Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5927
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Использованная литература: 
1. Н.Ə.Назарбаев Қазақстан-2030. Қазақстан халқына ел Президентінің Жолдауы. Алматы: 
Білім, 1997. – 179 бет. 
2. Программа спецкурса «Гендер» КазГосЖенПУ. Алматы, 2000. 
3. «Қазақ аруы». Программа Казгосженпу. Алматы, 2010 г. 
4. Закон РК «Об образовании». 11 июня 1999. 
5. «Стратегия  гендерного  равенства  в  Республике  Казахстан  на 2006-2016 гг», 
утвержденная указом Президента РК от 29 ноября 2005 года № 1677. 
6. «Концепция гендерной политики в Республике Казахстан», 27 ноября 2003 года. 
 
Резюме 
Мақалада гендерлік саясат мəселесінің өзектілігі қарастырылады. 
 
Summary 
In this article will be considered an actuality of a problem of a gender policy. 
 
ҚЫЗДАРДЫҢ КИЕЛІ ОРДАСЫ ТУРАЛЫ БІР ҮЗІК СЫР 
(очерк) 
Жұмахан Құмар 
Жаңартпа технологиялар  
жəне білім беру мазмұнын  
ҒЗИ-ның инспекторы 
 
Қарасаң көзің тоймайтын əсем ғимараттың алдында тұрмын, бұл жерге келіп тебіреніп 
тұрған бөрікті мен ғана емес шығармын, көз алдымдағы көп қабаттың тақ төбесінде Қазақ 
Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті деген жазу тұр. Бұл арада талай арудың 
сыңғырлы  күлкісі  қалып,  талай  жігіттің  өзегі  өртенген.  Халық  жазушысы 
Ə.Нұршайықоваға  «Махаббат  қызық  мол  жылдарды»  жаздырған  Халима  апамыз, 
Ғ.Қайырбековке  «Алматыда  көшесі  бар  Гогольдың»  өлеңін  тудырған  Бəдеш  апамыз, 
əйгілі  З.Қабдоловтың  жары  Сəуле  апамыз  сияқты  қасиетті  аналарымыз  үлкен  өмірге 
жолдама  алған.  Алғашқы  түлектері  бүгінде  ақ  самайлы  əже,  ардақты  ана  атынып,  тіпті 
шөбересі осында студент болып қайта оралып жатқаны анық. Кешегі Домалақ ана, Қызай, 
Дина, Зере сынды асыл əжелеріміздің сіңілілері, талай ел бастаған ерлердің жарлары осы 
босағадан құтты орынына аттанған. 
Бұл  ортадан  заты  əйел  болса  да,  ер  азаматқа  бергісіз  артына  із  қалдырған  саңлақтар 
шыққан.  Қазақ  əдебиетінің  тарихын  түгендеп,  сөз  өнеріне  соны  соқпақ  салған: 
Ү.Сүбханбердина,  А.Смақова,  А.Бақтыгереева,  Ə.Бөпежанова,  əн  өнерінің  көгінде 
қалықтаған:  М.Ералиева,  Тамара  Асар,  Ұ.Айнақұловалар  білім  алып  қазақ  мəдениетінің 
көкжиегін кеңіткен. 
Сейфуллин  мен  Гоголь  көшесінің  қиылысындағы  осы  киелі  ғимаратқа  ат  басын 
тірегендегі мақсат – жігіттер үшін жұмбақ əлемнің құпиясына үңіліп көру еді. Жаны нəзік 
саналатын  өзімнен  жаратылысы  бөлек  əйел  затының  оқшауланған  ортасында  қайнап 

72 
 
жатқан  тіршілікті  тамашалу.  Кешегі  оң  босағада  өсіріп, «қанаттыға  қақтырмай, 
тұмсықтыға  шоқыттырмай»  əлпештеп  өсірген  қазақ  қызының  сіңілілерін,  бүгінгідей 
өзгеріске  толы  ғасырда,  ата-анасынан  бөлек  ортада  қалай  ержетіп  келе  жатқанын 
байыптау. Қолда қалам, ойда сұрақ, көңілде аздап қобалжу бар, ақыры білім ордасының 
босағасынан аттадым. 
Қолымда  ректорға  жазған  өтініш  хаттың  көшірмесі  бар,  осы  жолы  мен  бұл 
университеттің  ішін  еркін  аралап  жүрмін,  əрине, «Ұлттық  тəрбие»  журналының  тілшісі 
болғансоң əдепсіз қылық көрсетпейтініме сенімдімін. Бұл оқу орынының ашылған уақыты 
1944  жыл  деген  санды  көргенде,  сүйген  жар,  туған  баласын  соғысқа  аттандырып,  қара 
жолға  телмірген  аналарымыздың  бейнесі  көз  алдыма  келді,  бір  сəт  толқып  алға 
жылжыдым. 
Алғашқы  болып    бірден  байқалатыны,  дəліздің  іші  кілең  қыз,  бұрылуға  мұршасы 
болмай  асығыс  жүргені  болмаса,  айналаңа  қарасаң  қыздардың  жанарымен  ұшыраса 
кетесің.  Жайлап  жоғарғы  қабатқа  көтеріліп  келемін,  университет  ішінде  өзгешелеу  бір 
тыныштық  орнаған,  көзге  бірден  көрінетіні  ондағы  тазалық,  бəрі  де  ретті,  бөгде  тырс 
еткен дыбыс жоқ, əркім өз істерімен əуре болып жүр. Қайта төменгі қабатқа түсіп солға 
бұрылып  тіке  тарттым,  алдымда  университеттің  кітапханасы,  қысқы  демалыс  кезінен 
болар,  кең  залда  студенттердің  қарасы  аз.  Кітіпханашы  тəтемізге  университеттің 
«Ақтоты»  гезетін  беруге  өтініш  жасап,  алып  қарадым.  Мұнда,  ары-бері  ақтарылған 
парақтың сыбдырынан басқа ештеме білінбейді. 
Алғашқы  болып  пікірлескен  ұстаз  «Жалпы  педагогика»  кафедрасының  аға  оқытушы, 
педагогика  ғылымдарының  магистрі  Өтеева  Құндыз  Жұмашқызы  болды.  Ол  кісіден 
қыздарды оқшаулап оқытудың ерекшелігін сұрағанымда салмақты ұстаз: 
«Президентіміз  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  айтылғандай  «Ішкі 
саяси  тұтастық  пен  қоғамның  топтасуы  саяси,  идеологиялық,  діни,  этностық  немесе 
таптық мүдделерді біріктіруге бағытталған ұлттық салт-дəстүрлер мен ұлттық мəдениетті 
насихаттауға байланысты», - деді.  Демек, шалғай жатқан елді мекендерден келіп оқитын 
ару  қыздардың  терең  білім  мен  ұлттық  тəрбие  алулары  үшін    университеттегі  білікті 
мамандарымыздың еңбектері ерекше десек болады.  
Басқа ЖОО – қарағанда бұл оқу орыны  ұлттық тəрбиені көбірек бойларына сіңдіруге 
мүмкіндік  береді.  Қылықты  қыздарымыздың  болашаққа  нық  қадам    басуына,  олардың 
биіктерден көрінулеріне ықпалы өте жоғары деп санаймын. 
Жалпы педагогика кафедрасында оқытылатын пəндердің ерекшелігі қыздардың қандай 
мамандық саласын таңдағанына қарамастан, алға қойған мақсаттың бірі ұлттық тəрбиені 
үйрету  деп  санаймыз.  Қыздарға  ұлттық  тəрбие  бере  отырып,  оларды  адамгершілікке, 
инабаттылыққа, өз ұлтын құрметтеуге, өз ұлтына деген терең сүйіспешілігі мен мақтаныш 
сезімі арқылы басқа ұлттарды танып білуге ықпал жасаймыз. 
Кафедрада оқытылатын «Қазақ аруы», «Этнопедагогика», «Отбасы тəрбиесі»  пəндері 
арқылы  студенттерге  ұлтық  тəрбиенің,  салт-дəстүрдің,  отбасылық  өмірге  дайындаудың 
қыр-сырларын жəне т.б. көптеген ерекшеліктерін үйретеміз. Үлкенг - құрмет, кішіге - ізет, 
салауатты  өмір  салтын  сақтауларына  да,  біздің  университеттің  оқытушы-
профессорларының ерен еңбектері бар. 
Келісі  кездескенім,  Педагогика  жəне  психология  факультетінің  деканы  Қоңырбаева 
Сараш  Сахихқызы  болды.  Көпті  көрген  жүзі  жылы  ұстазға  қойған  алғашқы  сауалым 
ұлттық бағыттағы тəрбие жұмысы турасында болды. 
Ұлттық тəрбие мəселесі жаһандану заманында ұлтты қалай аман алып қалу деген өзекті 
мəселеден  туындаған.  Мемлекетіміздің  басты  саяси  мақсаттың  бірі  дамыған 50 елдің 
қатарына  ену  болса,  ұлттық  мəдениетті  саясатпен  қатар  алып  жүруіміз  керек.  Негізінде, 
педагогика  ғылымы  мемлекеттік  саясаттың  идеологиялық  құралы  спеттес.  Қазақстанды 
көп  ұлтты  дегеннен  көрі  унитарлы  мемлекет  деген  дұрыс,  біздің  өзге  елдер  сияқты 
автономиямыз жоқ, сондықтан, бұндағы барлық басымдылықтар қазақ халқына негізделуі 
керек. 

73 
 
Сондықтан,  біз  халқымыздың  өмір  тəжрибесінен  шыққан  қағидаларды  жəне  тұрған 
жеріне, тұрмыс-тіршілігіне, кəсібіне, өмір салтын басшылыққа ала отырып, студенттерге 
кəсіби  білім  берумен  бірге,  тəрбие  жұмысын  қатар  жүргіземіз.  Қазір,  ЖОО-да  «Боллон 
үдерісіне»  сай, «кредиттік  жүйемен»  сабақ  жүргізіледі,  ал,  онда  тəрбие  жұмысы 
қарастырылмаған, тек қана білім беру жағы ескерілген, ал бізде, бабамыздан мирас болып 
келе  жатқан  тəрбие  жұмысы  қатар  қолға  алынған.  Мұғалімдер  білімгерлерге  мəдениетті 
сөйлеу,  жүріс-тұрыс  сияқты  қарапайым  қағидалардан  бастап,  отбасында  берілетін 
тəрбиені  осында  жалғастыра  үйретіп  отырады.  Соның  нəтижесі  ретінде, «Қазақ  аруы», 
«Этнопедагогика», «Отбасы  тəрбиесі»  деген  сияқты  арнаулы  пəндерді  айтсақ  болады» 
деді. Мені елең еткізгені қазақ деген қастерлі сөзді қоса атаған пəн турасында болды. 
«Қазақ  аруы»  арнайы  курсы  гендерлік  мақсатты  негізге  ала  отырып,  өркениеттік 
үлгідегі  ойын  ұлттық  мүддемен  байланыстыра  білетін,  мінез-құлқы  мен  жүріс-тұрысы 
ұлттық  ділмен  ұштасқан,  кəсіптік-педагогикалық  имиджі  қалыптасқан  зиялы  əйел 
тəрбиелеуге бағытталған. 
Ару – сырты нұрлы, іші сырлы əйел затының сұлулығы мен əдемілігіне, адалдығы мен 
пəктігіне,  ақылы  мен  парасатына,  адамгершілігі  мен  ізгілігіне  теңестіріле  айтылатын 
өлшем.  Сондықтан,  бай  мағынаға  ие  «ару»  сөзін  мақтаулы  қазақ  қызына  тұмар  еткенді 
жөн санадық. 
Бізде оқитын студенттерінің дені – қазақ қыздары. Бүгінгі қазақ қызы – ертеңгі ана, бір 
отбасының  ұйытқысы.  Мемлекетіміздің  іргесін  қазақ  отбасылары  құрайтынын  ескерсек, 
ұлттық қалпымыз бен салтымызды, ұлттық санамыз бен рухымызды, діліміз бен дінімізді 
сақтайтын,  ең  бастысы,  ұрпағымызды  тəрбиелеп-өсіретін  қазақ  қызының  болашағына 
немқұрайлы қарай алмаймыз. 
Қоғамда  орын  алып  жатқан  келеңсіздіктер  қыздарды  айналып  өтіп  жатқан  жоқ. 
Керісінше,  астарына  теріс  пиғыл  жасырған  жаман  əдеттер  сүйкімді  жандар  арқылы 
таралуда. Қазақ қыздарының сипатына сын түсіріп жүрген: жасандылыққа бой алдырып, 
өзіне лайық келбетін жоғалтып алуы, ибаға жүгінбей, аруға тəн əдептен озыңқырап кетуі, 
отбасылық  тірліктерге  бейімделуді  қажет  деп  санамауы,  салауаттылыққа  нұқсан 
келтіретін  ішімдік  пен  шылымға  бой  үйретуі,  сол  арқылы  түрлі  ұяттан  аттайтын, 
қылмысқа бастайтын жағымсыз жағдайларда қыздардың аты аталуы тегін емес.  
Халқымыздың  атына  кір  келтіретін  сұрқай  көріністерге  қыздардың  араласуы – 
отбасындағы  тəрбиеден  кеткен  кемшілік  қана  емес,  қоғамдағы  ойсыраған  олқылық. 
Осындай олқылықтардың орнын толықтыру үшін барлық білім ошақтары өз міндетім деп 
тəрбие тізгінін қолға алуы – заман тудырған қажеттілік. Тəрбиенің таптаурын болған əдіс-
тəсілдерін  ығыстыра  отырып,  заманның  талабына  жастар  көзқарасымен  келісе  жауап 
іздеген  жөн.  Осыған  орай,  студент-қыздарымызбен  жүргізілген  сауалнамалар  жаңа 
бастамаларға негіз болды. 
Университет  студенттерінен  алынған  сауалнама  жауаптарына  сүйене  отырып, 
қыздардың  өздері  қалаған  мамандықты  терең  меңгеруден  бастап,  өмірлік  сұрақтардың 
бəріне жауап алуға құштарлығын, абыройлы ару болуға талпынысын, ерін күтетін аяулы 
жар, бала тəрбиесіне жауапты ұстаз-ана ретінде өзін көрсеткісі келетінін, бақытты жанұя 
жасау  үшін  отбасында  өзінің  жəне  басқалардың  этноəлеуметтік  рөлдеріне  деген  саналы 
құлшынысын анықтадық. Сондықтан, арнайы курстан өткен студенттердің игеретін білім-
білік  дағдыларын  жүйелеп,  жіктегенде  этноəлеуметтік  рөлдер  принциптеріне  сүйендік. 
Олар,  қазақ  аруы  ретінде,  педагог-маман  ретінде,  болашақ  жар  ретінде,  келін  ретінде, 
сыйлы жеңге ретінде, Абзал ана ретінде, кемеңгер əже ретінде. 
Енді алдағы студенттерімізге, тарихи дара тұлға арулардың  ерекше қасиеттерін талдау 
арқылы қазақ қызының жиынтық образын қалыптастыру, Отбасы тəрбиесінде өмірге негіз 
болатын  этноəлеуметтік  рөлдерді  атқаруға  даярлау,  Кез  келген  ортада  тіл  мəдениеті  мен 
шебер  сөйлеуді  дамыту,  Халықаралық  іскерлік  əдеп  нормалары  мен  ресми  ишара 
ережелерін  игеруге  бағыт  беру,  Сұлулық  пен  денсаулық  сақтаудың  басты  қағидаларын 
ұстануды  жəне  оны  жан  сұлулығына  үйлестірудің  құпияларын  меңгертуге  баулу,  Үй 

74 
 
шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру, Ұлттық саз аспабы 
–  домбырада  ойнау  арқылы  өмірге  қажетті  тұрмыс-салт  жырларын  үйрету  сынды  басты 
міндеттерді алдымызға қойым отырмыз» деді ақжарқын əпкеміз. 
Сөйлескен  адамдардың  осында  жастар  ұйымдары  жұмыс  жасайтынын  біліп, «Кіші 
ғылым акедемиясы» деп салмақтылау ат қойылған ұйымның төрайымы Оспанова Фатима 
қарындасыммен жөн сұрастым. Қазақтың өжет қыздарының бірі екен, іркілмеді. 
«Қазақ  Мемлекеттік  Қыздар  педагогикалық  университетінде  студенттер  айналысатын 
көптеген  ұйымдар  бар,  атап  айтсақ, «Жас  ғалымдар», «Жастар  комитеті», «Парасат», 
«Кіші Ғылым Акедемиясы».  Мұның ішінде «Кіші ғылым акедемиясына» келетін болсақ, 
2004  жылдың 18 мамырында  құрылған,  мұндағы  негізгі  мақсат,  мемлекетіміздің  білім 
жөніндегі  саясатын  іске  асыруға  қолдау  көрсету.  Студент  жастарды  бəсекелестікке 
қаблетті,  сапалы  білім  алуына  күш  салу.  Білікті  маман  болып  шығудың  жолын  саралай 
келе  міндеттер  мен  қызыметтерді  айқындадық.  Олар,  Біріншіден,  талантты  жастарға 
көмек  көрсету,  ғылыми  зерттеу  жобаларын  іске  асыруға  жəне  тəжрибелер  жүргізуге 
мүмкіндік беру. Екіншіден, республикадағы ғылыми зерттеу орталықтармен тығыз жұмыс 
істейді. Үшіншіден, басқа да ЖОО-лармен байланыста болып, ондағы білім жүйесін білу 
мақсатында  əр  тұрлі  олимпиядалар,  конференциялар,  дебаттарға  таланытты  жастарды 
тартады.  Төртіншіден,  университет  ішінде  жыл  сайын,  ғылыми-практикалық 
конференциялар  ұйымдастырылып,  дайындалған  жұмыстар  жарияланады.  Бесіншіден, 
түрлі конкурстар өткізіледі. Сондай, бұл ұйымға мүше студенттердің ұсынысы бойынша 
түрлі  мəдени  орындарға  бару.  Басқа  студент  жастар  ұйымдары  да  білікті  маман,  өнегелі 
ана тəрбиелеу деген идеяның төңірегіне топтасқан», - деді. 
ҚазМҚПУ-ға  жасаған  сапарымыздың  бір  парасы  осылай  аяқталды.  Бір  байқағанымыз 
мұнда  ұлттық  бағыттағы  көптеген  шаруалар  қолға  алыныпты.  Пікірлескен  жандар  өткен 
жылы  ғана  осында  ректор  қызметіне  келген  Нөкетаева  Динар  Жүсіпəліқызын 
мақтанышпен  айтты,  бұрыннан  қолға  алған  шаруаларды  аяқсыз  қалдырмауға,  жоғарыда 
айтылған  ұлттық  бағыттағы  тəрбиеге  байланысты  жүйелі  түрде,  кешенді  жұмыстар 
жүргізуді  қолға  алып  жатқанын  жеткізді.  Университет  ұстаздары  мен  білімгерлердің 
айрықша  алқауына  бөленіп,  ел  алдында  жүрген  апкемізбен  де  пікірлесудің  реті  келді, 
қоғамда  күн  тəртібінен  түспей  келе  жатқан  келелі  мəселелер  турасында  ой  бөлісіп, 
салмақты пайым жасады, білікті басшы ретіндегі өнегесін көрсетіп, жыл басында жұмыс 
ретке  келіп,  іс  жүргенше  бұрылуға  мұршасы  болмайтын    білім  ордасындағы 
қарбаластыққа  қарамастан,  журналға  сұхбат  беріп  үлгерді.  Тəуелсіз  мемлекеттің 
болашағы  үшін  өз  қатарластарынан  суырылып  шығып,  атқа  қонған  қазақ  қызының 
бойынан  айрықша  мейірімге  толы  нəзіктік,  ер  азаматқа  тəн  ерекше  мінез  бен  мол 
парасатты  байқадым.  Əрбір  мемлекет  қашанда  өз  азаматтарының  бойындағы  білімі  мен 
ақыл-парасатына зəру, ер болсын, əйел болсын бəрібір, ел тағдыры сөз болған сын сағатта 
кəдеге  жараса  болды.  Бұл  түрғыдан  Динар  апкеміздің  айрықша  болымысын  көрген 
студенттер  ертең-ақ  ұстаз  жолын  қуып,  қазақ  елі  үшін  жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей 
жүгірері даусыз. 
Білім  беру деген  ұрпақ  алдындағы  үлкен  жауапкершілікті  қажет  ететін  киелі  саланың 
басы-қасында болған соң, бір сəтке де немқұрайдылық деген болмау керек. Бұл тұрғыдан 
ҚазМемҚызПедУ-дың өз міндеін толық атқарып жатқанына осы жолы анық көз жеткіздік. 
Сөз басында айтқандай, кешегі оң босағада əлпештеп өсірген қазақ қыздарының жалғасы 
бүгінде, егемен елдің қамқорлығымен, замана көшіне сай біліктілікпен қатар, кешегі күн 
ескерусіз  қалған  ұлттық  тəрбиенің  қайнар  көзінен  қайта  нəр  алуға  мүмкіндік  туыпты. 
Жаһандануға  жұтылмаудың  алғышарттарын  жасап,  қаладағы  қайнаған  тіршіліктің  бір 
бұрышында  өзі  қолдарынан  келгенше  қарекетін  жасап,  ұлттық  баянды  болашағына 
өлшеусіз үлес қосып жатыр екен. 
 
Резюме 

75 
 
В  очерке  показана  история  создания  и  развития  Казахского  Государственного 
Женского  педагогического  университета,  его  место,  занимаемое  в  современном 
обществе. 
 
Summary 
In an essay shows the history of the creation and development of the Kazakh State Women 
Pedagogical University, his place occupied in modern society. 
 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 
 
Əуезбекова Ж.А. -  
«Экономика, есеп жəне туризм» 
 кафедрасының оқытушысы, 
ҚазМҚПУ 
 
 
Елбасы  Н.Ə.Назарбаев  қазақ  жұртына  «Алдымен  экономика,  сосын  саясат»  деп 
мемлекеттік  саясаттың  басты  ұстанымын  əуел  баста  айқындап  берген  болатын.  ХХІ 
ғасырда өмірдің бүкіл саласы айналып келіп экономикаға тəуелді болып тұр десек артық 
айтқандық  емес.  Осыны  ескерген  азаматтардың  барлығы  дерлік  экономикалық  арнаулы 
білімнің  болуына  мүдделі  болып  отыр.  Мұндай  қажеттілік  туындағанын  ескерген  ЖОО-
ның экономикалық білім беретін жүйесі күн санап өсіп жүйеленіп келеді.  
Бəсекелестікке қабілеттілік талабы бойынша мемлекеттің əрбір азаматы барынша жан-
жақты,  өзге  жұртпен  қарым-қатынаста  өзінің  біліктілігін  көрсету  керек.  Бұл  тұрғыдан 
алып  қарастыратын  болсақ  педагогикалық  оқу  орындарында  білімгерлерге,  бүгінгі  күні 
көш  басына  тұған  экономикалық  білім  берудің  орыны  айрықша.  Экономиканың 
мамандарға  сұранысын  қамтамасыз  ету  маңызды  əлеуметтік-экономикалық  міндет.  Осы 
маңызды  міндет  бойынша  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті 
Əлеуметтік-гуманитарлық  факультеті,  оның  ішінде  «Экономика,  есеп  жəне  туризм» 
кафедрасы жұмыс жасап келеді. 2001 тəуелсіздіктің 2 онжылдығына аяқ басқан жауапты 
кезеңде  өз  жұмысын  бастады,  бүгінде  құрамында 31 ұстаз  қызмет  атқарады,  елімізге 
белгілі  ғалым  Заманбек  Шуақбай  Заманбекұлы  жетекшілік  ететін  кафедра  содан  бергі 
уақытта  неше  мыңдаған  студентке    экономика,  есеп  жəне  туризм  саласы  бойынша 
арнаулы  білім  беріп  келеді.  Факультеттің  негізгі  миссиясына  үздіксіз  жəне  іргелі  білім 
беруді  қамтамасыз  ету,  халықаралық  сапа  стандарттарын  қолдану,  жаңа  білім 
технологияларын  енгізу,  еңбек  нарығында  бəсекеге  қабілетті  болу,  ойластырылған 
əлеуметтік саясатты жүзеге асыру негізінде ғылымның, білім берудің жəне инновацияның 
тығыз байланысқан түрдегі жаһандану ұстанымы негізінде жоғары біліктілікті кадрларды 
дайындауды  жүргізетін  заманауи  ғылыми-білім  беру  ортаны  қалыптастыру  болып 
табылады жəне осы мəселелерді ұлттық білім беру тұрғысынан саралайды. 
Ұлттық білім беру мəселесі тəуелсіздік сыйлаған ерекше құндылықтардың  бірі, бүгінде 
оның  бастамасы  басталып,  іргесі  қаланды,  енді  алдағы  уақытта  оны  дамыту,  бəсекеге 
қаблеттілігін  арттыру  деген  мəселелер  туындап  отыр,  ол  үшін  білім  алушыны  барынша 
толық  біліммен  қамту  маңызды.  Бүгінгі  күні  ғылым  мен  білімді  оқшаулап,  жеке-дара 
дамыту  нəтижесіз  əрі  тиімсіз  қадам,  себебі,  əлемдегі  көптеген  мемлекеттер  бір-бірімен 
тығыз байланыс орнатып, адамзатқа келер қауіпке бірге қарсы тұрып отыр, бұл тұрғыдан  
тəжірибе  алмасу,  пікір  бөлісу  өте  маңызды  шаруалардың  қатарында.  Осыны  ескере 
отырып  Қыздар  университеті  тəлімгерлердің  отандық  жəне  шетелдік  ЖОО-ларда  білім 
алуын жолға қойып отыр. 
Жоғары  біліктілікті,  алдыңғы  қатарлы  білімдерді  жинақтай  білетін,  креативті  ойлау 
қабілеті бар кадрларды дайындау үшін факультет базасы негізінде бірегей ғылыми-білім 
беру жəне инновациялық кешен ретіндегі инновациялық университетке айналу, еліміздің 

76 
 
инновациялық  экономикасы  үшін  үнемі  өзін-өзі  жетілдіру  жəне  интеллектуальды 
капиталды жинақтап көбейту сол арқылы еңбек нарығын қанағаттандыру мəселесін басты 
назарда  ұстап  отыр.  Нарықтық  экономика  жағдайында  экономикалық  кызығушылық 
адамдардың  экономикалық  белсенділігін,  ынта-ықыласын  арттыратын  негізгі  қозғаушы 
күш болып табылады.  
Қазіргі  кезде  Қазақстанның  білім  беру  жүйесінде  экономикалық  ойлауды 
қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен 
тəрбие  ісі  ерекше  маңызға  ие  болып  отыр.  Экономикалық  тəрбие  адам  бойында 
тəртіптілік, 
ұжымшылдық, 
ықыластылық, 
ұқыптылық, 
іскерлік, 
еңбектегі 
шығармашылық,  т.б.  қасиеттерді  дарытуға  өз  əсерін  тигізеді.  Сонымен  қатар,  адам 
өмірден  өз  орнын  табуға,  шешім  қабылдауға,  əл-ауқатын  жақсартуға  жағдай  жасауға 
бағыттап отырады. 
Тек  қыздар  білім  алатын  оқу  орынында  экономикалық  білім  берудің  орыны  тептен 
бөлек. Себебі, бүгінгі күні Қазақстан қоғамында гендерлік білім беру мен гендерлік теңдік 
мəселесі өзекті тақырыптардың бірі болып тұр. Мəселенің осы қырынан қарайтын болсақ, 
ұстаздық,  медециналық,  қаржы  саласында  басым  орынды  ұстап  отырған  əйел  адамдарға 
экономикалық білім беруді кешіктіруге ешқашан болмайды. 
Бүгінгі  күні  Қазақстан  Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастықтың  белді  мүшесі, 
əлемдегі айтарлықтай тұрақты жəне үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Осы 
халқаралық  ұйым  мен  дамыған  елдің  қозғаушы  күші  экономика,  оған  біздің  елдің  əрбір 
азаматы экономикалық сауатты қатысушысы ретінде атсалысуы керек. 
Экономикалық білім, экономикалық тəрбие, экономикалық мəдениет деген ұғымдарды 
əрбір азамат университет табалдырығында алып саралай білуі, əсіресе, осы саланы өмірлік 
жолым  деп  есептейтін  маманның  кешенді  білімді  игеріп  қоюмен  бірге,  тəжірибеніде 
игеруі маңызды. Себебі, экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім 
жүйесін  игеру,  экономикалық  есептеуде  іскерлік  пен  дағдыны  қалыптастыруда, 
өндірістегі іс-əрекет экономикасын талдау үшін қажет. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында:  Экономиканың  индустриялық-инновациялық  даму 
сұраныстарын  ескере  отырып,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  мазмұнының  құрылымын 
жаңарту,  экономика  салалары  үшін  кадрлар  даярлаудың  инфрақұрылымын  дамыту 
қатарлы  міндеттер  қойылған  болатын.  Ел  дамуының  стратегиялық  жоспарын 
айқындайтын осындай маңызды құжаттың əрбір тармағының маңызы зор, əрі оны елдегі 
барлық  білім  мекемелері  ескеруі,  нақты  тетіктерін  байыптап,  жүзеге  асыратын 
индикаторын жасап шығуы қажет.  
Университет - қоғамның қозғаушы күші, мемлекеттегі азаматтық ұстанымды айқындап, 
болашаққа  бағыт  беретін  ең  негізгі  орта.  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев  биылғы  Қазақстан 
халқына  жолдауында  «Қазақстандағы  адами  капиталдың  сапалы  өсуі»  деген  мəселені 
көтерді,  бұл  дегеніміз  мемлекетте  өмір  сүретін  əрбір  азаматтың  бойндағы  мүмкіндікті 
пайдалану, материалдық, рухани білімін іске асыру деген сөз. Осы талапты орындау үшін 
əрбір  білім  алушының  талап-тілегі  ескеріліп,  қоғамға  қажетті  мамандықты  игеру  керек, 
бұл  тұрғыдан  қарастыратын  болсақ  экономика  адам  өміріне  ең  керекті  мамандықтар 
қатарында. 
Кез-келген адам баласы туыла салған сəттен бастап өміріне араласа бастайды, дəрігер 
ме, заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме бəрібір керек, басқаша айтқанда, яғни, бүгінгі күн 
тұрғысынан алып қарасақ экономика байлыққа, бақытқа, таныштыққа барар жол. Əрине, 
шартты  түрде  бұл  тұжырымға  қарсы  келетіндер  табылар.  Бірақ  шындығында  бұл  пікір 
ақиқатқа жақын. 
Жалпы  алғанда  экономикалық  білім  ХХІ  ғасырдың,  болашақтың  талабы.  Осыны 
түсініп,  іске  асыру  ертеңіне  енжар  қарамайтын  халықтың  атқарар  ісі,  осындай  тарихи 
міндеті дамудың даңғыл жолына түскен біздің ел жəне елді басқарып отырған азаматтыр 
атқара алатындығына сенім кəміл. Алдағы уақытта ел үшін тер төгем деген қазақ баласы 

77 
 
базарда арба сүйрейтін қара жұмысқа емес, алақанындағы аз қаржысын ұршықша иретін 
икемді  болса,  төңірегіндегілерді  ұйымдастырып  жұмыссыздық  деген  бəлекетті  жоюға 
атсалысып, «əлеуметтің жағдайдың оңалуы» деген ортақ іске қарлығаштың қанатымен су 
сепкендей  болса  да  үлес  болатын  еді,  ол  үшін  жоғарыдағы  сөз  еткен  ғасыр  тынысын 
ашатын  экономика  деген  елеулі  саланы  игеріп, «жағдайды  дұрыстасақ»  деген  мəселенің 
түйінін  тарқатса,  тұрмысымызда  тапшылық  болмас  еді.  Қысқасы,  ұстараның  жүзіндей 
аумалы төкпелі заманда, күн тəртібінен түспеген осындай өткір сұраққа біздің ҚазМҚПУ 
жауап бере алады. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются проблемы экономического воспитания в КазГосЖенПУ. 
 
Summary 
In article are considered problems of economic education in the Kazakh State Female 
Pedagogical University. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет