«идея врожденная» - деген Рена Декартқа қарсы шықты. Сонда қалай?
Ойланыңыздаршы? Бала ана құрсағында – «бір клеткадан мынау адамдық формаға
дейін жетіліп, жүрек, бауыр, зат алмасу қызыметтері қарқынды жүріп жатқанда,
мидың еш қимылсыз болуы» - «ақ қағаздай аппақ күйі» - тууы мүмкін емес қой.
Ендеше, Рене Декарттың «идея врожденная» деуінің астарында телегей теңіз сыр
жатқанына сенбеске болмайды. Джон Локктың «жалған үкімін» пайдаланған
«Европацентризм» бүгінге дейін бізді алдап келді. Осыншама қасиетсіздіктің
салдарынан адамзат қауымы - «ана құрсағындағы тəрбиені» - білмегендіктен,
ұрпағымыз Жан мен Рух тəрбиесінен мүлдем қағаберіс қалып отыр. Себебі, жан мен рух
тəрбиесі де, жəне ол екеуінің үндесуі де, тек «ана құрсағында» ғана жүретіні ғылыми
дəлелденген құбылыс! Ендеше, ұрпақ тəрбиесіндегі, осыншама апаттың үлескері де,
«европацентризм методологиясы» болып табылады.
Үшіншісі, бүгінгі біздер пайдаланып жүрген педагогикада, «европацентризмнің»
қалыптастыруымен - дүниеге жаңа келген баланы «тұлға» деп түсіндіреді. Бұл да өрескел
өтірік. Бұған сену мүмкін бе? Қараңыздаршы? Халқымыздың данышпаны ұлы Абайдың
тұлғаға жету жолын, кемеңгер жазушымыз М.О. Əуезов төрт томдық эпопея етіп жазуы,
тіпті де бекер болмаса керек. Кешегі Ахмет Байтұрсынов, Барлыбек Сырттанов, Мұстапа
Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Əлихан Бөкейхановтардың азаматтық жолдары мен
тұлға болып қалыптасу кезеңдерін өздеріңіз де жақсы білесіздер?!.. Ендеше, туа салған
баланы тұлға деу «европацентризмге» не үшін керек болды екен. Өйткені,
«европацентризм методологиясы» əуелбастан-ақ «империялизмнің ілімі» болып
қалыптасқандықтан, олар үшін адамзат ұрпағының дұрыс жолмен тəрбиеленуі еш
қажеттілікке баланбады. Мінеки, «европацентризмнің» басқа қателіктерін айтпай-ақ, ең
өрескелінің өзі апат екені ешкімге құпия емес. Ендеше, мынау мəртебелі форум,
«жарамсыз методологиядан» құтылып, табиғат «бос кеңістікті» сүймейтінін ескеріп,
бұл мəселе тез арада шешілуі тиіс.
Сонымен, бүгінгі Педагогика мен Психологияның ғылыми – Методологиясы – Жүйесі
– Негіздері – жоқ екеніне, сындарлы түрде қарайтын мезгіл жетті. Егер Аристотель мен
Фарабидің ғылыми класификациясына құлақ ассақ: «...Кезекелген Пəннің негіздері,
39
оның ішінен шықпаса, ол ғылыми Пəн болып дамый алмайды», - деп үзілді-кесілді
үкім айтады. Ендеше, айтып жүрген Педагогиканың негіздері – оқыту – білім беру –
тəрбиелеу – деген ұғымдардың сырттан келіп тұрғаны айдан анық. Өйткені, бала
тəрбиесіндегі - «түйсіктік ақыл мен түйсіктік тəрбиенің» - 80%-ы ана құрсағында»
қалыптасатындықтан, іште жатқан жан-иесіне – «оқыту, білім беру» - тіпті де мүмкін
емес екендігі, ғалым түгіл қарапайым адамғада түсінікті. Осындай сорақылықты
анықтағаннан кейін, не істеуіміз керек? Əрине, сөзсіз тіршілік заңына сүйене отырып,
ұрпақ тəрбиесінің дұрыс жолын табу қажет...
Олай болса, тəуелсіздікпен бірге келседе, көшірмеліктің көлеңкесінде қалған, - «Адам
тəрбиесінің жаңа ілімін» - осы конгресте талқылауға ұсынамын. Оның бұрын-соңды
айтылмаған екі сатылы - Методолгиясы – «биологиялық индивид (түр)» жəне «сананы
жетілдіру» - болса, осы екі сатыдан шығатын екі жүйе – «Жүрек тəрбиесі» мен «Ақыл
тəрбиесі» - деп жүйеленсе, пəннің ішінен шығатын – «Жеті түрлі Негіздерінің» - тек
əрқайсысының өзіне тəн тəрбие тəсілдері ұсынылады. Мұндағы екі сатылы –
Методология – Жүйелер – Негіздер – ойдан алынбаған, тіршіліктің тұрақты
заңдылығынан шыққан табиғаттың өз үлгісі. Осы методологиямен адамзат ғасырлар бойы
ажырап қалған - Жан мен Рух тəрбиелерін – іске қосып, келешек ұрпақ мүлдем басқа
деңгейде, құпия ілімдерде айтылатын - 6-шы Рассаның - кеңістігіне шығады. Адамзат
қауымы - бүгінгі өзегі өрт өзімшілдік пен құлдыққа тəн құмарлық атаулыдан -
құтылып, нағыз адамдықтың арманы - имандылық пен ізгіліктің - жолына түседі.
Бұл «адам тəрбиесінің жаңа ілімінде» айтылатын жаңалық өте көп. Соның ішінде,
тəрбиенің іргетасы болып саналатын, - «түйсіктік ақыл мен түйсіктік тəрбиенің 80%» -
тек ана құрсағында ғана жетілетіні анықталды. Сонымен қоса, санаға бағынбайтын - «
Жанның 12- арнасы: - түйсік – ұят – сүю – зерде – табиғи қабылет – мінез – жігер
жəне ішкі бес сезім (көкірек көзі, телепатия, дəм, ішкі сезіну, иіс) – бұлар да тек ана
құрсағында ашылады. Міне бүгінге дейін, адамзат қауымы - «ана құрсағындағы
тəрбиені»- білмегендіктен, нағыз құдіретті қасиеттер ашылмай, азғындаудың ауыр
азаптарын тартуда?! Адамдағы – «Жан тəрбиесі мен Рух тəрбиесінің» - үндеспеуінен,
ұрпақ жетер - «6-шы жəне 7-ші Рассаның» - барлық сипаттары тоқырап тұр. Жоғарыдағы
айтылған тəрбиенің технологиясы мен механизмдері, менің монографияларымда –
«Ізгілік əліппесі» (А, 1991); «Халық педагогикасының негіздері» (А, 1995); «Халық
педагогикасы мен психологиясының негіздері» (А, 2005); «Педагогика мен
психология негіздері» (А, 2008) – толық түрде, егжей-тегжей жазылған. Кезінде бұл
ілімге сеніп, дүниеге ұрпақ əкелген ата-аналардың алғыстары көп. Мысалы, 1992 жылы
өмірге келген алғашқы «үш баланың» туған сəтінен бастап, қадағалауға мүмкіншілік
болды. Оған дəрігерлік мамандығымның тигізген көмегі мол. Əсіресе, таңданбауға
болмайтын, мынау бір оқиғаны айтқан жөн сияқты. Екінші күні емізуге əкелген бала,
жан-жаққа жүгірген көздерін əзер ұстап, алғысқа толы сезіммен күлімсірей анасына
қарағанда, бүкіл денем шымырлап кеткені əлі есімде. Басқа балаларлар шу боп жылап
келсе, бұлар да қыңқ деген дыбыс болмайды. Мұны, тіпті жанындағы басқа аналар да
өздері байқап, жиі-жиі əңгімелеп жүрді. Кейін үшеуіде он бір жылдықты, он төртінде
«алтын белгіге» бітіріп, грантпен университеттерін үздік аяқтады. Бұл жағдайды
айтып тұрған себебім, - «адам тəрбиесінің жаңа ілімі» - тек теория жүзінде емес, оның
іс-тəжрибеден өткендігі де шындық.
Педагогика мен психологияның - жаңа методологиясындағы ішкі негіздері –
тіршіліктің биологиялық заңдылығына ғана бағынған, адамның физиологиялық
кезеңдерінен шығады. Бұл кезеңдер табиғат шебердің өзі қалыптастырған тұрақтылық
екенін түсіну шарт! Оны бұрмалауға болмайды. Ендеше, адамдағы өзгермейтін
физиологиялық жеті кезеңнен, тəрбиенің, немесе, педагогика мен психологияның
жеті түрлі негіздері қалыптасады.
І. Халық педагогикасының бірінші негізі, немесе, «Отбасын құруға дайындық жəне
ұрық тазалығы».
40
ІІ. Халық педагогикасының екінші негізі, немесе, «Ана құрсағындағы тəрбие».
ІІІ. Халық педагогикасының үшінші негізі, немесе, « Нəресте кезеңі».
ІУ. Халық педагогикасының төртінші негізі, немесе, «Балбөбек кезеңі».
У. Халық педагогикасының бесінші негізі, немесе, «Сəбилік кезеңі».
УІ. Халық педагогикасының алтыншы негізі, немесе, « Балиғат кезеңі».
УІІ. Халық педагогикасының жетінші негізі, немесе, «Кəмілеттік кезеңі».
Мінеки, бүгінгі адамзат қауымының пайдаланып отырған Педагогикасы мен
Психологиясында, осынау жоғарыда аталған негіздер жоқ. Бұл негіздердің ерекше
ескеретін қасиеті сол, əр негіздің басталуы мен аяқталуы бар уақыт кесіндісінен тұрумен
қоса, тек өздеріне ғана тəн тəрбие тəсілдері бар. Мəселен, уақыт кесіндісіне мысал
келтірсек, ана құрсағындағы кезең - 9-ай, тоғыз күннен тұрса - оның өзіне тəн тəрбие
тəсілін Ана - мінəжаты мен тілегін көз алдына келтіру - арқылы жүргізеді. Осы тектес
барлық кезеңдердің де, тəрбие тəсілдерінің өздеріне тəн ерекшеліктерін ескеру ауадай
қажет. Адам тəрбиесінің жаңа іліміндегі, ерекше бөліп айтпаса болмайтын тағыда бір
жаңалығы, əр негіздер мен физиологиялық кезеңдердің этнопедагогикалық сипаттары
беріледі.
Осыдан келіп, мынандай қағидалар ұсынылады;
-
Халық педагогикасы дегеніміз – адамның Жан-дүниесін зерттейтін жəне
тəрбиелейтін - ІЛІМ –десек, Этнопедагогика – материалдық жəне этнографиялық
заттар арқылы (ұлттық киім, тамақ, үй мүліктері т.б.) Тəн тəрбиесін жүргізуге
бейімделеді.
-
Олай болса, адам тəрбиесі үшін – Халық педагогикасы мен Этнографиялық
педагогика – медальдің екі беті тəрізді сипаты бар.
-
Қазіргі - Халық педагогикасы мен Этнопедагогиканы – екі бөлек ұғынып
жүрген түсініктер қате екенін ашып айтқан жөн.
-
Кейбіреулердің Этнопедагогика – ЭТНОС-тан шықты деуіде бекер.
-
Этнопедагогиканы алғаш айналымға енгізген Г.Н.Волковтың өзі, бұл
ұғымды «Этнографиялық заттар» сөзінен алғанын, - «Этнопедагогика» (М, 1972ж.)
– атты монографиясында ашып жазады.
-
«Адам тəрбиесінің жаңа ілімін» - Мемлекеттік деңгейде - Халық болып
қолға алуды кешеуілдете бермей, сара жолына түсіру барлығымыздың да
азаматтық міндетіміз.
Резюме
В статье автор поднимает вопрос о значении этнопедагогики и народной
педагогики, их взаимосвязь и различие, а также рассматривается роль национального
воспитания в судьбе нашей нации.
Summary
The article deals with folk pedagogy, new teaching parenting rights and the fate of our
nation in the national education.
ЖАРЫЛҚАСЫН АМАНҰЛЫ
ақын, сазгер, күйші
Совет-Хан Ғаббасовқа
Қаз дауысты Совет-Хан!
Қаз дауысты Қазыбектей – үндісің?!
Байтұрсынов Ахметпен – ойың бір,
Ахметтей білімдісің, тілдісің.
Ұрпақ үшін...
41
Түн ұйқыңды – төрт бөліп,
Көкірегің - өрт болып,
Қайран Ерім – жүрмісің?..
- «Жаның таза, тəнің таза болмаса,
Жойылады Рухың» - деп,
- «Егер Рухың болмаса,
Жойылады тілің, дінің, ғұрпың» - деп,
Шыбын жаның шырқырап жүр Ерім-ай,
- «Бірте-бірте жойылып,
Кетер ме екен – Ұлтым» - деп!
- «Өзге тілдің бəрін біл,
Өз тіліңді құрметте»- …
Деген ақын кім екен?
Кезі кеп бір тілдессе.
- Өз тілімді білемін,
Ұмытпаймын өлгенше.
Жалау ету – жат тілін,
Дерем – саған міндет пе?
Сақта Алла тағы да,
- «Үш тұғырлы тіл» - деген,
Ұшырадық – індетке?!
Саналы да - санаулы,
Сөз астарын – түсінер.
Тілін білмей өзінің
- «Өзге тілді – білем» - деп,
Қандай адам – күпінер.
Біз секілді – Ұрпақ та,
Мəңгүрттеніп кетпесе,
- «Сатқындар» - деп, бəрі де,
Бетімізге – түкірер...
Қайран – Сəкем,
Тіл мен Діннің, Діл мен Тіннің,
Тазалығы - қамы үшін,
Қайнап жатыр көкірегің де,
Болат, құрыш – намысың.
Ұртындағы қан мен майды,
Айырмайтын топастар,
Ұстап берген жауыздарға,
Алаштың -
Əлихан мен Ахметтей арысын.
- «Заман солай болды ғой», - деп,
Айтатында бар шығар.
Қиянатты көріп тұрып,
Оған қалай жан шыдар.
Қаз дауысты Совет-Ханым,
Ауыр жүк бар мойның да
Ердің Ері – нар шыдар.
Байтұрсынов Ахметтей бір тумам,
Сөйлеп кетсең – тіліңнен бал тамшылар.
Құтты болсын – Жетпіс жасқа келгенің,
42
Əлі талай ақыл кенің,
Бұлақ көзің - аршылар.
24.01.2009 ж.
ҚАЗАҚТЫ БІЛІМ БҰЛАҒЫНАН СУСЫНДЫРҒАН
(Ы. Алтынсаринның 170 жылдығына орай)
А. Айталы –
философия ғылымдарының
докторы, Ақтөбе мемлекеттік педагогика
институтының профессоры
Қазақтың ғалым, педогог ағартушыларының ірі өкілдерінің бірі Ыбырай
Алтынсаринның қызметі туралы, көзқарастары жайлы М.Ауезов, С.Мұқановтан бастап
мұқият зерттеген мақалалар, құнды монографиялар бар. Дегенмен, əр заманның өз Абайы,
өз Шоқаны болғаны сияқты, əр заманның өз Ыбырай Алтынсарины бар. Патша үкіметінің
чиновниктері, орыс миссионерлері, қазақты орыстандырушылар, христиан дініне
шоқындылушылар үшін Ыбырай Алтынсаринның өзіндік бейнесі болды.
Кеңес заманының алғашқы жылдарында Ыбырай Алтынсаринға қазаққа жат, ұлттық,
діни тəрбиеден аулақ, орыс, батыс мəдениетін таратушы деген пікір қалыптасса, кейінгі
жылдары Ыбырай Алтынсарин таптық идеология тұрғысынан сараланып байларға қарсы
күрескен қайраткер, тіпті атеист деген мінездеме берілді.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салғанда, оның орыс жолдастары: «Ыбырай
Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз
халқының ішіне европалық цивилизацияның жарығын таратты жəне оларды Россияны
сүюге шақырды», - деді.
1926 жылы 29 қазанда Ташкентте тұнғыш Жоғары қазақ педагогика институтының
салтанатты ашылуында сөйлеген сөзінде көрнекті ұлт қайраткері, əдебиетші, жазушы,
көсемсөзші Смағұл Садуақасұлы Ыбырай Алтынсарин туралы былай деді: «Во-второй
половине прошлого столетия жил казак, 1) ол кезде қазақты орысша «казак» деген некто
Алтынсарин. Он первый из казаков приобщился к русской культуре и не на страх, а на
совесть служил помощником православных миссионеров. Он первый был организатором,
так называемых, русско-киргизских школ, поборником русского шрифта для казакской
письменности. Он был другом и правой рукой ученого миссионера Ильменского.
И вот этот Алтынсарин перед смертью распорядился не пропускать к себе ни одного
русского, даже своих друзей. Этот атеист в жизни оставил завещание, чтобы на его
похороны были приглашены 99 мулл. Да, эта была трагедия просвещенного казака, может
быть, теперь для нас совсем непонятная; трагедия, заключавшаяся в том, что в результате
многолетней совместной работы с русскими, он все-таки, в конце концов, пришел к
заключению, что миссионеры ничего хорошего не желают для казакского народа. Может
быть, его угнетенное казакское сердце в последнюю минуту не выдержало собственного
преступления, и он отказался от товарищей, с которыми много лет работал вместе».
Садуақас Смағұлұлы осындай мнездемені Шоқан Уалихановқа да береді.
«Был у нас и другой казак, не менее способный и не менее известный в свое время – это
Чокан Валиханов. Он был искренним проводником русской колониальной политики на
Востоке». Ол да өмірінің соңғы кезінде достарынан бас тартып, əдемі сарбаз орыс
əскерінің офицер киімін тастап, кең қазақ киімін, аяғына ауыр дала етігін киіп, қашықтағы
қазақ ауылында дүниеден озды. Ыбырай мен Шоқан тағдырынан бүгінде оңды
қорытынды жасауымыз керек орыстандыру саясаты түбінде орны толмас зақымға,
жарақатқа əкеледі, деп сақтандырады Садуақас Смағұлов. Дегенмен орыстандыру дертіне
кейін қазақ халқы терең шалдықты. Бүгін де бұл дерттен арылу оңай болмай отыр. Бұл,
əрине, бөлек мəселе.
20-жылдары қазақ қауымы əлі де Ыбырай Алтынсарин шығармаларымен, оның тəлім –
тəрбие жұмыстарымен жете таныс емес еді. Ал ол тұста орыс тіліндегі əдебиетте, əсіресе
43
революцияға дейінгі мақалаларда Ыбырай Алтынсарин тұлғасы бір жақты, Ресейдің
отаршылық саясатын жүргізуші, қолдаушы ретінде баяндалғаны белгілі С.Садуақасовтың
Ыбырай Алтынсарин мен Шоқан Уалиханов туралы ой-пікірі олар қазақтарды тек орыс
рухына тəрбиелеуші деген біржақты ақпаратқа негізделген.
Биыл 170 жасқа толған Ыбырай Алтынсаринның қазақ ұлты үшін орны бөлек: қазақ
педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы,
фольклорист, ақын-жазушы, журналист.
Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасын, методологиясын саралау оны басқа
этнопедагогикалық жүйелермен салыстыруды қажет етеді.
Əлеуметтік антропология ілімінің өкілі британдық ғалым Дж. Горер «пеленочный»,
қазақшаласақ «құндақтау» гипотезасын ұсынады. Оның айтуынша, орыстарға сəбилерді
жөргекте қатты, қол аяғын тырп еткізбейтін етіп бөлеу тəн. Бұл балалардың қайратты,
ұстамды болып өсуіне əкеледі, ал еркіндікте олар тіпті жарақат алып қалуы мүмкін.
Сондықтан орыстар балаларын шамалы уақыт қана еркін ұстап, суға түсіріп, олармен
ойнайды. Осыдан келіп ДЖ. Горер орыс мінезін екі баламалы кезеңмен байланыстырады:
ұзақ уақыт қимылсыздық, сылбырлық жəне оған қарама – қарсы сілкініс, белсенділік.
Орыстың ұлттық мінезі орыс халқының тарихынан, бүгінгі Ресейдің ішкі жəне сыртқы
саясатынан көрініс алып отыр, - дейді ол. Көптеген орыстардың жан дүниесі, оның
ойынша, депресия, жабығу, жабырқаулар арасындағы қарқынды, екпінді қызу мен
белсенділіктен турады. Бұл əсіресе Ресейдің саяси өміріне тəн: ұзақ уақыт көніп,
бойсұнып келеді де кенет күшті, қарқынды революциялық қозғалысқа ауысады.
Əлеуметтанушылар мен педагогтар бұл теорияны сынаумен де келеді. Бірақ «орыстың
жаны – құндақталған жан» деген тұжырымдаманы қолдаушылар да бар. Баланы бөлеу
əлемдік бала бұл тəрбиесінде кең тараған салт, бірақ орыс мəдениетінде бұл үлкен күш
алған деген ой басым. Керенау, енжарлық пен екпінді, қызулы əрекеттер орыс тарихында
алмасып жатады. Сонымен, «жөргек комплексіне» байланысты бүгінгі əлемдік
педагогикада мынандай пікір айтылуда: егер ұлттардың психологиясы дараланып,
өзгешеленіп тұрса, оларды тəрбиелеуде де өзгеше тəсілдер болмақ. Орыстар үшін оның
жолдары əртүрлі: бүгін гуманистік тəрбиеден фашистік тəрбиеге дейін пікірлер айтылуда.
Бұл енді Ресейдің бас ауруы.
Қазақ халқының психологиясында да қарама-қарсы баламалы құндылықтар алмасып
жатыр. Ұлан-байтақ кең далада соғыстар мен жаугершілік рухы халықты бейбітшілік
өмірге ертерек бейімдеді. Жаулап алушылық, жорықтар этномəдени шеңберінде қорғау
жəне өзін-өзі нығайту идеяларына ұласты. Қазақ даласында бытыраңқылық, өзара
араздық пен бірігушілік идеялары алмасып отырды. Елдің бірлігі тек халық басына ауыр
күн туғанда, қиын қыстау жылдарда ғана бой көрсетіп, басқа кезеңдерде рулық, тайпалық
қайшылықтар белең алып, бірлік уақытша сипатта болғаны белгілі. Бірлік бүгін де қазақ
үшін күрделі мəселе.
Ыбырай Алтынсарин ел басын біріктіру, халықтың келешегі үшін екі ірі мəселені
алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халық ағарту
жұмысы, екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы
тəрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куə.
Ыбырай Алтынсарин үшін де қазақ ұлты қарам-қарсылықтардың ажырамас бірлігі.
Сондықтан оның шығармалары «жамандық пен жақсылық», «достық пен алауыздық»,
«сараңдық пен жинақтылық», «тəкəпарлық пен қарапайымдылық», «өнер, білім мен
надандық», «əділдік пен əділетсіздік» сияқты осылай қарама-қарсылық негізінде,
жамандыққа жақсылықты, адамгершілікті қарсы қою арқылы қазақты бірлікке
тəрбиелейді.
Ыбырай Алтынсаринның «Бай мен кедей баласында» ел көшіп кетіп, ойламаған жерден
жұртта ұмытылып қалған екі баланың бастарынан кешірген бір тəуліктегі оқиғаны
суреттеуге арналса да, тереңірек қараған адамға автордың ой түйінінде көптеген сыр
жатқандығын аңғаруға болады. Меніңше, Ыбырай Алтынсарин «дені саудың - жаны сау»
44
деген қағиданы жоққа шығарады. Жастағы бір балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі
ақылсыздау болуы олардың екі таптан шығаруымен түсіндірудің ең оңай жолы. Асанның
да, Үсеннің естері дұп-дұрыс, дендері сап-сау, биологиялық, психологиялық
ауытқушылық жоқ, бірақ жандары əртүрлі. Өмірмен бетпе-бет келгенде, Асанның əлсіз,
мүгедектігіне кінəлі де, Үсеннің өз құрдасынан асып түсіп, бетпе-бет келген өмір
қиыншылығымен алыса кетуі негізінен тұрмыс, əлеуметтік жағдайға байланысты. Өз
бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен ақысыз-пұлсыз
асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде əлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса,
əкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс
кедей баласы Үсенді күрескер етті.
«В здоровом теле - здоровый дух» деген сөзді көне римдік сатирик Ювенил тілек
ретінде айтқан екен: «Дай бог, чтобы в здоровом теле был «здоровый дух» деп, құдай
қалап, «дені саудың жаны сау» болсын деген ой.
Педагогика ғылымы осы сөзді кейін бұлтартпайтын қағидаға айналдырып, дені сау
адамның жаны да міндетті сау болды, жан саулығы, ден саулығығынан туатындай себеб-
салдар байланысына негіздеді. Бұл қағиданы теріске шығарған неміс педагогтары болды,
себебі неміс фашистері негізінен дені сау адамдар еді. Ал Ыбырай Алтынсарин бұл
тұжырымға қазақы тұрмыс негізінде XIX ғ. екінші жартысында келді.
Мұхтар Ауезов Ыбырайды əрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таратылып
жүруі бұл екеуінің үні бір, үміті бір, арман бағыты жəне болашақ тағдыры бір деген екен.
Орыс отаршылдығы билеп-төстеп тұрған заманда орыс мəдениетіне көзқарас Ыбырай,
Абай үшін ең бір көкейтесті мəселе еді. Абай жиырма бесінші қара сөзінде, «Орыста оқу
керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орысша тұр». Бұл орыстан басқа
халықтарда өнер, ғылым, білім жоқ дегенді білдірмейді. Қазақ орысқа тəуелді
болғандықтан, орыстың зорлық-зомбылығынан, қысымынан аман қалу, орыспен тепе-тең,
бəсекелесте болу үшін орыстың тілін, мəдениетін меңгеру қажет. Абай былай дейді:
«Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек».
Айта кетейін, Абайды осы сөздерін орыс тіліне аударушылар «зарарынан қашық болу»
дегенді орысқа емес, қазақтың «зарарынан қашық бол» деп аударады.
Ыбырай Алтынсарин Орынбор басшыларына бір запискасында қазақ халқының
арасында өзінің көрші халықтарының тілін білуге, олардың жазуын үйренуге
ұмтылушылық күшейіп келетіндігін, қазіргі экономикалық, жəне саяси жағдайының өзі
аяқтарын аттап басқан сайын дерлік, орыс тілін, орыс жазуын білуді қажет етіп отырғанын
баяндайды. Сондықтан қазақ мүддесі жəне үкімет мүддесі жағынан қарағанда да қазақ
даласында орыс-қазақ мектептерін тез тарату қажет-ақ болар еді, - деп жазған. Дегенмен
патша үкіметінің орыстандырушы саясатына Ыбырай қарсы болды. Оның «Қазақ
хрестоматиясы» қазақ балаларына бейімделген, лайықталғаннын көреміз. Оған еңгізілген
əртүрлі əңгімелер Паульсон, Ушинский, Толстой тағы басқалардан алынған. Ол əңгімелер
орыс тілінен аударма емес, оларды ерекше қазақшалап, қазақтың қазанында қайнатып,
қазақ өміріне жақындатып, қазақ балаларына түсінікті баяндауды мақсат еткен.
Сондықтан, ол шығарма «Алтынсарин əңгімелері» деп орынды аталған. Ол ұлттық
тəрбиеге негіз болды.
Ы.Алтынсаринды орыстандырушы етіп көрсету миссионер Н. И. Ильминскийлердің
ниеті болса керек. Миссионерлер бұрын да, бүгін де, əсіресе діни миссионерлер пиғылын
жасырып, жергілікті халықтың қолымен от көсеу арқылы мақсаттарына жетуді көздейді.
Сондықтан орыс алфавитін орыс-қазақ мектептерінде еңгізуде Ы. Алтынсарин есімін
бетке ұстап насихаттаған.
Ыбырайдың тəрбиесін алған ұлт жастары миссионерлер ойлағандай патша үкіметінің
ықпалын қазаққа таратуға күш салады, олар алған білімдерін қазақтың мəдениетін
өркендетуге, білімін өсіруге жұмсады.
С.Садуакасұлы дегенмен миссионерлердің əрекеттерінің сəтсіз аяқталғанын айтады.
«...русско-киргизские школы, помимо и вопреки стараниям своих создателей, в своем
45
развитии стали развиваться совершенно в нежелательном направлении для правительства.
Эти школы не только не оправдали его (правительства) надежд, а наоборот из своих недр
стали выпускать таких людей, которые впоследствии сделались первыми казахскими
революционерами-националистами». Бұл жерде националист патриот деген мағынада
айтылып отыр.
Ыбырай Алтынсарин туралы Кеңес тұсындағы педагогикалық əдебиетте оның ислам
дініне қарсы атеист деген пікірлер айтылып қалып жүрді. Ол атеистік идеологияның
салдарынан да болар. Н.И. Ильминскийге жазған бір хатында «Күлсеңіз, күле беріңіз, мен
кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп,
оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы жəне түсінікті əңгімелерді
де қосып айтамын», - деп жазған Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин татар молдаларының дінді озбыр, фанатизм, догмаға
айналдыруына, діни мектептер де зайырлы пəндерден оқытуға қарсылығын қатты
сынаған. Бұл мұсылман дініне қарсылық, христиан дінін тіпті де қолдау емес еді. Ол
дүниені жаратушы құдай деп білген. «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым, Тең етті
бəрімізге күн мен айын», - дейді бір өсиет өлеңінде. «Жаз» деген өлеңінде «құдайға шүкір
етер жас пен кəрі, Бердің деп жанға рахат мұндай дəрі», - деген. «Мұсылмандықтың
тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды атай келіп, «мұның бəрінің де жалғыз
теңдесі, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һəм кəміл жаратушы халық-қадір
екендігіне дəлелі болса керек», - деп тұжырымдайды.
Алтынсариннің көзқарасын ғалымдар деизмге жақын дейді.
Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінде дін сабағы оқылатын кезде қазақ балаларына
жеке діни тəрбие берілсін деп талап қойды. В.В. Катаринскийге хатында былай дейді:
«Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруіме тура келіп отыр. Біздің Бессонов Александр
Григорьевич, сірə есінен айрылған болар деймін. Өйтпесе, оның өз оқушыларына істеген
сорақылықтарын басқаша түсіне алатын емеспін. «...Бақсам, ол оқытушылар мектебінің 3-
ші жəне 4-ші кластарында, оқытушылардың, қарсы болуына қарамастан, бір ай бойы інжіл
мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нəтижесінде, бір жағынан, ол
оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастайды да, екінші жағынан, оқушылар оқудан бас тарта
бастапты. Тіпті, ол шəкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін жəне оларды кластан
желкелеп шығаруға дейін барыпты. Бұл қылығын қазақтар естіп қоймасын, нағыз бəлеге
сонда қаламыз», - деп жазады Ыбырай Алтынсарин. Енді бір хатында Красноуфимск
қаласындағы ауыл шаруашылық мектебінде оқып жатқан қазақ шəкірттерінің
наразылығын естіп ызыланған Ыбырай өзінің досы В.В. Катарийнскийге 1889 ж.
мамырдың 10-да жазған хатында: «тағы бір наразылық яғни қазақ оқушыларның
наразылығы Красноуфимскіде ауыл шаруашылық мектебінде туып отыр. Мұның себебі:
мұсылман дəстүрін мүлде елемеу, яғны шошқа етін асып беру, оқушыларға шошқа
бақтыру, орыс балалармен бірге ғибрат еткізу деседі. Мұның бəрі ұнамсыз нəрсе ғой...
Сондықтан əзірше іс насырға шаппай тұрғанда сонда барып, оқушыларға түсіндіріп,
наразылықты жойғым келеді. Ал егер қажет болған жағдайда директордың өзімен де
сөйлескім келеді» деп хабарлайды.
Мектептерде дін сабағын мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары үшін «Шариятул-
ислам» атты оқулықты жазған. Бұл кітап балалардың мұсылман дінінің қағидаларын
игеруіне айтарлықтай үлес қосты.
Ыбырай Алтынсарин патша əкімдерінің отарлау, қазақтарды орыстандыру, шоқындыру
саясатына барынша қарсылық білдіріп, ұлттық жəне діни наным-сенім тəрбиесін іргесін
қалады.
Резюме
Статья
посвящается
юбилею, 170-летию
казахского
ученого-педагога
Ы.Алтынсарина.
Summary
46
The article is devoted to the anniversary, the 170th anniversary of the Kazakh scholar-
teacher, Y.Altynsarin.
Достарыңызбен бөлісу: |