Аңшылық өнер (құс салу, мергеншілік) қазақ халқының күнкөріс тұрмысындағы
қажеттіліктер болумен қатар, спорттық, өнерлік мəндері зор болғандықтан құсбегілер, "Ши
басынан шіркей атып түсіретін" мергеншілер, əрі кəсіп иелері, əрі өнер иелері болды. Аң
аулап ауыл асыраған Қамбар батырдың ерлігін халық қызыға, əсерлене жырлайды.
"Қыран құс не алмайды салса баптап" деп Абай айтқандай құсбегілік өнер,
көбінесе, əулеттік кəсіпке айналған. "Дəлдеп атып
жауды өлтір, дəлдеп айтып дауды
өлтір" деп халық мергеншілік əрі аң аулаудың, əрі ел қорғаудың құралы екендігін баса
айтады.
Аң аулауда "аңның да киесі бар", "Көкбөрі əулиенің тұқымымыз" деп халық, аңды босқа
қыра бермей, əсіресе аң төлдейтін уақытта аң ауламау əдептілігін сақтау керек екендігін
ескертеді. Мысалы, "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырында Сарыбай Қарабайдың көңілін
қимай, буаз маралды атып, мерт болады. Сөйтіп аң аулау, құс салу өнері мен тұрмыстық
тəжірибесінде қазақ халқы "Керқұла атты Кендебай" атты, жер ананы пайдалануда "Толағай
батыр" сияқты қиял-ғажайып ертегілер шығарып, ол ертегілерді ұрпақ тəрбиесіне
пайдаланып отырған.
Балық аулау кəсібі бойынша да, халықтың кəсіптік, тəрбиелік тəжірибелері мол
(балықты аулау мерзімдерін белгілеу, балық уылдырық жасайтын кезде, оны ауламау,
балыққа жем беру т.б.)
Кең даланы, асқар тауларды мекендеп, қыста қыстауда, жазда жайлауда болған халық
табиғат қызығын еркін көрген ер халық. Міне, сол өрісте өмірге бейнетті тұрмысқа
байланысты игі əдеттер пайда болып, олар дағдыға айналып отырған. Ұлттық салт-
сананың қалыптасуы халықтың тұрмысына, жоғарыда айтқандай өмір тəжірибелеріне,
игі дағдылардың қалыптасуына байланысты.
28
Қазақ халқының ұлттық (этностық) ерекшеліктеріне сəйкес қалыптасқан
этнопедагогика ғылымының негізі - халық тəжірибесі екендігін осыдан көреміз.
Қазақ этнопедагогикасы - ұлттық тəлім-тəрбиенің қайнар бастауынан бастап, осы
уақытқа дейінгі болмысты айқындап, оның болашағын белгілеп берген ғылым. Ал ұлттық
тəлім-тəрбиенің түпкі негіздері сол ұлттың ұлт болып қалыптасуына дейін бастау алып,
ұлттық қасиеттерге сəйкес дамып, қалыптасты. Профессор С.Қалиев: "Ұлы Даланы
мекендеген түркі тектес (тілдес) халықтардың, одан əрі ғұндар мен сақтардың бір елді, бір
жерді мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бір тілде сөйлеп, бір дінге сеніп,
əлем мəдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосып, бүгінгі түркі халықтарына ортақ
мəдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгінгі ұрпақ өмір тəжірибелерінен көріп
отыр", - деп, қазақ этнопедагогикасының методологиялық негізін дəлелді, тұжырымдады
(б.с. 26-бет).
Қол өнерін еркін меңгерген халық (зергерлік, кесте тігу, ою-өрнектер салу, кілем тоқу,
алаша тоқу, ағаш өрнектеу, құмыра құю т.б.) сырлы табиғаттың əдемі əуездерін құлағына
сіңіріп əнші, күйші болды, өнер мен еңбекте, тұрмыстық қарым-қатынаста имандылық пен
инабаттылықты қалыптастырып, тілін дамытты, дала дарытқан əсемдік пен əуезділікті
бойына сіңіріп ақын болды.
Өрісті өмір мен бейнетті өмірден тəжірибе түйе білген дарынды халық ұрпақтарын
тəрбиелеудің құдіретті құралдарын жасады. Ол əмбебап əсерімен жеке тұлғаның жүрегін
билеп, өзінің адамдығын қалыптастыратын əдебиет (ұлттық əдебиет) жəне салт-дəстүрлер.
Ұлттық тəрбиенің басты құралы ауыз əдебиеті, салт-дəстүрлер жəне дала даналарының
тəлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасы методологиясының (əдіснамасының) тірек-негізі
болып табылады.
Қазақ халқының ұлттық əдебиеті (жырлар, ертегілер, шешендік сөздер т.б.) əлемдегі ең
бай əдебиет. Ол жастарды ерлікке, бірлікке, еңбекке, адалдыққа, адамгершілікке,
көркемдікке тəрбиелейді.
Қазақ
халқының
ұлттық
болмысы
ерекшеленіп,
тəлім-тəрбиелік
негіздері
қалыптасқандығын айқындайтын оның ауыз əдебиеті, жазу мəдениетін зерттеу ғылыми-
теориялық тұжырымдар жасауға негіз бола алады.
Бала тəрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тəліміндегі
ерекшеліктер, сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи жəне табиғи жағдайларына
байланысты.
Ауыз əдебиетін салт-дəстүрлермен арқауластырып, халық ана тілін ұлттық ойдың көрінісі
ретінде айқындап көрсете білді. Балаға сан үйрету үшін ең əуелі заттың не екенін, қандай
екенін ұғындырады да, халық соның санын үйретеді ("Бір дегенім - білеу, екі дегенім -
егеу, үш дегенім - үскі" т.б.). Сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мəтел үйретуді, тақпақ
жаттауды игі əдетке, одан əдепке, əдептен дəстүрге айналдырып, қазақ халқы "тілашар"
дəстүрін қалыптастырды. Қалыптасқан тілашар дəстүрі бойынша халық баланың 5 жасқа
дейінгі тəлім-тəрбиесін осы тілашар дəстүрімен байланыстырады.
Тілашар дəстүрі баланың шілдехана тойы, бесікке салу, тұсау кесер рəсімдерінен
басталып, бөбектің тілі шыға бастағанда оған сан үйрету, жаңылтпаштар айтқызу, үш
жастан бастап тақпақ айтқызу, əн үйрету, дарынын дамыту рəсімдері орындалады.
Табиғатынан өнерпаз, шешен, меймандос, мейірлі халық тəрбие мен дүниетаным үшін
санамақтарды, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, мазақтамаларды, мақал-мəтелдерді,
жырларды, термелерді, шешендік сөздерді, ертегілерді, аңыз əңгімелерді шығарып, оны
тəрбиеге салт-дəстүрлермен байланыстырып пайдаланды.
Батырлық жырлар ерлікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке тəрбиелесе, ғашықтық
жырлар мөлдір махаббаттың беріктігіне, əділдікке, ерлікке баулыды, тұрмыс-салт
жырлары ұрпақтың дүниетанымын арттырды, еңбекке, адамгершілікке тəрбиелеп, кəсіпке
баулыды; терме жырлар кісілікке, бірлікке, достыққа тəрбиеледі, айтыс
өлеңдер ұрпақтың
өнерпаздығын дамытты, ойын өлеңдер дене тəрбиесін берумен қатар, ұрпақты əсемдікке
баулыды, олардың қиялын дамытты; терме жырлар адамгершілікке, бірлікке, адалдыққа
29
тəрбиеледі, шешендік сөздер жеке тұлғалардың ойын, тілін дамытып, тапқырлыққа,
əділеттілікке тəрбиеледі, өнегелі сөздер мен тақпақтар жеке тұлғалардың кісілігін
қалыптастырды.
