Әдебиеттер
1 Әбенбаев С. «Эстетикалық мәдениет негіздері». – Алматы, 2005.
2 Ақылдың кені. Құрастырған Қ. Жарықбаев – Алматы: Қазақстан, 1991. -256.
3 Әбенбаев С.Ш. Ұлттық-эстетикалық мәдениет негіздері. – Алматы, 2001.
4 Жаңғырған салт-дәстүрлер. – Алматы, 1991.
5 Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. – Алматы, 2000.
6 Елеукенов Ш. Сұлулыққа іңкәрлік. – Алматы: Білім, 1992. – 328 бб.
ӘОЖ 37.01:39
Ж.А.Орынтаева
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Информатика және қолданбалы математика кафедрасының
аға эдвайзері
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Мақалада ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері мен ұлттық салт-дәстүрдің студенттерді
тәрбиелеудегі ролі қарастырылған.
Түйінді сөздер: ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, қарым-қатынас, сана-сезім, болашақ,
білім, ғылым, студент.
В статье рассмотрены особенности национального воспитания и роль национальных
традиции в воспитании студентов.
Ключевые слова: национальное воспитание, обычай-традиция, связь, сознание, буду-
щее, знание, наука, студент.
The article describes the features of national education and the role of national traditions in the
education of students.
Keywords: national education, custom-tradition, connection, consciousness, future, knowledge,
science, student.
Бүгінгі жастарға ұлттық тәрбие беру
керек деген идеяны басшылыққа алған
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінде ұлттық тәрбиеге айрықша
мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз»
дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын
сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот,
жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы
биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу
үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін
өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Осыған орай,
университетімізде ұлттық тәрбие мәсе-
лелерін дәйекті оқыту үшін арнаулы оқу
және оқу-әдістемелік құралдар шығарылуда.
Информатика және қолданбалы математика
кафедрасының оқытушылары «Студенттің
бос уақытын ұйымдастыру» атты әдістемелік
құрал дайындап шығарды. Сабақ үрдісінде
96
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
және тәрбие сағаттарында студент-жастарға
тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-
дәстүрлер, ырым-тыйымдардың маңызы,
бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі
аралықта
қолданылатын
салт-дәстүр,
сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту,
ас ішу әдебі, сөйлеу әдебі және киім
кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек
тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық
мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік
мәні сияқты ұлттық құндылықтарымыз
тиянақты оқытылып, үлгі ретінде көрсетілуде
десек қателеспейміз. Осыған байланысты
«Қош келдің әз-Наурыз» атты ашық тәрбие
сағатында студенттеріміздің сөйлеу мәнері
мен ұлттық салт-дәстүрлерімізге тоқталуы,
бата беру, тұсау кесу, ұлттық тағамдарымыз
бен қол өнерін қаншалықты білетіндігін
сұрақ-жауап бөлімдерінен көрдік.
Ұлттық қалпымызды сақтап қалу қазіргі
жастарымызды әртүрлі діни ағымдардан
қорғаштаудың бір амалы десек болады.
Осы мәселеге бағытталған ашық дәрістерге
кафедра оқытушылары мен студенттері
белсене қатысып, ұлттық тәрбие туралы
мол мағлұматтар алды. Студенттеріміз
діни ағымдардың арбауына түспей, қазақ
ұлтының салтымен жүрудің маңызды екенін
ұғынды.
Ұлттық тәрбиенің көздеріне халық
ауыз әдебиетін, ұлттық әдебиетті, әдет-
ғұрыптарды,
салт-дәстүрлерді
және
ұлағатты қағидалар мен шешендік сөздерді,
өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер мен тәрбие
қағидаларды жатқызуға болады. Осы орайда,
информатика мамандығының 2 курс студенті
Нұрғожа Арайлым «Жайдарман» КВН
ойындарына қатысса, Салғараева Ұлжан
«Университет аруы» байқауына қатысып
өз өнерін көрсете білді. Жатақханамызда
ұйымдастырылған «Шаш күту мен өрімдер»
атты жарысқа информатика мамандығының
студенті Смағұл Жауқазын бас жүлде алды.
Сонымен бірге, отбасы тәрбиесінің ұлттық
ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас,
жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз
бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім,
отансүйгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттер
ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттары екені
белгілі. Ал біздің университет студенттері
Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген
ару қыздар болғандықтан, ұлттық тәрбиені
жиі айтып тәжірибе түрінде көрсетіп
отыруымыз керек. Себебі, олар болашақта
ұлтымыздың кілтін ұстайтын жандар! Яғни,
болашақ ана, болашақ жар, әлем бесігін
тербететін тұлға!
Иә, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-
сезімі жоғары болашақ маман жастарды
тәрбиелеуге
негізделген
білім
беру
жүйесінің құрамдас бөлігі. Білім беру ісі мен
ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа
ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды
ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға
алынып отыр. Ендеше, «Ел боламын десең,
бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып
қаламыз десек, жоғары оқу орындарында
ұлттық тәрбиеге аса көңіл бөлген жөн деп
ойлаймыз.
97
ҰЛТ ТІЛІ
ӘӨЖ 811.512.122
М.М. Увайсова
ТарМУ «Шет тілдері» кафедрасы, ф.ғ.к.
Тараз қ.
ТІЛ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
Бұл мақалада мемлекеттік тіл - өзгелерден биік, қолдану аясы кең болуы тиіс екені және
әрбір өсіп келе жатқан бала өз ана тілінде тәрбиеленіп, өз ана тілінде ойлап, сөйлеуі керек
екені айтылған.
Түйінді сөздер: ана тілі, тіл мәртебесі, ғылым, білім, мемлекеттік тілді қолдану аясы,
тәрбие .
В этой статье рассматривается что государственный язык должен быть выше всего. Каж-
дый человек должен говорить, воспитан и думать в своем родном языке.
Ключевые слова: родной язык, статус языка, наука, знание, применения государствен-
ного языка, воспитание .
In this article it is considered that the state language has to be higher than all. Each person has
to speak, educated and to think in the native language.
Keywords: the mother tongue, status of language, science, knowledge, applications of official
language, education.
Мектеп оқушысы болып жүрген кезімде
қазақ тілі мұғалімі қазақ тілі сабағында
белгілі бір тақырыпқа сай бірнеше мысал-
дар айтып, үзінділер оқығанда қазақ тілінің
ғажап екенінің куәсі болдым. Қазақстанда
тұратын барша ұлт өкілдерін осы қазақ тілі
ғана біріктірсе екен деймін. Қазақ тілі өз
тұғырына қонса екен.
Тіл –халықтың жаны да, сәні де. Ана
тілінің топырағында көктеп, ауасынан ты-
ныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес.
«Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде
небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей
өтіп, әлеуметтік экономикалық, саяси
жаңғыру жолына түскен Қазақстан бүкіл
әлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз
беделі бар абыройлы мемлекетке айналды»
– деп Елбасымыз атап өткендей, осы уақыт
аралығында Қазақстан да, қазақ баласы да
басынан талай жақсы күндер мен өткелі
көп өтпелі кезеңді басынан кешірді. Соған
қарамастан қазақ елі әлемге өзіндік бет
бейнесімен ұлт ретінде, мемлекет ретінде
танылды.
1989 жылы тіл жанашырлараның бел-
сенділігінің арқасында мемлекеттік тіл мәр-
тебесін алған қазақ тілі содан бері барынша
тұқыртулымен келеді. Содан бергі уақыт
ішінде тіліміздің қанатын кеңге жайғаны
байқалады.
Елдің ең қастерлі құжаты – Конститу-
ция. Ата Заңымыз елдігімізді айқындайды,
ұлттығымызды ұлықтайды, тілімізді төрге
шығарады. Қазақстан өз тәуелсіздігін
жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік
тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 та-
мызда республикалық референдумда қаб-
ылданған Қазақстан Республикасының
Кон ституциясының 7-бабында көрсетілген:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк
тiл – қазақ тiлi» [1]. Ата Заңымыз бойынша
еліміздің аумағында мекендейтін әр ұлттың
өз тілін, өз мәдениетін, өз дәстүрін дамытуға
мүмкіндік жасалған. Осы жиырма жыл
еліміздің іргетасын қатайтты, тілдік ортаның
бедерін өзгертті. Қазақ тілінің қолданылу
ауқымы артты. Тіл барлық кезеңде ұлттық
идеяның басты діңгегі және мемлекеттік
98
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
идеологияның негізгі іргетасы болып са-
налады. Тіл арқылы тілдесе де, бірлесе де
аламыз, біріге де, кіріге де аламыз. Адамзат
қоғамының саналы түрде сабақтаса, арала-
са тіршілік етуінің айрықша белгісі, ұлттық
ділінің көрінісі – Тіл. Адам баласы ұлтына,
жеріне, тарихи дамуына, қауымдасуына, ді-
ліне қарай дербес мемлекеттер болып өмір
сүріп жатқанда тіл мәселесінің мазмұны да,
мәні де артатындығы белгілі. Бұл арада қазақ
халқының саяси тәуелсіздік алып, өз алды-
на жеке ел болуы – оның тілінің де еркіндік
алуымен, кедергісіз өрістеуімен тікелей
сабақтасып жатуы керек. Қандай халықтың
болсын егемендікке қол жеткізуі – өзінің
байырғы ұлттық құндылықтарына оралу-
ын білдіреді. Өйткені тәуелсіздігіміздің
мәні қандай болса, тіліміз де соншалықты
маңызды.
Елбасымыздың өзі «мемлекеттік тіл –
Қа зақстан халқын біріктіруші аса маңызды
фактор» деп, Ана тіліміздің қоғамдағы ор-
нын айқындап берген болатын.
Менің түсінігім бойынша мемлекеттік тіл
– өзгелерден биік, қолдану аясы кең болуы
тиіс. Әрине басқа тілдерді білу керек, біздің
жастар қазіргі ғаламдану заманында өзінің
орнын ойып алуы тиіс. Әрбір өсіп келе жат-
қан бала өз ана тілінде тәрбиеленіп, өз ана
тілінде ойлап, сөйлеуі керек.
М.Әуезов айтып кеткен «әрі бай, әрі көр-
кем тілімізді» мұхиттың арғы бетінен кел-
ген өзге ұлт өкілдерінің аузынан есту-біз
үшін қуаныш. Яғни, өзге ұлт өкілдерінің
қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы ар-
тып келеді. Демек, еліміз-егемендік, тіліміз
мемлекеттік мәртебе алғалы қазақ тілін
үйренушілер қатары өсе түсуде. Мемлекеттік
тілді меңгеруге өз республикамыздың аза-
маттары ғана емес, шет елдерден келген
ад ам дардың да ден қою көңілге қуаныш
ұялатады.
Тіліміздің осылай шарықтап қанат қа-
ғуы мен қатар, көңілді су сепкендей басатын
кө леңкелі жайттар да кездеседі. Туған тілін
шұ барлап сөйлейтіндер, тіпті, туған тілден
бе зетін сорақыларды да кездестіріп жата-
мыз.
Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді
шұбарлауларды шұбарлау, көңіл тұны-
ғын лайлау. Осы тұста ақын Әбділда Тә-
жібаевтың:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! –
деген тамаша жыр жолдары есімізге түседі.
Тіліміздің мәртебесі көтерілсе, елдің де
мәртебесі биік болатыны хақ.
Тіл қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір
адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Бұл туралы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім,
– деп кесіп айтқан. Ана тілін сүйген адам –
туған жерін,елін, отанын, атамекенін сүйеді
деген сөз. Ал, бұлардың бәрі-адам баласы
үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай
қырын, абзал сырын түсіне білуіңе басты се-
бепкер – сол ана тілің.
Мені ата-баба зердесімен байланысты-
ратын тек қана – ана тілі. Оны ғылымда
«филогенетикалық жад» дейді екен. 1989
жылы Францияның екі ғалымы осы саланы
зерттеп, Нобель сыйлығын алған.
«Құран Кәрімнің» 49-сүресінде: «Бір-бір-
іңді тануларың үшін сендерді ұлтқа, рухқа
бөлдік», – деген аят бар. Ендеше ана тілді
бірінші біліп, игеру – аксиомалық заңдылық.
Сауатты да мәдениетті, рухы күшті адам өз
кәсібіне қарай, мамандығына сай, егер басқа
тіл қажет болса, жол-жөнекей үйрене алады.
Ілгерінді-кейінді өткен ғалымдар өз ана тілін
толық меңгеріп алып, сонан соң ғана өзге
тілді үйренген.
Заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит
Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам
өз халқының өткенінен де,бүгінінен де,
болашағынан да қол үзеді. Ана тілін тек өгей
ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана
аяққа басады» , – деген-ді.
Өз тілімізді өзіміз құрметтемесек, сый-
ламасақ, біздің тілімізді кім бағалап, кім
сыйлайды? Ал өз тілін сыйлата алмаған ел
өзін қалай сыйлата алмақ?
99
ҰЛТ ТІЛІ
Қазақ тілі осал тіл емес. Ол-әлем
мойындаған Абай, Ілияс, Мағжан, Мұхтар
секілді алыптарды туғызған тіл.
Қазіргі таңда өзекті жан-жақты қаралып
жатқан мәселелердің бірі – мемлекеттік тілді
оқыту мәселесі. Сонымен қатар, бұл мәселе
тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу ны-
саны бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе
болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің
тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Мемлекеттік тілді оқыту мәселесімен айна-
лысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар
көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр
түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ
тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне
үлес қосуда.
Жолдауда Елбасымыз: «Қазір біз бала-
ларымыз қазақ тілімен қатар орыс және
ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін
жағдай жа¬сауға шаралар қабылдап жатыр-
мыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынта-
ландырылуы керек», деп әлемдік деңгейдегі
елдердің қатарына жетудегі тілді меңгерудің
жоғары талабын қойды [2].
Меніңше, көп тіл білуге ешкім қарсы
емес сияқты. Әл-Фараби бабамыздың өзі
76 тіл білген. Үш тіл білу, зерделі азамат
екеніміздің дәлелі деп білемін. Яғни біз аз
уақыттың ішінде бірнеше тілді зерделеу-
ге қабілетті ұрпақ болып қалыптасамыз.
Бәсекелестікке жарамды боламыз. Тіл – сөз
жеткісіз құдіретке ие. Францияның каролі
бесінші Карл ағылшын тілі – дипломатияның,
неміс тілі – соғыстың, италян тілі – сүюдің
тілі деп бағалаған. Ендеше, ұлылардың
ұлағатты сөзіне бас ие отырып, осы тілдерді
меңгерейік.
Қорыта айтқанда, тілдік ахуал уақыт
өткен сайын жақсарып келеді. Тәуелсіздік
тілді тығырықтан шығарып қана қойған жоқ,
оның ғұмырын ұзартты, тынысын кеңейтті.
Кеңестік кезең мен қазіргі уақыттың айыр-
масы жер мен көктей. Тілдік орта қазақылана
бастады, тіл үйренуге ықылас артты. Екі
тілде еркін сөйлейтін жастар қатары көбейе
бастады, қос тілді қос қанатына айналдырған
жас
билингвист-журналистер
ақпарат
саласының ажарын аша түсті.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жы-
рын жырлап, мемлекетіміздің бұғанасын
қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына
да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы —
тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті
қағидасына сүйенсек, Ата Заң аясында бақ-
берекеміздің сақталып отырғаны тіл саяса-
тын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық
[3].
Жалпы, тіл жеке адамның шаруасы емес.
Мемлекеттік де басыбайлы дүниесі емес.
Тіл - халық қазынасы, ұлттық жаны. Тілдің
мәселесі – ұлттық мәселесі. Мерейін асы-
ратын да өзіміз, құтын қашыратын да
өзіміз. Тіл отбасынан бастау алады, отан
аясында дамиды. Отбасы өзіміз де, От-
анымыз Қазақстан! Елбасымыз айтқандай,
«Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде».
Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды
қадірлегендей қадірлейік!
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 11
шілдедегі 1997 жылғы
2 Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағ дарламасы.
3 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы».
100
МАЗМҰНЫ - СОДЕРЖАНИЕ
Құттықтау......................................................................................................................................6
Сманов Б.Ө. Ұлтын сүйген азамат..............................................................................................8
Нуриев М .А. Көрегендік пен кемеңгерлік иесі – Көбекең.....................................................13
Нарибаев К.Н. Воспитание экономической культуры специалиста......................................16
Тауланов С.С. Быть патриотом – ценность во все времена....................................................21
Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық тәрбие – мәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі.....................25
Сабырова З.Қ. Ұлтжандылық – қыз тәрбиесінің негізі...........................................................29
Даутова С.Б. Қоғамның дамуына қосқан әдебиеттану ғылымының іргелі үлесі.................33
Қойгелдиев М.Қ. Түркістан халықтары тарихындағы ағартушылық кезеңі және оның ел
өміріне ықпалы.............................................................................................................................38
Нуриев М .А. Тұлғаның зияткерлік болмысын қалыптастыруда білім беру үдерісін модер-
низациялау жағдайы.....................................................................................................................43
Auyelgazina Т. National education in system of socialization of the personality.........................47
Бөлеев Қ. Қазақстандағы ұлттық тәрбие мәселелері бойынша зерттеулер...........................54
Оразбаева Ф.Ш. Интеллектуалды тұлға қалыптастыруда үштілді маман дайындаудың бас ты
мәселелері.....................................................................................................................................64
Исхан Б.Ж., Оспанова Б.Р. Жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу дегі ұлттық құн-
дылықтардың маңызы..................................................................................................................70
Құламанова З. «Отан, Отан! Бәрінен қымбат екен, мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!» .......74
Утепова А.Қ. Ұлтжандылық – ұлттық тәрбиенің бастауы........................................................79
Шыныбекова К.М. Патриотизмдегі көркемөнердің рөлі..................................................... .83
Тунғушбаева А.Т. Сөз өнері – тіл құдыретінің ағылшын-қазақ мақал-мәтелдеріндегі рөлі
........................................................................................................................................................86
Тайманова С.А. Бүгiнгi әлемдегi ұстаз....................................................................................89
Куненова П.С. Ұлттық тәлім-тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды!..................91
Орынтаева Ж.А.Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы....................................................................95
Увайсова М.М. Тіл – ұлт байлығы............................................................................................97
Мақалаларды журналға басып
шығарудағы талаптары
Мақаланы «Ұлттық тәрбие» журналына тапсыру
үшін журналдың жауапты хатшысына қағаз түрінде ба-
сылып шыққан файл көшірмесімен кез келген электрон-
ды таратушыда өткізу керек. Дискетадағы ақпарат қағаз
түрінде басылып шыққан ақпаратқа сай келуі кажет.
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторда, Timas
New Roman шрифтпен, шрифтің өлшемі № 12 терілуі
қажет. Мақаланың көлемі 5-беттен кем болмауы тиіс.
Беттің параметрлері: үсті – 2 см, асты –
2 см, сол жағы
–
3 см, оң жағы – 1,5 см. Жоларалық интервал – дара
(одинарный).
Мақала автордың аты-жөні, қызметі, ғылыми лауа-
зымы, мақаланың атын көрсетумен басталады, мақала-
ның соңында екі тілде түйін беріледі (егер мақала
қазақ тілінде жазылса, онда түйін орыс және ағылшын
тілдерінде, егер мақала орыс тілінде жазылса, онда түй-
ін қазақ және ағылшын тілдерінде жазылады т.с.с.).
Мақала терілгеннен кейін автор өзі тексеріп, қателерін
тү зеп, соңғы нұсқасын беруі қажет. Мақала мазмұнына
автор өзі жауап береді.
Әдебиеттерге сілтеме міндетті түрде жасалсын.
Олар мәтінде аталуына қарай таяқшада сан түрінде көр-
се тіледі. Мақаланың соңында берілетін әдебиеттер тізі-
мінде алдымен автордың аты-жөні, мақаланың немесе
кітаптың аты, сонан кейін кітаптың жалпы мәліметтері
көрсетіледі.
Мақаланың соңында қызмет және үй телефон нөмір-
лерін көрсетулеріңіз қажет.
Түп нұсқалар, қойылған талаптарға сай келмеген
жағ дайда баспаға қабылданбайды. Мақалалар кері қай-
тарылмайды және өңделмейді.
Мақаланы баспаға шығару ақысы университеттің
кассасына төленеді немесе банк арқылы төлеуге бола-
ды. *Қойылған талаптарға сәйкес мақаланы журналға
шығару бағасы 1500 теңге.
Бір жылға жазылу бағасы 3104 теңге. Журналға
жазылу «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жыл бойына
жүреді. Индекс 74310
Требования к оформлению статей,
публикуемых в журнале
Материалы для журнала «Ұлттық тәрбие» сдаются
ответственному секретарю журнала в распечатанном
виде с приложением копии файла на любом электрон-
ном носителе. Информация на электронном носителе и
в распечаттаном виде должна быть идентичной.
Набор должен быть произведен в текстовом редакто-
ре Microsoft Word шрифтом Times New Roman, кегль –
12. Статья должна быть не менее 5 страниц. Параметры
страницы: верхнее – 2 см, нижнее – 2 см, слева – 3 см,
справа – 1,5 см. Междустрочный интервал – одинарный.
Статья должна начинаться с указания ФИО автора,
занимаемой должности, ученой степени, названия ста-
тьи. В конце статьи обязательно наличие резюме на двух
языках (если статья написана на казахском языке, то ре-
зюме должно быть написано на русском и английском, а
если статья написано русском языке, то резюме следует
писать на казахском и английском). Текст должен быть
тщательным образом выверен и отредактирован автором
после набора. Автор сам отвечает за содержание статьи.
Ссылки на литературные источники обязательны.
Они даются в тексте цифрами в сносках по мере упо-
минания. В списке литературы, который дается в конце
статьи, вслед за фамилией и инициалами автора идут на-
звание статьи или книги, а затем остальные выходные
данные.
В конце статьи необходимо указать номер служебно-
го и домашнего телефона.
Оригиналы, оформление которых не будет соответ-
ствовать указанном требованием, к публикации не при-
нимаются. Статьи не возврашаются и не рецензируются.
Материалы, поступившие в редакцию, в дальнейшем
не будут использоваться в других изданиях.
Оплата за публикацию вносится в кассу университе-
та, либо производится по безналичному расчету. *Стои-
мость статьи в журнал 1500 тенге.
Подписная цена за год 3104 тенге. Подписка на
журнал проводится в течение года в отделах «Казпоч-
та». Индекс 74310
*Реквизиты: РГП ПХВ Абай атындағы Қаз ҰПУ
ИИН KZ178560000000086696
БИН 031 240 004 969
РНН 600900529562
АГФ ОАО «БанкЦентрКредит»
МФО 190501719, код 16
Свидетельство о постановке на учет по НДС:
Серия 60305 № 0005741 от 13.01.04
Ескерту:
Жекелеген авторлардың журналда жарияланған
мақалаларындағы пікір-ұсыныстары редакцияның
түбегейлі көзқарасын білдірмейді.
Мазмұнды, әрі мағыналы жазылған мақалалар ре-
дакцияда қара лып, ақысыз жарияланатын болады.
Примечание:
Мнения и предложения авторов статей опублико-
ванных в журнале могут не совпадать со взглядами
и мнением редакции.
Лучшие статьи по мнению редакции будут печатать-
ся в журнале бесплатно.
Құрметті оқырмандар!
«Ұлттық тәрбие» журналын «Қазпошта» АҚ мекемесінің кез келген бөлім-
шесінен жаздырып ала аласыз. Журналға жазылу жыл бойына жүргізіледі.
«Ұлттық тәрбие» журналын жаздырып алуға және мақала жариялап, өзіндік
тың ой қосуға асығыңыз, ағайын!
Мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады: Жамбыл көшесі, 25 үй, 24
каб. Тел: 291-88-83. Е-mail: nitso@mail.ru
050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13
Абай атындағы ҚазҰПУ
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлағат» баспасының баспаханасында басылды
Издательство «Ұлағат» Казахского национального педагогического
университета имени Абая
Жауапты редактор/Ответственный редактор – Жанар Сейсенбаева
Жауапты хатшы/Ответственный секретарь – Анар Құрманғали
Беттеген/Верстка – Анар Құрманғали
Редакция мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Жамбыл к-сі 25 үй, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ,
каб. 24.
Тел/факс: 8(727) 291-88-83, 8702 951-87-61,
электрондық мекен-жай: nitso@mail.ru
Басылымға жіберілді: 19.06.2013 ж. Пішімі 60х84
1
/
8
.
Қағазы сыктывкар. Басылым – офсет. Көлемі 13,25 б.т.
Таралымы 500. Тапсырыс № 167
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ
3 (17)2013
(мамыр - маусым)
Достарыңызбен бөлісу: |