Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


ЕҢБЕККЕ БАУЛУ ЖƏНЕ КƏСІПТІК БАҒДАР БЕРУДЕ МҰҒАЛІМДЕР МЕН



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5927
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

ЕҢБЕККЕ БАУЛУ ЖƏНЕ КƏСІПТІК БАҒДАР БЕРУДЕ МҰҒАЛІМДЕР МЕН 
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ РӨЛІ 
 
Ж.Түрікпен-Ұлы  
Абай атындағы Қазақ ұлттық  
педагогикалық университеті, Психологиялық-педагогикалық  
мамандықтар кафедрасының профессоры 
Ə.И.Бөлшекбаева  
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің PhD докторанты 
 
Пəн  мұғалімі  оқыту – тəрбие  жұмысының  мақсаты  мен  міндетін  өз  бағдарламасында 
негіздеп  алу  қажет.  Ол  сонымен  бірге  қоғамдағы  жасөспірімдерді  өмірге  жəне  еңбекке 
даярлаудың жалпы міндетін шешеді. 
Біздің  еліміздің  халық  шаруашылығы  бай  əрі  мол,  жыл  сайын  оның  салалары  артуда. 
Жаңа  мамандықтармен  бірге  əртүрлі  салаларға  мамандар  даярлайтын  мекемелер  көбейе 
түсуде. Барлық мамандықтар (7000-ға) туралы айтып өту мүмкін емес.  
Оқушыларды кəсіпті дұрыс таңдай білуге үйретудегі мұғалімнің міндеті:  
-
 
оларды мамандық пен еңбектің əртүрімен таныстыру; 
-
 
мамандыққа қызығуын, ерекшелігін, икемділігін біле отырып, оларды қоғамдық 
мəні бар еңбекке қалыптастыру; 
-
 
білімін одан əрі жалғастыру жəне жұмысқа орналастыру жөнінде оларға көмек 
беру.  
Бұл талаптар мұғалімнің өз пəніне сəйкес кəсіптік бағдар жүргізуі үшін теориялық жəне 
практикалық  даярлығын  қажет  етеді.  Теориялық  даярлық  бəрінен  бұрын  білімнің 
мақсатын,  кəсіптік  бағдардың  міндетін,  психологиялық-педагогикалық  мəселе  негізінде 
оның əдістерін белгілі пəнді оқыту шарттарына сəйкес жүзеге асыруды қажет етеді. 
Мектепте  мұғалім  кəсіптік  бағдар  беру  жөніндегі  білімді  берілген  мəселеге  арналған 
семинарларға қатысудан, өкімет қаулыларын оқып-үйренуден, соған сəйкес əдебиеттерге 
талдау  жасаудан  алуы  мүмкін.  Оқушыларды  оқыту  мен  тəрбиелеу  үрдісінде  кейбір 
сұрақтарды шешуде мұғалімге мектептегі əдістемелік жұмыс, кəсіптік бағдар беру бөлмесі 
мен бұрыштары нақты көмек беруі керек.  
Практика мұғалімнің белгілі пəнді оқытудағы кəсіптік бағдар беру əдістемесін əртүрлі 
шараларды (əңгіме, кездесу, экскурсия) өткізе білуін қажет етеді. Бұл үшін кəсіптік бағдар 
беру  бөлмесінде  таңдап  алынған  əдістемелік  нұсқаулар  əртүрлі  мерекелер  өткізудің 
жоспары мен жобалары болған жөн. 
Əр  уақытта  мамандар  құрастырған  дайын  кəсіптік  мағлұматтарды  табу  мүмкін  емес. 
Сондықтан əрбір мұғалім кəсіптік бағдар жөніндегі материалды жинақтаудың əдістемесін 
үйренуі керек. Бұл төмендегідей тізбекке жинақталуы мүмкін; 
а)  оқушыларға  бағыт-бағдар  беруде,  мектеп  оқушыларында  кəсіп  түрлерін  анықтау 
мақсатында жəне оқу бағдарламасын оқып-үйрену мен талдауда жүзеге асырылады; 
ə) кəсіптік даярлық бағдарламасын, кəсіптік-біліктілік мінездемесін оқу жəне талдау; 
б)  мекемелердің,  ұйымдар  мен  озық  жұмысшылардың  озат  тəжірибелерін  оқып-
үйренуде; 
Профессиографиялық карточкалар оқу пəндері бойынша жіктеледі. Оларды тəжірибелі 
мұғалімдер  құрастырады.  Олар  үнемі  жаңа  материалдармен  толықтырылып,  озат 
тəжірибелер  негізінде  өнделеді.  Бұл  əрбір  мұғалімнің  еңбек  өтіліне  тəуелсіз  кəсіптік 
насихат  жүргізуіне,  оны  оқу  пəндерінің  мазмұнымен  жоспарлы  түрде  байланыстыруға 
мүмкіндік береді. 

47 
 
Сабақ – оқыту үрдісінің негізгі түрі, сондықтан пəн иесінің сабақ барысында кəсіптік 
бағдар беру материалын нақты пайдалануы оқушыларды мамандықты дұрыс таңдап алуға 
даярлаудағы  бүкіл  мектеп  жұмысының  сапасына  байланысты  болады.  Ғылым  негіздерін 
оқып-үйрену  үрдісінде  оқушылар  білімінің  əр  саласында  қызығуы  қалыптасады. 
Мұғалімнің  негізгі  міндеттерінің  бірі – оқушыларға  белгілі  бір  пəнді  терең  əрі  ынталы 
оқуға үйрету. 
Мектептегі  сабақтар  кəсіптік  бағытта  жүру  үшін  пəн  иесі  түсіндіретін  оқу 
материалының  бағдарламамен  байланыстылығын,  сонымен  бірге  оқу  материалының 
оқушыларға  орнықты  əрі  мағыналы  əсер  етуін  қадағалайды.  Əлеуметтік  жəне  ғылыми-
техникалық  сабақтар  оқушылардың  танымдық  іс-əрекетін  ұйымдастырудың  негізгі  түрі 
болып саналады. Ғылыми жəне идеялық жоғары деңгейде өтілген əрбір сабақ оқушыларға 
белгілі  білім  негіздерін  беріп,  ойлау  қабілеті  мен  шығармашылық  іс-əрекеттерін 
арттырады. 
Химия,  физика,  биология,  математика  пəндерінің  мұғалімдері  сыныптан  тыс 
жұмыстарда  да  білімді  қалыптастыру  үрдісін  ашып,  көрсетуге  көбірек  көңіл  бөлу  керек. 
Бұл  үшін  оқушыларды  атақты  оқымыстылармен,  инженерлердің  өмірбаян  деректерімен 
таныстыру  тиімді.  Олардың  өмірі  мен  шығармашылық  ізденулері,  қарапайым 
жұмысшының еңбегі адамды құнды бақылаулармен, тəжірибелермен байытатынын, оның 
жоғары  дəрежедегі  шығармашылық  жəне  əлеуметтік  мəні  бар  ар-ұждандық  қасиеттерді 
қалыптастыратынын көрсетеді. 
Бағдарлама  тақырыптарын  оқытудағы  пəн  мұғалімінің  кəсіптік  бағдар  беру 
жұмысының негізгі түрлері мыналар:  
-
 
оқып-үйренетін материалмен байланысты мамандықтар туралы əңгіме;  
-
 
əр текті практикалық мазмұндағы есептерді шығару; 
-
 
теориялық конференцияларға, кештерге, олимпиадаларға қатысу; 
-
 
жоғары сынып оқушыларын еңбек бірлестігіндегі жұмыстарға қатыстыру;  
-
 
оқушы  прогресстің  қазіргі  деңгейіне  сəйкес  келуге,  осы  ғылымның 
перспективалық дамуын түсінуге ұмтылу керек. 
Жұмыстың  түрін  таңдап  алу  сабақтың  түріне,  материалға,  оқушылардың  жас 
ерекшелігіне  байланысты.  Өтілетін  тақырыпқа  сəйкес  мамандықтар  туралы  жаңа 
материалды түсіндіру, бекіту кезінде, не қорытынды сабақ кезінде айтуға болады. 
Оқушылар  əдеби  кітаптар,  ғылыми  көпшілік  əдебиеттер,  күнделікті  газет-
журналдардан  еңбек  түрлері  мен  мамандықтар  туралы  мол  хабар  алады.  Жоғарыда 
айтылғандар  кəсіптік  бағдар  беруге  ықпал  етуі  үшін  оқушы  оқығанын  түсініп,  сынап, 
бағалай білуі керек. Жалпы білім беретін мектептегі əдебиет пəнінің мұғалімі оқушыларға 
керекті  əдебиетті  таңдап  ала  білуге,  анықтамалықтар  жəне  каталогтарды  қолдана  білуге 
үйретуі қажет. 
Мектеп,  базалық  мекемелер  жəне  кəсіптік  мектептердің  (КМ)  біріккен  мəдени – 
көпшілік мерекелер мен спорттық кештерге көңіл бөліп, мəн беретін іс-əрекеттері кəсіптік 
бағдар  беру  жұмысының  құрамды  бөлігі  болғаны  жөн.  Олардың  мазмұнын  тек  ойын-
сауыққа  ғана  емес,  кəсіптік  мақсатқа  да  пайдаланған  дұрыс.  Тарихи  орындарға 
экскурсиялар,  туристік  жорықтар,  спорттық  жарыстар  оқушыларды – болашақ 
жұмыскерлерді  еңбек ету  парызын  түсінуге, өз  мамандығын  шын  сүюге  əрі  құрметтеуге 
тəрбиелейді. 
Бір пəннің немесе бір-біріне байланыссыз, əр түрлі пəндердің көлемінде адамгершілік – 
моральдық көзқарасты қалыптастыру мүмкін емес. Бүл үшін барлық пəндерді бір жүйеге 
біріктіру керек, сонда ғана белгілі бір сұрақтың мағынасын толық ашу үшін əрбір пəннен 
аралас ғылымдар көлемінде мəліметтер алуға болады. 
Кез келген кəсіптік міндет бір-біріне ұқсас емес əртүрлі ғылым көлемінде қызметкердің 
арнайы  білімі  мен  іскерлігін  талап  етеді.  Жоғарыда  айтылған  білім  мен  іскерлікті 
қалыптастыру  мектеп  көлемінде  əртүрлі  конструкторлық-техникалық  міндеттерді  жəне 
ұтымды  еңбек  операцияларына  негізделген  міндеттерді  шешу  үрдісінде  өтеді.  Еңбекке 

48 
 
үйрену  оқушыларға  еңбек  ету  барысында  ғылыми  заңдылықтарды  қолдана  білуге  жəне 
теориялық білімдерді іс жүзінде асыруға бағыт береді. 
Пəнаралық  байланыстарды  пайдаланып,  еңбекке  оқып-үйрену  барысында  оқушылар 
конструкторлық-техникалық элементтерді, материалдарды пайдалана білуді, механикалық 
технологияны, еңбек мəдениеті мен өндірістік эстетиканы аңғарады, сонымен бірге еңбек 
ету барысында олардың физика, химия, математика пəндерінен білімі тереңдейді. 
Гуманитарлық пəндерден мəліметтер алу оқушыларды еңбекке даярлау барысында зор 
рөл  атқарады.  Адамның  жан  сұлулығын  əдебиет  шығармаларында  ашып  көрсету 
оқушылардың  пайдалы  еңбекке  психологиялық  даярлығын  қалыптастырады.  Қоғамтану, 
тарих, экономикалық география оқушыларды əртүрлі формациядағы қоғамдық өндірістің 
əлеуметтік-экономикалық негіздері туралы білімдермен қаруландырады. 
Мектепте  кəсіптік  бағдар  беру  тəжірибесі  шебер  кадрлар  бар  жерде  оқушылардың 
кəсіпті өздері дұрыс таңдап алатынын көрсетеді. Мұғалімнің қазіргі кезеңдегі экономика, 
əлеуметтану,  медицина,  адам  анатомиясы  мен  физиологиясы  көлемінде  білімі  болуы 
керек,  еңбекк  ресурстарының  бөліну  жүйесін,  халық  шаруашылығының  құрылысын, 
кəсіптік  бағдар  берудің  психологиялық-педагогикалық  негізін,  кей  жағдайда  кəсіптік 
бағдар беретін материалдарды іріктеп алуды жақсы білуі жəне оны оқу-тəрбие үрдісінде 
дұрыс пайдалана білуі керек. 
Мектептің  кəсіптік  бағдар  беру  бөлмесінде  пəн  мұғалімдері  үшін  төмендегі 
материалдардың болғаны қажет:  
-
 
Оқушыларға  кəсіптік  бағдар  берудің  міндеттері  мен  бағыттарын 
белгілейтін  қаулылар; 
-
 
Кəсіптік бағдар беру мəселелері бойынша нұсқаулықтар; 
-
 
Республикада,  облыста,  қалада  өткізілетін    ғылыми-практикалық 
конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары; 
-
 
Мектеп жоспарындағы кəсіптік бағдар беру жұмыстары; 
-
 
Сынып  жетекшілерінің,  тəрбиешілерінің,  əдістемелік  бірлестіктер 
жетекшілерінің жұмыс жоспарларының үлгілері; 
-
 
Əр  жастағы  оқушылармен  өткізілетін  сынып  сағаттарына  бағдар 
беретін əңгімелер, лекциялар тақырыптары; 
-
 
Мектеп  пен  базалық  бірлестіктің  (мекеменің ) кəсіптік  бағдар  беруі 
үшін біріктіріліп жасалған жұмыс жоспары; 
-
 
«Мамандықты  қорғау», «Ең  жақсы  мамандық»  атты  байқаулар 
пікірсайыстар өткізу жоспарлары; 
-
 
Əр жастағы оқушылар үшін сауалнама үлгілері; 
-
 
Кəсіптік бағдар беру мəселелері бойынша əдістемелік əдебиеттер. 
Оқушылар  үшін  мамандық  таңдау  өте  күрделі  мəселе.  Мектеп  ұжымы  ата-аналармен, 
қоғамдық ұйымдармен бірге оқушыларға еңбек тəрбиесін жүйелі жүргізіп отыруы қажет.  
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 
1.
 
Жалпы  психология.  Орыс  тілінен  аударылған  оқу  құралы.  В.В.Богословский,  т.б. 
редакциясымен.  Алматы:  Мектеп, 1980. Аудармашылар:  Қ.Жарықбаев,  Ж.Түрікпенұлы, 
К.Қойбағаров т.б. 
2.
 
Жалпы психология. Жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы: 
Білім, 1996. Авторлары: Алдамуратов Ə., Түрікпен-Ұлы Ж. т.б.; 
3.
 
Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (психология очерктері). Алматы: Мектеп, 
1986. 
4.
 
Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы, 1962; 
5.
 
Түрікпен-Ұлы Ж. Оқушыларды кəсіпке бағдарлау. Алматы: ҚазБаспа-КТ, 2004; 
6.
 
Жалпы психологияға кіріспе. Оқу құралы. Жауапты редакторы проф. 
С.М.Жақыпов. Алматы: Қазақ университеті, 2007; 
7.
 
Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (психология очерктері). Алматы: Мектеп, 
1986. 

49 
 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  роль  учителя  и  классного  руководителя  в 
профориентационной работе со школьниками. 
 
Summary 
In given article the role of the teacher and the class teacher to professional orientation work with 
schoolboys is considered. 
 
 
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ ҮЙЛЕСУІ 
 
Ақтолқын Құлсариева -  
филос.ғ.д., профессор, мəдениеттанушы, 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
 оқу ісі жөніндегі проректоры 
 
Гендерлік  саясат  дəстүрлі  санамен  қабыспайды.  Қабысуы  мүмкін  де  емес,  өйткені 
дəстүрлі  сана  түгелдей  дерлік  патриархаттық  сана.  Бұл  сұрақ  құлдық  қоғам  мен 
демократия қабысады ма деген сұрақ секілді. Қайдағы демократия құлдық қоғамда?! 
Бірақ дəл осы жерде ойыннан от шығып кетпесін деп мен мынаны айтайын деп тұрмын 
– қазақтың бүгінгі қоғамы қатып қалған дəстүрлі қоғам деп кім айтты сіздерге? Біз не əлі 
күнге  көшпелі  тіршілік  кешіп  жүрміз  бе,  біз  жапандағы  жалғыз  аралда  тұрамыз  ба  əлде 
ХХІ  ғасыр  біздің  жерді  айналып  өтті  ме?!  Ғасырға  жуық  кеңестік  дəурен  болмады  ма?! 
Əлде  қазіргі  модернизация,  əлеуметтік-экономикалық  жаңғыру  деген  біз  үшін  жай 
дақпырт сөз бе?! Қазақ киіз үйін тастап топырақтан салынған үйге көшкелі бері дəстүр сан 
мəрте өзгергені мəлім. 
Рас,  қазақ  халқы  ежелден  ұл  бала  мен  қыз  баланың  еңбек  тəрбиесін  бөліп  қараған. 
Дəстүрлі  мəдениетке  үйлесімді  құндылықтарға  сай,  қазақтар  ұлды  мал  бағуға,  отын 
шабуға,  қолөнер  шеберлігіне,  мал  табуға,  отбасын  асырауға,  ал  қыз  баланы  ас  пісіруге, 
кесте  тігуге,  өрмек  тоқу  сияқты  үй  ішінің  ішкі  жұмыстарына    баулып  отырған.  Ол 
түсінікті  де,  өйткені  табиғаттың  ыңғайындағы  ауыр  еңбекке  негізделген  дəстүрлі 
қоғамда еңбек бөлінісі солай қалыптасқан: түз адамы жəне үй адамы, даладағы ауыр да 
қауіпті  еңбек  адамы  жəне  ұрпақ  амандығын  күйттеген  үй  тіршілігінің  адамы. 
Патриархаттық  санада  қоғамдық, отбасылық  өмірде  əйел  мен еркек  рөлдерінің  ара  жігін 
ашып, ажыратып тастау орын алады əрі ол сол заманның қажеттілігінен туындаған заңды 
құбылыс. 
Бірақ ол заман қайда қалғаны... Қазір тарихи сахнада ғылым-білім, техника-технология, 
бұқаралық ақпараттық құралдар заманы, сауаттылық заманы. Біліктілік заманында, кəсіби 
мамандану  заманында  бастапқы  еркек  пен  əйелдің  табиғи  жаратылыс  ерекшеліктерін 
ескерген  патриархаттық  еңбек  бөлінісі  де  күрт  өзгерістерге  ұшырап  отыр.  Қазірде  атам 
заманнан ер ісі болып есептелетін салада əйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де 
болса  мойындайды.  Енді  өздеріңіз  қараңыздар – көлікті  де  жүргізу,  ұшақты  да  басқару, 
тіпті, ғарыш кеңістігіне де жол тарту əйелдер үшін қиял емес, шындық қой?!  
Дəстүрдің  де  жақсысы  бар,  жаманы  бар,  кертартпасы  бар  демекші...  Заманға  сай 
жаңашыл  қатынастарды  уағыздайтын  салт-дəстүрлер  қалыптастыруға  болмайды  деп  кім 
айтты? 
Ал ұлт ұғымын біз азаматтық ұстаным тұрғысынан талдайтын болсақ, онда гендерлік 
саясат қазіргі заманауи ұлттық тəрбиемен қабысары сөзсіз. Өйткені біз қазір егеменді ұлт 
қалыптастыру  үстіндеміз  əрі  тағы  қайталап  айтамын – бұл  тұстағы  ұлт  азаматтық 
мазмұнмен байытылған, яғни ұлт дегенде тек қаны қазақ туралы сөз қозғалып тұрған жоқ, 
ұлт  дегенде  қаны  қазақ  болмаса  да  ортақ  мекен – Қазақстанның  күйін  күйттеген 

50 
 
азаматттардың  барлығы  туралы  айтуымыз  керек.  Мысалы,  француз  дегенде  оның  ақ-
қарасын  ажыратып  жатпайсың  ғой,  сол  сияқты,  қазақ  дегенде  оның  қазақ-орысын 
ажыратып  жатпайтындай  күнге  де  жетеміз  деп  ойлаймын.  Осы  кездің  өзінде  шетелге 
барғанда Қазақстанның орысын ешкім орыс демейді, оған қазақ дейді. 
"Гендер"  деген  бір  ауыз  сөз  айтылса  болды  еркектердің  құқына  қол  сұғылып,  оларды 
əйелдер  тұғырынан  тайдырардай  орынсыз  өре  түрегелу  біздің  қоғамда  əлі  де  болса 
кездеседі.  Гендерлік  ізденістер  тұрпайы  түрде  əйелді  еркекке  теңестіру  үшін  күрес 
қозғалысы  сияқты  қабылданады,  сөйтіп,  оның  мүмкін  еместігі  жайында,  жаратылыстан 
берілген  өзгешеліктер  барлығы  жайында  əңгіме  басталады.  Ол  артық  əңгіме.  Ол  біздің 
жаратылысымыз,  одан  ешкім  қашып  құтылмайды.  Бұл  күндері  ол  туралы  да  іркіле 
сөйлеген жөн, өйткені жынысын ауыстырып жатқандар қаншама...  
Бірақ  мəселе  сол  биологиялық  тектің  біздің  тағдырымызды  о  бастан  бағдарлап  қояр-
қоймастығында.  Табиғаттан  «маңдайға  жазып  қойған»  əлеуметтік  рөлдер  жоқ.  Дүниеге 
«шыр»  етіп  келген  нəрестелердің  жыныс  мүшелерінен  басқаларының  барлығы  бірдей. 
Біреуіне  басымдық,  екіншісіне  бағыныштылық  сынды  қасиеттерді  дарытатын  тəрбиелеу 
процесі жүреді. Гендерлік ізденістер соның түп-тамырын зерттейді, түсіндіреді.  
Əрине,  таза  еркек  жұмысы,  таза  əйел  жұмысының  болатындығы  миға  қонымды. 
Мысалы, қауіп-қатері мол, қол қауқарын қажет ететін  мамандықтар əлі күнге дейін, жүз 
жерден техника күрделеніп, адам жұмысы жеңілдеп жатса да кездеседі. Мысалы, құрыш 
құюшы,  жол  жөндеуші,  жүк  тасушы,  күзетші,  т.т.  Ол  жерден  əйел  баласын  кезіктіру 
екіталай – мейлі  ол  қаншама  феминистік  тəуелсіз  санасы  мықты  əйел  болса  да  əлі 
келмегенмен əлек болмайды ғой.  
Бұл тұста бəрі түсінікті, ондай бөліністі ешкім де гендерлік дискриминация (жынысына 
қарап  кемсіту)  деп  қабылдамайды.  Ал  енді  жыныстың 
физиологиялық 
мүмкіншіліктерімен  шектелмеген  салаларда,  мысалы,  саясат  пен  басқару  саласында 
əйелдердің  өз  орнын  табуына  мүмкіншілігі  жеткілікті,  өйткені  ол  жерде  қара  күш  емес, 
біліктілік  пен  қабілеттілік  қажет.  Міне,  дəл  сол  жерде  гендерлік  теңсіздік,  гендерлік 
дискрминиация белең беріп қалады.  
Түсінікті болу үшін айтып кетейік, бірінші жетекшілікте, үлкен саясатта əйелді көргісі 
келмейтін  еркектер  тым  көп.  Олардың  түсінігінде  əйел  тым  енжар,  тым  сезімтал,  тым 
көңілшек, тым ашық... Ал бастық болу үшін белсенді, тəуелсіз, өзіне аса сенімді, адуынды, 
қайратты  болу  қажет  деп  біледі.  Сондықтан  шығар,  саясат  пен  басқару  əзірге 
жаулықтылардың  емес,  шекпен-шалбарлылардың  еншісінде  болып  тұр.  Соңғы  бір 
мəліметтер  бойынша,  бізде  шамамен  ерлердің 80 пайызы,  ал  əйелдердің  бар  болғаны 20 
пайызы  ғана  саясатта  көрінеді.  Теңсіздік  пе?  Теңсіздік.  Ал  Президент  қол  қойып, 2005 
жылы қабылданған гендерлік саясат бойынша ол көрсеткіш 30 пайыз болуы тиіс еді.  
Замануи  талаптарға  жауап  берерлік  қатынастарға  ешкімнің  өз  бетімен  бара  қоярлық 
құлқы  жоқ  екенін  білгендіктен,  қоғамның  əйелдердің,  ең  болмаса,  əлеуметтік-құқықтық 
қорғалуын жақсарту талаптарын тіке қойғаны жөн деп ұғамын. 
Жалпы  біліктілікті  қажет  ететін  саясат  саласында  қара  күш  те,  шаруашылыққа 
ыңғайлылық  та  маңызды  емес  қой,  өйткені  жыныс  адамның  хас  шеберлігі,  білікті  нағыз 
маман  болуына  еш  кедергі  етпейді  ғой.  Соны  іс  жүзінде  дəлелдеп  беріп  отырған  озық 
елдер  де  баршылық.  Бəрімізге  белгілі,  ат  төбеліндей  ғана  тұрмыс  тіршілігі  мықты, 
дамыған  елдерде  ғана,  əсіресе,  Скандинавия  түбегінде  саясаттың,  басқару  ісінің  ірі 
тұлғалары  арасынан  əйелдерді  көптеп  кездестіруге  болады.  Ол – санадағы  түбегейлі 
төңкерісті  қажет  етері  сөзсіз.  Ол  үшін  отбасынан  тысқары  жерде  өзін  көрсете  білу,  өз 
əлеуетін жүзеге асыру тек еркекке жарасты деп түсінетін патриархаттық санадан арылып, 
біліктілігі, қайрат-қуаты жетсе əйелге де орын бар деген кеңшілік қажет.  
Жеке өз басым жыныстың биологиялық айырмашылықтарын қоғамда жəне отбасында 
əйелді еркекке басыбайлы етіп беру құралына айналдыруды қабылдамаймын. Талабы бар, 
біліктілігі жеткілікті əйел баласы əйел болып туылғандығы үшін ғана шеттетілуі тиіс пе?! 

51 
 
Соған  сай  орынды  білімі  де,  қабілеті  де  жеткіліксіз,  бірақ  əйтеуір  шалбар  киіп  жүр  ғой 
деген ер адамға беру əділет пе?! 
Сонымен, гендерлік тақырыптың негізгі мəселесі – ешкімді, оның ішінде, əйел баласын 
да, жынысына ғана қарап кемсітуге, қор санауға болмайтындығы. Ол екі жыныс өкілдері 
үшін де, яғни əйелге де, еркекке де бірдей маңызды, ол – қос жыныс өкілдерінің келіссөз 
стөліндегі тең диалогы деп түсінемін.  
Əйел эмансипациясы - əйел болмысының өзгеруі 
Бұл тақырып əйел болмысының қоғам мен мəдениет қойнауында болып жатқан күрделі 
жаңашылдықтар негізінде өзгеруінен туындаған тақырып. Тіршілік тынысы өзгерді, заман 
өзгерді, ал сана консервативтілік (керек десеңіз, кертартпалық) танытады. 
Осы біз əлеуметтік теңсіздікті: қаржылық, мүлікті теңсіздікті азайту, тіпті, болдырмау 
үшін күресеміз дейміз. Сол əлеуметтік теңсіздіктің бір түрі – гендерлік теңсіздік екенін 
екінің бірі біле бермейді немесе оны еріккеннің ісі деп байқағысы келмейді. Қандай да бір 
мəселенің бар екені мойындалып, ол туралы дискурс жасалғанда, яғни ой қозғап, əңгіме 
етілгенде  ғана  сол  мəселені  шешу  жолдары  бірден  табылмаса  да,  бедерленіп  анықтала 
басталатыны  белгілі.  əйелді  жынысына  қарай  кемшін  санау  немесе  оны  тек  еркек 
лəззатының  объектісі  деп  затқа  айналдыра  қарау,  соған  сай  қатынастар  құру,  соған  сай 
дəстүрлердің  болуы,  соған  сай  БАҚ  қызметі  (жарнамалардағы,  фильмдердегі  жалаңаш 
əйел бейнелері) жəне т.б. Ал əйел зат емес – керек кезінде пайдаланып, керек емес кезінде 
зат сияқты жаңарағына ауыстыра салатын. Əйел де адам баласы.  
Осы  көтеріліп  отырған  гендерлік  теңсіздік  мəселесі  дəл  бүгін  шешімін  таба  қояды 
деуден  аулақпын,  өйткені  мыңдаған  жылдар  бойы  адамзат  мəдениетінде  қордаланған, 
оның  тілі  мен  салт-дəстүрлерінде  шегеленген  дүние  қоғамдық  сананың  оған  деген 
байыпты да терең көзқарастар арқылы жүйелі өзгеріске ұшырауын талап етпек.  
Гендерлік  саясатты  бүкіл  демократиялық  үрдістерден  көз  жазбаған,  озық  дамыған, 
бəсекеге  қабілетті  елдердің  барлығы  да  ұстанады.  Гендерлік  теңдік  мəселесін  өз 
саясатының  күн  тəртібінен  түсірмей,  тек  қана  сөз  жүзінде  айтып  қана  қоймай,  іс  жүзіне 
асырып  отырған  скандинавиялық  елдер  (Швеция,  Финляндия,  Норвегия  жəне  т.б.), 
Еуроодаққа  кіретін  елдер  əлемдік  аумақтағы  көптеген  көрсеткіштер  бойынша  ең  озық 
дамыған  елдер.  Ендеше,  əлемдегі озық 50 елдің  қатарына  кіреміз десек,  интеллектуалды 
ұлт  боламыз  десек,  бізге  де  байыпты  гендерлік  саясат  қажет.  Ұлт  тек  қана  еркектерден 
тұрады  немесе  интеллект  тек  қана  еркектің  маңдайына  жазылыпты  деп,  шүкір,  ешкім 
бетбақтана қоймас деп ойлаймын. 
Көбіміз,  дəстүрге  сай,  əйелдің  орны – от  басы,  ошақ  қасы  деп  анықтаймыз.  Солай 
болғанын  ерлер  қалайды  да,  бірақ  үйдегі  отырған  адамның  еңбегі  көзге  көрінбейтіндігі, 
əлеуметтік  мəртебеге  ие  болмайтындығы,  жалақы  төленбейтіндігі – заңды  нəрсе  сияқты 
қабылданады,  сондықтан  "ақшатапқыш"  еркектер  өзінің  экономикалық  үстемдігін 
пайдаланып, əйелін басыбайлы құлындай көреді. Бəрі демейін, арасында көзі ашықтары, 
өресі  биіктері  де  бар  шығар,  дегенмен,  көбі...  Бұның  бəрі  де  əйел  баласының  өзін  өзі 
сыйлауына,  өзіне  өзінің  сеніміне  нұқсан  келтіреді.  Əйелде  жеке  бас  қадір-қасиеті  жоқ 
сияқты,  ол  тек  өзінің  күйеуі  мен  балалары  үшін  өмірін  құрбан  етуі  керек  сияқты,  ал 
əлгілер соны заңды, қалыпты жағдай деп қабылдауы керек сияқты. 
Əйел  жұмыс  істеймін  деп  бала  тəрбиесін  ұмытты  деп  қаралайтындар  мəселенің 
тереңіне  үңілді  ме  екен?  Рас, "үйде  отыратын  əйелдер"  де, "жұмыс  істейтін  əйелдер"  де 
біртекті  емес.  Қазақша  айтқанда, "біреу  тоңып  секірер,  біреу  тойып  секірердің"  кері. 
Мұнда  жанұяның  ауқаттылығы,  діни  көзқарастары,  көрген  тəрбиесі,  əлеуметтік 
қамқорлық  деңгейі,  балаларының  саны  мен  жас  мөлшері – бəрі-бəрі  маңызды  рөл 
атқарады.  Біреудің  жұмыс  істемей-ақ  бала-шаға  қасында  отырғысы  бар  шығар,  бірақ 
жағдайы  көтермейді,  келесісі,  керісінше,  бəрі  жеткілікті  болған  күннің  өзінде  кісендеп 
қойсаң  да  үйде  тұрғысы  жоқ.  Ал  жұмыс  істейтін  əйелдің  күйі  де  жетісіп  тұрған  жоқ. 
Бірінші "сменаны" жұмыста атқарып келіп, екінші сменаны үйінде жасап тынады.  

52 
 
Қаражаттық басыбайлық, үй жұмысының əлеуметтік мəртебесінің төмендігі, кейбір "ұр 
да  жықтардың"  ұзын  жұдырығы,  меніңше,  əйелді  өшірмесе,  өсірмейді.  Ендеше,  адами 
парасаттылыққа салып, соның қазіргі заман төрінде жөн еместігін түсініп, əйелге қырын 
бермей,  оның  бойынан  аспазшы  мен  кір  жуғыштан  бөлек  тұлғалық  қасиеттерді 
құрметтейтін заман туды деп білемін.  
Гендерлік теңдік, гендерлік баланс сарынындағы осындай ойлар терең түсінген адамға 
адам құқығымен астасып жатыр ғой, одан қоғам ұтылмайды, ұтпаса. 
Ендеше, оған ер кісімен теңдей қарау керектігін алға қоятын мəселенің терең түбінде 
–  барлығына  бірдей  өз  бойындағы  тұлғалық  əлеуетті  көрсете  алатындай  əлеуметтік 
мүмкіншілік  беру  мақсаты  тұр.  Керек  десеңіздер,  гендерлік  саясат – елдің 
демократиялануының  бір  тетігі.  Қызыңнан  өз  жеке  басының  шешімін  қабылдай  алатын 
тұлға тəрбиелеп шығасың ба əлде жасық та жалтақ үй қызметшісін даярлайсың ба – ерік 
жалғыз  өзіңде  ғана  емес,  сені  қоршаған  мəдени-əлеуметтік  шындықта  да  болып  тұр. 
Мəселенің тереңі міне осында жатыр.  
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  совместимость  гендерной  политики  и  национального 
воспитания. 
 
Summary 
This article discusses the compatibility of the national gender policy and education. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет