Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата03.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#7352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

  бүгінгі  күннің  басты  мәселесі.  Мұғалім 
ана  тілін  интеллект  дамуының  қайнар  көзі 
дәрежесінде  оқытқанда  ғана  «тілден  тілдің 
кеңдігі  болғанымен,  кемдігі  болмайды» 
дейтін  қағида  жүзеге  аспақ,  сонда  ғана  тіл 
мен  мәдениеттің,  тіл  мен  рухтың,  тіл  мен 
ұлттық тілдің бірлігін түйсінуге қол жеткізіп, 
болашақ  маманның  рухани  кеңістігінің 
өрістеуіне жол ашылмақ.
Педагогикалық  жоғары  оқу  орнында 
ғылым  мен  білімді  тоғыстыра  отырып 
жетілдірілген білім мазмұнын құру, оқытуды 
әлемдік  стандарттарға  сай  ұйымдастыру, 
оқу  үдерісін  «нәтижеге  бағдарланған  білім 
беру»  моделіне  бейімдеу,  оған  қажетті 
материалдық-техникалық  базаны  нығайту, 
құзіреттіліктер түрінде қалыптастырылатын 
білім  нәтижелерін  айқындау,  үштілді 
меңгертудің  ғылыми  әдістемелік  жүйесін 
жасау  интеллектуалды  тұлға  тәрбиелеудің 
өзегі  болып  табылады.  Бұл  бағыттағы 
ізденістер  педагогикалық  жоғары  оқу  ор-
нындағы  мемлеттік  тілге  қатысты  пән-
дердің мазмұндық-құрылымдық жүйесі мен 
оны  меңгертудің  әдіснамалық  негіздерін 
дәйектеуге,  оны  дамытудың  бағыт-бағдары 
мен  басты  тұжырымдарын  анықтауға  сеп-
тігін  тигізеді.  Қазақстан  халқының  рухани 

69
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
дамуына ықпал етіп отырған осы бағыттың 
негізгі мәні мынада: Қазақстанды бүкіл әлем 
халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары 
білімді  мемелекет  ретінде  тануы  керек.  Ол 
үшін:  қазақ  тілін  –  мемлекеттік  тіл,  орыс 
тілін  –қарым-қатынас  тілі,  ағылшын  тілін 
– жаһандық экономикаға кірігу тілі ретінде 
игеру жас ұрпаққа жаңа жол ашады.
Әдебиеттер
1  Тұрғынбаева  Б.А.  Мұғалімнің  шығармашылық  әлеуметін  біліктілікті  арттыру 
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе.  – Aлматы, 2005. - 174 б.
2  Оразбекова  К.А.  Научно-педагогические  основы  воспитания  личности.    –  Алматы, 
2000. – 216 с.
«Ақыл-парасат  – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын 
ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш» 
Әбу Насыр әл-Фараби.
«Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл - саясатшы даналығы дегеніміз де осы!»
Нұрсұлтан Назарбаев

70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 37.017.4
Б.Ж.Исхан – ф.ғ.к., доцент,
Б.Р.Оспанова – ф.ғ.к.,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Әдебиеттану және тіл білімі
ҒЗИ қызметкерлері
ЖАСТАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Мақалада  отаншылдық  сана-сезім  дегеніміз  не,  оны  қалай  түсініп  жүрміз  деген 
мәселелер  қарастырылып,  еліміздің  жас  ұрпағына  отаншылдық  тәрбие  берудегі  ұлттық 
құндылықтардың маңызы туралы ой-тұжырымдар айтылған.
Түйінді сөздер: ғылым, тәрбие, рух, сана, сезім, қоғам, қайраткер, патриотизм.
В статье рассматриваются проблемы интерпретации понятия «патриотизм», обоснована 
значимость национальных ценностей в патриотическом воспитании.
Ключевые  слова:  наука,  воспитание,  дух,  сознание,  чувство,  общество,  деятель, 
патриотизм.
The  article  discusses  the  problems  of  interpretation  of  the  term  “patriotism”,  proved  the 
importance of national values in patriotic education.
Keywords: science, education, spirit, consciousness, sense, society, figure, patriotism.
Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезім,  яғни 
патриотизм  дегеніміз  «отан»,  «атамекен», 
«ел-жұртқа деген құрмет пен сүйіспеншілік» 
деген ұлы ұғымдарды қамтитын ұлттық әрі 
жалпыадамзаттық  құндылық  екені  қазіргі 
уақытта  қалың  қауымның  көпшілігіне 
жақсы түсінікті. Бұл сөз – латынның «patrіa, 
respublіka»  деген  сөзінен  қалыптасқан. 
Отаншылдық  (патриоттық)  сана-сезім  әр 
адамның бойына, ең әуелі, туып-өскен жерінің 
сан  алуан  қадір-қасиетіне  деген  танымдық, 
эмоционалдық, рухани, материалдық сияқты 
т.б. түрлі сезім-түйсігі арқылы қалыптасады. 
Ол  –  қоғамдық  болмыс  пен  жеке  тұлғаның 
үздіксіз 
байланысы, 
қарым-қатынасы 
негізінде жетіліп, әр адамның бойында түрлі 
деңгейде көрініс береді. 
Отаншылдық 
сана-сезім 
адамзат 
өміріне  тарихи-әлеуметтік  ұзақ  дамудың 
нәтижесінде  келген.  Адамзаттың  алғашқы 
қауымдасып  өмір  сүрген  дәуірінен  бастап, 
өз жерін, өлкесін, елін, қоғамын, табиғатын 
сүю, қастерлеп қадірлеу – қоғам мүшелерінің 
әрқайсына  тән  сезімдік  қасиет  болып 
саналады.  Қоғам  дамуының  әр  кезеңдері 
мен  адамзат  қоғамының  саяси-әлеуметтік 
жағдайы  отаншылдық  сезімді  өзгеше 
мазмұнға да айналдырды.
Дегенмен  кез  келген  ұғымның  мазмұны 
таным-түсінікпен 
тығыз 
байланысты 
екенін  ескерсек,  осыған  орай,  америкалық 
саясаттанушы  Джордж  Катеб  патриотизм 
туралы:  «Отаншылдық  түсінік  өте  күшті 
сезімдік  бояуға  ие,  сол  себептен  қандай  да 
бір  ақылмен  пайымдауға  қиын  икемделеді. 
Сіз  өз  Отаныңызды  қаншалықты  сүйесіз 
немесе  не  үшін  сүйесіз?  Сіз  өз  Отаныңыз 
үшін  қан  майданға  барар  ма  едіңіз? 

71
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ
Шынында да осы сұрақтар оғаш бола тұра, 
отаншылдық  түсініктің  сезімдік  жағын 
ескерсек,  тек  оның  бір  ғана  қарапайым 
мәселесіне келіп тірелеміз: мемлекет бізден 
тек  оның  территориясында  туып,  өмір 
сүріп  жатқанымыз,  бір  ұлттың,  халықтың, 
діннің  бөлшегіне  жататынымыз  үшін  ғана 
мүлтіксіз  бағынуды  талап  етуіне  қақылы 
ма?» (ауд. автордікі), 

 дей келе, Сократтың: 
«Отан  –  анаңнан  да,  әкеңнен  де,  барлық 
ата-бабаларыңнан  да  қымбат,  ол  бәрінен 
құрметті,  ол  бәрінен  қасиетті...  және  оның 
алдында  бас  ию  керек» 
[1]


  деген  сөзін 
мысалға келтіреді. Сонымен қатар Джордж 
Катеб  осы  еңбегінде  АҚШ-тың  Принстон 
университетінің  профессоры 
Маурицио 
Ви р олидің  «Отанға  деген  махаббат  үшін» 
деген  еңбегіндегі  патриотизм  туралы  ой-
пікіріне тоқталады. Оның пікірін Сократтың 
патриотизм  туралы  айтқандарымен  бай-
ланыста  қарастыра  отырып,  олардың  «От-
анға»  деген  ортақ  тұжырымдарын  мысалға 
келтіреді. 
Ал  Маурицио  Вироли  өзінің  атал-
ған  еңбегінде  патриотизм  мен  ұлт-
шылдық  мәселесін  салыстыра  талдап, 
отаншылдықтың  адамзат  өміріндегі  түрлі 
сыр-сипатына  тоқталады.  Ғалымның  пай-
ым дауынша,  адамдардың  өзінің  туып-
өскен  жеріне  деген  сүйіспеншілігі  сонау 
көне замандарда пайда болған. Адамзаттың 
мемлекет болып тұрмыс-тіршілік ету кезінде 
өмірдің  өзі  дүниеге  әкелген  мемлекеттік 
басқару аппараттары әбден жетілгенге дейін 
Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезім,  яғни 
патриотизм  олардың  бір-бірлерін  түсінісіп, 
селбелесіп,  ынтымақта  өмір  сүрулеріне 
қолайлы  жағдай  туғызған.  Осы  бір  сезім 
олардың өздері мекен етіп, өмір сүріп жатқан 
өлкелерін  басқалардан  жан  сала  қорғауға 
итермелейтін  ең  негізгі  себеп  те  болған. 
Әсіре  ұлтшылдық  (нацистік)  сана-сезім, 
оның айтуынша, адамзат дамуының кейінгі 
дәуірлерінде,  ғылым  мен  техника  дамып, 
қайсыбір елдердің әлеуметтік-экономикалық 
жағдайлары  басқа  елдерден  өте  жоғары 
болып,  өздерінің  сол  артықшылықтарын 
өзгелерге  үстемдік  ету  үшін  қолдана  бас-
тағанда пайда болыпты [1]. 
Қазақ ұлтының да ел-жұртқа, атамекенге, 
туған-туыс, ағайын-бауырға деген сезімдері 
ерекше жоғары болғанын тарихи жәдігерлер, 
мәдени-әдеби  мұралар,  ауызша-жазбаша 
жеткен  әдеби  туындылар,  халқымыздың 
көне  заманнан  бері  келе  жатса  да,  онша 
өзгеріске  ұшырай  қоймаған  қайсыбір 
салт-жоралғылары  мен  тұрмыс-салты,  әд-
ет-ғұрпы,  кешелі-бүгінді  өмірден  өткен 
арыстарының  үлгілі  де  өнегелі  өмірлері 
дәлелдейді. 
Әлбетте, жалпы қоғамның отансүйгіштік 
сана-сезімінің жоғары болуына сол қоғамның 
мемлекеттік  саяси-экономикалық  құры лы-
сы,  әлеуметтік-қоғамдық  қарым-қатынасы, 
тұр  мыс-тіршіліктік  жағдайы,  саяси-қоғам-
дық  ұстанымы,  мемлекеттік  биліктің  өз 
қарауындағы  халқына  деген  қамқорлығы 
мен  жанашырлығы,  жас  ұрпаққа  білім  бе-
рушілік,  тәлім-тәрбиелік  іс-әрекеті  ықпал 
етеді.  Осы  себептен  болар,  кезінде  қазақ 
зиялыларының  атасы  саналған  ағартушы 
ғалым  Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Балам  деген 
ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын» 
[2,127],  –  деп  елдің,  мемлекеттің  өсіп  келе 
жатқан  жас  ұрпаққа  деген  қамқорлығына 
ерекше мән берген еді. 
Осыған  ұқсас  пікірді  орыстың  танымал 
жазушысы  М.Горький  де  айтқан  екен. 
Ол:  «Ұлы  халықтар  бар  өзінің  кішкентай 
ұлдарын  ұлы  етіп  көрсете  алатын,  ұлы 
тұлғалар  бар  өзінің  кішкентай  халқын  ұлы 
етіп көрсете алатын» [3, 256], – деп жазады. 
Қалай  дегенмен  бүгінгі  ғылыми-тех-
нологиялық  дамуының  арқасында  жа-
һандану  үдерісінің  аса  күшеюі  әрбір 
ұлттық  мемлекеттің  өз  бетінше  дамып-
өркендеуіне  қажетті  маңызды  мәселелерді 
алға  шығарды.  Өзін  өзі  сақтап  қалу  тетігін 
іске  қосу  маңызды  мәселеге  айналды.  Сол 
себептен де ел қоғамын отаншылдық рухта 
тәрбиелеу,  отансүйгіштік  пен  елжандылық 
қасиеттерді  ел  жастарының  бойына  терең 
дарыту  –  тәуелсіз  еліміздің    ең  басты 
мұраттарының  бірі  болып  отыр.  Егер  біз 

72
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
еліміздің  түрлі  ұлт  өкілдерінен  тұратын 
қоғамына отаншылдық сана-сезімді дұрыс 
жеткізе алмасақ, тәуелсіздігіміздің баянды 
болуы да неғайбыл. Сондықтан да ұлттық 
құндылықтарды сақтап, елімізде тұратын 
өзге  этностарға  оларды  таныта  отырып, 
тұтастай  елдікті  қалыптастыру  жолында 
атқаратын іс-шаралар аз емес.
Бұл  мәселені  көптеген  ұлт  өкілдерінен 
тұратын ел қоғамына, әсіресе, ел жастарына 
тәлім-тәрбиелік құрал ретінде қолдануда оқу 
орындарының  орны  бөлек.  Отансүйгіштік, 
ұлтжандылық  тәрбие  беру  тек  үгіт-на-
сихаттық  қана  жұмыс  емес.  Ол,  негізінен, 
үгіт-насихаттық аспектіде жүргізіле отырып, 
тәлім-тәрбиелік  зор  мәні  бар  нақты  үлгі-
өнегелер арқылы да дәлелденіп дәріптелетін, 
көзге  көрінетін  деректермен  негізделетін 
дәстүрлі  ұлттық  құндылықтардың  нақты 
үлгілерінің  қатарына  жатады.  Сондықтан 
да  тұтас  ғұмыры  мен  еңбегі  жас  ұрпаққа 
үлгі-өнеге  болатын,  саналы  ғұмырында  өз 
Отаны  үшін  от  кешіп,  ұлты  үшін  ұлағатты 
істер  тындырған  ұлтымыздың  абзал 
азаматтарының  соңына  қалдырған  мәдени-
әдеби,  тарихи  мұралары  қазақстандық 
қоғам  арасында,  әсіресе,  жастар  арасында 
нақты іс-шаралар арқылы кең насихатталып, 
олардың  саналарынан  берік  орын  алуы 
қажет. Қазақстандық жастардың сондай ад-
амдардан,  олардың  соңына  қалдырған  мұ-
раларынан  ғибрат  алып  өсулеріне  барлық 
жағдай жасалуы тиіс. 
Әлбетте,  біз  бұны  айтып,  ел-жұртқа  аса 
танымал өмірден ертеректе немесе жуырда 
ғана  өткен  ақын-жазушыларды,  ағартушы 
ғалымдарды,  қоғам  қайраткерлерін,  тарихи 
тұлғаларды  ғана  қаперге  алып  отырған 
жоқпыз.  Бізбен  бірге  егемен  еліміздің 
күнгейі  мен  теріскейінде,  беткейі  мен 
төскейінде  тұрмыс-тіршілік  етіп,  қазіргі 
әлеуметтік-экономикалық,  қоғамдық-саяси 
жағдайымыздың  қызығы  мен  қиындығын 
бізбен  қатар  көріп,  өмір  сүріп  жатқан 
басқа  да  көрнекі  тұлғалардың,  яғни  халық 
қаһармандарының, 
еңбек 
ерлерінің, 
білім,  ғылым,  мәдениет,  өнер,  спорт  қай-
раткерлерінің  өнегелі  өмірлерін  де  ескеру 
қажет  дегенді  қаперге  алып  отырмыз. 
Сондай-ақ,  бұл  істің  барынша  нәтижелі, 
барынша  тиімді  болуы  үшін  әлеуметтік 
жағдайы мен экономикасы, білім беруі мен 
ғылымы,  мәдениеті  мен  сәулеті,  әдебиеті 
мен  өнері  өркендеген  алдыңғы  қатарлы 
елдердің де озық тәжірибесі үнемі ескеріліп 
отырылуы қажет.
Қазақстандық  әрбір  азаматтың  отан-
сүйгіштік  сана-сезімінің  жетілуі  егемен 
еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  жақтан 
қарыштап  дамуына  тікелей  байланысты 
екені рас. Дегенмен осы бағыттағы өркендеп 
дамуымыз  да  ел-жұртымыздың  ұлттық 
ой-санасы,  ұлттық  таным-түсінігі,  ұлттық 
мақсат-мүддесі, ұлттық намыс-жігері сияқты 
құндылықтарын бағалап қастерлеу арқылы 
берік орнығады. 
Елбасы  да  осы  мәселеге  аса  мән  беріп, 
сонау өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері 
қазақстандықтарға  және  біздің  елімізден 
тысқары  басқа  жұрттарға  да  танымал 
тарихи  тұлғалар  мен  замандастарымыздың 
атаулы  мерейтойларын  халықаралық,  рес-
публикалық  деңгейде  өткізуге  мұрындық 
болып келеді. Атап айтсақ, ұлтымыздың дана 
да дара перезенті, ұлы Абайдың 150 жылдық 
мерейтойы  Елбасының  тікелей  басшылық 
етуімен  1995  жылы  ЮНЕСКО  деңгейінде 
аталды. Осы мерейтойда Нұрсұлтан Әбішұлы 
ұлы  Абай  туралы  мазмұнды  да  мәнді 
баяндама  жасап,  ақынның  халқымыз  үшін 
орасан зор рухани мұра қалдырып кеткенін 
айтып,  оның  өмірі  мен  шығармашылығын 
тамаша ұлықтады және ұлы ақынның руха-
ни  мұрасы  қазақстандық  бүгінгі  жастар-
ды  елжандылыққа  тәрбиелеуде  маңызды 
рөл  атқаратынын  баса  көрсетіп:  «Ақыл  та-
былмай  тұрып,  ештеңе  табылмайды.  Ол 
жетілмей  тұрып,  ар-намыс  шыңдалмайды. 
Ар-намыссыз  азамат  өзгелердің  көсегесі 
түгілі  өзінің  көсегесін  көгерте  алмайды. 
Онсыз  ұлттық  сана  мен  ұлттық  намыс 
та  тұл.  Онсыз  қоғам  дамудың  даңғыл 
жолына  түсе  алмай,  үйреншікті  үрдістің 
солғын соқпағынан шыға алмай, заманалар 

73
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ
шырғалаңында басы айналып, дағдарыс хал 
кешеді.  Ондай  дағдарыстан  шығар  жолды 
тарих пен табиғаттың айрықша пейілі түскен 
періште ниет, пайғамбар тектес перзенттері 
ғана сілтеп бере алады.
Абай да сондай балағат заманда ғаламат 
тәуекелге  бара  алған  ерекше  парасат  пен 
ерекше рух иесі. Соның арқасында ол бүгін 
күллі адамзаттың абыройы аласармас рухани 
сардарларының  біріне  айналып  отыр.  Оны 
туғызған  дәуірді  кеңінен  қарастырмайын-
ша,  одан  қалған  мұраның  тереңіне  бойлай 
алмаймыз» [4].
Иә, рас, ұлы Абайдың баға жетпес мәде-
ни-әдеби мұрасы біздің көркем-эстетикалық 
талғам-талабымызды ғана қанағаттандырып 
қоймай,  дүниетанымымызды  да  кеңейтетін 
рухани  азық,  баға  жетпес  асыл  қазына 
болып  келеді.  Оның  шығармаларының 
өн  бойында  ұлтты  ұлы  істер  мен  ұлы  мақ-
саттарға  ұмтылуға  шақыратын  ұлағатты 
ой-толғамдар  аса  мол.  Барша  қазақтың 
көңілі ортайып, жанына жұбаныш іздегенде, 
ой-санасына  таяныш  тапқысы  келгенде, 
тұрмыс-тіршілігінің  оңалуына  ақыл-кеңес 
керек  болған  кезде  ұлы  Абай  мұраларына 
жүгінетіні шындық. 
Абайдың  барлық  шығармалары  бүкіл 
адамзатты  адамгершілікке,  ізгілікке,  иман-
дылыққа  тәрбиелейтін  ғибрат  сөздер  мен 
өсиеттерге  тұнып  тұр.  Мәселен,  ұлы  абыз 
өзінің  34-ші  қара  сөзінде:  «Адам  баласына 
адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, 
дүниеде  жүргенде  туысың,  өсуің,  тоюың, 
ашығуың,  қайғың,  қазаң,  дене  бітімің, 
шыққан  жерің,  бармақ  жерің  бәрі  бірдей, 
ахиретке  қарай  өлуің,  көрге  кіруің,  шіруің, 
махшарда  сұралуың  бірдей,  екі  дүниенің 
қайғысына,  пәлесіне  қаупың,  екі  дүниенің 
жақсылығына  рахатың  бәрі  бірдей  екен. 
Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Бір-біріңе 
қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, 
біреудің  бағына,  малына  күндестік  қылып, 
я  көрсеқызарлық  қылып  көз  алартыспақ 
лайық па?» [5,188-189], – деген терең мәнді 
тұжырымды ой айтады. 
Адамгершілік  пен  имандылықты,  мейір-
імділік  пен  қайырымдылықты,  қанағат  пен 
рахымды,  саналылық  пен  іздемпаздықты, 
еңбекқорлық  пен  өнерпаздықты  бүкіл  шы-
ғармашылығына  арқау  еткен  ұлы  Абайдың 
поэзиясы  мен  қара  сөздерін  ден  қойып 
оқысақ,  жастарды  ғылым-білімге,  еңбекке, 
қайрат-жігерге,  сүйіспеншілікке,  ұлттың 
асыл  қасиеттерін  қадірлеп-қастерлеуге,  ар-
ожданның  биік  болуына  шақырған,  жас 
ұрпақты  жігерлендіріп,  намысын  оятатын, 
олардың бойына адамгершілік қасиеттердің 
қалыптасуына түрткі болатын жыр жолдар-
ын, ғибратты сөздерін молынан кездестіреміз. 
Бұл  мәселелерді  М.  Әуезов  өзінің  «Абай 
Құнанбаев»  деген  монографиясында  жан-
жақты  талдап,  терең  зерттеп-зерделеген 
болатын[6].
Ойшыл  ақын  «Адамзаттың  бәрін  сүй, 
бауырым  деп», – деп өз халқына деген өсиетін 
айта  отыра,  үшінші  қара  сөзінде:  «адамның 
адамшылығы  –  ақыл,  ғылым,  жақсы  ата, 
жақсы  ана,  жақсы  құрбы,  жақсы  ұстаздан 
болады»  деген  тұжырым  жасайды.  Оның 
өмірлік тәжірибеден алынған мынадай тағы 
бір данышпандық сөзінде үлкен қорытынды 
ой жатқаны анық: «Әрбір жалқау кісі – қорқақ, 
қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ 
– мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ 
–  ақылсыз,  надан  келеді;  әрбір  ақылсыз 
надан – арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан 
сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, 
ешкімге  достығы  жоқ  жандар  шығады» 
[5,148]. Ұлы абыздың осы секілді ғибратқа, 
тәлім-тәрбиеге толы өсиетті ой-толғамдары 
қазір  қазақстандық  әрбір  білім  ошағының 
тәлім-тәрбиелік  тәжірибесінде  басшылық-
қа  алынып,  өскелең  ұрпақтың  санасына 
сіңіріліп келеді.
Ұлы ақынның осы секілді ойларын жас-
тарға  жеткізу,  оны  олардың  зерделеріне 
терең  сіңіре  отырып,  адамгершілік  пен 
ізгілікке, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке 
тәрбиелеу еліміздің қазіргі аға ұрпақтарының 
қасиетті борышы. Сол себептен де ұлы Абай 
шығармаларын  қазақстандық  жас  ұрпақ 
үшін  тәлім-тәрбиелік,  тағылым-ғибраттық 
мақсатта әрдайым пайдалана беруіміз қажет. 

74
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Әрине,  басқа  да  көптеген  танымал 
тұлғалардың,  отандық  ғалымдар  мен 
ақын-жазушылардың, 
мәдениет, 
өнер, 
спорт  қайраткерлерінің  өнегелі  өмірі 
мен  ерен  еңбектерінің  де  мән-мазмұны 
ерекше.  Еліміздің  жастарына  заманауи 
сапалы  білім  бере  отырып,  ұлттық 
құндылықтарды 
қастерлеп 
бағалауға 
үйретуде,  адамгершілікке  баулуда  ерекше 
рөлі атқаратыны даусыз.
Әдебиеттер
1 Vіrolі M. For love of country: An essay on patіotіzm and natіonalіzm. – Oxford:Clarendon 
press., 1995. http://window.edu.ru
2 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –  Алматы: Ана тілі, 1992 жыл.
3 Горький М. Очерки и рассказы. –  Москва: Просвещение, 1990 г.
4 Назарбаев Н.Ә. Абай туралы сөз. –  Алматы: Рауан, 1995 жыл.
5 Абай Құнанбаев. Шығармалар. Екі томдық. ІІ том. –  Алматы: Жазушы, 1993 жыл. 
6 Әуезов М.О. Абай Құнанбаев. –  Алматы: Жазушы, 1967 жыл. 
ӘОЖ 37.01:355.233.231.1
З. Құламанова
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
«ОТАН, ОТАН! БӘРІНЕН ҚЫМБАТ ЕКЕН, МЕН ОНЫ МӘҢГІЛІККЕ СҮЙІП 
ӨТЕМ!»
Бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыздың негізі болып саналатын: Отан және қоғам 
ұлттық жетістіктеріміз мәселелері қамтылған.
Түйінді  сөздер:  патриоттық  сезім,  Отан,    қоғам,  туған  жер,  этнос,  халық,  тарих, 
мәдениет.
Данная статья рассматривает национальные ценности: Родина, общество и национальное 
достояние.
Ключевые слова: патриотическое  чувство, родина, общество, этнос, народ, история, 
культура.
           
The  data  article  considers  the  national  valuables:  Motherland,  society  and  the  national 
achievement.
Keywords: patriotic  sense, motherland, society, ethnos, people, history, culture.
Елбасы  бізге  өзінің  биылғы  «Қаз-
ақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан 
мем лекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  ҚР 
Президентінің  Қазақстан  халқына  Жол-
дауында:  «Қазақстан  –  біздің  қасиетті 
мекеніміз».«Кейінгі  ұрпақ  осынау  қастерлі 
өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады».
«Қазақстан  -  қазіргі  заманғы  мемлекет. 
Біздің  мемлекетіміз  кемелдікке  жетті. 
Сондықтан да бүгінгі күн тәртібі мемлекеттің 
қалыптасуы кезеңіндегіден өзгеше.
«Біз қайда бара жатырмыз?
Қазақстан  2050  жылға  қарай  әлемнің 
ең  дамыған  отыз  елінің  қатарында  болуға 

75
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ
тиіс. Дамушы елдер арасында осы клубтағы 
орынға  бәсекелестік  қатал  болмақ  [1], 
-  деді.  Осы  игі  мақсаттарды  іске  асыру 
барысында,  біз,  тәрбиелеп  отырған  жас 
ұрпақ  бойында  Отанға  деген  патриотизмді 
терең  қалыптастырамыз.  Жастар  бойында 
оны терең, жан-жақты түсіне білудің, қадір- 
қасиеттерін дамытудағы тәрбие құралдарын 
өз  тәжірибемізде  үнемі  қолданамыз.  Осы 
орайда  Отан  туралы  мына  өлең  жолдары 
ойыма еріксіз орала түсті. 
Отан - Ана.
Отан - нұр.
Отан - тарих.
Отан - тіл.
Отан - намыс,
Отан - жыр.
Отан - қоғам, болмысым.
Отан - сана, жігерім.
Отан -бақыт, ғұмырым.
Отан - білім, ғылымым,
Отан - менің байлығым,
Отан- арым, намысым,
Өмірдегі бар ісім!
Отан- әнім, гүлімсің,
Жарқыраған күнімсің.
Отан - достық, мекенім,
Отан - ерлік, батырым,
Отан - салтым, дәстүрім,
Отан - мақсат, мұратым,
Отан  -  мәңгі  сақталған  жүректегі  жан 
сырым! [Қ.З. ].
Осы  өлеңнің  әрбір  жолдары  арқылы 
біз  жастарымызды  Отандық  патриотизм, 
Отанды  мәңгілікке  сүюге,  қастерлеуге 
үйрету,  сондай-ақ  Отан  туралы  ұлттық 
танымдық көріністер мен болашақ ұрпақты 
тәрбиелеуге  қатысты  оның  алатын  орны 
мен  рөлін  анықтау  мақсатында  Сіз  бен  біз, 
әсіресе,  жастарымызға  тәлім-тәрбие  беру 
барысында сүбелі еңбек етуіміз қажет. 
Отан  туралы  ұлттық  таным  көріністері-
нің  бейнеленуі  мен  оның  тәрбиелік  мәнін 
студент  жастардың  бойына  сіңіруде  олар-
дың  алдымен,  Отан  туралы  түсініктерін 
біліп аламыз. Отанның қаншалықты қымбат 
екендігі, оның қай нәрседен болмасын биік 
тұратындығын  тілге  тиек  етеміз.  Отан-
Ана,  Отан-тіл.  Отан  –  бақыт,  Отан-гүл. 
Отан – бақыт, ғұмырым... Тәрбие сағатында 
Отан  жайлы  айтылған  теңеулердің  мән-
мағынасына  талдау  жасаймыз.  Осы  ар-
қылы  студенттердің  сана-сезімі  мен  түс-
інігін  арттырамыз,  жаңа  идея,  ой,  пікір 
қалыптасады.  Отанға  деген  құштарлық, 
қымбат сезім, махаббат, ыстық ықылас арта 
түседі. 
Мәселен,  Отан  –  бақыт,  ғұмырым.  «Ад-
амның  толық  бақытты  болуы  үшін,  аяулы 
Отаны болу керек», - деп жазушы Кеосский 
айтқандай  әр  адам  өз  туған  елімен  сүйікті 
Отанымен бақытты бола алады. Туған елінде 
өз  Отанында  туып-өскен  әр  перзент  өзін 
бақытты  санауы  қажет.  Адал  перзенттері 
үшін туған жерден ыстық, сүйікті, қасиетті, 
киелі  ештеңе  жоқ.  Бұл  –  халқымыздың 
қанына  біткен  имандай  сенімі.  Елдің  салт-
дәстүрінен, ырымынан соның жан тебірентер 
мысалдары көптеп табылады. 
Отан  -  әнім,  гүлімсің,  Жарқыраған 
күнімсің.  Отан-адамның  түп-тұқианы,  ата-
бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып 
, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай 
елдің  адамы  болсын,  өз  Отанын  дүниедегі 
ең  қымбаты,  ең  қасиеттісі,  ең  аяулысы-
ананы  балайды.  Отан  ұғымы  адамның 
адамдық  мінезімен,  ізгілімен,  сезімімен, 
парасатымен байланысты.Отан - белгілі бір 
адам  үшін  оның  өзінің  елі  ғасырлар  бойы 
ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, 
жанын пида қып күресіп келе жатқан байтақ 
өмір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-
ана, бала-шағасы, жар қосағы, ағайын-туыс 
солармен  бірге  жалғаннан  көретін  қызығы 
мен  бақытының  тұрағы,  өлгеннен  кейін 
де,  ұрпақтарына  рухы  жар  болып  жататын 
топырағы.
Отан  –  мақсат-мұратым!  Отан...  Ата-
мекен...  Атажұрт...  Бұл  қай  құлаққа  да 
асқақ  естілер  асыл  ұғымдар.  Осы  ұғ-
ымдарды  бойына  сіңдіре  білген  әрбір  жас 
мақтауға  лайықты.  Л.Толстой  айтқандай: 
«Отаншылдық – ең ізгі сезім». Ал отаншыл 
адам  –  Отанның  абыройы  үстем  болу 

76
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жолында,  өз  халқына  деген  сүйіспеншілігі 
жолында қолда барын, өмірін аямайтын жан. 
«Мақсатсыз  адам  –  қанатсыз  құспен 
тең».  Әрбір  адам  болашаққа  мақсат  қоя 
отырып,  елінің  игілі  жолында,  Отанын 
көркейту мақсатында еңбек етуі тиіс. Отанға 
үлкен  сүйіспеншілікпен  қарау  кез-келген 
азаматтың парызы болып табылады.
«Отан  –  ерлік,  батырым».  Ал  біздің 
халқымызда  атамекенді  ардақтау  сезімі 
өте  терең.  Халқымыздың  басынан  қандай 
қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз 
елімізді  сыртқы  жаудан  қорғай  білген. 
Өз  елі  үшін  жанын  да,  барын  да  аямаған. 
Халқымыздың  осы  бір  қасиеті  жанымызға 
ана  сүтімен  тарап,  ана  тілімен  дарып,  ақ 
нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін 
оттан да ыстық.
Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, 
ұлтының  тұтастығын,  жерінің  бүтіндігін 
мұрат  еткен  қазақ  батырлары  қазақ 
тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге 
көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға 
болған.  Осы  ұлттық  тұлға  биігіне  кім дер 
көтеріле  алған?  Осы  биік  азаматтық  мәр-
тебеге,  халықтық  бағаға  кімдер  лайық ты 
бол ған? Және қандай істері арқылы осын дай 
дәрежеге жеткен? 
Отан  –  тіл.  Адамға  екі  нәрсе  тірек  тегі. 
Бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі – деп Баласағұн 
бабамыз айтқандай, кез – келген мемлекеттің 
тірегі - ана тілі. Ана тіліміз-қазақ тілі. Халық 
бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. 
Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың 
ана  тілі  оның  бақыты,  оның  қуанышы.  Тіл 
-  әр  халықтың  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғас-
ып келе жатқан қасиетті құралы. Қазақстан 
Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ 
тілінің  қазіргі  жай-күйі.  Бабалар  тілі  бізге 
әрқашанда  аманат.  «Қазақ  тілі  жаппай 
қолданыс  тіліне  айналып,  шын  мәніндегі 
мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  көтерілгенде, 
біз  елімізді  ҚАЗАҚ  МЕМЛЕКЕТІ  деп 
атайтын боламыз» [1].
Отаным  -  арым.  Қазақ  тілім  жаным 
дейтін  жастар  барда,  қазақ  тілі  де,  қазақ 
елі  де  жасай  бермек.  Отанды  сүю  тілді 
құрметтеуден  басталады.  Әр  ұлттың  жан-
дүниесі,  болмысы,  дүниетанымы  он ың 
жасаған  материалдық  және  рухани  бай-
лығы  арқылы  көрінеді.  Өшпес  байлықты 
жеткізуші  –  тіл.  Тілін  жоғалтқан  халық  өз 
тамырынан,  тарихынан,  ұлт  ретіндегі  бет 
-  бейнесінен  айырылады.  Әр  ұлт  өз  тілін, 
тілмен  бірге  ұлттық  тарихын,  мәдениетін, 
ұлттық  ерекшелігі  мен  қасиетін  сақтау  - 
сөмірлік қағида.
Отан  -  қоғам,  болмысым.  Бір  елдің 
болашағын  көргің  келсе,  сол  елдің  қазіргі 
жастарына  қара,  -  деген  екен  бір  ғұлама. 
Қазіргі  ұрпақ  еліміздің  жарқын  болашағы, 
жанашыры  және  иесі.  «Отан-отбасынан 
басталады» деген жақсы сөз бар халқымызда. 
Жастар тәрбиесі мен білім беру ісінде Отан 
мен  қоғамның  қосар  үлесі  ұшан-теңіз.  Ал 
тәрбиені жастарға беретін Отан, қоғам және 
отбасы.
Қоғам  -  адамдар  жиынтығы,  өз  қажет-
тіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында,  ол-
ар дың  мінез-құлқын  анықтайтын  ерекше 
әлеуметтік  құндылықтар  мен  нормалардың 
болуымен,  тұрақтылық  пен  тұтастықтың 
өзін-өзі дамытудың болуымен сипатталатын 
адамдардың тарихи қалыптасқан өзара бай-
ланыс формаларына бірігуі.
Отан мен қоғам - бір-бірімен байланысты, 
ықпалдас  әлеуметтік  құбылыстар  мен  про-
цесстер  жиынтығынан  тұратын  біртұтас 
әлеуметтік жүйе.
Отан  десе  бойды  ұлттық  намыс  кернеп, 
өмірінен  арын  биік  ұстаған  еліміз  жұмыла 
түседі.  «Отан»  деп  қалам  тартпаған  ақын 
жоқтын қасы. 
«Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.
Т
айсалма, бар, Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа .
О, дариға, алтын бесік-туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр!» 
Отан!
Қайсар ар-намысым,жайсаң іңкәр шап-
пағым 
Перзентке жүктеген қорғанысын,
Сен намыстың ну қалың орманысың.

77
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ
Сол үшін шыңнан заңғар атағың
Тұлғасына табындырған,
Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,
Менің ұлы әкем сенсің, Отаным!- деп 
Мұхтар Шаханов жырлайды [2].
Отан-арым, намысым, Өмірдегі бар ісім. 
Отан-сана,  жігерім.  «Опасызда  Отан  жоқ». 
«Жігерсіз  сөз  жүрекке  жетпейді».  Жеке 
тәжірибе-ұлы іс, ол санада терең із қалдырады. 
Бұл  әрбір  ұлт,  этнос  арқылы  іске  асады. 
Этностың  ақыл  –  ой,  дүниетанымының, 
өмір  сүру  тәсілінің  жемісі  –  материалдық 
және  рухани  мәдениеті,  тарихы.  Ұлт, 
этнос  болмысын,  материалдық  та,  рухани 
да  мәдениетін  –  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып, 
тұрмыс-тіршіліктегі 
шаруашылық 
пен 
кәсіп, дүниетанымдағы этномәдени мұралар 
(фольклор,  этнография,  ономастика  т.б.) 
құраса, оны тіл деректері арқылы сөйлейтін 
тіл ғылымындағы бағыт – этнолингвистика. 
Этнос  болмысы  –  мазмұны  кең,  терең 
ұғым.  Сондықтан  этнолингвистикалық 
зерттеулердің  де  шеңбері  кеңейіп,  этнос 
табиғатын  танытатын  ғылым  салаларымен 
байланысы 
нығаюмен 
қатар, 
этнос 
болмысын  мәдени  байлықтары  тұрғысы-
нан  ашатын  лингвомәдениеттану  тәрізді 
ғылым  саласының  өмірге  келуіне  себеп 
болды.  Ғылымда  этнолингвистикасының 
синкреттігі,  оны  кең  және  тар  көлемде 
қарастыру туралы көзқарас орнықты. Этнос- 
өзінің өмір тұтқасына тән қасиеттерін сезіне 
білген,  тілінің  тұтастығын  мойындаған, 
белгілі    тарихи  дәуірде,  белгілі  өлкеде 
қалыптасқан,  дамып  жетілген  қауым. 
Этнос  ұғымы  семантикасында  этнос 
дәрежесіне  жету  жол  ұзақ,  сол  жолдардың 
тарамдарында,  асу  бермес  биіктері  мен 
өткел  бермес  толқындарында  этностың 
тыныс-тіршілігі,  өмір  салты,  мәдениетінің, 
тарихының  бастауы,  жетілу  тәсілдері, 
деректері жатыр, ол негізінен этнос айнасы 
- тіл (салт-дәстүр) арқылы заманнан заманға 
жалғасып өрнектеледі.
Отан  –  салтым,  дәстүрім,  әдет-ғұрпым. 
«Ақ түйенің қарны жарылған» заманда, бұл 
күндері  халық  ішіндегі  жас  ерекшелігіне 
қарай қалыптасқан дәстүрлі ілтипат, ізеттер 
ұлғаяды.  Белгілі  бір  қоғамдық-әлеуметтік 
ортада  пайда  болып,  оның  мүшелері-
нің  мінез-құлқының,  тұрмыс-тіршілігінің 
бұл жымас  қағидаларына  айналған  жөн-
жосық,  жол-жоралғысы  -  әдет-ғұрып  [4]. 
М.Шолохов:  «...Қазақтардың  мәдениетіне, 
тіліне  және  әдет-ғұрыптарына  қатты 
қызығамын, Қазақстан менің екінші Отаным 
болып алды» деп жазады. 
Әдет-ғұрып  жосындары  -  байырғыдан 
келе  жатқан  қазақ  қоғамындағы  ерекше 
мәдени құбылыс болып табылатын дәстүрлі 
құқықтық  жүйе,  әдет-ғұрып  нормалары. 
Күрделі де тұтас мәдени құбылыстардың бір 
қыры  ретінде  қарастырылатын  әдет-ғұрып 
жосындарының маңызы әрқилы тарихи даму 
кезеңдерінде әркелкі болған [5. ҚҰЭ]. Әдет-
ғұрып жосындарынан айырмашылығы; олар 
дәстүрлі тұрмыс-тіршіліктің өзінен туындап, 
халықтың  өмір  салтына  бірден  «құқықтың 
болмыс»,  «құқықтық  шындық»  ретінде 
енген,  арнайы  құқық  түзушілік  қызметті 
қажетсінбей, оған тәуелсіз жүйе [5. ҚҰЭ].
Ұлттық  салт-дәстүріміз,  әдет-ғұр пы-
мыздың  мән-маңызын  бағамдап,  зер делеп, 
озығына  сүйеніп,  қал-қадірімізше  таза 
ұстағанымыз жөн.
Отан – бақыт, ғұмырым. Адамның толық 
бақытты болу үшін, аяулы Отаны болу керек 
-  жазушы  Кеосский  айтқандай  әр  адам  өз 
туған  елімен  сүйікті  Отанымен  бақытты 
бола  алады.  Туған  елінде  өз  Отанында 
туып-өскен әр перзент өзін бақытты санауы 
қажет. Адал перзенттері үшін туған жерден 
ыстық, сүйікті, қасиетті, киелі ештеңе жоқ. 
Бұл – халқымыздың қанына біткен имандай 
сенімі.  Елдің  салт-дәстүрінен,  ырымынан 
соның  жан  тебірентер  мысалдары  көптеп 
табылады. 
Отан  –  жыр.  Кез-келген  ақын  өзінің 
Отанын, Атамекенін жыр қылмай қоймаған! 
Оның дәлелі ақиық ақын М.Мақатаев мына 
жыр  шумақтарынан  байқаймыз:  «Тарихтан 
белгілі,  Мен  оны  қайталап  жатпаймын. 
Қуантқан  жарлыны,  шерліні,  Отаным, 
Қазақстанды мәңгілік мақтаймын! Тарихтан 

78
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
белгілі,  Тарих  сұңғыла  қария,  ...Кез-келген 
ел  жыры,  ел  мұңы,  Секілді  тасыған  дария. 
Отаным  –  достықтың  Отаны,  Мен  саған 
ерікті  мүшемін.  ...Ей,  қазақ,  Аттан  түс, 
қонақта!  Жақының  жат  емес  басқа  бұл, 
Қасиетті  жерім  де,  елім  де,  Халықтар 
мәңгілік дос-бауыр» [3].
Отан - менің байлығым. «Отансыз адам, 
ормансыз  бұлбұл»,  -демекші,  кез  келген 
адамның  кіндік  қаны  тамған  атамекені, 
дүниенің бар байлығынан артық елі болады. 
Сол байлық-Отан.
Дүниеде  қаншама  байлық  бар.  Соның 
ішінде  ең  сезімге  толған  Отан.  Отан  деген 
сөздің өзінде байлық, сарқырай аққан судай 
тасып,  Сарыарқаның  жарық  даласындағы 
сұлбалардай тайға таңба басып тұр. Бәлкім 
теңіз  түбіндегі  маржанды  дүниенің  бар 
ақшасына  алармыз,  алайда  Отан  байлығын 
сатып алмаймыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет