Бас редактор



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата14.02.2017
өлшемі2,38 Mb.
#4078
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРƏЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев М.А. - Абай ат. КазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры, 
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор, бас редактордың бірінші орын-
басары;
Сейсенбаева  Ж.А.  Абай  ат.  КазҰПУ,  Интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  ҒЗИ 
директорының орынбасары, ф.ғ.к., жауапты редактор;
Айдемір Окай - Ыстамбұл университетінің байланыс факультетінің деканы, профес-
сор;
Əлмұхамбетов Б А. - Абай ат. КазҰПУ, көркем-сурет факультетінің деканы, пед.ғ.д., 
профессор;
Байсабаев Б.А. - ф.ғ.к., Ж.Баласагұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің доценті
Бейсенова  Ə.С. - Абай  ат.  КазҰПУ-дың  «География  жəне  экологиядан  ғылыми-
əдістемелік орталығының» меңгерушісі, геогр.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА акедемигі;
Бөлеев Қ-  Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика жəне этнопе-
дагогика» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Ғаббасов С. - жазушы, КСРО Денсаулық сақтау iсінің үздігі, медицина жəне педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор;
Есполов Т.И. – Қазақ ұлттық аграрлық университететінің ректоры, э.ғ.д., профессор, 
ҚР ҰҒА академигі;
Исамидинов  И.Ч.  –  Жүсіп  Баласағұн  ат.  Қырғыз  ұлттық  университетінің  ректоры, 
пед.ғ.д., профессор;
Иманбаева С.Т. - Абай ат. КазҰПУ, «Ұлттық тəрбие жəне өзін-өзі тану» кафедрасының 
меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Кирабаев С.С. - ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Мардахаев Л.В. - Ресей Мемлекеттік əлеуметтік университетінің «Əлеуметтік жəне от-
басы педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Михайлова  Н.Б. - пс.ғ.к.,  доцент,  Халықаралық  білім  жəне  ғылыми  ақпараттандыру 
орталығының директоры (Германия);
Молдабеков  Ж.Ж. - филос.ғ.д.,  əл-Фараби  ат.  КазҰУ  «Мəдени-антропология» 
кафедрасының профессоры;
Мұтанов F.M. - əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, тех.ғ.д., 
профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі;
Нəрібаев К.Н. - ҚР ҰҒА қоғамдық жəне гуманитарлық бөлімше төрағасының орынба-
сары, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Нөкетаева Д.Ж. - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, 
ед.ғ.к.;
Сманов  Б.Ө. - аппарат  жетекшісі,  Абай  ат.  ҚазҰПУ  профессоры,  пед.ғ.д.,  ҚР  ҰҒА 
корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей) жəне Халықаралық 
Айтматов (Қырғызстан) академияларының академигі;
Шаханова  Р.Ə. - Абай  ат.  ҚазҰПУ-дың  Магистратура  жəне PhD докторантура 
институтының филология мамандыктары кафедрасының меңгерушісі пед.ғ.д., профессор, 
ХПБҒА мүше-корреспонденті.

3
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
 член-корреспондент НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев М.А. - директор НИИ по Формированию интеллектуальной нации КазНПУ им. 
Абая, Заслуженный работник высшей школы РК, профессор, первый заместитель главного 
редактора;
Сейсенбаева  Ж.А. - зам.  директора  НИИ  по  Формированию  интеллектуальной  нации 
КазНПУ им. Абая, к.ф.н., ответственный редактор;
Айдемир Окай - декан факультета связи университета Стамбул, профессор;
Альмухамбетов Б.А. - декан художественно-графического факультета КазНПУ им. Абая, 
д.пед.н., профессор;
Байсабаев  Б.А. - к.ф.н.,  доцент  Кыргызского  Национального  университета  им. 
Ж.Баласагына;
Бейсенова А.С. - руководитель научно-методического центра по географии и экологии 
КазНПУ им.Абая, д.пед.н., профессор, академик НАН РК;
Болеев К. - зав. кафедрой "Педагогика и этнопедагогика" Таразского государственного 
педагогического института, д.пед.н., профессор; .
Габбасов  С. - писатель,  Заслуженный  работник  здравоохранения  КСРО,  доктор  меди-
цинских и педагогических наук, профессор;
Есполов  Т.И. - ректор  Казахского  национального  аграрного  университета,  д.э.н.,  про-
фессор, академик НАН РК;
Исамидинов И.Ч. - ректор Кыргызского национального университета имени Ж.Баласагына, 
д.пед.н., профессор;
Иманбаева СТ. - зав. кафедрой национального воспитания и самопознания КазНПУ им. 
Абая, д.пед.н., профессор;
Кирабаев С.С. - д.ф.н., профессор, академик НАН РК;
Мардахаев Л.В. - заведующий кафедрой социальной и семейной педагогики Российско¬го 
государственного социального университета, д.пед.н., профессор;
Михайлова Н.Б. - директор центра международного образования и научной информати-
зации (Германия), к.пс.н., доцент;
Молдабеков  Ж.Ж. - профессор  кафедры  культурной  антропологии  КазНУ  им.  Аль-
Фараби, д.филос.н.;
Мутанов  Г.М. - ректор  Казахского  Национального  университета  имени  аль-Фараби, 
д.тех.н., профессор, почетный член НАН РК;
Нарибаев К.Н. - зам.председателя отделения общественных и гуманитарных наук НАН 
РК, д.э.н., профессор, академик НАН РК;
Нукетаева  Д.Ж. - ректор  Казахского  Государственного  женского  педагогического  уни-
верситета, к.пед.н.;
Сманов Б.О. - руководитель аппарата Казахского национального педагогического универ-
ситета имени Абая, д.пед.н., профессор КазНПУ имени Абая, член-корреспондент НАН РК, 
академик Международной академии наук педагогического образования (Россия), Междуна-
родной Айтматовской академии (Кыргызская Республика);
Шаханова Р.А. - завкафедрой филологических специальностей Института Магистрату-ры 
и PhD докторантуры КазНПУ им. Абая, д.пед.н., профессор, член-корреспондент МАН-ПО.

4
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
corresponding-member of the NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. - the director of scientifi c research institute of Intellectual Formation nation of 
KazNPU named after Abai, the deserved worker of the higher school of the RK, the professor, fi rst 
deputy chief editor;
Seysenbaeva ZhA.-the deputy director of scientifi c research institute of Intellectual Formation 
Nation of KazNPU named after Abai, the candidate of philological science, the managing editor;
Aydemir Okay - dean of the Faculty of Communications Istanbul University, the professor;
Almukhambetov B.A. - the dean of art-graphic faculty KazNPU named after Abai, the doctor 
of pedagogical sciences, the professor, the academician of the National Knowledge Academy 
named after YAltynsarina;
Baisabaev BA. - the candidate of philological science, the docent Kyrgyz National University 
named by Zh. Balasagyn;
Beysenova A.S. - the chair of sud department «the scientifi cally-methodical centre on geography 
and ecology» the doctor of pedagogical sciences, the professor, academician of the NAS RK;
Boleev K. - the university chair of "Pedagogics and ethnopedagogics" of Taraz State Pedagogical 
Institute, the doctor of pedagogical science, professor;
Gabbasov C. - the writer, the deserved worker of public health services KSRO, the doctor of 
medical and pedagogical sciences, the professor;
Espolov T.I. - the rector of Kazakh national agrarian university, the doctor of economical 
sciences, the professor, the academician of the NAS RK;
Isamidinov I.Ch. - rektor of Kyrgyz National University named by Zh.Balasagyn, doctor of 
pedagogical sciences;
Imanbaeva S.T - Head of the Department of "national education and samoponaniya" KazNPU 
them. Abaya, the doctor of pedagogical sciences, the professor;
Kirabaev S.S. - the doctor of philology, the academician of the NAS RK;
Mardahaev L.V. - Head of the Department of Social and Family Pedagogy of the Russian State 
Social University, doctor of pedagogical sciences, professor;
Mikhailova N.B. - Ph.D., Associate Professor, Director, Center for International Education and 
Information Science (Germany);
Moldabekov Zh.Zh. - the academician of social academy, the academician of Academy 
International acmyology, the doctor of philosophic sciences, the professor of the chair "Cultural 
anthropology" of KazNU named after Al-Farabi;
Mutanov G.M. - the rector of the Kazakh National University named after Al-Farabi, the doctor 
of technical science, the professor, honorary member of the NAS RK;
Naribaev K.N. - vice-chairman of separation of social and humanitarian sciences of NAS RK, 
the doctor of economics, the professor, academician of the NAS RK;
Nuketaeva D.Zh. - rector of Kazakh State Female Pedagogical University, the candidate of 
pedagogical sciences;
Smanov B.U. - head of the offi ce of the Kazakh national pedagogical university of a name 
of Abay, doctor of pedagogical sciences, professor KazNPU of a name of Abay, corresponding 
member of National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan, academician of the 
International academy of Sciences of pedagogical education (Russia), International Aytmatovsky 
academy (Kyrgyz Republic);
Shahanova R.A-the university chair of philological specialties of PhD studies and magistracy 
Institute of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, 
corresponding-member of the IASPE.
Меншік иeci: Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалық университеті
Журнал Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде 2010 жылдың
4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куəлігі берілді.
© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2012

5
«Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер-бүгінгі  мектеп  оқушылары.  Мұғалім  оларды 
қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да, ұстазға жүктелетін міндет 
өте ауыр»
Н.Ə. Назарбаев.
ҚР Білім жəне ғылым саласы қызметкерлерінің ІІІ құрылтайында 
сөйлеген сөзінен. 2004 ж. 12-қазан. 

6
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Алғы сөз
Елімізде болып жатқан əр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ ға сыр-
дың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жет кізу-
де.  Адамның  бойына  жақсы  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы,  өнер-бі лім ді  игеру 
–  тəрбиеге,  мəдениетке,  өскен  ортаға,  үлгі-өнеге  берер  ұстазға  байланысты.  Жа ңа  ғасыр 
бəсеке ғасыры болғандықтан, əсіресе болашағымыз бала тəрбиесімен айналысатын болашақ 
маманды жан-жақтылыққа қалыптастыру қо ғамның өзекті мə се лелерінің бірі болмақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Əл-
еу   мет  тік  эко номикалық  жаңғырту  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақ стан 
хал  қы  на  жол  дауын да: «Педагогтар  құрамының  сапасын  арттырудың  ма ңы зы  зор.  Не  гіз гі 
педа гоги калық  білім  берудің  стандарттарын,  мектеп  жəне  жоғары  оқу   орын дары  оқы ту -
шы  лары  ның біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды кү шей ту қажет. Əр өңірде педа-
гог  тар дың біліктілігін арттыратын инте грацияланған ор та лықтар жұмыс істеуі тиіс», – деп 
атап   көр сет ті.
Жалпы мұғалім кадрларын кəсіби оқыту жүйесінде педагогикалық практика өте маңызды 
орын  алады.  Ол  жоғары  оқу  орнындағы  оқу-тəрбие  үрдісінің  басты  бір  бөлігі  болып  та-
былады  да,  болашақ  мұғалімдердің  теориялық  дайындығы  мен  практикалық  іс-əрекетін 
біріктіруін қамтамасыз етеді. Ұлттық құндылықтарға бағдарланған білім беру бағдарында 
педагог мамандығының рөлі ерекше. Осы мамандықты оқып білім алған адам бойынан өз 
елін жерін сүйетін, Отан үшін қызмет ететін тұлға қасиеті қам ты луы қа жет. Ол үшін ол тари-
хы мен тілін, ұлт философия сы  мен мəдениетін, ұлт  эка но ми касын, заң ды сый лап құрметтеп, 
мойынұсынатын, ақпа рат тық біліммен то лық  қам тыл ған маман болып қалыптасуы қажет.
Осы орайда интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми-зерттеу институты отба сы  тəр-
биесі, интеллектуалды тұлға қалыптастыруда, педагогтың интеллектуалды əле уе  тін қа лып-
тастыру бағытында жұмыс жасауда.
Институт алдағы уақытта оқу-тəрбие үрдісіне бірнеше пəндерді енгізуді көздей ке ле,    ғы-
лы ми педагогикалық негізін зерттеуді қолға алуда. Бұл пəндер:
−  қазақ тарихы;
−  интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы қазақ тілі мен əдебиет;
−  интеллектуалды ұлт мəдениеті;
−  қазақ философиясы;
−  интеллектуалды ұлт негізіндегі орта жəне шағын бизнес;
Бұл ұсынылып отырған курстар болашақ ұстаздардың біліктілігін арттыру мақ сатында 
ұйымдастырылып отыр. Бұл пəндер халқымыздың өткен тарихындағы озық  идея лар ды ұлт-
тық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бү гін гі ұрпақты жан-жақты 
дамыған  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  негізделген.  Атап   айтар  болсақ,  дəстүрлі  ата-ана-
лар жиналыстары, ашық сабақтар, ойын-сауық кештер, ата-аналарға арналған сауалнама-
лар, дөңгелек стол, дебат тағыда басқа шаралар ұйымдастырғанда мысал келтіре отырып 
қолдануға болады. Мысалы, мақалалардан шешендердің нақыл сөздерін алып немесе сол 
ауылдың өзінде өлең жазатын ақын, ше шен адамдар болса кездесу ұйымдастыруға болады. 
Тəрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шəкірт өсер» деп халқы мыз  ұс-
таз ға үл кен жүк  арт қан. Міне осы тұрғыдан аз да болса ұстаздар жүгін жеңіл дет сек деген 
ниеттеміз.
М.А.Нуриев
«Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ҒЗИ директоры, профессор

7
ƏОЖ: 37. 378
С.Ж.Пірəлиев
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, п.ғ.д., профессор
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КАДРЛАРДЫ  ДАЯРЛАУ – 12 ЖЫЛДЫҚ  БІЛІМ  БЕРУГЕ 
КӨШУДЕГІ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТТАРДЫҢ БІРІ
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезінде болашағымыз - бүгінгі мектеп оқушысы-
ның  білімі мен тəрбиесі маңызды мəселе болып отыр. Ел тізгінін жан-жақты білімді ұрпақ 
ұс   тан   ған шақ та ғана өркениет алға дамымақ. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ 
елі  міз   дің бо ла ша ғы етіп тəрбиелеу - əр ұстаздың, əрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Со-
ны    мен   қа  тар   12  жыл  дық оқытуға көшуді жүзеге асыру, оның қажеттілігі мен тиімділігі, оқу  
бағ  дар  ла  ма ла ры жай лы сөз  қоз ғал ған. Мақалада осы мəселе төңірігінде автордың көзқара-
сы  ұсы нылып отыр.
Түйін сөздер: Білім, мектеп, педагог, кредиттік технология, білікті кадр,
Особенности воспитания и обучение школьников в современных условиях глобализации.  
Даль нейшее развитие цивилизации и проблемы образованной нации. Главным  усло ви ем 
повы ше  ния  эффек тивности  системы  образования  считается  ее  непрерывное  самообнов-
ление.   В комплексе преобразований, которые необходимы сегодняшней школе, выделяют 
увеличе ние сро ков об щего среднего образования до 12 лет. Чтобы перейти на качественно 
новый  уро вень, дол жны так же произой ти изменения структуры, содержания, технологий, 
смысла и целей образования.В данной статье предлагается взгляды автора на эти вопросы.
Ключевые слова: Знание, школа, педагог, кредитная технология, компетентный кадр
Features of education and training for students in today's globalized world. Further development 
of civilization and formed the nation's problems. The main condition for increasing the effi ciency 
of the education system is its continuous self-renewal. In the complex transformations that are 
needed today's school, isolated increase in terms of general secondary education to 12 years. To 
go to a new level, must also be a change the structure, content, technology, meaning and purpose 
obrazovaniya. This article offers the author's views on these issues 
Keywords: Knowledge, school, teacher, credit technology, competent staff
12 жылдық білім беруге көшу – білім беру 
са  ласын дағы бəсекелестікке қол жеткізудегі 
жə не оны халық ара лық білім беру кеңістігіне 
шыға ру да ғы маңызды қадамдардың бipi бо лып   
табылады. Бұл жағдайда лайықты пе да          гог        ка  -
др   лар дая р  лау  аса  өзек ті мə се
 
ле ге  ай нал    мақ.
Қазіргі таңда Білім жəне ғылым минис тр-
лі    гі    мен   пе да гоги калық жоғары оқу орындары  
12  жыл дық  білім  беруге  көшудің  сапасын 
қам  та ма сыз ету  үшін болашақ мұғалімдерді 
да я р лауды  же тіл діру  жөнін де  нақ тылы  ша-
ра лар   қа был дап   о тыр.  Бəрі нен   бұ рын  педа-
го  ги  калық  кадрлар  даярлайтын  жоғары  оқу 
орындары санының қысқарғанын, оның үсті-
не     педагогикалық  жоғары  оқу  орындары на 
қойылатын талаптардың күшейгені белгілі.
Педагогикалық  білім  берудің  мазмұны 
тү  бе  гей  лі  қай  та   қа  ра  лып,   тип тік  оқу  жос пар  -
лар ы  на сапалы мұғалім қалыптастыруға ба-
ғыт  тал ған пəн дер енгі зіліп  жа тыр. Олар, атап   
айт  қан да, «Кəсіптік қазақ (орыс) тілі», «Пси-
хо ло гия лық-педагогикалық кəсіпке кi  pic     пe »,   
«Пе да го ги ка», «Өзін-өзі  тану», «Жас    ерек     -
ше лі  гі  фи зио логиясы  жəне  мектеп   ги гие на  -
сы», «Пəндерді  оқыту  əдістемесі  пəн де  рі.  
2012-2013  оқу  жылында  шетелдік  жоғары 
оқу  орын дары мен  бірлесіп жасалған 28 бі лім  
бе ру  бағ дарла масы апробациядан өтіп,   оның  
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

8
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
негізінде  Кембридж,  Гарвард,  Иллинойс,  
Нью-Йорк жəне т.б. əлемдік же тек  ші уни вер -
си тет тердің  аккредиттелген  білім  бағдарла-
маларының  негізгі  талап-ереже ле рі   алы н-
ды.   Сонымен  қатар,  Назарбаев   зияткерлік 
мектептері  мен  Назарбаев  Университетінің 
іс - тəжірибелері  ескерілген  оқытудың  зама-
на уи  əдістемелері  мен  технологияларын 
енгізу де.   Бұл,   негізінен,  ықшамдап  оқыту, 
модель деу,  рөлдік  ойындар,  топтық  жоба, 
эссе,   кейс -студиялар,  партфолио,  далалық 
зерт    теу  лер  жəне тағы да басқа əдістер түрін-
де  болып келеді.
Халықаралық  тəжірибелерді  ескере   оты-
рып,     магис тра тура да  барлық педагогика лық   
мамандықтар бойынша жаңа білім бе ру бағ-
дар ламалары  жасалды.  Бұл  бағдарламалар 
модульдік принциптер, яғни, Кəсіптік пəндер 
модулі (40%) жəне  арнаулы  пəндер  модулі 
(60%) бойынша құрылды. Əр модуль мен əр 
пəн   үшін  оқытудың  жəне  құзырлылықтың 
күті летін нəтижелері анықталып, бағалаудың 
дең гейлері жасалды.
Жоғары  оқу  орындарын  педагогикалық 
маман дықтар бойынша бітірушілердің тəуел-
сіз кəсіптік жүйесін жасау арқылы мұғалімнің 
кə сіптік стандартын қалыптастыру белсенді 
түр де жүргізілуде. Осы жылдың аяғына де-
йін   10  кəсіп тік  стандарт  дайын  болады  деп 
күтілуде.
2012-2013 оқу жылында еліміздің 15 жо-
ға   ры  оқу   орнын да  көптілді  мұғалім-маман  
даяр лау қолға алынды. Сонымен бір ге, көп-
тілді мамандар дайындау көлемі есе леп  арт-
тырылады.
2013-2014 оқу жылынан бастап Назарбаев  
Уни вер ситеті  сарапшыларының  қа ты суы-
мен   магистрлерді  жаңа  білім  беру  бағ дар-
ламалары бойынша даярлау қолға алынады.
Сондай-ақ,  осы  оқу  жылынан  бастап 
Назарбаев  Университеті  сарапшыларының 
қаты  суымен  жасалған  жаңа  білім  беру  бағ-
дарламасы  бойынша  көптілді  педагог   кадр-
лар ды  даярлауға  қадам  жасағалы  отырмыз.  
Сонда  көптілді  мұғалімдер  даярлау  маман-
дықтарының қатары да өседі деген ойдамыз.
Педагог  құрамының  сапалық  деңгейін 
көте ру жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүр-
гі зілу де. 2012 жылдан  бастап  жоғары  оқу 
орын дары 
оқытушыларының 
«кəсіптік 
білік ті лігін  көтеру»  жөнідегі  бағдарлама 
жүзе ге асырылып келеді. 2012 жылы алғаш 
рет   300  оқытушы  жоғары  оқу  орындары 
мен   Ұлыбритания, Жапония жəне Германия 
орталықтарында  тəжірибеден  өтті.  Биылғы 
жы лы 1200 оқытушы кəсіптік біліктіліктерін 
көте ретін болады. Жалпы, жүзеге асырылып 
жатқан ic-шара лар 12 жылдық  мектеп тер 
үшін  жоға ры    деңгейдегі  мұғалімдер  даяр-
лауды   қам та ма сыз  етеді.  Еліміздегі  білім 
сапасының артуы үшін білім беру реформа-
сы на 12 жылдық  білім  берудің  өзектілігін 
айқындай  түсетін  толық тырулар  енгізу  қа-
жет.  Бұл  реформа  білім   беру  саласындағы 
мектептен  басталып,   ЖОО  мен  сабақтаса 
жүйеленген түр де жүзе ге  асуы шарт.
Білім  беру  сапасының  жаңа  деңгейге 
көте рілуі осы жүйедегі реформаның нақ ты-
лығында жəне тереңділігінде. Ендеше толық, 
сапалы  білім  реформасын  тереңдетуде, 
қалып  тас тыруда  негізге  алынатын  бағыт-
бағ дар ларды ортаға салғымыз келеді.
1.  Барлық  білім  стандарттарын  саралап,  
интеграциялау қажет.Білім саласына бүгінгі 
күнде ұсынылып отырған 12 жылдық білім 
траекториясындағы  орта  білім  беруде  сағат 
жүктемелеріне  қатты  көңіл  бөлу  қажет. 
Бүгінгі  таңда  бастауыш  сыныптардың  оқу 
жүктемесі 29 сағатқа дейін жетіп отыр. Бұл  
де геніміз күніне 5-6 сағат партада отыру  ке-
рек  деген  сөз.  Бұл  бала  денсаулығына  зиян  
кел тіреді. Мұндай олқылыққа тап болуымыз-
дың  негізгі  себебі,  ол  жылда  жаңа  пəндер 
енгізіледі де, артық пəндер алынылып таста-
лынбауында. Мысалы, соңғы жылдары білім 
кестесіне ендірілген «Дүниетану», «Өзін-өзі 
тану», «Ағылшын» пəндері. Осы пəндер ен-
гені мен, оқу кестесінен мағыналас оқу пəн-
дері  алынып  тас талынбады. «Дүниетану» 
саба ғында ауа, су, топырақ тақырыптарына 4 
сағат бөлінсе, ал «Өзін өзі тануда» тура осы 
тақырыптарға 2 сағат бөлінген. Бұдан бірдей 
тақырыптардың екі бірдей пəнде қайталанып 
берілгенін байқаймыз. Жəне төменгі сынып 

9
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
оқу шыларының танымы үшін ауыр соғатын 
та қырыптардың  қажеті  қанша.  Сол  себепті 
оқу   бағдарламаларындағы  қайталаулар  мен 
маз мұнына сай емес сағаттарды азайту үшін 
барлық  пəндердің  бағдарламаларын  сарап-
тап, интеграциялау керек. 
2. Кредиттік технологияға мектептен  бас-
тап   кө шу  керек.  Қазақстан  ТМД  мемлекет-
тері
 
нің ішіндегі Болон деклорациясына  қол 
қойған  алғашқы  мемлекеттердің  бірі.   Көп-
деңгейлі  жəне  көпсатылы  білім  жүйесіне 
көшу   жəне 12 жылдық  жалпы  орта  білімге 
көшу,  кредиттік  технологияға  өту,  өзін-өзі 
жə не халықаралық бағалауға негізделген бі-
лім сапасының механизмдері мен рəсімдері. 
Бұл білім беру мекемелерінің ақпараттануы, 
нормативтік-құқықтық жəне қаржыландыру 
ресурстарымен  мемлекет  тарапынан  қам-
тама сыз  етілуі,  интернет  жүйесімен  еркін 
жұмыс  істеу,  сəйкесінше  қашықтан  оқыту 
ныса ны ның дамуы қажет.
Барлық  білім  беретін  ұйымдардың  ара-
сын  да тек  пəн аралық қана емес, жүйе ара лық  
та  бай ла ныс  болуы  керек.  Мектепте  де  əлі  
тек  мұғалімнің  айтқанына  ғана  құлақ  ұрып  
тек   со ны  ға на  ай ту мен  шектелетін  жайт тар 
əлі де кездесуде. Ал, бүгінгі техника мен  ғы-
лым зымырап дамып жатқан заманда түй сігі 
те рең, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан шəкірт 
мектептен  қалыптасып  шығады  емес  пе? 
Кредиттік  жүйенің  негізгі  мақсаты  өзіндік 
дайындық  пен  ізденіске  баулитын  тұлға 
қалыптастыру.  Сондықтан, 1-сыныптан   ба-
стап кредиттік технология мектеп бағдарла-
ма сы на  енетін  болса,  ЖОО-ы  мен  мектеп 
бағ дар ламасы  арасында  жүйеленген  үрдіс 
қа    лып  тастыра  аламыз.  Сол  себептен,  осы 
үр діс  мек теп қабырғасынан қамтылуы керек 
деп  есептейміз.
3. Орта білім беру жүйесінде тəрбие жұ-
мы    сына жүйелілік қажет. Ол үшін, бірін ші -
ден,    бүгінгі  таңда  ата-ана  баласының  бар  
тəр  биесін  мектепке  жəне  мектеп  мұға лім-
дері не  артып,  өздері  күйбең  тіршілікке  көп 
кө ңіл бө луде. Баласы бір жағдайға тап бол-
са,  мектеп  директоры,  тəрбие  ісі  жөніндегі 
орынбасары  мен  сынып  жетекшісі  бірінші 
хабардар  болып,  тиісті  орындарға  солар 
бірін ші шақырылады. Мектеп қабырғасынан 
тыс  уақытта  бала  тəрбиесіне  ата-анасы  өзі 
жауапты болуы шарт. Осы сынды мəселелер 
өз шешімін табуықажет. Екіншіден, мектепте 
берілетін тəрбие жұмыстарына үздіксіз болуы 
мен жүйелілік қажет. Мектеп қабырғасында 
бастауыш  сынып  бағдарламаларында  ұлт-
жан дылық,  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет, 
ұстазды  қадірлеу  сынды  тəрбие  мəселелері 
жүйелілікпен дұрыс жолға қойылған. Баста-
уышты бітірген бала орта мектепке көшкен 
кезеңде  білім  беру  бағдарламаларындағы 
тəрбие  мəселесіндегі  жүйеліліктің  өзара 
байланысының  нашарлығынан  жоғарыда 
алған  тəрбие  құндылықтарынан  ажырап  
қалып жатады. Сол себепті, аталмыш мəсе-
ле  лер білім бағдарламаларында нақты жүйе-
лілікпен берілуі міндет.
4.  Мектеп  мұғалімдері  күнделікті  таңғы 
сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін жұмыс ор-
нын да  отыруы  тиіс.  Себебі,  мектептегі  са-
бақ тан тыс уақытта ұстаздар оқушылардың 
ой- өрісін дамытатын ізденіс жұмыстарымен 
жə не оқушыларды музей, концерт, театр  сын-
ды   мəдени  орындарға  апарып  жұмыстарын 
ұйым дастырумен,  сонымен  қатар  өздерінің 
де  білім,   біліктіліктерін  дамытатын  іс-əре-
кет термен айналысуы қажет.
5.  Білім  бағдарламалары,  мемлекеттік 
стан  дарт  тар,   уни верситеттердің  оқу-əдіс те-
ме лік ке шен де рі бар лық ха лыққа қолжетімді 
бо л уы тиіс.
Бүгінгі  таңда  аталмыш  бағдарламаларды 
жүктеп алу арнайы кодпен кіруді талап етуде 
немесе ақша табудың көзіне айналуда. Мы-
салы,   республикамыздағы білім беру үдерісін 
еу ро палық стандартқа сəйкестендіріп жүзе-
ге асыруда белді оқу орнына айналып отыр-
ған   Назарбаев  университетінің  оқу-əдіс-
темелік  кешендері  мен  дидактикалық  оқу 
ма териал дары  қарапайым  халық  түгілі,  бі-
лім   беру  ошақтарының  оқытушылары  мен 
студенттеріне қолжетімсіз.
6. Білім беру саласындағы қағазбастылық 
мə селесін  ретке  келтіру.  Бұл  қазіргі  күн-
де   өзек ті  мə селе ге  айналып  отыр.  Қағаз-

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
10
бастылықты  жою  қажеттігі  күнде  айтылып 
жат са да,   əлі күнге дейін өз шешімін таппай 
отырғаны белгілі.
7.  Педагогикалық  кадрлардың  еуропалық 
деңгейде  біліктілік  алуы  үшін,  ЖОО-дағы 
педагогикалық  мамандықтар  бойынша  білім 
берудің тұжырымдамасы мен стандарттарын 
түпкілікті қайта қарауымыз қажет. 12 жылдық 
білім беруге көшудегі мек теп     тегі білім сала-
сын модернизациялау мен қатар, сол мектепке 
білім беретін педагоги калық кадрларды даяр-
лау да – өзекті мəсе ле лер дің бірі. 
7.1 Республикамызда 12 жылдық білім бағ-
дарламасына  көшу  жоспарына  байланысты  
білімді, білікті маман дайындау əрине жоғары 
оқу орына жүктеледі. Соған байланысты 12  
жыл дық  білім  беру  бағдардаламасына  сəй-
кес мектеп мұғалімдерін біліктілігін көтеру 
мақсатында педагогикалық ЖОО да 6 айлық 
арнайы оқу курстарын ұйымдастыру қажет. 
Соның  нəтижесінде 12 жылдық  мектепте 
са бақ  беруге рұқсат сертификатына ие болу 
бола алады.
7.2  Педагогикалық  оқу  орынын  бітіру-
шілерге қосымша пəндерден сабақ беруі үшін  
арнайы сертификаттарға ие бола алатын дай 
мүмкіндік  туғызуымыз  керек.  Мысалы,   ма-
ман тапшылығына жиі ұшырайтын елді ме-
кендердегі шағын комплектілі мектептердегі 
мұғалімдер  қосымша  курс  арқылы  сəйкес 
пəндерден сертификатқа ие бола алуы ке рек.  
Бұл – Республикамыздағы  шағын  ком плек-
тілі мектептердің мамандыққа деген тапшы-
лығын шешудегі бірден бір жолы.
8.  Педагогикалық  ЖОО-н  мемлекеттік 
грант   ар қы лы  бітіруші  мамандарды  маман 
тап шы лы ғы  кездесетін  елді  мекендерге 3 
жыл ға  жұмыс істеуге жіберу керек.
Бүгінгі таңдағы «Дипломмен ауылға!» ат-
ты бітіруші мамандарға арналған бағдарлама 
өз  деңгейінде жұмыс жасап жатқан жоқ. Бі лім 
ордасында тегін білім алып, оқу степендия-
сына, үкімет тарапынан жасалынатын игі іс-
шараларға ие болып отырған маман кем де-
генде 3 жыл маман тапшылығына тап болып 
отырған білім ордаларында қызмет етуі қа-
жет. Осы арқылы «халық қалтасынан» тегін 
оқып,   білім алған оқу ақысын ел мүддесіне 
жұм сауға міндеттеуіміз қажет.
9. 12 жылдық білім беру бағдарында бүгін-
гі  дайындалып  жатқан  педагог  мамандарға 
қажетті білім беруде оқу кестесіндегі міндет-
ті  жəне  таңдамалы  пəндерді  бір  жүйеге  тү-
сі руі міз   керек.  Ол  үшін,  ЖОО  ұсынатын 
таң  да малы  пəндердің  мазмұны  болашақ 
педагогтардың ой-өрісін дамытатын пəндер-
мен  толықтыру.  Кредиттік  технология  за ңы  
бо й ынша  таңдамалы  пəн  міндетті  пəн ді  то-
лық тыру  мақсатында  енгізіледі.  Бірақ,  бұл 
күндері таңдамалы пəндер өз мазмұнына сай  
емес.   Се бебі,  əр  кафедра  міндетті  пəн дер ді 
то лық тыратын пəн дерден гөрі өз  ма ман да ры-
ның  сағат  санын  көбейту  мақсатында  са ғат 
бөледі. Сондықтан, таңдамалы пəндер 1 жыл  
бұ рын дайындалып, Оқу-əдістемелік бір лес-
тікте (УМО-да) сараланып, бекітілуі керек.
10.  ЖОО-дағы  білікті  кадрларды  алмас-
ты ру  мəселесін  дұрыс  жолға  қою.  Себебі, 
докторлық,  кандидаттық  жұмыс тар ды  қор-
ғау  дағы ескі жүйе тоқтатылғалы бұл мəселе 
өте   өзек ті  мəселеге  айналып  отыр.  Себебі, 
бү гін гі  таңда PhD докторантураға  бөлініп 
отырған  орын  саны  ғылыми  білікті  кад-
рларды  даярлауда  аздық  етеді.  Мысалы, 
биылғы  жылы  мемлекет  тарапынан PhD 
докторантураға  бөлінген  грант  саны – 100 
орын.   Оның 20-сы Абай атындағы ҚазҰПУ 
үле сінде.  Бұл  дегеніміз, 1000-нан  аса  оқы-
тушылар бар дейтін болсақ, кадрлар алмасу 
үшін  кем дегенде 25 жыл уақыт кетеді деген  
сөз. Сондықтан да, PhD докторантураға бө-
лі не тін орын санын көбейту қажет.
11. Педагог-мамандардың беделін көтеру 
мə селесі.
Ұрпақтың  жұлдызын  жағып,  мəртебесін 
биіктететін  де,  тағлымын  қалыптастырып, 
та ны мын  кеңейтетін  мұғалім  беделі  бүгінгі 
қо ғам да төмендеп кетті десек қателеспейміз. 
Мұ ға лімдердің  беделін  көтеру  үшін  мем ле-
кеттік  қызметкер  ретінде  қабылдап,  ең бек-
ақысы ор таша мемлекеттік жалақыдан жоға-
ры, жəне салық жеңілдіктеріне ие болуымен 
қа тар,  медициналық  сақтандырылуы  тиіс. 
Кей ін жоғары зейнетақымен қамтамасыз еті-

11
луі тиіс. Сондай-ақ, мұғалімдерге дербестік 
бе ру  мəселесі де жолға қойылуы қажет. Мə се-
лен, жұмысқа қабылдағанда мектеп директо-
ры  емес, мемлекет тарапынан алынуы. Мек-
теп  директоры жоғары жақтың келісімінсіз, 
өз   бетінше  мұғалімдерді  жұмыстан  босата 
ал мауы керек. Бұл дегеніміз – мұғалімдік кə-
сіп  абыройының  жоғарылығы.  Мұғалімдік 
кə сіп тің  қиын  да,  жауапты  жұмыс  екенін 
кез  кел гені міз сөзсіз білеміз. Сондықтан, əр  
бес   жыл  сайын  бір  жыл  көлемінде  шығар-
машылық  демалыс  беріліп  отыруы  қажет. 
Əри не,  бұл  мерзім  аралығында  оның  орны 
мен  ең бек ақысы сақталануы тиіс.
Біз  көтеріп  отырған  бұл  мəселелер  мем      -
ле  кет   та ра пынан  қол дау  табуы  керек  деп  
есеп  тей міз.   Се бе бі,  эли талы  қоғам  қа лып-
тас тыру үшін ең алдымен, еліміздің жарқын 
бо ла шағы,  жастарымызға  берілетін  білім 
мен   тəр  бие ні қолға алып, жөндеуіміз керек.  
Бі лім ді  де,   білікті  мамандар  даярлайтын   пе-
да гог -ұс таздарымыздың  мəртебесін  көте ріп,  
қа жет ті  жағдай  жа сағанымыз  абзал.  Сол  се-
беп ті,  мұғалімдердің  беделін  көтеретін  жə-
не   мем лекет  тарапынан  осы  ұсыныстарды 
бе  кі  тіп,  жүзеге  асыратын  АРНАЙЫ  ЗАҢ 
қа  был дануы  қажет.  Қазіргі  уақытта  бұл  заң-
ның     жо  басының  мазмұны  Абай  атындағы 
ҚазҰПУ- да  ой ластырылып жатыр. Келешек-
те   Заң ның да яр нұсқасын ұсынатын боламыз.
Қорытындылай келе, 12 жылдық білім бе-
ру үрдісіне көшуде орта білім беру мен ЖОО 
арасындағы  оқу-тəрбие  іс-шаралары  тығыз 
байланыста  дамып,  педагогикалық  кад-
рларды  даярлауда  жоғарыда  көрсетілген  іс-
шаралар өз шешімін табады деген ойдамыз.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тəнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен 
өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет