Бас редактор



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата14.02.2017
өлшемі2,38 Mb.
#4078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Əдебиеттер:
1  Ай, заман-ай, заман-ай. (Бес ғасыр жырлайды): 2 томдық.-Алматы: РББ. 1991.-Т.1.-
384б.
2  Ғарифолла Е. Қазақ Ренессансы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.-98б.
3  Ошақбаева  Ж.Б.  Қазақ  хандығы  дəуіріндегі  жыраулар  шығармашылығындағы 
əмбебаптар: автореф. канд. филос. дисс. - ҚР Алматы, 2010.-26б.
4  Берлибаев Б..ХХ ғасырға дейін ұлттық тарихи білімнің ғылыми-теориялық негіздері.-
Алматы: ҚазҰПУ, 2007.-184б

55
ҰЛТТЫҚ ДІН
ƏОЖ 1(574) (091)
Б.М. Аташ
Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура жəне PhD докторантура институты, 
саясаттану жəне əлеуметтік философия кафедрасының доценті, философия 
ғылымдарының докторы
Н.Б. Маханова
Абай атындағы ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
ТҮРКІ-ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДІНИ СЕНІМДЕРДІҢ 
ТҰРМЫСМƏНДІЛІК МАҒЫНАСЫ
Бұл  мақалада  түркі  халықтарындағы  алғашқы  діни  сенімнің  негізгі  қызметтеріне  баса 
көңіл бөлінді. Сондай-ақ тəңіршілдік, зороастризм, шамандық сияқты тым көне сенімдерге 
феноменологиялық  талдаулар  жасалды.  Олардың  қоғамдық  өмірде  қандай  қызмет 
атқарғандығы басты мəселе ретінде қарастырылды.
Түйінді сөздер: түркі халықтары, діни сенімдер, шаманизм, зороастризм, көк бөрі.
В статье особое внимание уделяется на основные функции первоначальной религиозных 
веровании  тюркских  народов.  Также  делается  феноменологический  анализ  древним 
верованиям  как  тенгрианство,  зороастризм  и  шаманизм.  Их  роль  в  общественной  жизни 
рассматривается как главная проблема данной темы.
Ключевые  слова:  тюркские  народы,  религиозная  вера,  шаманизм,  зороастризм,  волк-
одиночка.
The article focuses on the basic functions of the initial religious beliefs of the Turkic peoples. 
There was also made phenomenological analysis of ancient beliefs as Tengrism, Zoroastrianism 
and Shamanism. Their role in society is seen as the main problem of the topic.
Keywords: Turkic peoples, religious belief, shamanism, Zoroastrianism, a lone wolf.
Адамзат баласы пайда болып, жер бетін де 
тіршілік  ете  бастағаннан-ақ,  қазіргі  бір  құ-
дайға сенетін жəне арнайы кітабы бар жүйелі 
дін ге дейін де əр түрлі наным-сенімдерге ила-
нып,  оны  бірнеше  мыңдаған  жылдар  бойы 
қол данып келген. Бұл діни сенімдер əлемнің 
бар лық  халықтарына  ортақ  жəне  бүгінгі 
күн ге дейін сарқыншақтары кездесетін бол-
ған мен, əрбір халықта немесе ұлтта олардың 
өзін дік бір айырмашылықтары болады. Бай-
ырғы  түркі  халықтарында  да  исламға  дей-
ін гі  кезеңде,  əр  түрлі  діни  сенімдер  мен  
діндер  өркендегендігі  белгілі.  Бұларда  да  
басқа  діндер  сияқты  халқымыздың  бай ыр-
ғы  дəстүрлері  мен  салттары  жəне  дүние ге 
көзқарас  элементтері  жинақталған.  Сон-
дық  тан  олар  философиялық  мəселе  жəне 
ата-бабамыздың  адам  мен  əлем  туралы 
толғаныстары.  Алғашқы  діни  сенімдер  мен 
дін дердің  қазақ  даласында  болғандығын 
оның  бүгінгі  күнге  дейін  келіп  жеткен  сар-
қыншақтары  айғақтай  алады.  Олар  ани-
мизм,  тотемизм,  магия,  фетишизм  сияқ ты 
элменттермен  толықтырылатын  тəңіршіл дік,  
зорастризм,  шаманизм  т.б.  наным  түр ле рі 
[1,17-46бб.].
Б.э.б. 1000 жылдарда Алтайдан Еуропаға 
дейінгі  аймақты  алып  жатқан  ғұндардың 
то  темі – «көк бөрі» болып есептелген. Ғұн-
дар өзінің шығу тегін туыстық жағынан осы  
бө рімен,  қасқырмен  байланыстырған.  Сон-
дықтан  бізге  сол  дəуірлерден  келіп  жет кен 
бөрі туралы аңыздардың бірнеше нұс қа ла ры 
бар. Соның бірі – ғұндардың арғы ата-ба ба-

56
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ларының  шығу  тегін  былайша  си пат тайды: 
Есте  жоқ  ескі  заманда  Алтай  же рін де  екі 
тайпа өзара соғысады. Жеңілген жақ тан бір 
ғана  бесік  жасындағы  бала  аман  қа лады. 
Бірақ  жау  əскері  оның  екі  аяғы  мен  екі   қо-
лын шауып тастап, айдалаға қалдырып ке те-
ді, оны жортуылдап жүрген бір қаншық қас-
қыр асырап алып, өзінің сүтімен асырап ер 
жет кізіпті-мыс. Сол жалғыз баладан та ра ған 
ұрпақтар ғұндардың ата-бабалары деп есеп-
тел ген.  Осыдан  бері  түркі  халқында,  яғни, 
қа зақ тарда  да  қасқырды  құрметтеу  дəстүрі 
ұзақ  уа қыт сақталған. Кейіннен бөріге «Көк» 
тір ке сін жалғап, оны «Көк бөрі» деп құрмет 
тұт қан жəне оны қасқыр деп атауға тыйым са-
лып,   «бөрі», «итқұс», «құрт», «құртқа» деген 
жа на ма  атаулармен  берген.  Ол  түркі  халқы 
жау ға  аттанғанда жол бастаушы да болыпты-
мыс,   сон дықтан  көне  түркі  тайпаларының 
кей бірінің  байрағында  бөрінің  басы  бей не-
лен ген.  Бұндай  хайуанаттарға  табынатын 
құ былысты ғылыми танымда зоолатария деп 
ата ған [2,80б.].
Осыдан  түркі  халықтарының  тотемдік 
хай уаны  неліктен  бөрі  болған  деген  са уал  
туындайды.  Бөрі  жалғыз  жорытқан  да ла 
түркісінің  рəміздік  бейнесі.  Бөрінің  ал ғыр-
лығығы,  өміршеңдігі,  төзімділігі,  ба тыл ды-
ғы  сияқты  қасиеттерін  түркі  халқы  өз дері-
нің  мінез  бейнелеріне,  жаугершіл  ру хы на 
көшірген  жəне  осы  сапаларға  елік те ген. 
Бұл  мыңдаған  жылдар  бойы  түркі  ұл дары-
на үнемі сақтанудың, айлакерліктің, шы дам-
ды лықтың,  қайтпас  қайсарлықтың  үлгісін 
жа сап  берді.  Өздерінде  бөрінің  қаны  бар 
деп   сезіну  оларға  шабыт  пен  жігер  беріп, 
рух тандырған.  Сондықтан  да  жаугершілік 
заман  мен эпостық дəуірде бөрінің келбетін 
өз деріне  көшірген  түркі  халқы  оны  психо-
логия лық  тұрғыдан  жігерлендіретін  əскери 
өнер дің  өзіндік  рухани  қаруы  ретінде  пай-
далан ған.  Бүгінгі  күнгі  өзін-өзі  құрбан  ете-
тін  психологиялық  жағынан  əлсіз,  сəл-пəл  
қиын шылықтарға  төзе  алмайтын  жастар 
үшін  өзінің  өмірлік  игі  мақсатына  жетпей 
қой майтын  тайсалмайтын  рухы  мықты  аза-
мат  қалыптастыруда  да  Көк  бөрі  тотемінің 
өзін дік орны да жоқ емес. 
Байырғы қазақтар табынатын табиғаттың 
же ке  фетиштік  элементтері – жер,  су,  жа-
пан  да ғы  жалғыз  терек,  тау  жəне  т.б.  Мұн-
дағы  жер,  су  тəңіршілдік  дінінің  элемент-
тері.  Осыған  байланысты  «су-жер»  тірке сі -
нен  «Субер»  өзені,  Шумер  (Сумер)  хал қы-
ның  атауы  туған  деген  болжамдар  да  бар.  
Қазақтар  туған  топырағын  «Қара  жер»   деп 
қастерлеген, ол кейде өліммен де бай ла ныс-
тырылып,  үрей  арқылы  құрметтелетін  ны-
сан ға айналдырылған. Бұл сенім түркі-қазақ 
дала сын,  яғни,  өз  халқы  мекен  еткен  жерін 
жау дан  қорғап,  қасиетті  санап  сақтап  қалу 
үшін үлкен роль атқарған фетиш. Себебі, қа-
сиет ті нəрсені жауға таптатпай қорғап қалуға 
əр бір ел азаматы міндетті болған. 
Таудың  тылсымдығы – Хан  Тəңірі,  Нұх  
пай ғамбардың  кемесі  тұрақтаған  төбе,  қа-
сиетті Қаратау сияқты құрметпен айтылатын 
ны шандар арқылы бізге белгілі болып отыр. 
Тау дың  қол  жетуі  қиындау  биік  асқақтығы, 
адам ға  қарағанда  ұзақ  өмір  сүретіндігі, 
суық тығы өзінің ішкі қасиетін өзіне бүккен 
та биғат  элементтері  ретінде  қастерленген. 
Сон дықтан  тау  адам  қуат  алатын,  асқақтық 
пен  биік  рухтың  үлгісін  көрсетіп  беретін 
мəңгілік  үлгі  болғандықтан  да  бағаланған. 
Ал  терек  жапандағы  жалғыз  ағаш  ретінде 
түр кі халқында ата-бабаның рухымен кез де-
сетіндердің, оған сиынатындардың тұрақты 
ор ны ретінде тағайындалған. Терек əлемдік 
на ным-сенімде  де  маңызды  орын  алатын 
тыл сым  құбылыс,  көптеген  халықтарға  ор-
тақ  түсінік.  Сондықтан  оның  рəміздік  бей-
несі əр түрлі түсіндіріледі: шамандық сенім-
де гі  ағаш,  түркілік  аңыздағы  самұрық  құс 
ұя  са латын  алып  бəйтерек, «аспан-жер-жер 
ас ты» үш құрылымды əлемнің үлгісі: оның 
та мыры – жер асты əлемі, діңгегі – жер бе-
ті,   бұтақтары  мен  жапырақтары – ғарыш 
əле мі. Астана қаласында тұрғызылған архи-
тектуралық нысан Бəйтерек осы əфсаналық 
ағаш тың  көркемдік  рəміздік  бейнесі  болып 
табы лады.
Сондай-ақ жалпы адамзаттық нанымдарға 
ор тақ  күн ге,  айға  табыну  дəстүрі  де  түркі 

57
ҰЛТТЫҚ ДІН
ха лық тарында болған.  Сақтар дəуірінде əр-
бір  күннің  батуы  қасірет,  ал  шығуы  шат-
тық  əкелген,  өз  өмірінің  əрбір  өтіп  бара 
жат қан  күнін  есепке  алған,  ғұмырдың 
қыс қа лығына  «əттеген-ай»  деп  налыған. 
Мал ды  бауыздарда  оның  басы  немесе  ки-
із  үйдің  есігі  көп  жағдайда  құбылаға  қара-
тылған. Күнге табыну əлемдік сенімде Күн  
құдайы  Митраға  табыну  (культі)  деп  ата-
лады.  Мысалы,  арыстанның  басы  сырт қы 
пішініндегі  ұқсастықтар  бойынша  күн нің 
рə мізі болып есептелген. Ал түркі халық та-
рында Күн бүкіл тіршіліктің негізі – ғарыш-
тың  көзі  деп  түсінілген.  Осыдан  «күннің 
кө зі»  деген  тіркес  жəне  Күн-сұлу,  Күн-ім, 
Күні кей сияқты қыз есімдері де бүгінгі күн-
ге  дейін  халық  жадында  архетип  ретінде 
сақта лып отыр. 
Ай – жалпыадамзаттықжəне  түркілік 
сенім дегі  құрмет  тұту  нысандарының  бірі, 
кейін нен исламдық сенімде де қолданылған. 
Қа зақ халқында «Ескі айды есірке, жаңа ай-
ды  жарылқа»  деген  нақыл  сөз  бар.  Мұнда 
ілгері леу,  даму  қоғамдағы  өркендеудің 
шарты  туралы пайымдаулар жатыр. Ескі ай 
өзі нің  бар  жамандығын  бірге  алып  кетсін, 
жа ңа  ай  жақсылық  əкелсін  деген  мəн  ниет-
тел ген.  Сондай-ақ  айға  қарап  алақан  жаю, 
оған жалбарыну, қолына шыққан сүйел жа-
ра ны  оған  көрсетіп,  кетіруін  өтіну  сияқты 
дəс түр лер де кездескен. Ай шалқасынан туса 
мал ға жайлы, күн жылы болады деген сияқты 
түсінік тер  бүгінгі  күнге  дейін  сақталған. 
Б.э.б. 5000-б.э.б. 1000 жылдықтарда көптеген 
ха лықтарға  тараған  өгіз  тотемі  бойынша 
оның «мүйізі» де жарты ай тұрпатты болып 
ке леді. Мысалы, «Ай мүйізді Ескендір» де-
ген  тіркес  осыған  байланысты  туындаған. 
Бұ дан  күн  мен  айға  қатысты  бірнеше  тый-
ым салулар қалыптасқан: «Айға қарап дə рет 
сындырма!», «Айға қарап қолыңды шошайт-
па!», «Күнге талас ұйықтама!» т.б.
Қазақтардың анимистік түсінігі бойынша 
жан  адам  өл геннен  кейін  денеден  бөлініп 
ұшып шы ғатын көзге көрінбейтін шағын бір 
нəр се  ретінде  елестетілген.  Осыдан  «шы-
бын  жан»  деген  түсінік  қалыптасқан.  Мы -
салы, «шыбын жаны шырқырап» деген тір-
кес  бүгінге  дейін  тілімізде  қолданылады. 
Соны мен  қатар  ертеректе  «ұйықтап  жатқан 
адам ның  жаны  тəннен  шығып,  жер  жүзін 
ке  зіп кетеді, түс – жанның осы сəттегі көр-
ген   білгендері»  деп  санап,  ұйықтап  жат қан  
адамды  кенеттен  оятпау  керектігі  ай ты-
лады, себебі, оның жаны өзінің тəніне қай-
тадан тез үлгеріп орала алмай қалуы мүм кін 
деп  түсінген.  Ұйқыдағы  адамды,  əсі ре
 
се, 
нəрестені  кенеттен-асығыс  оятса,  ол  шо-
шынуы мүмкін екендігі бүгінгі күні де шын-
дық қа жанасатын құбылыс.
Анимистік  сенімнің  келесі  бір  маңызды 
тү рі  жəне  қазақ  дүниетанымында  бүгінгі 
күн ге дейін орын алатын көрінісі – аруаққа 
та быну. Қазір бұл құбылыс – тəңіршілдік не-
ме се шамандық сенімнің элементтері деп тү-
сіндіріледі. Ата-баба аруағы – кеңістік пен уа-
қыттан тыс байырғы тектеріміздің мəңгі жа-
сам паз рухының кейінгі ұрпақтарды желеп-
же беп отыратын айрықша түрі. Мысалы, ке-
ңістіктің, даланың қай жерінде болмасын, ке-
зін дегі айтулы ірі тұлға қай кезеңде өмірден 
өт кендігіне  қарамастан,  кейінгі  өмір  сүріп 
отырған адамдарға да ықпал ете алатын бо-
лып  есептелетіндігі, сөйтіп, құрмет тұту ны-
са нына  айналатындығы  оның  кеңістіктен, 
уа қыт тан тəуелсіз екендігін білдіреді. Қа зақ 
халқында  жауға  шапқанда  бұрынғы  өмір-
ден өт кен батыр ата-бабаларының атын атап 
аруа ғын шақыру, кейінгі жер бетіндегі ұрпақ-
та рын осы «ата-баба рухы желеп-жебеп оты-
ра ды»  деген  ұғымнан  туған.  Күні  бүгінге 
де йін  аруаққа  табыну  дəстүрлерінің  нақты 
шына йы көріністерінің бірі оның мəйітін аса 
құрмет теумен  байланысып  жатыр.  Аруаққа 
табыну  мыңдаған  жылдардан  бері  қалып-
тас қан  нақты  жəне  қасиетті  сенім[3,45-
67бб.].  Қа зір гі  ғылымда,  кванттық  физика 
мен  квант тық  психологияда  өткен-бүгін-
болашақ  бір-бірі мен  тығыз  байланысты  жəне 
бір-бірі не тəуелді тұтас үйлесімділік екендігі дə-
лел денген. Ендеше, аруаққа табынудың ішкі сы-
ры əзірге əлі ашылмағандықтан тереңде жа тыр.
Магияның  қазақтар  арасында  кең  тара-
ған бір түрі – Мантика. Ол адам өмірінің өт-

58
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ке ні  мен  болашағы  туралы  көрмей-біл мей 
тұ рып  айтатын  «бал  ашу»  деген  мағы наға 
келіп  саяды.  Оның  пайда  бол ға нына 40000 
жылдай  уақыт  болған  деп  бол жалданады 
[4,29б.].  Қазақ  халқында  құмалақ  ашу,  жа-
уы рынға  қарап  болашақты  болжау  сияқ ты 
құбылыстар  осыған  жатқызылады.  Магия-
ның  айқын  көрінісі  шаманизм  немесе  бақ-
сы лық деп аталатын сенімде орныққан. Бү-
гін гі  академиялық  емес  ғылымдар  да  бұн-
дай  адамдардың  сана  өзгерісіндегі  қалып-
тарының ерекше қабілеттерін мойындаған.
Тəңіршілдік сенімі өте көне дəуірлерде қа-
зақ даласында жəне қазіргі Алтай аймағында 
пайда болды делінеді [5,5-76бб.]. Бірақ нақты 
қа шан  пайда  болғандығы  беймəлім,  бұны 
сақ тар  мен  ғұндардың  мойындағандығы 
тарих тан  белгілі  болып  отыр.  Ғұндар  б.э.б. 
бірінші  мыңжылдықтарда  Алтайды  мекен-
деп,  Қытаймен  көрші  тұрғандықтан,  бұл 
се нім  б.э.б. 5 ғасырлардағы  көне  Қытайда 
пай да  болған  конфуциандық  дінге  ұқсас. 
Мə селен,  аспанға  табыну,  əдет-ғұрыпты 
сақ тау  сияқты  элементтер  екі  сенімнің  де 
түп қазығы.  Тəңіршілдер  негізінен  ас пан-
ға,  көкке  табынатын  болғандықтан,  не гіз-
гі  құдайы – Тəңір,  Көк  Тəңірі  деп  ата ла-
ды.  Тəңір  сөзінің  шығу  тегін,  яғни,  эти мо-
логиясын  түсіндірушілердің  пікірлері  əр 
түрлі:  Тəңір – «таң  нұры», «таң  іңірі»  де-
ген сөзден шыққан; «Денгир» деген Авеста 
кіта бындағы  тұлғамен  байланысты  т.б.  Бұл 
сенімі нің  аңыздарында  Тəңір  əлемді  жара-
ту шы жəне жүйесіз əлемдік, ғарыштық бей-
берекет сіздікті  реттеуші  қызмет  атқарады. 
Тəңір шілдік шамамен б.э.б. мыңыншы жыл-
дар дан  бастап  пайда  болғанмен,  кейіннен 
шама низм,  зорастризм,  христиан,  буддизм, 
ис лам  сияқты  діндермен  араластырылған. 
Мы салы б.э. 5-7 ғасырларындағы көне түр-
кі  жазба ескерткіштерінде Тəңіршілдік сені-
мінің  көріністері  кездеседі.  Ол  мұра  былай 
деп  бас талады: «Жоғарыда  көк  тəңірі,  тө-
менде қара жер жаралғанда, ортасында адам 
ба ласы пайда болған екен».
Тəңіршілдік сеніміндегі басты құдай лар-
дың бірі – Ұмай ана. Аңыз бойынша бас тап-
қы Тəңір екіге бөлінген. Біріншісі – ер адам-
дық  сипатта,  көктің  құдайы – тəңірдің  өзі 
бол са,  екіншісі – əйелдік  тұрпатты,  жердің 
құ дайы – Ұмай ана. Осыдан «Жер-Ана» тү сі-
нігі қалыптасқан. Ал қосымша құдайлар, мə-
се лен, Алажол күндізгі жол көрсетуші болса, 
Қара жол  түнгі  жол  сілтеуші,  яғни,  екеуі  де 
із гілік  құдайы  болып  есептеледі.  Сонымен 
қа тар өлім құдайы Еркілік (кейде Ерлік деп 
те  айтылады) жер асты патшалығында өмір 
сү ріп, өлгендермен қарым-қатынаста болып, 
олар дың  жанын  шақыртып  алушы  қызмет 
атқа ратын зұлымдық құдайы. Жер астындағы 
өзен ге өткел ретінде ол аттың қылынан кө-
пір жасаған-мыс, ал өлген адамдар оның ар-
ғы  бетіне,  жарқын  о  дүниелік  өмірге  өтуге 
ұм тылған,  өте  алмаған  өлген  адамның  рух-
тары  осы  көпірден  құлап,  қайтадан  Ерлік 
хан ның  жазалауына  ұшыраған. «Қияметтің 
қыл  көпірі» деген түсінік осыдан қалған. Бұл 
аңыз дың  желісі  кейіннен  иудаизм,  ислам, 
хрис тиан сияқты əлемдік діндердің о дүние 
тура лы ілімдерінде жалғасын тапқан.
Тəңір  кейбір  аңыздарда  өмірді  бақы лау-
шы,  кейбір  түсініктерде  əлемді  жаратушы. 
Соны мен  қатар  жанды  өңдеп,  адам  кейпіне 
келті ретін  Кербалық,  яғни,  ірі  көлемдегі  ба-
лық туралы да аңыздар бар. Тянь-Шань тауы-
ның биік шыңының бірі – «Хан тəңірі» Тəңір-
дің  өзі  жəне  одан  кейінгі  құдайлар  мекен-
дейтін тау болып есептеледі. Тəңір адам ның 
қамқоршысы  оларға  тек  жақсылық  сый лап, 
желеп-жебеуші  ретінде  белгілі  бол ған.  Көк 
Тəңірі көбінесе жеке дара адам кейіпті бейнеде 
елестетілмейді, ол тұ тас көкті құрайды, яғни 
бүкіл аспанмен (ғарыш пен) теңеседі. Осыдан 
«аспан көк» қасиетті түс ре тінде сақталған.
Тəңіршілдік сенімінің тағы бір ерекшелігі 
–  əдет-ғұрып  пен  салт-дəстүрді  құрметтеу. 
Кейін нен, ол «Ата заңы» (конституция) сияқ-
ты бұлжымайтын қағидаларға айналған. Дəс-
түрді бұзған адам «ата-баба  аруағын қорлады» 
деген айыппен жазаланған. Əдет-ғұрып көп 
құ рылымды,  терең  мағыналы  əлеуметтік 
тəр бие  институты  болып  есептелген.  Оның 
сая си,  құқықтық,  этикалық,  эстетикалық, 
эко логиялық,  мəдени  жүйесі  бар.  Мысалы, 

59
ҰЛТТЫҚ ДІН
аңыз   бойын ша,  Шыңғысхан  тəңіршілдік 
се нім ді  басшылыққа  алып,  өзенге,  көлге 
кір  жу ған  адамды  жазалап  отыруы  əдет-ғұ-
рыптың экологиялық саласын қамтиды.
Тəңіршілдік  сенімі,  кейіннен,  əсіресе,  ис-
лам  дінінің  элементімен  араласып,  одан  бір-
шама қудалау да көрген. 7-8 ғасырларда пай да 
болған  ислам  діні  ХХ  ғасырға  дейін  Қазақ-
стан жеріне біртіндеп ене бастады. Со дан бері 
үздіксіз  таралуда  жəне  əлі  күнге  дей ін  таза 
күйінде  түпкілікті  қабылданбаған.  Себебі,  ол 
қазақ даласындағы өзінен бұ рынғы шаманизм, 
аруаққа  табыну  сияқты  сенім дермен  қатар 
тəңіршілдік дінімен де ара ласып-кірігіп кеткен. 
