Этностық тұлғаның (рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың) ең бірінші тұлғалық
ерекшелігі, оның ана тілі болып табылады. "Ана тілі халық болып жаралғаннан бергі
жан-дүниенің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін, мəңгі құламайтын бəйтерегі.
Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп,
сақтап отыратын қазынасы" дейді ғалым, жазушы Ж.Аймауытов. Оның үстіне
"Адамдардың қоғамдасып тіршілік етуі үшін материалдық жағдайы мен тарихи
жағдайының бірлігі қажет".
33
Этностық тұлғаның өзіне тəн тағы да бір ерекшелігі - оның тұрмыс тіршілігінде
қолданатын қару-жарақтары мен құрал саймандары, қол өнері, өндірістік, шаруашылық
өнімдері т.б.
Этностық тұлғаның қалыптасуында қоғамдық, əлеуметтік, тарихи жағдайлар оның
психологиясын да сол үрдістерге сəйкес қалыптастырады. Жағрафиялық, тарихи,
əлеуметтік, қоғамдық тіршілігіне байланысты тілі, ділі, психологиясы, тұрмыс-тіршілігі,
əдет-ғұрпы, салт-санасы өз ерекшеліктерімен қалыптасқан қоғамдық бейнесі бар тұлғаны
этностық (яғни ру, тайпа, халық, ұлт) тұлға дейміз.
2.Қазақ халқының этностық атауы (қазақ) 1-ғасырдан бастап белгілі, оның
этнопедагогикалық нұсқалары VІ-VII ғасырдан басталады. "XV ғасырдың 50-60 жылдарында
көшпелі өзбектер мемлекетінен Керей мен Жəнібек бастаған тайпалар бөлініп
шыққаннан кейін, олар біржолата қазақтар деп аталатын болды... Шу мен Талас өзендері
алқаптарында қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының бас қосып, нығаюына жəне
оларға туыстас тайпалардың қосылуына жол ашты. Қазақ хандығының құрылып, жеке
мемлекет болуы ХVІ-ХVП ғасырды
қамтиды" (С.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының
теориялық негіздері мен тарихы. -Алматы. 1998.).
Қазақ халқының этностық тұлға ретінде тарихта қалыптасып, əлемге айқындала
бастауы, оның этнопедагогикалық ерекшеліктерін де дамыта берді.
Қазақ халқының халық педагогикасы өзінің ұлттық (халықтық) ерекшеліктерін
молайтып, жан-жақты əдебиеті барлық жанрда, салт-дəстүрлері тұрмыс-тіршілігіне
байланысты алуан салада дамыған үстіне дами бастады. Ұлттық тəлім-тəрбиелік ойлар
дамып, ғұламалардың тəрбиелік ойлары жарияланып, дала данышпандарының даналық
тəлімдері халық тəрбиесіне (ұлттық тəрбиеге) əсерін тигізді. Сөйтіп, қазақ даласында
халық педагогикасы дамып қалыптасты. Қазақ халқының ұлттық тəрбиесінің
теориялық негізі - қазақ халық педагогикасы, яғни ұрпаққа тəлім-тəрбие беретін
ұлттық əдебиет пен халықтың салт-дəстүрлері, ұлттық мəдениеті жəне педагогикалық
ойлар. Ұлттық əдебиет (көбінесе ауыз əдебиеті) ұлттың тарихи тіршілігіне, əлеуметтік
жағдайларға, жағрафиялық жəне табиғи жағдайларға байланысты дамыды.
Жонғариямен 500 жыл соғысып, орыс империясының тепкісінде 300 жыл күресіп,
азаттықты аңсаған қазақ халқының ұлттық əдебиеті ел ұрпағын ерлікке, бірлікке
тəрбиелейді. Халықтың əдебі, дəстүрі, салты ұрпақты сол бірлік пен ерлікке тəрбиелеу
мақсатын орындауға лайықты қалыптасты.
Ұлттық əдебиет, халықтың салт-дəстүрлері қажырлы күрес арқылы қалыптасқан
ұлттың санасына сіңіп, салт (заң) болып қалыптасты. Сөйтіп, ол тəлім-тəрбиенің
басты құралына айналып, қазіргі қалыптасқан қазақ этнопедагогикасы ғылымының
негізгі бір саласы ретінде, ғылымға негіз болды.
«ІХ-Х ғасырларда Ұлы Түркі қағанаты бірнеше мемлекеттерге (Қарлұқ, Түркеш,
Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлініп, Араб Халифаты империясының
Орта Азия мен Қазақстан территориясына үстемдік жүргізуіне əкеліп соқты. Арабтар
ислам дінін уағыздаумен бірге ғылым мен білім де əкеледі, нəтижесінде түркі
халықтарының ұлы ғұламалары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи,
Қашқари, Иассауи, Баласағұн жəне басқалары араб тілі мен мəдениетін меңгерді... Бірнеше
ұлттың тілін білген, ғылым-білім іздеп, бар өмірін сол жолға сарп етіп, артында қыруар
еңбек жазып қалдырған əл - Фараби бабамыздың тəлімдік-ұстаздық еңбектері ұшан
теңіз».(бұл да сонда). ХІ-ХІV ғасырларда жазылып, этнопедагогика тарихында ерекше
орын алған қазақ даласының ғұламалары Ахмет
Яссауи, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед
Хайдар
Дулатидің
ұлттық
тəрбиелік
(этнопедагогикалық)
еңбектері
қазақ
этнопедагогикасының үлкен бір саласы.
3.Ұлттық тəлім-тəрбие негіздері: ұлттық əдебиет, салт-дəстүр, мəдениет, педагогикалық
ойлар.
Ұлттық тəлім-тəрбиелік ойлар тарихы қазақ этнопедагогикасында Күлтегін тас жазуынан
басталып, XIX ғасырдағы Абай, Ыбырай, Шоқандардың халық ағарту ойларымен, XX
34
ғасырдағы Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мыржақып
Дулатов, Мұхтар Əуезов сияқты ұлы тұлғалардың еңбектерімен жалғасады.
Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздерін сөз еткенде соңғы 20-30 жылда осы
ғылымды жан-жақты зерттеп өздерінің ғылыми тұжырымдарын жасаған: С.Қалиев,
Қ.Жарықбаев, Ж.Наурызбаев, С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Н.Сəрсенбаев, Қ.Наурызбай
т.б. ғалымдардың еңбектеріне сүйенеміз. Профессор С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының
теориясы мен тарихын жазды, профессор Қ.Жарықбаев ұлттық этнопедагогикалық ойлар
тарихын ғылыми түзді, ғалым К.Ж.Қожахметова қазақ этнопедагогикасының зерттеу
жүйесін, Ə.Табылдиев қазақ этнопедагогикасының ғылымилық, пəндік мəнін айқындап, оқу
бағдарламасын түзіп, оқу құралын жазып, оқыту жүйесін айқындап берді.
Қазақ халық педагогикасының ғылыми негіздері
Қазақ этнопедагогикасы екі саладан тұрады: халықтың ауыз əдебиеті мен салт-
дəстүрлерінен құралған халық педагогикасы жəне ұлттық тəлім-тəрбиенің жазу
мəдениетіндегі нұсқалары.
Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық (түп-түғияндық) ерекшеліктерін
айқындайтын ғылыми салаларына «этнос» түбірі қолданылады (этнография,
этнопсихология, этнопедагогика т.б.). Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы - халық
педагогикасы. Ондағы этностық тіректі ұғым - əдеп. Əдеп - эстетика ғылымының «этика»
деп аталатын үлкен саласының ұлттық мəдениетке тəн қисынды баламасы.
Əдеп, яғни этика - жеке ғылым саласы ретінде əлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары
Аристотель мен əл-Фарабидің еңбектерінде əр қырынан баяндалып, көркемдік мəнді
білдіретін ұлағатты сөз ретінде əдептілік пен имандылықты, қайырымдылық пен
мейірімділікті,
ізеттілік пен имандылықты білдіретін іс-əрекеттердің, ізгі мінез-
құлықтардың көркем көріністерін түйсіндіретін ұғымдардың тіректі атауы болып
табылады.
Ұлттық əдеп эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын
өзегі болып табылады. «Əдеп» сөзінің мəні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста
халқымыздың мəдени рəуішін ұғындырады. Əдеп - ұлттық педагогиканың, яғни
қазақ этнопедагогикасының алтын арқауы, тəлімдік кредосы. Əдеп - игі əдеттің
халықтық қолданысқа, яғни əдет-ғұрыпқа айналып, оның ұлттық іс-əрекеттегі болмысын
көрсететін үғым.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дəуірден бастау
алады. Ұлттық мəдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-
ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тəрбиелеуден туындағаны белгілі.
Қазақтың жазу мəдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың
тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, Білге қаған т.б.) басталады. Одан кейінгі
қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, қазіргі баспасөз арқылы оқу-жазу үрдісімен
этнопедагогиканың арқауы болған тəлімдік ойлар тарихи өзектестігімен ұлттық
педагогиканың (этнопедагогиканың) дамып, ғылым болып қалыптасуына əсерін
тигізді.
Қазақтың жазу мəдениетінде Қорқыт атаның тəрбиелік мəні зор жырлары мен мақал-
мəтелдері, əл-Фарабидің ұлттық мəдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі
тұжырымдары, Ахмет Яссауидің діни тəрбиенің мəні туралы ойлары, Жүсіп Баласағұнидің
кемелді ел болу жолдарын көрсеткен шығармалары, Мұхаммед Хайдар Дулатидің ұлы
тəлімгерлік ойлары, Абайдың өсиеттері мен тəлім-тəрбиелік тұжырымдары, Ыбырайдың
педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мəдениетін арттыру үшін істеген ғылыми
еңбектері, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың қазақ
педагогикасын түзуі, Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерттеп, оны
оқулық етіп бастыруы, кейінгі ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде
қалыптастырып, пəн ретінде оқытуға ұсынуы педагогиканың (халық педагогикасы
мен педагогикалық ойлардың) яғни қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде
35
негізделіп, пəн ретінде оқу-тəрбие ісінде қолданылуы қазақ этнопедагогикасы ғылымының
болмысын айқындайды.
Қазақ этаопедагогикасының практикалық негізі - ұлттық тəжірибе болса, оның
жемісі ұлттық тəрбиеден көрінеді. Қандай тəрбие болса да, ол ұлттық тəрбие деп
аталады. Өйткені тəрбие белгілі бір ұлттың тілінде жүргізіліп, ділінде қалыптасады.
Ұлттық тəрбие тағылымдарының диалектикалық негiздерi
1.Бала тəрбиесінде тілазарлық - тiлалғыштық, инабатсыздық – инабаттылық,
қырсықтық – iзеттiлiк, ұятсыздық – имандылық, анайылық – сыпайылық, енжарлық –
ықыластық, əдепсіздік - əдептілік т.б. қарама-қайшылықтарды тəрбиешi ұстаз, ата-ана,
жеке тұлғаның өзi сергек сезiнiп, сол қарама-қайшылықты жеңу үшiн, өмiр
тəжiрибелерiне сүйенiп, түрлi тəрбие тəсiлдерiн, амал-айлаларын, əдiстемелiк
тұжырымдарын iске асырады.
2.Бала тəрбиесiнде еркiндiк, қажеттiлiк, мүмкiндiк, санның сапаға көшуi, өмiрмен жеке
тұлғаның рухтық байланысы, мəңгi өсу (бiр кезеңде құлдырап, қайтадан өсу)
заңдылықтары ескерiледi.
Егемендi ел болған бiздiң көп ұлтты мемлекетiмiзде тəрбие iсiндегi еркiндiк
тəрбиелеушiлердiң жаңаша iс-қимылдық əрекетi мен тəлiмдi тəжiрибелерi қоғамдық өмiр
қолданысына айналуда. Бұл ретте, қоғамдағы қалыптасқан ұлттық тəрбиеге көңiл бөлiнiп,
этностық мəдениеттiң тəрбие негiздерi екендiгiн мойындау, əдептiлiк дəрiстерi,
этнопедагогика мен этнопсихологиялық ғылым болып жүйеленуi, пəн болып оқытылуы –
тəрбие тарихындағы дамудың саннан сапаға айналу кезеңi болып табылады. Өйткенi,
қайта құрылған нарықтық үнем қоғамында, өркениеттiк, демократиялық құрылыс үшiн
күрес дəуiрiнде халықтың, даналардың, ғалымдардың ғасырлар бойы қалыптастырған
тəлiмдiк мұраларын сараптай саралап, оның озық үлгiлерiн одан əрi дамыта пайдалану
қажеттiлiгi арта түсуде. Тарих дөңгелегi алға жылжиды, сол «жылжуға» тəрбиешiлер мен
тəлiмгерлер iлесе бiлуге мiндеттi. Мысалы, «имандылық» сияқты ұлттық дəстүрлердiң
бұрынғы қолданысы, қарама-қайшылыққа ұшырап, дамытыла қолданылатын қазiргi жəне
келешек қолданысы əрбiр тəрбиешi мен тəлiмгердiң iс-əрекеттегi бiлiктiк парасатынан
айқын көрiнуге тиiс.
3.Диалектикалық заңдылықтар бойынша даму «секiрмелi», «төңкерiстi» болады деген
қағиданы терiс қолданып, кейбiр «жалған жаңашылдар» ғасырлар бойы қалыптасқан
мəдени мұраны жоққа шығарып, «жаңаша», «өзiм таптым» ұсыныстарын еңгiзбекшi
болады. Мұндай «жалған жаңашылдар» мен «жойқын жойымпаздарға» қарсы, халықтың
қастерлеп қалыптастырған дəстүрлерiнiң озық та, жаңаша жаңғыратын жариялы
жақсылықтарын қорғап қалып, қолдана беру қажет. Мысалы, қазақ халқының
қонақжайлығының бұрынғы, қазiргi, болашақ мəдени мəндiлiктерi – ұлттық тəрбиенiң бiр
ерекшелiгiн көрсетедi. Оны жоққа шығарсақ, ұлттық тəрбие мақсаттарына нұқсан
келтiремiз.
«Төңкерiс» болып, коғам өзгергенмен, адамдар қасиетiн сақтап қалады, адамдардың
тəрбиесi мəңгi дами бередi, ол дамуда сапалық сабақтастығы өзiнiң жалғасын үзбейдi.
Тəрбиенiң осы диалектикалық негiздерiн бiз оқу-тəрбие iсiнде зерлей ескерiп, зерттей
жалғастырып отырамыз.
4.Тəрбие мақсаттарындағы негiзгi қағида өткеннен өркениеттi нысандарды қабылдау,
жеткенге қанағаттанып, тоқтамай, болашаққа баратын жолды айқындау, өсудiң биiктеу
мен құлдырау шектерiн сараптай бiлiп, келешекке көрегендiкпен «көз» тастау екенiн əрбiр
салауатты тəрбиешi салтанатты ой парасатымен бағамдай бiлуi тиiс.
«Жоқтан бар болмайтын, бардан жоқ болмайтын» өмiр заңдылықтарына сүйенсек,
жаңаға жаңғыртып (инновация) құратын тəрбие əрекеттерiнiң негiзi – тəрбие тарихының
алтын өзектерiнде жатыр. Ол құндылық ұлттық əдебиет пен салт-дəстүрлерде (халық
педагогикасында) екендiгi белгiлi.
36
Тəрбие – жеке тұлғаның рухани, бiтiмдiк, бiлiмдiк, ой-саналық дамуының негiзгi
факторы. Бұл фактор жеке тұлғаға сыртқы əсер, iшкi əсер арқылы ықпал жасайды; iшкi,
сыртқы қайшылықтар арқылы басты қозғаушы күшке айналады.
Жеке тұлғаның дамуындағы күрделi қайшылықтар оның тегiне (тұқым
қуалаушылыққа), ол өсiп жатқан ортаға (айналасына), тəрбиеге байланысты болады.
Жеке адамның адамдық бейнесiнiң жан-жақты дамып, қалыптасуына оның тегi
(тумысы), əулеттiк (тұқым қуалаушылық) жағдайлары да көп əсерiн тигiзедi, оның үстiне
əлеуметтiк жағдайлар, қоғамдық қатынастар бұл тектiк (тұқым қуалаушылық) қасиеттерге
өз əсерiн тигiзiп, жаңаша өмiрге қарай бейiмдеп отырады.
Бiз тəрбиеде жеке тұлғаның тектiк асыл қасиеттерiн айқындап; тəрбие мақсаттарына
қайшы келетiн оның iс-əрекетiндегi, мiнез-құлқындағы тектiк келеңсiз жағдайларға қарсы
тəлiм-тəрбиелiк тəсiлдердi қолданамыз. Ол үшiн жас ұрпақ бойындағы дарын
нышандарын, өмiрге бейiмдiлiк деңгейiн, қабiлеттiлiгiн айқындап, еңбекке, игi iс-
əрекеттерге дағдыландырып, жаттықтыру арқылы тəрбие мақсаттарына жетемiз.
Жеке тұлғаның дарындылығы, қабiлеттiлiгi оны «тегiне, нəсiлiне байланысты» деген
ұғымдар мен тұжырымдар психология жəне педагогика ғылымы толық қуаттайды. Оны
«жаманнан жақсы туады, адам айтса, нанғыссыз, жақсыдан жаман туады, бiр аяқ ас
алғыссыз» деген халық даналығы да айқын дəлелдейдi. Сөйтiп, педагогика жəне
психология ғылымы тектiң (тегiне тартып туудың) жеке адамның дамуына ықпалын
мойындайды, бiрақ ол жетекшi жəне анықтаушы рөл атқарады деп тұжырым жасамайды.
Бiз тəрбиеде жеке адамның дамуына табиғи орта, жағрафиялық орта, əлеуметтiк орта
жəне отбасы ерекше əсер ететiнiн ескеремiз. Əрбiр адамға оның айналасы (өсiп отырған
ортасы) ықпалын тигiзетiнi – анық құбылыс. Жағрафиялық орта адамның тiршiлiк етуiне,
еңбек əрекетiне, кəсiптiк iс-қимылына, тiптi мiнез-құлқына да əсерiн тигiзетiнi белгiлi.
Жайнаған жасыл жайлауы əрбiр адамның көңiлiн көтерiп, мөлдiр бұлағы, таза ауасы тəнi
мен жанына ұнамды əсер етiп, оның адамдық (салауаттылық) қасиетiн биiктете түсетiнi
тəрбиенiң де нəтижелi болуына ықпалын тигiзедi.
«Əсерленудiң күшi сыртқы əсердiң күшiне байлаулы» деп, Мағжан Жұмабаев
айтқандай, жағрафиялық орта (сыртқы əсер) тəрбие iсiнде ескерiлiп, қарама-
қайшылықтарға қарсы түрлi тəлiм-тəрбиелiк тəсiлдер қолданады.
Жеке адамды тəрбиелеуде, əсiресе, отбасының (үй iшiнiң) əсерi зор болады. Сондықтан,
ата-ана отбасындағы тəрбиеге жауапкершiлiкпен қарап, оны реттеп отырады. Отбасы
мүшелерiнiң бiр-бiрiне ықпалы олардың тəлiм-тəрбиелiк мiндеттерiн орындаумен
ұштасады. Қалыптасқан ұлттық тəрбие дəстүрлерi бойынша ата-ананың балаға
қамқорлығы, ағаның iнiге қамқорлығы, iнiнiң ағасына, əрбiр баланың ата-анасын сыйлай
бiлуi, əпкенiң iнiлерi мен сiңлiлерiне қамқорлығы, сiңлiсiнiң əпкесiнен үлгi алуы,
жиендердiң нағашылармен қарым-қатынасы: инабаттылық, имандылық, қайырымдылық,
мейiрiмдiлiк, көпшiлдiк, меймандостық бəрi-бəрi, негiзiнен отбасындағы тəрбие
жұмыстары арқылы қалыптасады.
Жеке адамның тəрбиеленуiне қоғамдық құрылыс пен əлеуметтiк орта ерекше əсер
етедi. Əлеуметтiк ортадағы тексiздiк, таптық теңсiздiк, дене еңбегi мен ой еңбегi
арасындағы айырмашылықтар мен қайшылықтар жеке адамды тəрбиелеуге көп кедергi
жасайды. «Өмiр - күрес», тəрбиешiлер сол қайшылықтарға қарсы күрес тəсiлдерiн
ұйымдастыра бiлуге тиiс.
Педагогика, психология ғылымы экспансиялық (басыну) ықпалын, изуверлiк (нəсiлдiк)
теорияны диалектикалық тұрғыда сараптап, олардың жеке адамның дамуына əсерлiк
мəнiн айқындайтын ғылыми тұжырымдар жасайды да, оны шешушi құбылыс деп
таппайды, яғни, жеке адамның дамуына жағрафиялық ортаның, отбасының, əлеуметтiк
ортаның, тəрбиеленушiнiң айналасының əсер ететiнi айқын, бiрақ ол жеке адамның
кiсiлiк, тұлғалық, адамдық бейнесiн қалыптастыруда шешушi рөл атқармайды.
Жеке адамның дамуына ерекше ықпал ететiн фактор (қозғаушы күш) тəрбие болып
табылады. Тəрбие адамның дамуына ықпал ететiн iс-əрекеттер мен құбылыстарды талғай
37
сараптап, оны түрлi əдiс-тəсiлдер арқылы iске асыруды көздейдi. Тəрбие жұмысында жеке
тұлғаның даму заңдылықтары (тұқым қуалаушылық ықпалы, айналаның, жағрафиялық
жағдайлардың əсерi т.б.) ескерiледi. Сөйтiп, тəрбие жеке тұлғаның бойына туа бiткен
қасиеттердiң дамуына ыждағатты ықпал жасайды. Академик И.П.Павлов жанжүйе (нерв)
қызметiнiң əртүрлi типтерiнiң негiзiнде жатқан əсерленгiштiктiң күшi, тепе-теңдiгi жəне
жылжымалылығы тəрбиенiң ықпалымен едəуiр дəрежеде «өзгертуге» көнетiндiгiн
дəлелдедi. Абай дана: «Егер закон қуаты қолымда болса, адам мiнезiн түзеп болмайды
деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм», - дейдi. Яғни жеке тұлғаның адамдық болмысын
қалыптастыруда тəрбие шешушi рөл атқарады. Тəрбиеленушiнiң бойындағы бейiмдiлiктер
мен дарын нышандарының бастау көрiнiстерiн көре бiлген тəрбиешi, оны дамытудың
əдiс-тəсiлдерiн тиiмдi қолданып, тектiк жəне қоршаған ортадағы кедергiлерге қарсы iс-
қимыл жасай алады, сөйтiп жеке тұлғаның өзгеше дамуына жол ашады.
Жеке тұлғаның iс-əрекетке ынталануы, ықыластануы, мамандықты талғап, таңдай бiлуi,
белгiлi бiр кəсiптiң сырын-қырын терең бiлуге талпынуы үздiксiз, жүйелi тəрбиенiң
арқасында айқын дамып, оның таңғажайып талантының бетi ашылуы мүмкiн. Талантты
адам дегенiмiз – ерекше жұмыс қабiлетi қалыптасқан, мамандығы марқайған, өз iсiнiң
шеберi болған адам.
Тəрбие жеке адамның дамуындағы шешугi қозғаушы күш ретiнде, əлеуметтiк ортамен
өзара əрекеттестiк арқылы, əлеуметтiк-экономикалық қатынастардың сипатына сəйкес,
мемклекеттiк жəне əлеуметтiк рухани құралдарды кеңiнен пайдалану арқылы, саяси-
идеологиялық iс қолданыста өз нəтижелерiн бере алады.
5.Тəрбие iсiн «айнаға түсiрiлген бейне» (Ян Амос Коменский, ХVII ғ.), «таза тақтаға
жазылған жазу» (Джон Локк, ХVIII ғ.) деп бейнелеген тарихтағы ұлы педагогтардың
педагогикалық-психологиялық тұжырымдарын (ұқсату анықтамаларын) тарихта
педагогтардың одан əрi дамыта түсуiн қажет етедi. Тəжiрибелi педагогтар жеке адамның
дамуында тəрбиенiң шешушi жəне жетекшi рөлiн жоғары бағалады. Сөйтiп, тəрбиенiң
ғылыми iс-əрекеттiк теориялары мен əдiстемесi (методикасы) жасалынды. Бiртұтас тəрбие
тағылымдарының диалетикалық негiздерi жеке тұлғаның, əлеуметтiк (қоғамдық)
құрылыстың даму заңдылықтарымен тiкелей байланысты.
6.Жеке адамның жан-жақты дамуының бiр нəтижелi негiзi – оның бiлiмi. Ал, жан-
жақты бiлiм беру iсiн жүзеге асыру үшiн, қоғамда материалдық жəне техникалық база
əлеуметтiк сұранысқа байланысты, жеткiлiктi жəне өркениеттi, демократиялық
қолданыста болуға тиiс. Ақы төлеп оқу мен тегiн оқу жүйесiн мемлекеттiк тұрғыда
ұйымдастыру саясатында, тегiн оқыту үшiн жеке адамнан бiлiмдiлiк пен бiлiктiлiк жүйелi
түрде қатаң талап етiледi де, бiлiм алушының жауапкершiлiгi, тəртiптiлiгi, адамгершiлiк
бейнесi оқу-тəрбие кезiнде барынша баянды қалыптасады. Өркениеттi елдiң адамы еңбек
мəдениетiн жақсы игерiп, өндiрiс технологиясын жақсы бiлуге тиiс. Ғылыми-техникалық
прогресс (алға даму) заңдылықтары, рухани байлық, мəдениеттiң қарқындап дамуы, бiлiм
алуға құштарлықтың, ынта-жiгердiң артуы тəрбие тағылымдарын талғай таңдап, арқауын
үзбей алға алып баруды қажет етедi.
Резюме
В статье рассматриваются научная теория, научные предпосылки, научная основа
педагогики казахского народа.
Summary
The article discusses the scientific theory, scientific background, the scientific basis of
Pedagogy of the Kazakh people.
ҰЛТ ТАҒДЫРЫ – ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІНДЕ
38
Совет-Хан Ғаббасов -
жазушы, фантаст, драматург, Медицина жəне
Педагогика ғылыдарының докторы,
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,
Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,
Халықаралық М.Нострадамус атындағы
проскопиялық академиясының академигі,
профессор
Тəуелсіздік құдіретімен алғаш рет ашылған - білім конгресі - ұрпақ тəрбиесі мен білім
беру түйінін шешуде, жалпылама сөз бен жаттанды ұғымдарды тыйып, жаңаша
түсініктерге жол ашқаны жөн. Үш жүз жылғы бодандықпен – «зомбыланған
рухымызды» - тіктеп, əлем халқын адастырып отырған - «Европацентризм
методологиясының» - жалғандығын ашатын мезгіл жетті. Оның тікелей ықпалымен,
бүкіл адамзат қауымы азып отыр. Олай болса, бірден «Европацентризмнің» ең негізгі
кемшіліктеріне тоқталмақпын.
Біріншісі, адамда бар үш жүйенің – Тəн – Жан – Рух – үндестіктерін əдейі үндестірмеу
арқылы, бүкіл өркенниетімізді, тек тəн тəрбиесіне байлап, жан мен рухтың тəрбиесі
түгіл, тіпті оның өзінің не екенін ұғындырмауға тырысты. Бүгінгі шəкірт түгіл,
ұстаздардың өздері - Жан мен Рух – дегеніміз не десе, нақты жауап бере алмайды.
Ендеше айтыңыздар шы, жаны мен рухы тəрбиесіз адамнан не күтуге болады ?..
Екіншісі, Джон Локк, Песталец, Макаренкодан бастап , - «баланың миы дүниеге
келгенде ақ қаздай аппақ болып туады» - деп жалған айтумен қоса, тіпті Джон Локк -
Достарыңызбен бөлісу: |