Қазақ халқының ұлттық тəрбиесінің əдіснамалық тірегі - ұлттық əдебиет, салт-
дəстүрлер жəне тəлімдік өнегелер.
Ауыз əдебиеті - тəрбие құралы. Əуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып,
кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп,
өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген ауыз əдебиетінің
үкілі үлгілері - мəдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол - ұрпақ тəрбиесінің күн
сəулесіндей əсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын,
қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі
мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ,
жырлар мен ертегілер, аңыз əңгімелер бəрі де тілді, ойды дамытып, ұлттық тəлім-тəрбие
беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық құндылықтар. Бұл - халық педагогикасының
үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында
жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың жəне жалпы
педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-əрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал,
халықтың мақал-мəтелдері педагогикамен қатар, философиялық дəрістердің де
түсініктемелеріне арқау бола алады.
Қазақ халқының тілі, ділі, салт-дəстүрлері - оны зерттеуде əдіснамалық арқау
болады. Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан басқа тілдерден енген "кірме сөздер"
(мысалы: волость-болыс, самовар-самаурын) жəне тілдер тоғысуы арқылы байып,
қалыптасқан бай тіл жəне байып, дами беретін қасиетті тіл. М.Жұмабаевтің сөзімен айтсақ,
" Қазақ тілінде қазақтың сары даласы, біресе желсіз түндей ашық, біресе құйындай екпінді
тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі -
бəрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күні түрік тілдерінің ішінде
қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ" (М. Жұмабаев. Педагогика. - А., 1992).
Көне түркі жазба ескерткіштері, кейінірек нұсқа болып, бізге жеткен қыпшақ
тіліндегі жазба ескерткіштер ("Кодекс Куманикус"), одан кейінгі қазақ тілінің түрік
тілдерінен даралана (өз ерекшеліктерімен өзгеше дамуы байқалған) бастауы кезінде пайда
болып,
этнопедагогика тарихында алтын арқау болып қалған. "Қорқыт ата кітабы", əл -
Фарабидің 200 кітаптық еңбектері, Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикмат" ("Даналық
кітабы"), Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түрік тілінің сөздік кітабы") одан
кейінгі ұлы тəлімгер Мұхамед Хайдар Дулатидың "Тарихи Рашиди", "Жаһаннама" кітаптары
- қазақ тілінің жəне этнопедагогикалық ойдың дамуын көрсететін тарихи құндылық
болып табылады.
Қазақ этнопедагогикасының методологиялық тірегі - ұлттық əдебиет десек, сол
ұлттың əдебиеттің ауыз əдебиетінің жалғасын жазу əдебиетімен жалғастырып, жазу
əдебиетінің негізін қалаған Абай, Ыбырай шығармалары қазақ халқының ұлттық
əдебиетінің өркендеуінің бағдаршамы болды да, қазақ əдеби тілін қалыптастырды.
Қазақ
этнопедагогикасының
тарихи
негіздерін
зерттеу
методологиясында
(əдіснамасында) біз қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық, синтаксистік, графикалық
ерекшеліктерін ескеріп, оны зерттеу тəсілдерінде, іс-əрекетте қолданамыз. Мысалы: Көне
түрік тілінде сөз басында қолданылатын "й" дыбысы, кейін қазақтың дамыған тілінде "ж"
дыбысы болып, (йоқ-жоқ) "ч" дыбысы, "ш" дыбысы болып (челек-шелек, қачан-қашан), л, д, т
дыбыстары ассимиляцияланып (дослар-достар), жеке сөздер не жуан, не жіңішке
дыбыстардың үндесуімен сингармонизациялық үндестік тауып, кейде "й" дыбысының
дифтонгтік əсермен түсіп қалуы (ауызша: келейатып-жазбаша: кележатып) т.б.
Қазақ тілінің жазу мəдениетінде руна жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы
тарихи кезеңдерге байланысты өз кезінде пайдаланылды, соңғы жазу - кирилицаны (1940
жылдан бері қазақ тілі жазу мəдениетінде) ұлт оны өзінің ана тіліне лайықтап, қазақ тілі
30
емлесі ретінде пайдаланып келеді. Қазақ этнопедагогикасының тарихын этнографиямен,
жазу мəдениетімен байланыстыра зерттегенде біз осы жазу қолданыстарын жан-жақты
зерттеп, жазу мəдениетінің белгісі ретінде қарастырамыз.
Қазақ тілі - қазақ ұлтының ұлттық тілі, Қазақ Республикасының мемлекеттік тілі болып
табылады. Қазақ тілі республикалық барлық мектептерде, жоғары оқу орындарында
міндетті оқу пəні ретінде оқытылады, сондықтан қазақ этнопедагогикасының тəрбиелік
мəнін пайдалануда біз қазақ тілін жан-жақты пайдаланамыз.
Қазақ тілі Москва Мемлекеттік Университетінде, Петербург мемлекеттік
университетінде т.б. жоғары оқу орындарында Өзбек, Қырғыз, Түрік мектептерінде,
Түркия, Польша, Швеция, Германия, Болғария, Венгрия т.б. мемлекеттерде, əсіресе түркі
тілдес
мемлекеттерде оқытылады, бұл жағдайда этнопедагогикалық шығармалар осы
аты аталған жоғары оқу орындарымен қатар ірі-ірі мемлекеттерде де қазақ тілінде тəрбиелік
іс-əрекетте қолданылып, этнопедагогикалық мəнін арттырып келеді.
Қазақ тілінің тəрбиелік (этнопедагогикалық) мəні оның əуезділігі мен үйлесімділігіне де
байланысты. Дүниежүзіндегі тілдердің ішінде қазақ тілі ең əуезді, əсерлі, үйлесімді тіл
болып табылады.
Қазақ халқы шешен халық. Əрбір шешендік сөз тыңдаушыны тəрбиелейді, оған ана
тілінің ақықтарын, асылдандыра үйретеді. Ал ақындық (көбінесе жатқа айтушылық)
өнері тəрбиеленушінің ойын, тілін дамытумен бірге, оның қазақи қасиеттерін
қалыптастырады. Соның бəрі ана тілінің (яғни қазақ тілінің) қарымдастығына байланысты.
Тіл ұрпаққа шешендікті де, тіл өнерінің барлық жанрларын да үйретеді.
Ұлттық тəрбиенің негіздерін біз ұлттық ділмен (болмыспен) рухани негіздерімен, ұлттық
əдеппен, ұлттық ерекшеліктерімен (менталитетімен) байланыстырамыз.
Қазақ халқының ұлттық болмысы оның иманды, қонақжай, ержүрек, өнерпаз, шешен,
намысты халық екенін көрсетеді.
Қазақ халқының имандылығын оның əдебі мен қайырымдылық дəстүрлерінен, кісілік
бейнесінен көреміз. Имандылық дінмен де байланысты. Мұсылман дінін өз діліне сіңіре
қалыптастырған халық имандылық рəсімдерін толық орындау əрбір перзенттің парызы деп
есептейді.
Кең даланы молынан иемденген халықтың қонақжайлылығы ұлттық тұрмысқа
(көшпелі, жер шалғайлы, мал шаруашылықты тіршілік т.б.) байланысты. "Құдайы
қонақпыз" деп, келген адам ұлтына, жынысына, тегіне, жасына, нəсіліне қарамай,
ауылдағы кез келген үйге қонақ болған. Қонақ күту, қонақты шығарып салу рəсімдері (мал
сою, сыбаға беру, ат мінгізіп, шапан жабу) əрбір отбасының жағдайына қарай, мүмкіндігінше
толық орындалатын болған.
Қазақ халқы ержүрек, батыр халық оған көптеген батырлық жырлар жəне батырлық
жəдігерлер дəлел бола алады. Батырлар елі осынша кең далаға ерлігінің арқасында еге
болғандығы қазақ этнопедагогикасында тəрбие құралы ретінде пайдаланылады.
Қазақ халқы өнерпаз, əнші, ақын халық. Қол өнерінен бастап, барлық өнерді
жастарынан үйренуді талап ете білген халық "ер жігітке жетпіс өнер де аз", жігіт "сегіз
қырлы, бір сырлы" болу керек деп түйеді.
Қазақ ұлтының əрбір өкілінің ақындық бейімділігі бар. Ол өз ойынан өлең
шығармаса да, қазақтың қара өлеңдерін жатқа біледі.
Мысалы: қазақ халқының осы бейімділігі "қонақ кəде" рəсімінде пайдаланылады.
Қазақ халқының "дала мəдениеті" оның саналуан өнерпаздық, əдептік ерекшеліктерін
көрсетеді. Бұл үрдіс қазақ этнопедагогикасының (ұлттық тəлім-тəрбиесінің) тəрбиелік
құралы болып табылады.
Қайырымдылық, мейірімділік қасиеті бар халық (қазақ ұлты) басқа халықтармен
(ұлттармен) ақжарқын достасып, бірлікті, достықты, ынтымақты, тыныштықты сақтай
білуді өзінің адами парызы деп есептейді. Қазақ Республикасында тұратын жүзден аса
ұлттардың достығы мен бірлігі, ынтымағы осы тұжырымның айқын дəлелі болады.
31
Қазақ халқы (ұлты) басқа ұлттардың бəрін де бауырына тартып, оларға қамқорлық жасап
келеді. Мысалы, XX ғасырда қазақ даласына жер аударылып келген кəріс, неміс, шешен
т.б. ұлт өкілдері қазақ халқының қамқорлығына ие болып, елмен сіңісіп, бауырласып, жаны
жақындасып, қаны араласып кетті.
Қазақ этнопедагогикасының методологиясында (əдіснамасында) осы үрдістерді
ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір өзегі ретінде қарастырамыз. Өйткені əрбір ұлттың
(этностың) тəрбиелік (этнопедагогикалық) үрдістеріндегі ерекше əсері тиетін, тəрбиелік
қағидаларын айқындайтын құбылыс - сол ұлттың өзіндік (ұлттық) ерекшеліктері болып
табылады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері - біз жоғарыда мысалға келтірген:
имандылық, қонақжайлылық, батырлық, ақындық, əдептілік (мəдениеттілік), мейірімділік,
өнерпаздық - қазақ этнопедагогикасының алтын өзекті арқауы.
Қазақ халық педагогикасындағы ұлттық тəрбие жүйесі
Қазақ этнопедагогикасы (қазақ халқының ұлттық педагогикасы) XX ғ. 20 - 30
жылдарынан бастап ғылыми бастауларымен көрінеді. Яғни ұлттық тəрбие туралы Ахмет
Байтұрсыновтың,
Сəкен
Сейфуллиннің,
Мыржақып
Дулатовтың,
Мағжан
Жұмабаевтің, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мұхтар Əуезовтың пікірлері жарық көріп,
ұлттық əдебиеттің тəрбиелік мəні ашыла бастады.
Егеменді ел болғалы (1991 жылдан бастап) ұлттық тəрбиеге ерекше мəн беріліп, сол
ұлттық тəрбие туралы ғылымды жүйелеу міндеттері алға қойылды. Қазақ халқының
педагог-ғалымдары əдебиет пен əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерін зерттеп, халық
педагогикасының ғылыми жүйесін жасай бастады. (Мысалы: Елікбаев Н. "Ұлттық
психология". 1992; Наурызбаев Ж. "Қазақтың ұлттық тəлім-тəрбие атауларының
түсіндірме сөздігі", Жарықбаев Қ., Қалиев С. "Қазақтың
халық педагогикасының
тарихынан" 1992; Жарықбаев Қ., Табылдиев Ə. "Əдеп жəне жантану" 1994 т.б.).
Халық педагогикасын жан-жақты зерттеген ғалымдар ұлттық тəлім-тəрбие туралы
ғылымның жүйесін жасап, ол ғылымның атауын айқындау үшін, орыстың ұлы педагогі
К.Д.Ушинскийдің халық педагогикасы туралы тұжырымдарын, Г.Виноградовтың
"Народная педагогика" ("Халық
педагогикасы" 1926), Чуваш
педагогі
Г.Н.Волковтың "Чувашская народная педагогика", "Этнопедагогика" (1974) деген
еңбектерін саралап қарап, "Қазақ этнопедагогикасы" ғылымының атауын айқындады да,
оның құрылымын дəлелдеп белгіледі.
"Қазақ этнопедагогикасы" - ғасырлар бойы халық қалыптастырып, өмірге қолданып
келген ұлттық ғылым. Бұл ғылымды біз жүйелеп, құрылымын айқындадық. Яғни "Қазақ
этнопедагогикасы" ғылымының құрылымы: халық педагогикасы жəне ұлттық
педагогикалық ойлар тарихы сияқты екі бөлімнен түрады.
Ал, халық педагогикасы деген бірінші бөлім екі салаға бөлінеді. Ол: қазақ халқының
ұлттық əдебиеті (көбінесе ауыз əдебиеті) жəне ұлттық салт-дəстүрлер. Ауыз əдебиетінің
(жалпы ұлттық əдебиеттің) жанрлық түрлері: шілдехана жыры, бесік жыры, тұсау кесер
жыры, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мазақтамалар, мақал-мəтелдер, тақпақтар,
жырлардың басқа да түрлері (батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, тұрмыс-салт жырлары,
дастандар т.б.), айтыс өлеңдер, өтірік өлеңдер, ойын өлеңдері, термелер, өнеге сөздер,
ертегілер, аңыз əңгімелер, əзіл-оспақтар.
Қазақ халқының халық педагогикасының екінші бір, негізгі, саласы халықтың
(ұлттың) салт-дəстүрлері болып табылады. Қазақ ұлтының салт-дəстүрлерінің өз
ерекшеліктері бар. Ғылыми жүйемен айқындасақ ұлттық салт-дəстүрлері: игі əдет, əдет-
ғұрып, əдеп болып қалыптасқан жүйе ұлттың рухани (мəдени) іргенегізі болады. Мысалы:
қайырымдылық сияқты игі əдет əуелі жеке тұлғаның игі əдеті болса, ол көпшіліктің
қолданысында əдет-ғұрыпқа, яғни рулық, топтық қолданысқа айналған, ол бүкіл
ұлттық қолданыста өз көрінісін тапқанда оны ұлттық əдеп дейміз. (Əдеп - мəдениет деген
ұғымды білдіреді) ал "əдептілік" - "мəдениеттілік" деген ұғымды білдіреді.
Əдептің бүкіл ұлттық қолданысқа айналуы (мысалы, халықтың қайырымдылығы) дəстүр
деп аталады да оның сөзсіз орындалуы салт (заң) деп аталады. (Мысалы, қайырымдылық
32
қазақ халқының сөзсіз орындайтын заңы) Ал сол заң ұлттық санаға сіңіп, біржола орындалу
дəрежесіне жетсе, оны салт-сана (яғни ұлттың санасына сіңген заң)
болып
қалыптасады. Этнопедагогика ғылымында дəстүр, салт, салт-сана мəдени рухани сəулет деп
аталады.
Қазақ халқының əдебі, дəстүрі, салты, салт-санасы түрлі рəсімдер мен рəміздер арқылы
іске асырылады. Мысалы: үйлену тойын жасау дəстүрінің рəсімдері: құда түсу, ұрын
бару; бет ашар, тойбастар өлеңдерін айту т.б. рəсімдер одан басқа сол рəсімдердің: ала
арқаннан аттамау, отқа май кұю, қол ұстатар, шаш сипатар т.б. кəделері болады, сақинаны
салу белгісі (рəмізі) сол кəделердің орындалуына сəйкес қолданылады.
Бұдан басқа да салт-дəстүрлердің жөн-жоралғы, ырым, тыйым рəсімдері (салт-дəстүрді
орындау іс-əрекеттері) дала мəдениетінің заңды құбылыстары болып қалыптасқан.
Олардың этнопедагогикалық өз мəндері мен мағыналары бар.
"Қазақ этнопедагогикасы" ғылымының екінші саласы этнопедагогикалық ойлар деп
аталынады. Бұл сала бойынша біз ұлттық тəрбиеге əсер етіп, ұлттық мəдениетті дамытудың
негізі болған этнопедагогикалық ойларын тасқа қашап жазып, қағаз бетіне түсірген ұлы
ғұламалар мен дала даналарының ойларын зерлеп көрсетеміз.
Мысалы: Күлтегін тас жазуы ерлікке, бірлікке тəрбиелейді, Қорқыт ата кітабы
елдікке, адамгершілікке тəрбиелейді, əл - Фарабиұлы ұстаз, ғұлама ғалым ретінде
ұрпақты ғылым үйренуге, адами ақылдылыққа тəрбиелейді, Жүсіп Баласағұни ұлттық
парасатқа жетуді уағыздайды, Махмұд Қашқари ұлттық жетілуді, Мұхаммед Хайдар
Дулати ел басқарушының өнегелерін уағыздайды. Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев,
Шоқан Уəлиханов халық ағарту ісін, ғылым үйренуді жоғары қояды, Ахмет Байтұрсынов,
Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мыржақып Дулатов, Мұхтар Əуезов қазақ
халқының ұлттық дəрежесін айқындап, ұлт мəдениетін дамытып, елдің елдігін
қалыптастыруды мақсат етіп, этнопедагогикалық еңбектерімен ұлтына қызмет етіп, ұлағатты
ұстаздық еңбектерін қалдырды.
Қазақ этнопедагогикасы (қазақтың халықтық педагогикасы) - жалпы педагогика
ғылымының бір саласы (алдыңғы арқауы) ретінде, ғылыми жүйеде қалыптасқан ұлттық
ерекшелігімен айқындалған ғылым.
Қазақ халық педагогикасының (қазақ этнопедагогикасының)
теориялық негіздері:
1.Қазақ ұлтының этностық тұлға болып қалыптасуы туралы тұжырымдар.
2.Этностық тұлғаның халықтық педагогикасы туралы тұжырымдар.
3.Ұлттық тəрбие туралы теориялық тұжырымдар.
1.Этностық мəні, мазмұны, құндылығына байланысты ұлттық (халықтық) тəлім-тəрбие
туралы ғылымды этнопедагогика дейміз. Этнопедагогика этностық ерекшеліктерімен
көрінеді.
Əрбір этнос (ру, тайпа, халық, ұлт) тарихи, географиялық, мəдени, тұрмыстық жағынан
өзінің тектік тұлғасын қалыптастырып, тəлім-тəрбиелік үрдістерін дамытып, қадерінше,
қалыптастырып отырған. Яғни этностық тұлғаның (рулар мен тайпалардың) тілі, тұрмыс-
тіршілігі, ділі, əдет-ғұрпы тарихи, жағрафиялық, тектік ерекшеліктерге байланысты
қалыптасып, өз болмыстарымен даралана көрініп, басқа аймақтардағы этностық
тұлғалардан өз айырмашылықтарымен өзгешеленген.
Достарыңызбен бөлісу: |