Осындай  аралас  се нім  бүгінгі  күнге  дейін 
жалғасып  келеді.  Сон дықтан  тəңіршілдіктің 
кейбір бөліктері қазір гі заманда саналы түрде 
болсын,  бей са налы  түрде  болсын  рухани 
мəдениет  ай мағында  қазақ  халқында  бүгінгі 
күнге  дей ін  сақталып  отыр.  Мысалы,  ислам 
дінін де гі  Алла  тəңіршілдіктегі  Тəңір  ұғымы-
мен  бірігіп кеткен, екеуі синонимдес ма ғы на-
да қолданылады. Яғни, қазақтар ислам ен ген-
нен кейін Алланы Тəңір деп түсінген не ме се 
керісінше,  ал  бейсаналы,  арғытекті  (архетип-
ті)  түрде  тəңіршілдік  сенімінің  элемент-
тері  қазіргі  кезеңде  өнерде,  мəдениетте,  ғы-
лымда,  əдебиетте  елес  беріп  отырады.  Мы-
салы, «Тəңірберген»  деген  кісі  есімі  бая ғы 
замандағы  жанұялы  баласыз  адамның  тəңір-
ден  жалынып  ұрпақ  сұрап,  соның  нəти-
жесінен туған нəрестеге қойылатын атау. Бұл 
есім  қазір  де  бар. «Тəңірі  асыраған  тоқтыны 
бөрі  жемейді», «Иттің  иесі  болса,  бөрінің 
тəңі рі  бар»  деген  сияқты  нақыл  сөздер  осы 
тəңіршілдік  сенімінің  сарқыншақтары  бо лып 
табылады  немесе  көк  тəңірі  атауымен  бай-
ланысты  «көк  түсті»  құрметтеу  дəстүрі  сақ-
талған.  Бұл  түс  қою  көк  емес,  аспан  түс тес 
ашық көгілдір. Мысалы, қазіргі Қазақ станның 
жалауының түсі.
Байырғы  Қазақ  даласындағы  діндердің 
бірі – Зорастризм. Бұл сенімнің пайда болуы 
ту ралы əр түрлі аңыздар бар. Соның бірі ол  
–  б.э.б. 6-5 ғасырларда  Еділ  бойындағы  дү-
ни еге  келген  Зоратустра  пайғамбар  негізін 
сал ған сенімдердің бірі деп саналады, кей де 
б.э.б. 1-2 мыңжылдықтарда, тіпті одан да əрі-
де  қалыптасқан  делінеді.  Кейбір  аңыздарда 
ол  қазіргі  Иран  жерінде  пайда  болған  дін. 
Зоратустра  «түйелі  адам»  деген  мағына  біл-
діреді.  Зоратустра  пайғамбар  атанғанмен, 
кейін гі діни кітаптарда оның есімі көрсетіле 
бер мейді. Бұл сенімнің негізгі ерекшеліктері, 
идея лық көздері «Авеста» кітабында жинақ-
талған.  Қазақ  даласындағы  сақтардың  зама-
нын да  пайда  болған  бұл  сенім  кейіннен 
пар сы,  и ран  жеріне  кең  таралған  немесе 
ке рі сінше  иран  жерінен  солтүстікке  қарай 
жайылған болуы да мүмкін. 
Зорастризм  сенімінде  басты  екі  құдай 
бар.  Біріншісі,  ізгілік  құдайы – Ахура  Маз-
да  немесе  Ормузд  деп  аталса,  екіншісі, 
зұлым дық  құдайы – Анхра  Майнью  немесе 
Ариман.  Зұлымдық  рухының  жағында  жал-
ғандық  пен  ашу  ыза  болса,  ізгілік  рухы ның 
жағында – шыншылдық, игілікті ой, да налық, 
би лік,  денсаулық,  мəңгілік  сияқ ты  рухтар 
жинақталған.  Бұл  сенімнің  не гіз гі  табыну 
нысаны – «от» болып та бы ла ды. Отқа табыну 
дəстүрлері кейінгі түр кі лік əдет-ғұрып пен салт-
дəстүрлерде  кең   таралған.  Мысалы,  отанына 
адал  бе ріл ген дікті  білдіретін  салт  бойынша 
елдің əскер лері жəне өзге халықтардан келген 
елшілер  адал дығын  білдіру  үшін  жанып 
тұрған екі от тың ортасынан өткізілген. Бүгінгі 
күнге дей ін сақталған отпен немесе түтінмен 
«алас тау»  дəстүрі  де  Зорастризмнің  сар қын-
шағы.  От  зұлымдық  рухтарды  қуады  деп 
түсінгендіктен  осындай  сенім  ұзақ  уа қыт  
бойы  сақталған  жəне  əлемнің  басқа  да  ха-
лықтарында  жиі  кездесетін  құбылыс.  Ізгілік 
пен  зұлымдықтың  қосарланған  (дуалистік) 
сипаты  осы  екі  құдайдың  мəңгілік  күресіне 
не гізделеді. Кей сəттерде Ахура Мазда жеңіске 
жетеді.  Жалпы  əлемдік  ертегілердегі  негізгі 
оқиға ізгілік пен зұлымдықтың күресінен жəне 
оның мазмұнының жақсылықпен аяқ та луынан 
тұрады. Бұл Зорастризмдегі екі рух тың күресу 
идеясынан көшірілген болса керек.
Бұл  сенімнің  тағы  бір  бүгінгі  күнге  де-
йін  келіп  жеткен  дəстүрі – «Наурыз  мере-
ке сі».  Ол  жаңа  жылдың  басталған  күні  жə-
не  əлемнің  қайта  жаңаруының,  қайтадан 

60
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
тү леуі нің  рə міздік  көрінісі,  күн  мен  түннің 
те ңе луіне негізделген ғарыштық қағида. Ал 
қа зақтарда жеті аспан денесі туралы пайым-
дау лар  жинақталған.  Осыған  орай,  наурыз 
кө же ге  рəмізді-рəсімді  түрде  жеті  түрлі  та-
ғам қосылады.
Наурыз  мерекесі  түркілік  немесе  ислам-
дық емес, зорастризмнен келіп жеткен дəс түр 
болғандықтан,  ол  қазір  түркі  халық тарымен 
қатар парсы, Ауғанстан, Иран, Вен  грия сияқты 
мемлекеттерде  де  атап  өті ле ді.  Бүгінгі  күні 
қазақ халқындағы келін тү су салтында оның 
үйге кірер сəтінде боса ғадағы жанып тұрған 
отқа май құю дəс түрі бар. Бұл – үйдің отын 
өшірмесін,  өмі рін  шарықтатсын,  маздатсын 
деген  сенім нен  туған.  Немесе  отпен  аластау 
сол  жер дегі  жын-шайтанды  үркіту,  қуу  деп 
есеп теледі.  Бұл  қазір  де  магиялық  сенім 
ретінде  кейбір  əлемдік  салттарда  сақталып 
отыр  немесе  халқымыздағы  «күлді  баспа», 
«от ты  үрлеп  өшірме»  деген  сияқты  бүгінгі 
күн гі тыйым салулар да зорастризмның сар-
қын шақтары.  Яғни,  зорастризмнің  қазіргі 
қа зақ  жеріндегі  жағдайы  тəңіршілдіктің, 
ша манизмнің  қалдықтарымен  жəне  ислам-
ның  элементтерімен  бірігіп  кеткен  бо лып 
шығады.  Ал  қазіргі  кезеңдегі  таза  зорас-
тризмдік  сенімнің  біршама  айқын  үлгілері 
қазір гі Иран жеріндегі халықтарда əлі күнге 
дей ін сақталып отыр. 
Қазақ даласында кең жайылған сенім дер-
дің бірі – шаманизм. Шаманизм – алғашқы ді-
ни сенім элементі болып есептелетін байыр ғы 
алғашқы  қауымдық  құрылыс  дəуірі нен  бері 
жалғасып  келе  жатырған  мифо ритуалдық 
күрделі  сан-салалы  түбірлестік  жүйе. 
Шаманизмде  жеке  дара  құдай  бей не сі  жоқ, 
ондағы негізгі өкіл – түптірек (протосубъект) 
жəне 
айқындаушы-атқарушы 
(субъ ект) 
бақсы  болып  табылады.  Қазақ  дала сын дағы 
шаманизмнің  шығу  тегі  мен  да муы  шартты 
түрде  мынадай  кезеңдерге  ажыра тылады: 
əлемдік  шаманизмнің  пайда  бо луы;  оның 
қазақ  жеріне  енуі,  мүмкін  керісінше,  қазақ 
даласынан  əлемге  таралуы;  шаманизмнің 
өркендеген (ренессанстық) дə уірі; бақсылық 
пен  ислам  дінінің  жа рыс палы  өмір  сүруі; 
шаманизмнің қазақ са ха ра сын да ғы  жойылуы.
Осы  күрделі  шаманизм  құбылысының 
құ рылымдық-функционалдық  негіздері,  яғ-
ни,  тұтас  сенімнің  мазмұнындағы  негізгі 
эле менттері жəне оның қандай қызмет атқа-
ратындығы  мынадай  жүйені  қамтиды.  Ша-
ма низм:  əфсана  мен  орындалатын  салт;  се-
нім  мен  дін;  ақиқат  пен  шынайылық;  тыл-
сым  құбылыс;  халықтық  медицина;  бола-
шақты  болжау  туралы  ілім  т.б.  Осы  құры-
лым ға  қатынасатындар:  алдымен  шаман, 
яғ ни бақсы мен оның өзге əлеміндегі серік-
тес-бəсекелестері  жын,  пері,  аруақтар  т.б. 
бо лып  табылады [6,31б.].  Бақсы  жай  қара-
пай ым  адам  емес,  оның  мынадай  негізгі 
ерек шеліктері  бар:  ақылмен  танылмайтын 
тыл сым тұлға; қалыпты адамнан тыс, қа ра-
пайым халық үшін үрей туғызатан жəне өз-
гелер құрметтеушілік сезіммен қарайтын кі-
сі; көріпкел-дана адам; діни сенімнің нақ ты 
өкілі;  материалдылық  игіліктің  жəне  билік-
тің  иесі  болмағандықтан  əлеуметтік  тұр-
ғыда  көпшілікке  əйгіленбейтін  қарапайым 
тұл ға;  қоғамнан  оқшауланған,  əлеуметтік 
та лап тарды  мойындай  бермейтін,  өз  заң-
да ры мен  жүретін  жан  иесі;  өнер  иесі,  ем-
ші,  гуманист,  руханиланған  адам;  өзі не 
жəне  өзге  дүниеге  сенімділіктің  орталы ғы; 
өзге  дүние  өкілдерімен,  əсіресе,  жа ғым -
сыз  бейнелермен  күресетін  жəне  же ңіс-
ке  жететін  психологиялық  тұлға;  гип ноз-
ды,  парапсихологияны  т.б.  иеленген  пси-
хотехник;  шамандық  құндылықтар  жүйесін 
жа сайтын, 
ата-бабаның 
аруақтарымен 
тіл десетін  байланыстырушы  буын  т.б.  
Қазақ  даласындағы  шаманизмнің  əлем  
халықтарындағы  шаманизмнен  айыр ма шы-
лықтары бар. Мəселен, қобыз, қамшы сияқты 
құралдарды қолдануы, өлең жырларында қа-
зақ  бақсыларының аттарының аталуы т.б.
Бақсы  өзінің  мақсаттарын  іске  асыру 
əре ке тінде,  мəселен,  ауруды  емдеуде,  тра-
нс  жағдайында  болатын  зікір  салу  үдерісін 
бастан  өткізеді.  Ол  шартты  түрде  мы на-
дай  кезеңдерден  өтеді:  шаманның  əлеу-
меттік-болмыстық  қайшылыққа  кез де суі 
(ауру  адамды  көру,  аурудың  таралу  əділет-

61
ҰЛТТЫҚ ДІН
сіздігімен  бетпе-бет  келуі);  рефлексиялық 
жағ дайға  енуі  (өзіне  өзінің  қайта  оралуы, 
өзін-өзі  ашуы,  өзін-өзі  қайта  тануы);  өзге, 
тыл сым болмысқа өтуі (сана мен адам бол-
мы сы  құрсауын  жеңу  үшін  арпалыс);  өзге 
бол мыс тағы  психологиялық-рухтық  күрес 
(бұн да  ауру  жын-шайтан,  албасты  сияқты 
шы найы өмір сүретін зұлымдық құбылыс не-
ме се  зұлымдық  иесінің  қалыпты  дүниедегі 
адамға  жасаған  қиянаты  деп  түсінілген); 
пси хологиялық  күрес  майданында  жеңіске 
же ту  (зікір  салу  күшіне  еніп,  бақсы  есі-
нен  айрыла  бастайды,  өзінің  жеңілісін,  яғ-
ни,  ауруды  емдей  алмайтындығын  мойын-
дағысы  келмейтін  рухтандырушылық  ашу-
ыза  ақыры  оңды  нəтижемен  аяқталады); 
түп кілікті  мақсатты  іске  асыру  (жауларына 
өш пенділік кейпінде аурудың себепкерін ол 
алас тап келмеске қуып жібереді); зікір салу-
дың аяқталуы (мықты жауларымен пси хо ло-
гия лық  тұрғыдан  күресіп,  қуатын  уақытша 
са рыққан  бақсы  əлсіреп  құлайды);  осы  дү-
ние ге оралу (оның қалыпты жағдайына келуі 
үшін белгілі бір уақыт қажет, сондықтан ол 
бі раз мезгілдей есінен танып жатады).
Бүгінгі  таңда  елімізде  бақсы  деген  атау-
лар  емшілерге  қолданылады,  бірақ  шаман-
дық тағы  зікір  салу  оларда  кездеспейді, 
деген мен,  тылсым  күш  пен  ақылмен  ұғы-
ныл майтын  беймəлім  жағдайлар  жоқ  емес. 
Қазіргі  ислам  дініндегі  бағыттардың  көп-
ші лігі  бақсылықты  теріске  шығарады,  əйт-
се  де,  соңғы  уақыттарда  шаманның  емдеу 
тə сіл дері мен психологиялық техникаларын 
медициналық психология жоққа шығар май-
ды, оның санасының қалпының өзгеру сəтін-
де гі əрекеттерін де кванттық психология жо-
ғары жетістік ретінде бағалайды.
Алғашқы діни сенім элементтері қай кезең-
де  пайда  болмасын  оның  көптеген  жақтары 
қазіргі кезеңге дейін келіп жеткен. Мысалы, 
бөрі рухы 19-20 ғасырдың басындағы ақын-
жыраулардан  анық  байқалады  жəне  бүгінгі 
поэзияда  да,  өнерде  де  жиі  көрініс  беруде. 
Қасқырдың аяғын бала қорықпас үшін деген 
себеппен  оның  бесігіне  байлап  қою  дəстүрі 
де  бар.  Бүгінгі  күні  тек  бөрі  ғана  емес, 
киікті,  аққуды,  жыланды  қастерлейтін  көне 
сенімдер  əлі  күңгірттеу  болса  да  жалғасып 
келеді.  Күн  мен  айға  табынудың  дəстүрлері 
ұмыт  бола  бастаған,  кей  сəттерде  ол  ислам 
дінімен  сыйыстырылған.  Күнге  табыну  ба-
йыр ғы сенімнен еміс-еміс тамыр тартады, яғ-
ни архетип ретінде сақталған. Мысалы, туы-
мызда орналасқан күннің бейнесі. Ал магия-
ның жауырынға қарап болжау түрі ұмы тыла 
бас тап, құмалақ ашу дəстүрі əлі бар.
Алғашқы  діни  сенімдер  тым  көнеден  келе 
жатқан тарихи-мəдени мұралар. Олар өз кезе-
гінде халықтық дүниетаным мен олардың рух-
ани  сұраныстарын  қанағаттандырды.  Ал  бү-
гінгі ғылыми таным олардың игілікті, пай далы, 
тиімді жақтарын өмірге қолданып, та биғат пен 
адам  психикасындағы  тылсым  құ бы лыстарды 
түсіндіруге  пайдалануға  қарай  бет  бұрып 
келеді. Ендеше, негізгі мəселе, олар дың адамзат 
руханиятының дамуында қан шалықты маңызы 
болғандығына  бай ла нысты  жəне  оны  алдағы 
уақытта қандай ар на да пайдаланатындығымзға 
қатысты болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет