларды  бұзатын  құқытарды  айтады. 

Ауытқушы  қылықытар  балалар  мен  жас 

өспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын 

қолда ну ға  апарып  соғатын,  құқық  нор-

маларын үйретуді қажет етеді. Сондай – ақ 

ауытқушы  қылықтар  физиологиялық  жә не 

паталогиялық негізде де анықталып отыра-

ды.


Физиологиялық  негіздегі  ауытқумалы 

күй дің  (ашу,  ыза,  үрей)  психикаға  әсері 

күш  ті болғанмен де, адамды оның салдары 

үшін  жауап кер шіліктен  босатпайды.  Пата-

ло гиялық  негізде  ауытқымалы  қылықтар 


76

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

адамды бір сәтке сана – сезімінен айырып, 

мақ сатсыз, қауіпті іс-әрекеттер жасауға итер-

ме лейді. Бала организимі мен нерв жүйе сі-

нің дамуы негізінде, оның психикалық қыз-

меттерінің жұмыстары дами түседі. Пси хи-

калық қызметтің басты механизмі – ми дың 

үлкен  жарты  шарлар  қабығының  әре ке

  

ті 


болып  саналады.  Жалпы  психиканы  ай-

наладағы  объективтік  шындықтың  невр 

жүйе міз ге бейнеленуімен сипатталады.

Таным  процестерінің  (түйсік,  қабылдау, 

зейін,  ойлау,  сөйлеу  т.б.)  дамуымен  бірге 

баланың  психикалық  қасиеттері  қалып та-

сады. Осыған байланысты ойлаудың қабыл-

дағыштық,  бақылағыштық,  білуге  құш-

тар лық  тапқырлық,  ізденімпаздық  сияқты 

жағым ды,  болымды  жақтары  жетіле  түседі 

[6.62].

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  бала-



лар да,  сөйлеу  тілі  қызметінің  бұзылуы  жиі 

кездеседі.  Сөйлеу  тілінің  қызметінің  бұ зуы 

этиопатогенетикалық  фактролармен  ты ғыз 

байланысты. Психикалық дамудың кешеуіл-

деген  балаларда,  сонымен  қатар  психико 

маторлық  дамуының  бұзылыстары  да 

кездеседі. Психикалық дамуы кешеуілдеген 

бала  мектепке  барар  кезінде,  баланың 

білім  деңгейі  жеткіліксіз,  қоршаған  орта 

туралы  түсініктері  аз,  яғни  жүйелі  ойлау 

операциялары болмайды, бір бағытта интел-

лек туал дық іс-әрекеттері болмайды.

Ғылыми және практикалық зерттеулердің 

барысында психикалық дамуы кешеуілдеген 

бала лардың  білім  алуы  мен  танымдық 

қабі леттерінің  ерекшеліктеріне  ерекше 

көңіл  бөліне  бастады.  «Психикалық 

дамудың  кешеуілдеуі»  деген  тер мин  ба ла-

лардың  минимальдық  –  органикалық  же-

тіспеушілігімен орталық нерв   жүйелерінің 

зақымдануы деген мағынаны береді.

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  бала-

лар  арнайы  түзету  мектебінің  алтыншы 

түрін де  білім  алады.  Бұл  балалардың  эмо-

цио

 

налдық  –  ерік  сфералары  тұрақсыз, 



солар дың ішінде ойлау деңгейлерінің әлсіз-

дігі,  есте  сақтауының  төмендігі,  қабыл-

дауының  тұтастығының  болмауы,  зейін-

дерінің  шашыраңқылығы  сияқты  бел гі-

лерімен  сипатталады.  Психикалық  да му дың 

кешеуілдеуінің    паталогиясы  –  бас  миы-

ның  функционалдық  және  қимылдық  әре-

кеттермен байланысты. Бұл топтағы бала лар-

дың айырмашылығы: олардың оқу процесіне 

деген  үлгермеушіліктерінің  болмауы  мен 

оның танымдық процестерінің қызметтерінің 

бұзылыстарының  болуы.  Кейбір  аспектілері 

бойынша,  осы  эмоционалдық  ерік  сфе ра ла-

ры ның  бұзылыстары  кейде  жас  мөлшергеде 

байланысты өзгеріп отырады [7.5-6].

Арнайы  педагогикада,  дефектология 

ғылымында  психикалық  дамуы  кешеуіл де-

ген  балалар  тобын  ХХ  ғасырдың  орта сы-

нан  бастап  практикалық  жағынан  зерт теу 

жұмыстары  жүргізіле  бастады.  Дамуын да 

ауытқушылығы  бар  балалардың  таным-

дық  қабілеттерін  зерттеуде,  ең  алды мен 

олардың  эмоциясына  басты  назар  ау да рыл-

ды.  Осының  барысында  бұл  балалардың 

эмо ция сының,  көп  жағдайда  өзгеріске 

ұшырай тыны  анықталды.  Дамуында  ауыт-

қу шылығы  бар  балалардың  қалыпты  бала-

лар  дан  ерекшелігін  мынада:  оалырдың 

әлеу мет тік  ортаға  бейімделе  алмауынан, 

мі нез  –  құлықтарының  өзгеріп  отыруымен, 

іс-әерекеттерінің  бір  мақсатқа  бағыт тал-

ма ғандықтан  ерекшеленеді.  Сондай-ақ  бұл 

бала лардың  сабаққа  деген  үлгермеушілігі, 

таным дық қабілеттерінің бұзылыстары мен 

дағды ларының  ауытқушылықтарымен  де 

сипат талады.

Психикалық 

дамудың 


кешеуілдеуіне 

байла нысты 

өз 

пікірлерін 



ұсынушы 

М.С.Певзнер,  Т.А.Власова  баланың  эмоцио-

нал дық  ерік  сфераларының  қалыптасуына 

көп  көңіл  берумен  бірге,  нейродинамикалық 

бұзылулардың  жеке  сипаттамасына  да  ерек-

ше  назар  аударды.  Соған  сәйкес  психикалық 

дамуы  кешеуілдеген  балалардың  сипат та ма-

ларының негізін анықтап, яғни ол психикалық 

және психофизикалық инфан тилизм түріндегі 

анықталатын  және  ерте  балалық  шақтағы 

орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның 

организмінің  асте ния лық,  церебрастениялық 

жағдайларға ұшы райтынын анықтаған.


77

ҰЛТТЫҚ  ПСИХОЛОГИЯ

Қазіргі  таңда  ең  өзекті  мәселелердің  бірі– 

ол  оқу  процесіндегі  балалардың  дамуын 

-дағы  ауытқушылықтарды  дефференциалды 

зерттеудің  маңызы  болып  отыр.  Дамуында 

ауытқушылықтары  бар  балаларды  оқыту 

мен  тәрбиелеуде,  олардың  потенциальдық 

мүмкіндіктерін  тиімді  ескере  отырып,  бала 

бойындағы  кемшіліктерді  толықтай  компен 

-сациялауға  және  түзетуге  болады.  Ол  үшін 

үздіксіз  дайындық  пен  мамандардың  еңбегі 

қажет.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген 

балалардың  танымдық  қабілеттерін  тексеру 

үшін  тәжірибелік  эксперимент  жұмыстары 

жүргізілуі  керек.  Аталмыш  эксперимент 

психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалар-

ға  арналған  арнаулы  түзету  мектеп  немесе 

арнаулы балабақшасында ұйымдас ты ры ла ды. 

Анықтауышы эксперимент барысында пси-

хикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың 

таным дық  қабілеттерін  диагностикалау  мақ-

сатында мынадай зерттеу әдістері қол да ныл ды. 

Қабылдауын зерттеу;

Есте сақтауын зерттеу;

Ойлау қабілетін зерттеу;

Зейінін зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет